Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
terminologia_1-160.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
172 Кб
Скачать
☆
  1. Мемлекеттік билікті заңдастыру

  1. Мемлекеттік биліктің легитимділігі - мемлекет пен қоғамның өзара

қатынастарының сапасы. Мұның өзі биліктің

құндылығын, оның басқаларды бағындыруға

құқықтылығын қоғам тарапынан ерікті түрде

танылуынан көрініс табады.

  1. Халықаралық құқық - мемлекет пен халықаралық қарым-қатынасқа басқа да

қатысушылар арасындағы қатынастарды реттейтін заңи

принциптер мен нормалардың жиынтығы.

  1. Әдіс - нақты бір міндетті шешуге арналған әрекетті практикалық не теориялық

тұрғыдан игерудің біршама біркелкі тәсілдерінің, операцияларының жиынтығы.

  1. Құқықтық реттеу әдісі – сапалық тұрғыдан біркелкі қоғамдық қатынастарды

құқықтық регламентациялауды (тәртіптік ретін белгілеуді)

жүзеге асыруға көмектесетін заңдық амалдардың

(құралдардың) жиынтығы.

  1. Заң ғылымының әдістемесі

  1. Заң ғылымының әдістері

  1. Мемлекет механизмі (аппараты) – мемлекеттің алдындағы негізгі мақсаттарды,

қызметтерді іске асыруға қажетті мемлекет

органдарының жүйесі.

  1. Құқықтық реттеу механизмі – құқық субъектілері мүдделерін қанағаттандыруға

кедергі болып тұрғандарды жеңу мақсатында ең

дәйекті түрде ұйымдастырылған заңдық амалдар

жүйесі.

  1. Әлемдік құқықтық тәртіп- субъектілердің жүріс\тұрыстары заңды болып табылатын

қоғамдық қатынастар жүйесі, әлеуметтік

байланыстылықтардың реттелген қалып\күйі.

  1. Монархия – мемлекеттік басқару жүйесінің нысаны, онда жоғарғы билік

сайланбайды және тағайындалмайды, тұқым қуалау дәстүрі бойынша

әкеден балаға көшеді (беріледі)және мәңгілік болады.

  1. Мораль – адамадардың тәртібін, жақсылық, әділдік, адалдық жағынан реттейтін

нормалар мен принциптердің жүйесі.

  1. Демократиялық емес режим- халық басқару процесіне қатыспайтын және оның

еркімен санаспайтын режим.

  1. Құқық нормасы- жалпыға міндетті, нақты қоғамдық қатынастарды реттеуге

бағытталған мемлекетпен қамтамасыз етілетін формальді

белгіленген тәртіп жолы.

  1. Нормативтілік - құқықтық ұйғарымда әрекеттерінің жалпыға бірдейлігін,

міндеттілігін, тоқтаусыздығын және аумақтық бірлігін

жинақталған түрде көрсететін құқықтың белгісі.

  1. Нормативтік-құқықтық акт- биліктік құқық нормаларын белгілейтін, оларды

өзгертетін және жоққа шығаратын мемлекеттік

органның жазбаша актісі.

  1. Нормативтік келісім шарт- өзінің жасалуының нәтижесінде жаңадан құқық нормасы

пайда болатын құқық шығарушы субъектілер арасында

жасалынған келісім.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]