Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
terminologia_1-160.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
172 Кб
Скачать
☆
  1. Позитивті нормалар

  1. Қоғамның саяси жүйесі – құқықтың және басқа әлеуметтік нормалардың негізінде

ретке келтірілген институттардың (мемлекеттік

органдардың, саяси партиялардың, қозғалыстардың,

қоғамдық ұйымдардың) жиынтығы, соның қалпында

қоғамның саяси өмірі өтеді және саяси билік іске

асырылады.

  1. Саяи режим – тәсілдердің, амалдардың, құралдардың жүйесінің негізінде саяси билік

жүргізіледі және сол қоғамның саяси жүйесі сипатталады.

  1. Тәртіп –қоғамдағы қалыптасқан әлеуметтік нормалардың талаптарына субъектілердің

тәртіптерінің сай болуы.

  1. Азаматтар құқығы- азаматтық құқық субъектілерінің мәртебесін құрайтын құзырлы

құықтардың жиынтығы, олар заңда көрсетілген негіздерден және

өзге де құқықтық актілерден, сондай-ақ азаматтрмен заңды

тұлғалардың әрекеттерінен туындайды.

  1. Жеке тұлға құқығы- құқықтың жеке субъектісі, оның құқықтық қабілеті (құқыққа

қабілеттілігі), яғни азаматтық міндет атқару қабілеті бар.

  1. Адам құқығы- адамның муддесін қанағаттандыруга бағытталган, заңмен қоргалатын

демократиялық құндылық.

  1. Құқық- жалпыға міндетті, формальды түрде белгіленген заң нормалары, қоғамдық,

таптық ерікті көрсетеді (нақты қоғамның мүддесін) қоғамдық қатынастарды

реттеуге бағытталған мемлекетпен белгіленеді және қамтамассыз етіледі.

  1. Құқықтық мәдениет- қоғамдағы құқықтық сана мен ондағы құқықтық белсенділіктің

деңгейі, заң нормалары мен заңдық іс\әрекеттердің прогрестілік

дәрежесі.

  1. Құқықтық отбасы – шығу көзднрінің бірлігіне, құқықтың құрамына және оның

тарихи кұрылу жолына байланысты бөлініп шыққан құқықтық

жүйенің жиынтығы.

  1. Құқықтық жүйе – құқықтың ішкі құрамы, бірімен-бірі тығыз байланыстағы

нормалар, институттар, құқық салалары және оған қосымшалар.

  1. Құқықтық тәрбие – мемлекеттік органдардың және қоғамдастықтың алдарына мақсат

етіп қойған, азаматтарға, лауазымды адамдарға құқықтық

танымды және құқықтық мәдениетті ояту.

  1. Мемлекеттік құқықтық мәжбүрлеу – мемлекеттік биліктің заң негізінде қоғам

мүшелеріне ұйымдасқан түрде, жекешеленіп

жасайтын психикалық не идеологиялық

бостандығын, құқығын, қоғамның

қауіпсіздігін қорғау, құқық бұзушылықпен

күрес жүргізіліп кінәлілерді қылмыстары үшін

жазалау.

  1. Құқықтық мемлекет - саяси биліктің ұйымы, адамдардың, азаматтардың құқығын

және бостандығын толық түрде қамтамассыз етеді және

мемлекеттік билікті (құқықтың көмегімен) теріс пайдалануға

жол бермейді.

  1. Құқықтық реттеу – тәртіпке салу мақсатындағы барлық заң құралдарымен іске

асырылатын қоғамдық қатынастарға ықпалдылық жасау.

  1. Құқықтық нигилизм - құқықты құндылық ретінде мойындамай теріске шығару,

құқыққа сенбеу, құқықты құрмет тұтпау.

  1. Құқықтық әдет-ғұрып - адамдардың санасында болатын, ұдайы қолданудың

барысында дағдыға айналған және құқықтық салдарға апарып

соқтыратын, тарихи түрде қалыптасқан жүріс\тұрыс ережесі.

  1. Құқықтық режим – белгілі заң құралдарының үйлестірілуі, қажетті әлеуметтік

жағдайда жасау және құқық субъектісінің мүддесін

қанағаттандыру үшін игілікті не игіліксіз деңгейді көрсететін

құқықтық реттеудің ерекше тәртібі.

  1. Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі -Қазақстан Республикасының Азаматтық

кодексі бойынша Жеке тұлға – ҚР немесе

басқа мемлекеттің азаматы, сондай-ақ

азаматтығы жоқ адам. Яғни “жеке тұлға”

ұғымы “азамат” деген ұғымға тең мағынада

қолданылады.

  1. Құқыққа сай жүріс-тұрыс- құқық нормаларының талаптарын бұлжытпай орындау.

  1. Құқық бұзушылық – қылмыскерлердің кінәлі, құқыққа қарсы, қоғамға зиянды

(әрекет не әрекетсіздік) әрекеті, қоғамның мүддесіне

мемлекетке, жеке адамға зиян келтіреді.

  1. Құқықтық қатынас – құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар, оларға

қатынасушылардың белгілі субъективтік құқықтары мен

заңды міндеттері бар.

  1. Құқық түсінушілік – заң нормаларының мағынасын анықтауға бағытталған түсіндіру.

  1. Құқықтық тәртіп – қоғамдық қатынастардың жүйесі, онда субъектілердің

тәртібі құқыққа сай болады, әлеуметтік қатынастар

реттелген жағдайда болады.

  1. Құқықтық тәртіп – қоғамдық қатынастардың жүйесі, онда субъектілердің тәртібі құқыққа сай болады, әлеуметтік қатынастар реттелген жағдайда болады.

  1. Құқықтық сана – адамдардың қолданыстағы немесе тікелей сай келетін құқыққа қандай қатыстылығын көрсететін сезімдердің, пайымдардың идеялары көзқарастарының жиынтығы.

  1. Құқықтық қабілеттілік – субъективтік құқықтар мен заңи міндеттерді арқалай алудың мемлекет мойындаған қабілеті.

  1. Құқықтық субъектілік - тұлғаның мемлекет танитын және қамтамасыз ететін субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерді өзіне алу,сондай-ақ өзінің әрекеттері арқылы оларды құқықтық өатынвстарда жүзеге асыру қабілеті.

  1. Құқықтық шығармашылық - бұл нормативтік актілерді дайындау мен

шығаруға қатысты қызмет.

  1. Құқықтық реттеу пәні – құқықтық тәртіпке келтіріп реттейтін қоғамдық

қатынастар мен әлеуметтік байланыстары.

  1. Мемлекет және құқық теориясының пәні - Мемлекет жəне құқық теория-

сының пəні болып мемлекет жəне

құқықтың пайда болуы, дамуы мен

қызмет етуінің жалпы

заңдылықтары мен заң

ғылымдарының негізгі

түсініктерінің жүйесі табылады.

  1. Презумпция – факт,оның бар болуы немесе жоқтығы онымен байланыстылықта

тұрған басқа фактілердің дәлелденгендігінен белгіленген

(белгіленбеген) деп болжанады.

  1. Құқық қолдану – заңда қаралатын нақты істі шешу бойынша құзырлы органның

атқаратын биліктік қызметі.

  1. Мәжбүрлеу – адам әрекетіне күштеу арқылы әсер ету.

  1. Қағида –қандайда бір қызмет түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін

белгілейтін нормативтік құқықтық кесім.

  1. Билікті бөлісу қағидалары – мемлекеттік органдар билік жүргізуде бассыздық пен

заңсыздыққа жол бермеу үшін билік заң шығарушы,

атқарушы және сот билігі болып бөлінеді. Олар бір-

бірінің қызметтерін тежемелік және тепе теңдік жүйе

арқылы жүзеге асырады.

  1. Құқық қағидалары – қоғамдық таиынастарды реттеу, қорғау барысында

қалыптасқан құқық жүйесінің құрылуының мәнінің негізгі

идеяларының жиынтығы.

  1. Құқық шығармашылық қағидалары - 1) ғылымилық – нормативтік актілерді

дайындау процесінде əлеуметтік-

экономикалық, саяси жəне басқа да

жағдайларды, қо-ғамның дамуының

объективтік қажеттіктерін жəне т.б.

зерттеудің маңызы зор; 2) кəсібилік –

мұндай қызметпен құзіретті тұлғалар –

заңгер-лер, экономистер жəне т.б.

айналысуы тиіс; 3) заңдылық – бұл қызмет

Конституцияның жəне басқа да заңдардың

негізінде жəне шеңберінде жүзеге

асырылуы тиіс; 4) димократиялық –

азаматтардың бұл процеске қатысу

дәрежесін, қоғамдағы процедуралық

нормалар мен институттардың даму деңгеін

сипаттайды; 5) жариялылық-

құықшығармашылық процестің көпшілік

қауым үшін анықтығын білдіреді.

  1. Заңды жауапкершіліктің қағидалары – заңды тұлғаны немесе жеке тұлғаны кейбір

әрекеттерді орындауға немесн оларды

орындаудын қалыс қалуға зағ жүзінде

белгіленген мәжбүрлеу шарасы. Түрлері:

тәртіптәк жауапкершілік, әкімшілік жаза,

азаматтық-құқықтық жаза,қылмыстық жаза.

  1. Заңнамалардағы ақтандақтар - бұл қолданыстағы заңнамада қажетті заң

нормаларының толығымен немесе жартылай

болмауы.

  1. Процедура- қайсыбір істі, қызметті талқылау, жүргізу кезіндегі әрекеттердің ресми

белгіленген тәртібі.

  1. Процесс – белгілі бір жұмыстың жүру барысы, іске асыру барысы.

  1. Құқықтық реттеудің типі – қоғамдық қатынастарды заңды реттеудің жалпы

бағыты, оның негізінде жатқан құқықтық реттеудің

(рұқсат беру, міндеттеу, тиым салу) ерекшелігін

көрсететін не болмаса көрсетілген әр түрлі жобалардың

қабысу варианттары.

  1. құқықты іске асыру- мемлекеттің, оның органдарының құқықтық нормаларды іске

асыруы.

  1. реттеуші нормалар – жұмысты белгілі бір реттеуге ке

  1. Түсінік беру – мемлекеттің тиісті органдары қабылдаған нормаларды халықтың

түсінуін қамтамасыз ету үшін үгіт-насихат жұмысын жүргізу.

  1. Республика – басқару органдары белгілі бір мерзімге сайланатын, шешім алқалы

түрде қабылданатын басқару нысанының бір түрі.

  1. Санкция – мемлекет бекіткен құқықтық нормасын субъектілерге қолданылатын

жаза, заңды жауапкершіліктің түрі.

  1. Еркіндік - адамның немесе жеке ұлттың , халықтың өз мүдделері мен мүмкіндігіне

сай әрекет етіп, өз қалауын жүзеге асыруы.

  1. Қасиет - адамның не бір заттың өзіне тән сапалық болмысын, ерекшелігін

айқындайтын ұғым.

  1. Жүйе - бір-бірімен қарым-қатынаста және байланыста болатын, сөйтіп белгілі бір

тұтастық, бірлестік құратын көптеген құрамдас бөліктер жиынтығы.

  1. Заңнамалар жүйесі – мемлекет дамуының нақты-тарихи кезеңдерінде қолданыста

болатын заңдар мен оларға негізделген актілер жүйесі.

  1. Құқық жүйесі – оның ішкі құрылысы, қоғамдағы барлық нормативтікактілер бір

прициппен бір жинаққа бірігіп, сонымен қатар мазмұны

тұрғысынан жүйе-жүйеге, элементтерге, тарауға бөлінуі.

  1. Заңнамаларды жүйелеу – қоланыстағы заңдар мен нормаларды бір жүйеге келтіру.

  1. Құқықтық қатынастың мазмұны - қатысушылардың субъективті құқықтары мен

заңды міндеттері болатын, құқық нормалары

мен заңда көрсетілген фактілерге сәйкес

туындайтын, ерік-ықтиярды білдіретін

қоғамдық қатынастар.

  1. Сана - бейнеге сүйене қоғаммен қарым-қатынасқа түсе алатын адам қабілеттілігі,

адамның заттармен байланыс іс-әрекеті, табиғи және мәдени қатынасы,

қашықтағы, жақындағы, адамдар өзара қатынасы мен қызметі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]