- •5. Есептеу техникасының даму тарихи
- •8. Программалық жабдықтар құрамы
- •11Алгоритм көрсетілімі
- •24. Сызықтық, тармақталған және қайталанған алгоритмдерді құру.
- •25. Программалау тілдерінің жалпы қолданылуы
- •31)Электронды үкімет» бағдарламасын іске асырудың негізгі бағыттары
- •38.Желінің негізгі компоненттері.Компьютерлер арасында ақпараттармен алмасу және жіберу.Желілік принтер.Www және электронды поштаның негізгі жұмыстары.Қазіргі заманғы іздеуіш технологиялары.
- •40.Linux ядросы. Gnu утилиттері. X Window. Желілік қолдау. Интерфейсы dos және Windows.
- •41.Linux-тегі процесстер, процесстердің идентификаторлары. Демондар.Ps командасы
- •42.Linux файлдық жүйесі
- •43. Linux Мәтіндік редакторлары. VI редакторы. Linux есептік жазбалары.
- •44. Linux командалары
- •46.Html-құжаттың жалпы құрылымы. Тегтер. Html: контейнерлері, атрибуттар
- •53. Қашықтан оқытудың білім саласындағы рөлі.
- •57.Интернет технологияның элементтері.
- •58. Құрама операторлар
44. Linux командалары
45.Жоғарғы деңгейдегі программалау тілдері. С++ тілі. Берілгендер типтері: int, short, long, unsigned, float, double. Жариялау. С++ тілінің операторлары.
Си++ Си тiлiнiң кеңейтiлген түрi. Оны 1980 жылдың басында Бъерн Строустроп Bell Laboratories-сында өңдеп шығарған. Си++ тiлi Си тiлiнiң бiрқатар қасиеттерiн реттеудi қамтамасыз етедi және ең маңыздысы объектi-бағдарланған бағдарламалық мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi. Бұл бағдарламамен қамтамасыздандыру әлемiндегi революциялық идея болып табылады.
Басқада бағдарламалық тiлдер көптеген қажеттi эффект бере алмағандықтан, Си++ алғашқыда ең жоғарғы деңгейдегi нақтылы оқиғалар үлгiлерiн өңдеу мақсаты үшiн құрылған тiл болды.
Си++ тiлiн құруда Си тiлiнiң сәйкестiгiн сақтап қалуға ерекше көңiл бөлiндi. Си++ тiлiнiң көмегiмен кең көлемдi бағдарламалық проектiлер құруға болады. Си++ тiлiнiң арқасында берiлген мәлiметтер типтерiне бақылауды күшейтуге және көптеген қосымша эффектiлердi жеңе алатын болдық. Си++ тiлiнiң ең маңызды табысы объектi-бағдарланған бағдарламалау болып табылады. Си++-тiң барлық жеңiлдiктерiн пайдалану үшiн негiзгi объектiлердi және олармен байланысқан операцияларды анықтап алу керек.
C++ программалау тілінде басқа программалау тіліндегідей шартты цикл операторларымен жұмыс жасауға болады. Цикл немесе қайталану командалары деп, берілген тапсырмалардағы, логикалық өрнектің мәні, ақиқаттылығын сақтағанша, іс-әрекеттің қайталануын айтады. Шартты цикл операторлары программалау тілінің аса қуатты құралы болып табылады. Цикл мәліметтер жиынтығына итерациялық операцияларды жасауға мүмкіндік береді. Цикл операторы, цикл денесіндегі іс-әрекеттерді, берілген есептегі шарт орындалғанша қайталай береді. Сол іс-әрекеттерді орындау үшін, қайталану командаларын қолданамыз. С++ тілінде басқа тілдердегідей сияқты, циклдің үш түрі бар: For, While және Do-while параметрлі цикл операторлары және операторлар ішінде қолданылатын break және continue операторлары бар.
Мəліметтердің бірнеше негізгі типтері:
char (8 бит) – символдық, яғни таңбалық тип, short – қысқа бүтін сан, int – бүтін сан типі, long – екі еселенген бүтін сан, unsigned – таңбасыз бүтін сан, float – нақты сан типі, яғни жылжымалы нүктелі сандар, double – екі еселенген нақты сан типі, long double – ұзартылған, əрі екі еселенген нақты сан типі.
Алғашқы төрт тип бүтін сандарды сипаттау үшін қолданылады. Мысалы:
int x,y,z;
float radius;
char ch;
long double integral ;
46.Html-құжаттың жалпы құрылымы. Тегтер. Html: контейнерлері, атрибуттар
HTML құжаттың құрылымы.Қазіргі кезде Web – парақты құру үшін HTML ( Hypertext Markup language – гипертексті бөлу тілі) тілі қолданылады , яғни құжатқа қойылатын тегтердің көмегімен құжаттың логикалық құрылысын сипаттайды , құжатты форматтауды және обьектілерді қоюды басқарады. WWW айырмашылығынан ерекшеліктері тақырыбы бойынша байланысты, адресі анық түрде көрсетілмеген бір құжаттан басқа құжатқа ауысу жабдығының бар болуы болып табылады . HTML гипертекстік тілін 1989 жылы World Wide Web гипертекстік жүйесін бөлудің өңдеу технологиясының компоненттерінің бірі ретінде Тим Бернер – Ли ұсынды.
Тегтер - текстті белгілеу құралы. Тегтер бас əріппен де кіші əріппен де жазыла береді, еш
айырмашылығы жоқ. Əрі олар жұптарымен де, жалғыз да болады. Жұптарымен тұратын
тегке мысал ретінде келесі тегті келтіруге болады: <html></html>. Бұл тег кез-келген HTML
құжатты ашып жəне жабатын тег. Тегтің екінші бөлігін бірінші бөлігінен мына символ
арқылы "/" ажыратуға болады. Бірақ бірінші бөлігі қосымша параметрлерден тұруы мүмкін.
Мысалы: <font size="4"></font> тегінде, size="4" параметрі мəтіннің өлшемін анықтайды. Ал
дара, яғни жұп емес тегтің мысалы ретінде <hr> тегін келтіруге болады, ол HTML құжатқа
көлденең сызықты орналастырады.
HTML тіліндегі міндетті тегтер:
Кез-келген HTML құжат келесі тегтердің көмегімен құралады <html></html>,
<head></head>, <body></body>, <title></title>. HTML құжатта тегтердің орналасу реті
төменде көрсетілген
<html>
<head>
<title>Web беттің аты</title>
</head>
<body>
Сіздің құжатыңыздың денесі
</body>
</html>
<head></head> тегінің ішінде сіздің HTML құжатыңыздың аты орналасады (негізінде
сілтеме ретінде қандай да бір іздеу нəтижесінде осы берілген атауды көре аласыз), сонымен
қатар, бұл тегтің <head></head> конструкциясының ішінде Мета тегтер деп аталатын
тегтер болуы мүмкін.
47.Командалық қабықша түсінігі. Командалық қабықшаларға шолу. Bash командалық қабықшасы.
48.C++ тілінде шартты, таңдау және қайталану операторы. Мысал келтіріңіз.
Тармақталу процесстері бар алгоритмдерді ұйымдастыру үшін шартты операторлар пайдаланылады.Тармақталу белгілі бір шарттың орындалу немесе орындалмауына тәуелді атқарылады. Шарт ретінде логикалық өрнектің мәні пайдаланылады. С++ тілінде екі шартты оператор бар, олар: if және switch.
If шартты операторы-программадағы іс-әрекеттердің табиғи орындалу реттілігін өзгертетін мүмкіндіктің ең кең тараған тәсілі. Оның орындалуы кезінде есептеу жолы екіге тармақталып кетеді. Бұл оператор мынадай түрде жазылады: if (өрнек) 1-оператор; [else 2-оператор;].
Программада кездесетін бірнеше нұсқаның бірін таңдап алу керек болған жағдайда,Switch ауыстырғыш операторы қолданылады. Оның жалпы жазылу форматы:
Switch <бүтін типті өрнек>;
{
сase белгі1: операторлар;break;
сase белгі2: операторлар; break;
[default: операторлар;]
}
Цикл операторлары бірнеше рет қайталанатын есептеулерді орындау үшін қажет. Кез келген цикл сол цикл тұлғасынан, яғни қайталанатын операторлар тізбегінен, бастапқы мәндер тағайындаудан, цикл параметрлерін өзгертуден және циклді қайталау шартын тексеруден тұрады.
Циклдің бір рет орындалуы итерация деп аталады. Цикл оны қайталау шарты орындалмаған кезде аяқталады. Циклдің аяғына жетпей,доғарылатын кездері болады, олар break, continue, return, goto операторлары көмегімен іске асырылады.С++ тілінде үш түрлі цикл операторлары бар, олар- while, do while,for. while операторы орындалғанда, алдымен жақша ішіндегі өрнек есептеліп тексеріледі. Егер өрнек мәні ақиқат болса немесе 0-ге тең болмаса, онда оператор атқарылады. Do while операторы орындалғанда жақшадағы өрнек цикл тұлғасынан кейін тексеріледі. Сондықтан do while циклдік тұлғасы ең болмағанда бір рет орындалады. For ераторы айнымалы ретінде берілген цикл параметрінің алғашқы, соңғы мәні мен өзгеру қадамы белгілі болғанда, соған сәйкес бір немесе бірнеше операторларды қайталап орындау кезінде қолданылады.
49.С++ тілінде Бірөлшемді және екіөлшемді массивтер. Мысал келтіріңіз.
Массив-бір типтегі элементтердің реттелген жиыны.массивтің әрбір элементіне компьютер жедел жадынан нақты орын беріледі. Компьютер жадынан орын бөліп беру үшін жиымның өлшемін білу керек. Жиым элементтерін еңгізу немесе оларды түрлендіру үшін цикл операторлары қолданылады. Бірөлшемді массив: 10 элементі бар жиымды 0-ден 9-ға дейінгі сандармен толтырып, сонан кейін оларды кері бағытта экранға шығару керек:
...
main()
{int ia [10];
int index;
for (index=0; index<10; index++)
ia[index]=index
for(index=9;index>=0;index --)
printf(‘‘%i’’, ia[index]);
}…
50. Енгізу, шығару операторы. С++ тілінде С тіліндегі стандарт функциялар енгізу-шығаруға қолданылады. Сонымен қатар С++ тілінде <iostream.h> тақырыптық файлында анықталған енгізу-шығару құралдары бар.
>> енгізу және << шығару операторы - кез-келген типті мәліметтермен жұмыс жасауда қолданылады.
Мысалы:
Си++-те: cin >>ia >> fb;
Cout<<“s=”<<s<<endl;\
шартты оператор
if (шарт) 1-оператор; else 2-оператор;
Кейде қабаттасқан шартты операторлар
if (1-шарт) 1-оператор; else if (2-шарт)
2-оператор; else 3-оператор;
Таңдау операторы
Switch көп нұсқалы таңдау операторы
Программада кездесетін бірнеше нұсқаның бірін таңдап алу керек болған жағдайда, switch ауыстырғыш операторы қолданылады. Оператордың орындалу схемасы төмендегі 3.6 суретте келтірілген. Оның жалпы жазылуы:
switch <бүтін типті өрнек>;
{
case белгі1: операторлар;
case белгі2: операторлар;
................
[default: операторлар;]
}
51. Бульдік алгебра. Логикалық амалдар. Графтар және ағаштар. Логика – бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы, оның ішінде дəлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым. Пікір дегеніміз – жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау. Математикалық логиканың саласы пікірлер алгебрасын алғаш рет XIX ғасырдың ортасында ағылшын математигі Джордж Буль өз еңбектерінде пайдаланған. Логика алгебрасының математикалық аппараты компьютердің аппараттық құралдарының жұмысын сипаттауға өте қолайлы, өйткені компьютердің негізі екілік санау жүйесі болып табылады, онда екі цифр: 0 мен 1 қолданылады. Бұл компьютердің бір ғана құрылғылары екілік санау жүйесінде ұсынылған сандық ақпаратты да, логикалық айнымалыларды да өңдеу жəне сақтау үшін қолданыла алады дегенді білдіреді. Демек, компьютерді конструкциялағанда, оның логикалық функциялары мен схемаларының жұмысы айтарлықтай жеңілденеді жəне қарапайым логикалық элементтердің саны азаяды. Компьютердің негізгі тораптары ондаған мың осындай логикалық элементтерден тұрады . Техника жүзінде, конъюнкция конъюнктор деп аталатын құрылғысының көмегімен іске асырылады. Конъюнтордың қарапайым моделі болып, бірнеше электрлік кілттердің тізбектеліп қосылуы табылады.Бұл жағдайда қарапайым ақиқат пікірге кілттің тұйықталуы, ал ақиқат күрделі пікірге жанып тұрған электр шамы сəйкес келеді. Біріктіруші мағынада қолданылатын НЕМЕСЕ элементінің көмегімен қарапайым Х1 жəне Х2 айтылымдарының бір құрамдасқа бірігуі логикалық қосу немесе дизъюнкция (латынша disjunction-бөлу), ал операцияның нəтижесі – логикалық қосынды деп аталады. Техника жүзінде, дизъюнкция дизъюнктор деп аталатын құрылғының көмегімен іске асырылады. Дизъюнктор қарапайым моделі болып, бірнеше электрлік кілттердің параллель қосылуы болып табылады. Бұл жағдайда акиқат қарапайым пікірге кілттің тұйықталған күйі, ал күрделі ақиқат пікірге жанып тұрған электр шамы сəйкес келеді. Көрініп тұрғандай, бір тұйық кілт болғанның өзінде де, шам жанып тұрады. Дизъюнктордың шығысында 1 болады, егер ең болмағанда кірісінің біреуінде 1 болғанда. Бұл физикалық тұрғыдан қосылғыштардың параллель жалғануы арқылы сипатталады. Бұлардан басқа да логикалық алгебрада көптеген басқа да логикалық амалдар кездеседі Типтік логикалық қүрылғылар. Типтік логикалық құрылғыларға: триггер, сумматор, регистр, шифратор, дешифраторлар жатады
51. Математикалық негізде логиканы құру идеясын тарихта алғашқы болып неміс математигі Г.Лейбниц (1646-1716) XVI ғ. аяғында айтты. Ол логиканың негізгі ұғымдарын арнайы шарттармен байланысқан символдармен белгіленуі тиіс дейді. Бұл кез-келген ойларды есепке ауыстыруға мүмкіндік береді.Алғашқы болып Лейбництің айтуын жүзеге асырған ағылшын ғалымыД. Буль (1815-1864). Ол айтылымдар әріптермен белгіленген алгебраны құрды және бұл айтылымдар алгебрасын дүниеге әкелді. Логикаға симвлодық белгілеуді ендіру, бұл ғылымға маңызды болды. Дәл осы символдарды логикаға ендіру жаңа математикалық логика ғылымының негізін қалады.Логикада математиканы қолдану логикалық теорияларды жаңа формада кқруге мүмкіндік берді және есептеуіш аппараттарды адамның ойлау қабілеті жетпейтін есептерді шешуде қолдану логиканың зерттеу облысын кеңейтті.XIX ғ. аяғында математика үшін актуальді мәнге ие болатын сұрақтар туындады, яғни оның негізгі ұғымдары мен идеялары бойынша. Бұл мәселенің логикалық негізі болды және бұл математикалық логиканың әрі қарай дамуына алып келді
52. HTML тiлiнде колданылатын командаларды “тег” деп айтамыз. HTML тiліндегi тегтер екi топқа бөлiнедi: жұпты, жұпсыз. HTML-тег атрибуттар тізімінен тұрады. Тег тексті үшбұрышты жақша ішінде жазылады. Мысалы: Менің бірінші бетім - бұл жерде - тег, face – атрибут, arial – атрибуттың мәні .<html> - браузерге құжаттың HTML тілінде жазғанын хабарлайды.
<head> - HTML құжаттың кіріспе және бас бөлімін белгілейді.
<body> - негізгі тақырыпты және мәліметті белгілейді.
HTML тілінде командаларды тег деп атайды. Тег <> жақшалары арасында жазылады. Көпшілік ашылған <html> сияқты тегтер, міндетті түрде жабылады </html>. Осы ашылушы және жабылушы тег, яғни жұпты тег арасындағы мәтін коды HTML тілінде жазылғанын білдіреді.
HTML-тег атрибуттар тізімінен тұрады. Тег тексті үшбұрышты жақша ішінде жазылады. Мысалы:
<FONT face=аrial>Менің бірінші бетім</font> - бұл жерде <FONT> - тег, face – атрибут, arial – атрибуттың мәні.
Кез келген HTML құжат <HTML> тегімен басталып, </html> тегімен аяқталу керек. Бұл тегтер браузерға HTML құжатын көрсетеді. Құжат болса қарапайым ASCII кодындағы мәтіндік файл. <HTML>, </html> тегтер болмаса браузер программалары құжатты танымай қалуы мүмкін.
<HTML>, </html> тегтерінің ортасына құжат денесі келеді. Құжат екі бөлімнен тұрады: тақырып бөлімі <HEAD> тегімен басталынатын және <BODY> тегімен басталынатын негізгі бөлімнен.
Тақырып бөлімі міндетті емес, бірақ ол жерде браузерге қажетті көп ақпарат болуы мүмкін.
<TITLE>, </title> тегтерінің арасында құжаттың аты жазылады, сол сөз терезенің тақырып жолына шығады.
