Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ақп.тех. шпоооооор.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
583.17 Кб
Скачать

42.Linux файлдық жүйесі

Linux  Unix-ке ұқсас еркін таралатын көпесепті көп қолданушылы операциялық жүйе болып табылады. Linux арнайы ЖК (Intel   процессоры бар  )  платформасы үшін жасалған болатын және сәулет басымдылықтарына байланысты Unix жұмыс станциялары қуатымен салыстарғандағы өнімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Linux сонымен қатар басқа да платформаларға көшірілген, бірақ бұл нұсқалар ЖК-ге арналған нұсқаларға ұқсаса. Желілік қолдау:  TCP/IP – Unix және Linux қолданатын негізгі желілік жүйе. TCP/IP – бұл Internet үшін жасалған протоколдар жиыны. Бірақ Unix машиналарын локалдық желілерге біріктіру үшін де  TCP/IP қолданылады. Сонымен қатар Linux  IPX/SFX, AplleTalk және т.б. сияқты протоколдарды қамтамасыз етеді. Unix/Linux файлдық жүйеге шеттегі файлдық жүйелерді қосуға болады. Шеттегі файлдық жүйе Unix/Linux амалдық жүйеге кіруге мүмкіндік беру үшін монтаждау амалды орындау қажет.Linux файлдық жүйесі Windows операциялық жүйесі тобына қарағанда томдар (дискілер, құрылғылар) бойынша бөлінбеген, бірақ негізінде түбірлі каталогы бар жалғыз көнетүрлі құрылым бар. Түбірлі каталог - бұл файлдық жүйенің деңгейі, одан жоғары каталог ағашы бойынша көтерілу мүмкін емес. Linux-та түбірлі каталог / (соның ішінде/ - слэш, бірақ\ - кері слэш) деп белгіленеді. Жүйе көптеген түбірлі каталогты орнатуға мүмкіндік береді. Юникс ОЖ құрылып жатқан кезде ақпаратты сақтаушы құралдар өлшемі жазба үстеліндей болған жəне магнитті барабандар деп аталды. Сол кезде оны сағатына бірнеше рет қосу мен сөндіру мүмкіндігі туған жоқ. Сондықтан тез алмсытру механизмі жасалған жоқ. Кез-келген құрылғыны файлдық жүйеге қосу үшін атап айтқанда, монтерлеу нүктесі – орнатылған деңгейлері тасымалдаушы құралдағы файлдық жүйе болатын каталог қолданылады. Құрылғыларды қосу жəне монтерлеу үшін арнайы команда қоданылады, ол жайында келесі сабақта оқитын боламыз. Осылай желілік файлдық жүйелер де қосылады, яғни желі серверінің бір жерінде орналасатын, бірақ онымен жұмыс жасаған кезде қолданушы айырмашалақтарды байқамайды жəне желілік файлдар мен каталогтар локалдық компьютерде орналасқандай көреді. Linux файлдық жүйесінде тағы бір ерекшелік бар. Ондағы əр қолданушыға үй каталогы – қолданушының өзінің жеке деректерін сақтайтын арнайы каталогты белгілейді. Қолданушы жүйеге кірген кезде ол өзінің үй каталогында болады. Əдетте қолданушыға үй каталогына рұқсат администратор мен қожайыннан басқа адамға рұқсат болмайтындай қылып жасалған.

43. Linux Мәтіндік редакторлары. VI редакторы. Linux есептік жазбалары.

Linux-те мәтіндік редакторлардың он шақты түрі қолданылады. Бірақ кең қолданылатын редакторлар- vi және emacs. Vi редакторы Linux-тегі ең көне және қуатты редактор. Ол тіпті VT-100 және XTERM сияқты аппараттық терминалдарда да жұмыс жасайды. Бұл редакторлардың қазіргі нұсқасы vim(vi-improved-жақсартылған) деп аталады. Vim барлық vi командаларын эмуляциялайды және көптеген қосымша мүмкіндіктерді қосады. Олар:

-алдын ала жасалған әрекеттерді алып тастаудың көп деңгейлі процессі;

-бірнеше редактерлеу процессін қолдану;

-командалық жолды редактерлеу;

-орнатылған анықтамалық жүйе және т.б.