Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ақп.тех. шпоооооор.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
583.17 Кб
Скачать

11Алгоритм көрсетілімі

Блок-схемалар түріндегі алгоритмдер көрсетімі

Алгоритм көсетімінің ең көрнекі əдісі болып блок-схемалар түріндегі графикалық көрсетім болып саналады. Алгоритм бұл жерде блокта бірізділігі түрінде бейнеленеді. Олардың ішіне орындалып жатқан əрекеттерді түсіндіретін ақпарат орналасқан.

Негізгі блоктар мен олардың кескіндері:

алгоритм бас мен соңы

есептеуіш əрекет

деректерді енгізу, деректерді шығару

шартты тексеру

циклдің басы

көмекші алгоритмді шақыру

Алгоритм сипаттамасының, көрсетімінің əдістері көп. Біз төртеуіне тоқталамыз: табиғи тіл, графикалық тіл, алгоритмдік тіл жəне программалау тілі. Көрсетімнің əр түрлі алгоритмдерді сипаттаудың өз орындаушысына бағытталған өзіндік құралдары бар:

• табиғи тіл (орындаушысы - адам) – орыс, қазақ, ағылшын тілдерінің сөздері;

• графикалық тіл (орындаушысы - адам) - əрекеттер сипаттамасы бар графикалық схемалар (блок-схемалар);

• алгоритмдік тіл (орындаушысы - адам) - əрекет немесе орындаушыға арналған командалар мағынасы берілетін табиғи тілдің белгілі сөздері;

• программалау тілі (орындаушысы - компьютер) – программалау тілінің

командалары.

Алгоритмдердің құрылымын, құру əдістерін үйрену үш көрсетімде бірден жүреді: блок-схемалар түрінде, алгоритмдік тілде, программалау тілінде.

Блок-схемалар түріндегі алгоритмдер көрсетімі

Алгоритм көсетімінің ең көрнекі əдісі болып блок-схемалар түріндегі графикалық көрсетім болып саналады. Алгоритм бұл жерде блокта бірізділігі түрінде бейнеленеді. Олардың ішіне орындалып жатқан əрекеттерді түсіндіретін ақпарат орналасқан.

12.Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың теориялық негіздері. Қашықтықтықтан оқыту (ҚО) - білім, білік дағдыларды алу үрдісі, бұл кезде оқыту процедураларының тұтас немесе белгілі бір бөлігі оқытушы мен студенттің территориялық алшақтығына қарамастан жаңа ақпараттық жəне телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылады. Қашықтықтықтан оқыту технологиясының кейс жəне желілік технология деген түрлерін ерекшелеп көрсетуге болады. Қашықтықтан оқыту жүйесін əрқайсысы өз кезегінде бірнеше компоненттерден тұратын үш компоненттің жиыны ретінде карастыруға болады. Олар: Дидактикалық жүйе; Технологиялық жүйе; Қамтамасыз ету жүйелері. Қашықтықтан оқыту үшін оқытудың жалпы дидактикалык бес əдісін қолдануға болады: 1. Ақпараттық-рецептивті; 2. Репродуктивті; 3. Мəселелік мазмұндау; 4. Эвристикалық; 5. Зерттеу;

Қашыктықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары: Кейс-технология - оқытушы-тьюторлардың дəстүрлі жəне қашықтықтан консультацияларды үйымдастыру кезінде мəтіндік, аудиовизуальды жəне мультимедиалық оқу-əдістемелік материалдарды жинау жəне оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген. Кейс технологиясы (ағылшынның сasе—портфель) оқытуда жасалынған əдістемелік материалдармен іске асырылады. Желілік –технология - білім алушы, оқытушылар, əкімшілік арасындағы интерактивті өзара əсері мен оның оқу-əдістемелік қүралдармен жабдықталуын қамтамасыз етуде телекоммуникациялық желіні қолдануға негізделген; Оқытудың желілік –технологиясына жатады: Интернет желісін пайдалану; Əлектрондық поштаны пайдалану; Телекоммуникациялық құрылғыларды пайдалану; Мультимедиамен жабдықталған, Интернетке шығу мүмкіндігі бар желелік компьютерлік класс; Тəжірибе көрсеткендей, оқытудың компьютерлік технологиясын келесі əдістерді қолдану аркылы жүзеге асыруға əсер етеді: Ақпараттық əдіс, үйренушінің танымдық қызметін; Компьютерлік модельдеу əдісі, мəліметтер базасы мен білімді, гипермəтіндерді қолдану арқылы білім алушының танымдық қызметін жүзеге асыру; Автоматты оқыту жəне білімді бақылау əдісі, математикалық жəне логика-лингвистикалық модельдерді қолдануға негізделген, танымдық кызметті дамытады; Автоматтандырылған оқыту жəне білімді бағалау əдісі, автоматтандырылған оқыту жүйелерін. тестілеу жүйелері мен

мультимедианы қолдануға негізделген, танымдық қызметті дамытады; Ойындық əдіс, компьютерлік, іскерлік ойындарды, əксперттік жүйелерді қолдануға негізделген танымдык қызметті дамытады. Білім беруде ақпараттық технолоғияларды сəтті тарату, сауатты қолдану жəне интенсивті дамыту бірнеше факторларға байланысты екендігі аныкталды: Техникалық (компьютерлік) база жағдайы; Ақпараттык жоне компьютерлік аймағындағы маман-оқытушылардың кəсіби дайындық деңгейі; Басқа пəн окытушыларының компьютерлік сауаттылығы жəне ақпараттық мəдениет дəрежесі; Нақты аймақтағы ақпараттық технологияны дамыту тенденцияларьгна оқу жоспары мен бағдарламалар мазмүндарының сəйкес келуі. Қашықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты мен міндеті. Қашықтан оқытудың білім саласындағы рөлі. Соңғы он-он бес жылдан астам уақыт ішінде Қазақстандағы білім беру жүйелерінің кұрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр. Оқу мен білім технологиясы қаржы қорының байыбына жетіп түсінудің, нарықты өркендету жолында күресудің тиімді құралына айналып отыр. Осы ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөл атқарады. Дүние жүзі бойынша қашықтан білім беру жүйесін еркендетудің басты мақсаттарынын бірі - оқушылардың кез келген мектептер, колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу болмақ. Осылай еткенде ғана студенттердің бір елден екінші елге орын ауыстыруларына ідектеу қойып, кедергілер туғызудан гөрі көзқарастар жүйелерінің бір арнаға тоғыстырылған идеяларымен қаруланып, білім беру ресурстарын өзара алмастыру жағдайында болашағы зор жаңа істерді өркендете түсуге мүмкіндік туады. Коммуникациялық каналдарды ауқымды түрде тарату курысы маңызды міндеттерді ойдағыдай іс жүзінде асыруға септігін тигізбек. Қашықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты: Білім берудің біртұтас ақпараттың жүйесін құру арқылы студенттердің білім деңгейін көтеру. Қашықтан оқытудың білім саласындағы міндеттері: бір-бірімен тығыз байланысты бола отырып. мемлекеттік (республикалық) деңгейіндегі қашықтықтан оқытудың құрамына енуі; құру кезінде мемлекеттің стандарт талаптарын сақтау; Оқытудың ауқымды жəне жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нəтижесінде білімнің базалық жəне деректердің банкілік мəліметтеріне, клиент - сервер, мультимедиа, компьютерді оқып-үйренуші жүйелерге, электрондык оқулыктарға, оку-əдістемелік материалдарға, қашықтықтан оқыту жүйесінің технологиясымен үйлесімді болып келетін, алдағы уақытта оқыту тəсілдерінің ішінде кең тараған бес аспап əрі өміршең түрлері бола алатындай жайлы окулыктарға, бағдарламаларға еркін кіруге мүмкіндік береді.

Қашықтықтан оқыту – білім саласындағы нарықтық қатынастарды жетілдіру жолы. Бүгінде, информация өңдеу мен халықаралық деңгейде еңбек түрлерін бөлу əлемдік əкономиканың ең негізгі ерекшеліктері болып отырған кезде, білім алу кез келген маманның жеке жəне кəсіби табысының негізгі көзі болып қала береді. Білімнің адамнын жұмысқа түру мен өмір сүру деңгейіне тигізетін əсері бұрынғыға қарағанда анағұрлым күшейе бастады. Əрине, білімге қойылатын талаптар да өзгеріске ұшырады: əрбір жанның негізгі білімі мен оның тұрақты жаңарып отыруымен қатар қазіргі маман информациялық қорларды табысты пайдаланып, заң жəне əкономика негіздерін де игеруі тиіс. Қазіргі мамандардан шығармашылық тұрғыдан ойлай білуі, соның негізінде шешім қабылдауы жəне өмір бойы оқып үйренуі талап етіледі. Орта мектеп өмірге білікті программалаушылар беруі тиісті емес (оларды университеттер дайындауы керек), оның атқаратын қызметі де ондай емес. Балаларды оларға қызыкты, əрі өмірде керек болатын нəрселерге үйрету қажет. Оның үстіне дəл осы сəттегі мəселелер жалпы жеке адамның жан-жақты жəне гармониялық түрде дамуыменқайшы келмеуі тиіс. Менделеев атап өткендей "орта білімнің негізгі мақсаты оқушыларды жеке жетілдіру, олардың қоршаған ортаға деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру жəне жеке қасиеттерін (байқампаздық, ой таластыра білу, еңбек сүйгіштік, т.б.) дамыту". Компьютер балалардың шығармашылық белсенділігін дамытуға көмектеседі, əсіресе егер оған үйренуді емес, оны құрал ретінде пайдалануды игерсе, яғни ИКТ-ның техникалық жағына ғана қарастырмай, оның танымдық жағына көңіл бөлу керек. Мұндайда оны дұрыс пайдаланса, компьютер білімді жетілдіру құралы рөлін жақсы атқара алады. Компьютер мен оқушының өзара əрекеттесуі қызғылықты процесс, ол педагогикалық новацияларда есепке алынып отыруы қажет. Педагогиканың негізгі козғаушы күші ретінде барлық тəрбиелік əрекеттер негізі ынта болып саналатынын айтқан артық болмас. Өндірісте де ынталандыруға байланысты менеджмент ең бағалы ресурсты - кадрларды жетілдірудің негізгі құрамды бөлігі болып табылады емес пе? Балалар ересек адамдар тəрізді егер оқу нəтижесі ертеңгі күні пайдалы болатынына көзі жетсе, оған зор ықыласпен қарап, тез үйренуге тырысады. Егер оқу процесі дұрыс құрастырылып, компьютер оның жылдам игерілуіне көмектесетін болса, оқушылар мақсаттарына жыддам қол жеткізе бастайды. Қашықтықтан оқыту - білім саласындағы нарықтық қатынастарды жетілдіру жолы. Соңғы он-он бес жылдан астам уақыт ішінде Қазақстандағы білім беру жүйелерінің кұрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр. Оқу мен білім технологиясы қаржы қорының байыбына жетіп түсінудің, нарықты өркендету жолында күресудің тиімді құралына айналып отыр. Осы ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөл атқарады. Дүние жүзі бойынша қашықтан білім беру жүйесін еркендетудің басты мақсаттарынын бірі - оқушылардың кез келген мектептер, колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу болмақ. Осылай еткенде ғана студенттердің бір елден екінші елге орын ауыстыруларына ідектеу қойып, кедергілер туғызудан гөрі көзқарастар жүйелерінің бір арнаға тоғыстырылған идеяларымен қаруланып, білім беру ресурстарын өзара алмастыру жағдайында болашағы зор жаңа істерді өркендете түсуге мүмкіндік туады. Коммуникациялық каналдарды ауқымды түрде тарату курысы маңызды міндеттерді ойдағыдай іс жүзінде асыруға септігін тигізбек.

13.Microsoft Office пакетінің құрамында Access мәліметтер қорын басқару жүйесінің пайда болуы мәліметтер қорын дайындау проблемасына көзқарасты өзгертті. Алғашында MS Access Office пакетінің құрамына енбеді және нұсқаның жеке нөмірленуіне ие болды. 7.0 нұсқасынан бастап, бұл МҚБЖ "офистің" кәсіби пакетіне енгізіле бастады. Access 2007-нің көмегімен қарапайым тұтынушылар қандай да бір бағдарламалаудың қажеттілігінсіз-ақ, жеткілікті қуаттағы мәліметтер қорын құру мен пайдалану үшін ыңғайлы құралдар ала бастады. Сонымен қатар Access 2007-мен жұмыс сітеу бағдарламалау мүмкіншіліктерін жоққа шығармайды, яғни, бұл жүйе қосымша басқару модулдері мен элементтерін жасауға мүмкіншілік беретін, Visual Basic for Applications бағдарламалау тілін қолдауды да қамтиды. Access 2007 маңызды артықшылықтарының бірі, бұл бағдарламаның MS Office пакетінің Excel, Word және басқа бағдарламаларымен үйлесім табуы. Бұл пакетке енетін, әртүрлі қосымшаларда жасалынған мәліметтер біреуіне екіншісіне жеңіл ауыстырыла алынады. Microsoft Office пакетінің кең таралуы мұндай мәліметтерді қолданбалы ете алады. Егер мәліметтер қоры осы жаңа мүмкіншіліктерді пайдаланатын болса, және мәліметтер қорының көшірмесін жасауда ескілеу форматты пайдалануды қолайлы көрсе, Access қосымшасы мұның неге мүмкін емес екендігін хабарлайды. Егер мәліметтер қорын пайдалану компьютерлерінде Access 2007 қосымшасы орнатылмаған тұтынушылармен бірлесе атқарылатын болса, өз жұмысыңызды сәйкес келетін жағдайда жоспарлаңыз. Деректер қорының объектілері Кестелер, Сұраныс, Қалыптар, Есептер, Макростар мен модульдер. Кестелер. Бұл кез-келген мәліметтер базасының негізгі объектісі болып табылады. Біріншіден, кестелерде мәліметтер базасындағы барлық ақпарат сақталады, екіншіден кестелер мәліметтер базасының құрылымын анықтайды. Сұраныс. Бұл объекті кестедегі мәліметтерді қолданушыға ыңғайлы түрде шығарып береді. Сұраныстың көмегімен бұрыннан бар кестенің негізігде жаңа кесте құрылады, басқа мәліметтер көзінен импортталады, кетелерде қарапайым есептеулер жүргізіледі.Сұраныс- қолданушылардың талабы бойынша шарттарға байланысты бір немесе бірнеше кестелердегі жазуларды таңдап, жеке құжат ретінде пайдаланады. Access-те мұндай сұраныстың мынадай түрі бар: таңдамалы, параметрлі, айқастырылған және нәтижелі сұраныс. МҚ-да көбінесе Таңдамалы сұрату қолданылады. Форма-кестедегі немесе сұратудағы мәліметерді қолданушылар қысқа және қолайлы түрде көру үшін қолданылады. Форманың көмегімен кестеге басқада қосымша өзгерістер енгізуге болады. Формада суреттер, графиктер немесе басқада жаңа енгізілген объектілер жәнеде мәліметтерді өңдеу үшін Vіsual Basіc тілінде жазылған процедуралар болуы мүмкін. Форма-қолданушыларға кесте құрылымына мәліметтерді шығару және енгізу үшін қолданылады. Бір форма бірнеше кестедегі мәліметтерден тұруы мүмкін және соған орай бір орыннан әртүрлі кестелерден шығаруға мүмкіндік береді. Егер форма МҚ-на мәліметтерді енгізу үшін қолданса, онда құжатқа мәліметтерді қатемен енгізу мүмкіндігі төмендейді. Форма құрудың кесте сияқты бірнеше түрі бар: 1.Автоформа- автоматты түрде форма құру; 2.Форма ісмері(Мастер форма)- форманы шебердің көмегімен құру; 3.Конструктор- конструктор тәртібінде форманы қолмен құру; 4.Диаграмма; 5.Құрама кесте ; Есептер. Өзінің қасиеттері мен құрылымы жағынан есептер қалыпқа өте ұқсас келеді, бірақ ол мәліметтерді тек баспаға шығаруға арналған. Сондықтан есептерде баспа құжаттарына арналған безендіру элементтері бар. Макростар мен модульдер. Бұл категориядағы объектілер осы МҚБЖ-мен жұмыс істеу кезінде қайталанатын операцияларды автоматтандыруға және программалау арқылы жаңа функцияларды құруға арналған. Microsoft Access мәліметтер базасын басқару жүйесіндегі макростар МҚБЖ-нің командалар тізбегінен тұрады және мәліметтер базасымен жұмыс істеуді автоматтандыру құралы болып табылады. Модульдер сыртқы программалау құралдарының көмегімен құрылады.

14. Деректерді және олардың арасындағы байланыстарды ұйымдастырудың түрлі типтері бар: иерархиялық, реляциялық және тораптық. Иерархиялық ДҚ – ында жазба элементтері реттеліп жазылады да, бір элементі негізі, қалғандары бағыныңқы элементтер деп есептеледі.Реляциялық ДҚ – кесте түрінде дайындалған берілгендер. Ол ең көп таралған берілгендер қоры, кестелер арасындағы байланыстар – жиі пайдаланылатын ең маңызды ұғым. Реляциялық деректер қорын құру және онымен жұмыс істеуді басқару үшін көптеген арнайы программалар дайындалған: dBase, FoxBase, FoxPro, Access. Оларды Деректерді қорын басқару жүйелері (ДҚБЖ) деп аталады.

15.ҚР «Электронды үкіметті» қалыптастырудағы Мемлекеттік бағдарламаның негізгі анықтамалары. ҚР «Электронды үкімет» бағдарламасын iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiгi. Ақпараттық –коммуникациялық технология (АКТ)– Information and Communication Technologies (ICT) –тұтынушының ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау, тарату, бейнелеу жəне пайдалану мақсатында біріккен əдістер, программалық-техникалық құрылғылар жəне өндірістік үрдістер жиынтығы. Ақпараттық жəне коммуникациялық технологияның (бұдан былай - АКТ) дамуы мен кеңінен қолданылуы бұл соңғы он жылдағы ғылыми-техникалық революция мен əлемдік дамудың ауқымды тенденциясы болып табылады. АКТ пайдалану бəсекелес экономиканы көтеру үшін, əлемдік жүйедегі оның мүмкіндіктерін кеңейтуге, жергілікті басқару мен мемлекеттік басқарудың тиімділігін жоғарылату үшін шешуші роль атқарады. Эксперттердің жобалауынша, мемлекеттік басқаруға ақпараттық-коммуникациялық технологияның (АКТ) енгізілуі экономиканың дамуын тездетеді, бюрократиялық үрдістер шығыны азаяды, мемлекеттік ведомстволардың еңбек өнімділігі мен жұмыстарының тиімділігін арттырады жəне азаматтық қоғамды қалыптастыруда əртүрлі реттегі ақпараттарды алуда халықтың мүмкіндіктерін кеңейту, мемлекеттік қызметтерді тиімді етіп құру, бюрократиялық барьерлердің əлсіреуіне əкеледі. Мемлекеттік басқарудың функцияланған жүйесінің тиімділігі келесі бағыттар бойынша анықталуы мүмкін: мекемелер мен азаматтар арасындағы өзара қарым-қатынас; мекемелердің ішкі жұмыстары; билік ұйымдарының бір-бірімен өзара қарым-қатынасы; Ақпараттық коммуникациялық технологияның енуі азаматтар мен мекемелердің мемлекеттік билік ұйымдарымен өзара қарым-қатынасының тиімділігін арттырады. Билік ұйымдарының жұмысы туралы ақиқат, оперативті, толық өзекті ақпараттар веб-сайтта жазылған. Бұл азаматтар мен қажетті ақпараттарды іздеуді қысқартады, мемлекеттік қызметкерлердің ақпараттарды түсіндіруге кететін уақыттарын азайтады, сонымен қатар көптеген кететін қателерді азайтады. АКТ негізінде «бір терезе қағидасы» деп аталатын барлық деңгейдегі ұйымдармен өзара қарым –қатынасы бір нүкте арқылы енеді. АКТ енгізуде тікелей экономикалық эффект байланысты: бұрынғы сақталынған құжаттарға қатысты ауданды босату; құжаттармен жұмыс істеуде қызметкерлердің қысқару санымен; мемлекеттік басқару ұйымдарының бизнес-үрдістерінің орындалу уақытының қысқаруымен; АКТ-ның енгізілуіндегі үлкен мəнге ие: қабылданатын шешімдердің сапасының жақсаруы; азаматтардың билікке сенімділігінің артуы; билік ұйымдарын қамтамасыз етуге қосымша қоғамның ұсталынымдарының төмендеуі.Қазіргі уақыттағы ақпараттық–коммуникациялық технология азаматтардың қызығушылығына бағытталған электрондық үкімет құруға мүмкіндік береді. «Электронды үкімет» бағдарламасының мақсаты мен міндеттері. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi Бағдарламаның мақсаты азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттiк қызмет көрсетулерге жылдам əрі сапалы қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету жəне АКТ-ны кеңiнен қолдану арқылы мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеу тиiмдiлігін арттыру болып табылады.Аталған мақсаттарға жету үшiн мынадай мiндеттердi орындау керек: 1. мемлекетке, азаматтар мен ұйымдарға ақпараттық қоғам жағдайларында жұмыс iстеуге мүмкiндiк беретiн нормативтік құқықтық жəне əдiснамалық база құру 2. мемлекеттік органдардың e-қызмет көрсетулерін қалыптастыру мен дамыту; 3.e-Үкiметтiң қызмет көрсетулеріне қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету, ақпараттық теңсiздiктi жою жəне АКТ саласында бiлiм деңгейiн арттыру жөнiнде жұмыстар ұйымдастыру; 1.e-Үкiмет инфрақұрылымының базалық құрамдас бөлiктерiн қалыптастыру жəне мемлекеттiк 2.органдардағы ақпараттық инфрақұрылымды оңтайландыру;3.е-Үкiметтiң ақпараттық инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету.

16. Компьютерде есепті шешу процесі- бұл адам және ЭЕМ арасындағы біріктірілген сала. Бұл процесті бірнеше тізбектелген этаптар түрінде көрсетуге болады. Адамға тиісті этаптар, шығармашылық саламен байланыстысы- қойылуы, алгоритмизациясы, есепті программа және нәтижелерді талдау, ал компьютерге тиістісі- өңделген алгоритммен сәйкес келетін ақпаратты өңдеу этаптары.Бұл этаптарды келесі мысалдарда қарастырамыз: екі бүтін санның соммасын есептеу және видеомонитордың экранына нәтижесін шығаруБірінші этап – есептердің қойылымы. Бұл этапта есепті қолданатын жұмыс саласын жақсы білетін адам қатысады, ол есептің мақсатын нақты анықтауы керек, есептің мазмұнына сөздік түсінік беруі және оның шешімімен жалпы жақындық ұсынуы керек. Мысалы, екі бүтін санның соммасын есептеу үшін сандар қалай қосылатын білетін адам, есепті келесі әдіспен түсіндіре алады: екі бүтін санды енгізу, оларды бір-біріне қосу және есептің нәтижесі ретінде соммасын шығару.Екінші этап – математикалық немесе ақпараттық моделдеу. Бұл этаптың мақсаты – есеп компьютерде шешілуі үшін, есептің математикалық моделін құру. Көптеген есептердің математикалық моделінде тек қана формулалар мен логикалық шарттар келтіріледі. Бұл этап бірінші этаппен тығыз байланыста және оны бөлек қарастырмасада болады, бірақ құрылған модель үшін бірнеше шешу әдістері танымал болуы мүмкін және олардың ішінен ең ыңғайлысын таңда керек болады. Жоғарыда түсіндірілген есеп үшін екінші этап келесідей болады: компьютерге енгізілген сандарды А және В атауымен жадыда сақтаймыз, содан соң бұл сандардың соммсының мағынасын А + В формуласы бойынша есептейміз және нәтижесін жадыда Summa атауымен сақтаймыз.Үшінші этап – есептің алгоритмі. Математикалық түсіндіру негізінде шешу алгоритмін құрастыру керек. Алгоритм дегеніміз – қойылған есептің шешуге бағытталған әрекеттер тобын іске асыру үшін атқарушыға түсінікті әрі дәл нұсқаулар жиынтығы. Алгоритмдерді орындайтындар адамдар, роботтар, компьютерлер болуы мүмкін.Төртінші этап – программалау. Программа – бұл орындаушы(компьютер) орындайтын әрекеттердің жоспары. Үшінші этапта құрылған алгоритм бойынша программа алгоритмдік тілде жазылады.Бесінші этап – жазылған программаны компьютерге программалау жүйесінде еңгізіледі.Алтыншы этап – тестлеу және программаны жөндеу. Бұл қадамда ЭЕМ қөмегімен алгоритм орындалады, қателер ізделінеді және олар жойылады. Программаны жөндеу – бұл күрделі және стандартты емес процесс.Күрделі программалар бөлек фрагменттермен тексеріледі.Жетінші этап - жөнделген программаның орындалуы және нетижені талдау. Бұл қадамда программа жұмысқа қосылып , алғашқы керекті мәндер беріліп. программа нәтижесі алынады. Шыққан нәтижелер талданып, нәтижелерге сай шешімдер, ұсыныстар, шығарулар жағдыланады. Талдау шешімі бойынша есептің құрылған жолдары қайтадан қарастырылып, есептің бірінші қадамына қайтып оралып, есеп жаңадан шешілуі мүмкін.

17. Деректер қорын жіктеу. Мәліметтер қорын басқару жүйесі не үшін қажет? Cұрату объектісі және түрлері. Деректер қорын құру негізгі этаптары. Мəліметтер қоры (МҚ) деп өзара байланысқан мəліметтердің интеграцияланған (шоғырланған) жиынтығын айтады. Көбінесе мəлімет қорлары нақты бір аумаққа, ұйымға немесе қолданбалы есептерге құрылады. Мəліметтер қорымен жұмыс жасауды жеңілдету мақсатында мəліметтер қорын басқару жүйесі – МҚБЖ (СУБД) автоматтандырылған жүйесі қолданылады. МҚБЖ дегеніміз жаңа мəліметтер базасын құруға, оны мəліметтермен толтыруға, оның мазмұнын редакциялауға, оларды реттеуге арналған программалық құралдар кешені. Мəліметтер қорымен жұмыс жасауды жеңілдету мақсатында мəліметтер қорын басқару жүйесі – МҚБЖ (СУБД) автоматтандырылған жүйесі қолданылады. Мəліметтер қорын басқару жүйелері (МҚБЖ) — бұл олардың көмегімен мəліметтер қорын жасауға, оларды ақпараттармен толықтыруға жəне жұмыс істеуге болатын бағдарламалар жиынтығы. Мəліметтер қорын басқару жүйелерінің бірнеше ондаған түрлері бар, олардың көпшілігі шындығына келгенде басқару жүйелері емес, арнайы дайындалған бағдарламалау тілдері болып табылады, олардың көмегімен осы тілді меңгерген əрбір адам қолданушыға ыңғайлы құрылымдағы, кез келген мəліметтер қорын жасап алуына, жəне оларға қажетті басқару элементтерін енгізуіне болады. Мұндай тілдерге Oracle, Clipper, Paradox, FoxPro жəне басқалар жатады. Алайда, мұндай мəліметтер қорымен жұмыс істеу үшін, қолданушылардың ауқымды бөлігі пайдалана алатындай, шынайы, тіптен кəсіби бағдарламалау дағдылары қажет. Мəліметтер қорын құру негізгі он этаптан тұрады. 1. Объектілерді (мəліметтер көзін) анықтау, олар жүйеде жеке ақпараттық бірліктермен берілуі тиіс. 2. Объектілер арасындағы байланысты сипаттау (егер бірнеше обьект пайдаланылса). 3. Обьектілердің аса маңызды қасиеттері мен əдістерін анықтау. 4. Əртүрлі обьектілер қасиеттерінің арасындағы байланысты анықтау. 5. Болашақ мəліметтер қорының барлық кестелері сипатталған, мəліметтердің алғашқы сөздігін дайындау. 6. Обьектілер арасындағы байланыстарға құрылған мəліметтер кестелеріндегі мəліметтер қоры кестелерінің арасындағы байланысты анықтау, жəне осы ақпараттарды мəліметтер сөздігіне енгізу. 7. Кестелердегі мəліметтерді жасауға жəне өзгертуге көмек жасайтын, транзакцияның орындалу тəсілі мен типтерін орнату. Бұл этапқа мəліметтердің тұтастығының талаптары да енгізіледі. 8. Мəліметтерді кестеге енгізуді баяулатпау сұраныстарын жеделдетуге жəне дискден шамадан тыс көп орын алмауын орындауға арналған индекстерді анықтау. 9. Əрбір кестенің мəліметіне енуге, мəліметтерді өзгертуге жəне кестелер құрылымын өзгертуге кімнің құқығы бар екендігін анықтау. Бұл тапсырманың дұрыс орындалуы мəліметтер қорын сенімді сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 10. Мəліметтер қорының барлық құрылымының құжатталуы, барлық қор жəне əрбір жеке кесте үшін мəліметтер сөздігінің болуы, мəліметтер қорымен жұмыс істеуді, соның ішінде файлдарды қосалқы сақтау мен қалпына келтіру операцияларын басқарудың жазылуы.

18. Жергілікті желі (LАN) бір ғимарат ішіндегі немесе қатар орналасқан ғимараттардағы дербес компьютерлер мен принтерлерді бір-бірімен байланыстырады. Аймақтық-таратылған желілер (WАN) географиялық тұрғыдан алғақца бір-бірінен қашықта орналасқан бірақ бір компанияға немесе фирмаға, мекемеге қатысты бірнеше жергілікті желілерді байланыстырады.Жергілікті желілер - дербес компьютерлерді бір-бірімен немесе оларды желі сервері рөлін атқаратын қуатты компьютермен байланыстырып тұратын желінің ең қарапайым түрі.Жергілікті желінің барлық компьютерлері серверде жазылған қолданбалы программаларды және принтер, факс тәрізді шеткері құрылғыларды ортақ пайдалана алады. Желідегі әрбір дербес компьютер жұмыс станциясы немесе желі түйіні деп аталады.Жергілікті жері әрбір тұтынушыға бір-бірімен өте жылдам қатынасуға мүмкіндік жасайды. Оның мынадай ерекшеліктерін атап өтуге болады: - -құжаттарды бірге пайдалану; құжат айналымын жеңілдету: тұтынушы жұмыс орнынан тұрмай-ақ, жиналыс жасамай-ақ әртүрлі құжаттарды оқуға, түзетуге, түсініктеме беруге мүмкіндік алады;компьютер дискісіндегі орынды тиімді пайдаланып, өз жұмыс нәтижелерін серверде сақтау және архивтеу;cервердегі қолданбалы программалармен оңай байланысу;қымбат тұратын қорларды принтерлерді, СD-RОМ мәлімет жинақтауыштарын, қатты дискілерді және ортақ пайдалануға болатын көлемді қолданбалы программаларды (мысалы, мәтіндік процессорларды немесе мәліметтер базасын) бірігіп пайдалануды жеңілдету, т.б. Жергілікті желінің базалық технологиялары, хаттамалары және стандарттары. Компьютерлер арасында ақпараттармен алмасу және жіберу. Компьютерлер бір-бірімен қатынаста бола алады, өйткені оларға бірін бірі түсінуге көмектесетін ережелер жиынтығы мен хаттамалары бар. Хаттамалар байланыс үрдісі қатесіз өту үшін қажет. Хаттамалар ақпараттың қалай жіберілетінін жəне қабылданатынын анықтауға жəрдемдеседі. Желілік хаттамалар хаттама ретінде, не адамдарға қарым-қатынас үшін қажет. Мысалы, егер сіз отыратын затты «орындық» деп, ал көршіңіз оны «тас» деп айтатын болса, онда бір-біріңізбен түсінбеушіліктің туындауына алып келеді.Кейде бұл сөздерге ғана қолданып қана қоймай, белгіленген ережелер жиынтығыннан тұратын адамдар қарым-қатынасының əдістері де болып табылады. Протокол TCP/IP (Transmission Control Protocol /Internet Protocol) – қазіргі кезде компьютерлік желілерде ақпарат алмасуда қолданылатын протоколдардың бірі. Шын мəнінде бұл протоколдың өзі бірнеше протоколдан тұрады. Протоколдың аты екі бөлімнен тұрады: TCP–протоколы жіберуші жақта хабарларды пакеттер легіне түрлендіреді жəне қабылдаушы жақта пакеттерді қайта хабарларға жинайды. IP – протоколы пакеттердің бағытталуын басқарады, желілер арасында оларды əр түрлі бағытқа бағыттайды жəне əртүрлі желілердің бірігуіне ықпал жасайды. Қолданбалы хаттамалар жоғары деңгейде боп есептеледі, бұлар Интернеттің арнайы қызмет баптарының – HTTP (Hyper Text Transfer Protocol – гипермәтінді тасымалдау хаттамасы) хаттамасының, FTP (File Transfer Protocol – файлдарды тасымалдау хаттамасы) хаттамасының, TELNET (алыстан қатынасу) хаттамасының, электрондық поштаның SMTP және POP 3 тәрізді хаттамаларының, т.б. жұмысын қамтамасыз етеді. FTP компьютерлер арасында екілік және мәтіндік файлдарды тасымалдау мүмкіндігін береді. Ол ең «ежелгі» қолданбалы хаттамаға жатады, өйткені ДК тұтынушыларының ең алғашқы талаптарының бірі – осындай қызықты программалар мен құжаттар алмасу болатын. Осы әрекетті FTP хаттамасы атқарады. UDP хаттамасы мәліметтерді берудің қарапайым механизмі қажет болған жағдайда ғана пайдаланылады. Сонда қате бақылауы немесе орындалмайды (мысалы, TFTP - Trivial File Transfer Protocol – қолданбалы хаттамасы – файлдарды берудің қарапайым хаттамасы) немесе қолданбалы деңгейде орындалады (мысалы, SNMP - Simple Network Management Protocol басқарушы хаттамасында немесе NFS - Network File System файлдық жүйеде пайдаланады). Протокол TCP/IP (Transmission Control Protocol /Internet Protocol) – қазіргі кезде компьютерлік желілерде ақпарат алмасуда қолданылатын протоколдардың бірі. Шын мәнінде бұл протоколдың өзі бірнеше протоколдан тұрады. Протоколдың аты екі бөлімнен тұрады: TCP–протоколы жіберуші жақта хабарларды пакеттер легіне түрлендіреді және қабылдаушы жақта пакеттерді қайта хабарларға жинайды. IP – протоколы пакеттердің бағытталуын басқарады, желілер арасында оларды әр түрлі бағытқа бағыттайды және әртүрлі желілердің бірігуіне ықпал жасайды.

19. HTML тiлi - (Hypertext Markup Language) - дүниежүзiлiк құжаттардың әйгiлi стандартты гипертексттiк белгi тiлi. Барлық веб беттер HTML (немесе XHTML) тiлiнiң көмегiмен жасалады. HTML тiлi браузерде анықталады және адамға ыңғайлы құжат ретiнде көрсетiледi. HTML тiлi SGML (Standard Generalized Markup Language )-дiң қосымшасы болып табылады. HTML құжаттың құрылымы .Тегтер - текстті белгілеу құралы. Тегтер бас әріппен де кіші әріппен де жазыла береді, еш айырмашылығы жоқ. Әрі олар жұптарымен де, жалғыз да болады. Жұптарымен тұратын тегке мысал ретінде келесі тегті келтіруге болады: <html></html>. Бұл тег кез-келген HTML құжатты ашып және жабатын тег. Тегтің екінші бөлігін бірінші бөлігінен мына символ арқылы "/" ажыратуға болады. Бірақ бірінші бөлігі қосымша параметрлерден тұруы мүмкін. Мысалы: <font size="4"></font> тегінде, size="4" параметрі мәтіннің өлшемін анықтайды. Ал дара, яғни жұп емес тегтің мысалы ретінде <hr> тегін келтіруге болады, ол HTML құжатқа көлденең сызықты орналастырады.HTML тіліндегі міндетті тегтер:Кез-келген HTML құжат келесі тегтердің көмегімен құралады <html></html>, <head></head>,  <body></body>, <title></title>. HTML құжатта тегтердің орналасу реті төменде көрсетілген<html><head>

<title>Web беттің аты</title>

</head><body>

Сіздің құжатыңыздың денесі

</body></html><head></head> тегінің ішінде сіздің HTML құжатыңыздың аты орналасады (негізінде сілтеме ретінде қандай да бір іздеу нәтижесінде осы берілген атауды көре аласыз), сонымен қатар, бұл тегтің<head></head> конструкциясының ішінде Мета тегтер деп аталатын тегтер болуы мүмкін.

Негізгі тегтер:<html></html> Бұл программада беттің HTML құжат екенін көрсетеді.

<head></head> Құжаттың денесінде көрінбейтін, əртүрлі ақпараттар

орналасатын орынды анықтайды. Мұнда құжаттың атын

немесе іздеу машиналарына арналған тегтер орналасқан.

<body></body> Құжаттың көрінетін бөлігін, яғни денесін анықтайды.

Мазмұнға арналған тегтер

<title></title> Программаның бетті көру мазмұнына құжаттың аты кіреді.

Құжат денесінің анықтауыштары (атрибуттар)

<body bgcolor=?> RRGGBB түріндегі түстің мəнін қолдана отырып, құжат

фонының түсін береді - мысалы: FF0000 - қызыл түс.

<body text=?> RRGGBB түріндегі түстің мəнін қолдана отырып, құжат

мəтінінің түсін береді - мысалы: 000000 - қара түс.

<body link=?> RRGGBB түріндегі түстің мəнін қолдана отырып,

гиперсілтемелердің түсін береді - мысалы: 00FF00 - жасыл

түс.

<body vlink=?> RRGGBB түріндегі түстің мəнін қолдана отырып, сіз

қолданып кеткен гиперсілтемелердің түсін береді - мысалы:

333333 - сұр түс.

<body alink=?> RRGGBB түріндегі түстің мəнін қолдана отырып,

гиперсілтемелерді басқан сəттегі түсін береді.

Мəтінді форматтауға арналған тегтер

<pre></pre> Форматталған мəтінді шамалап жиектеу.

<h1></h1> Ең үлкен тақырыпты құрады

<h6></h6> Ең кіші тақырыпты құрады

<b></b> Батырылған (жирный) мəтін жазады

<i></i> Курсивті мəтін жазады

<tt></tt> Баспа машинкасының стиліне ұқсас мəтінді жазады.

<cite></cite> Дəйексөзге (цитат) қолданылады, əдеттегі курсивті мəтін.

<em></em> Мəтіннен сөз бөліп алу үшін қолданылады (курсивті немесе

батырылған мəтін).

<font size=?></font> 1 ден 7 арасындағы мəтіннің өлшемін анықтайды.

<font color=?></font> RRGGBB түріндегі түстің мəнін қолдана отырып, мəтіннің

түсін анықтайды.

Гиперсілтемелер

<a href="URL"></a> Басқа құжатқа немесе сол құжаттың бір бөлігіне

гиперсілтеме жасайды.

<a href="mailto:EMAIL">

</a>

Құжаттың авторына хат жазу үшін почталық программаны

шақыратын гиперсілтеме жасайды.

<a name="NAME"></a> Құжаттағы сілтемеге арналған мақсат ретінде мəтіннің бір

бөлігін белгілейді.

<a href="#NAME"></a> Сол құжаттың бір бөлігіне гиперсілтеме жасайды.

Форматтау

<p> Жаңа параграф жасайды.

<p align=?> Параграфты сəйкесінше құжаттың ыңғайлы жағына

теңестіреді, мəндері: left, right, немесе center

<br> Жолды түсіруге арналған тег.

<blockquote>

</blockquote> Мəтіннің екі жағынан да шегініс (отступ) береді.

<dl></dl> Анықтама 051d>6.тізімін жасайды.

<dt> Тізімдегі терминдердің əрқайсысын анықтайды.

<dd> Əрбір анықтаманы сипаттайды.

<ol></ol> Нөмірленген тізім жасайды.

<li> Тізімнің əрбір элементін анықтайды жəне оған нөмір береді.

<ul></ul> Нөмірленбеген тізім жасайды.

<li> Тізімнің əрбір элементін анықтайды жəне оған дөңгелек

немесе квадрат қосады.

<div align=?> HTML құжаттағы мəтіннің үлкен бөлігін форматтау үшін

қолданылатын маңызды тег, сонымен қатар, стильдердегі

кестелерде қолданылады.

Графикалық элементтер

<img src="name"> HTML құжатқа сурет қосады.

<img src="name" align=?> Суретті құжаттың бір жағына орналастырады, мəндері

келесідей: left, right, center; bottom, top, middle

<img src="name" border=?> Суреттің шетіндегі рамканың қалыңдығын беред.і

<hr> HTML құжатқа көлденең сызық қосады.

<hr size=?> Сызықтың биіктігін (қалыңдығын) береді.

<hr width=?> Сызықтың енін береді, оны пиксельмен немесе процентпен

көрсетуге болады.

<hr noshade> Көлеңкесіз сызық жасайды.

<hr color=?> Түспен анықталған сызық сызады. Мəні RRGGBB.

Кестелер

<table></table> Кесте жасайды.

<tr></tr> Кестедегі жолды анықтайды.

<td></td> Кестедегі жеке ұяшықты анықтайды.

<th></th> Кестенің тақырыбын анықтайды (орталықтанған батырылған

мəтіні бар қалыпты ұяшық).

Кестенің анықтауыштары (атрибуттар)

<table border=#> Кестенің рамкасының қалыңдығын береді.

<table cellspacing=#> Кестенің ұяшықтары арасындағы арақашықтықты береді.

<table cellpadding=#> Ұяшықтағы бар мəнмен оның рамкасының арасындағы

арақашықтықты береді.

<table width=#> Құжаттағы кестенің енін пиксельде немесе процентте

береді.

<tr align=?> немесе <td

align=?>

Кестедегі ұяшықты теңестіреді, мəндері: left, center немесе

right.

<tr valign=?> немесе <td

valign=?>

Кестедегі ұяшықты тігінен теңестіреді, мəндері : top, middle,

немесе bottom.

<td colspan=#> Бір ұяшыққа біріктірілген бағандардың санын

көрсетеді.(көрсетілмесе 1 ге тең)

<td rowspan=#> Бір ұяшыққа біріктірілген жолдардың санын көрсетеді.

(көрсетілмесе 1 ге тең)

<td nowrap> Кестедегі ұяшыққа жаңа жолға түсуге жол бермейді.

Кадрлер

<frameset></frameset> Кадрлары бар <body> тегін құжатқа орналастырады.

<frameset rows="value,value"> Кадрлар кестесіндегі биіктігі кадрлар кестесінің биіктігіне

сəйкес пиксельдер санымен немесе процентпен

анықталатын жолдарды анықтайды.

<frameset cols="value,value"> Кадрлар кестесіндегі ені кадрлар кестесінің еніне сəйкес

пиксельдер санымен немесе процентпен анықталатын

бағандарды анықтайды.

<frame> Жеке кадрді немесе кадрлер кестесінің аймағын анықтайды.

<noframes></noframes> Браузер терезесінде егер ол кадрлерді көрсете алмаса не

көрсетілетінін анықтайды.

Кадрлер анықтауыштары (атрибуттар)

<frame src="URL"> Кадрда HTML құжаттардың қайсысы көрсетілетіні

анықталады.

<frame name="name"> Ақпаратты сол кадрға немесе басқа кадрлар аймағына

бағыттай алатын кадрдың атын немесе аймағын көрсетеді.

<frame marginwidth=#> Кадрдың сол жақ немесе оң жақ шетіндегі шегіністер

(отступ) көлемін анықтайды, ол 1 ге тең немесе 1 ден үлкен

болуы керек.

<frame marginheight=#> Кадрдың жоғарғы жəне төменгі шетіндегі шегіністер (отступ)

көлемін анықтайды, ол 1 ге тең немесе 1 ден үлкен болуы

керек.

<frame scrolling=VALUE> Кадрда сызықтың шеті көрсетілеме, жоқпа, соны анықтайды;

value мəні "yes," "no," немесе "auto" болуы мүмкін. Əдеттегі

құжаттар үшін - auto мəні бірден беріледі.

<frame noresize> Кадрдың өлшемінің өзгеруіне кедергі болады.

Формалар__

20. Web сайтының негізгі типтері. WEB- сайттар екі түрлі болуы мүмкін: статистикалық және динамикалық. Статистикалық Web – беттер қолдан жасалады, содан кейін сақталады және сайтқа жүктеледі. Әр сайын осындай беттін мазмұның өзгерту үшін, пайдаланушы оны өз жұмыс компьютерде өзгертіп (мысалы html- редакторды пайдаланып), сақтайды және қайтадан Web – сайтқа жүктейді. Динамикалық Web – сайттардың көрсетілетін әр бет шаблонды бетке негізделген, оған мәліметтер қорнында сақталатын тұрақшы өзгеріп отырған ақпараттар еңгізіледі. Сонымен сайттың мазмұның жаңарту үшін жай жаңа бет үшін мәтін қосылады, содан кейін ол мәліметтер қорына арнайы механизм көмегімен кірістіріледі. Нәтижесінде сайт өз өзінді жаңартады сияқты. Web - беттердің құру принципіне сәйкес барлық аспаптық құралдың оларды жасаулар екі топқа бөлуге болады. Біріншіге олардан, толық сәйкестік тјртібінде Web - беттердің јрлендіруі мүмкіндік беретіндер жүйелер (WYSIWYG ), ал содан соң өздері қажетті - HTML -код автоматты қалыптастырушылар жатады. Нақ мына топқа сондай јйгілі өнімдері, Microsoft FrontPage сияқты, Microsoft Office пакет бағдарламалары жатады. Екінші топ - HTML - редактор, HTML - кодты өздері жасайтын кјсіпқойларға арналған.

WYSIWYG-редаторы

-MS Word- Web – беттерді өзгертуге ыңғайлы

-MS Power Point – мультимедиялық презентацияларды өндеуі

MS Front Page – клиент/сервер ортада визуалдық құрал Web – беттерді жасау үшін мысал қарастырайық..

<HTML>

  <HEAD>

  <STYLE type="text/css">

    H1 { color: blue }

  </STYLE>

  </HEAD>

  <BODY>

    <H1>Үй беті </H1>

    <P> CSS демонстрациясы

  </BODY>

</HTML>

21. Жасанды интеллект жүйесі Қазіргі ғылымның кез келген бағыттары сияқты жасанды интеллекттің даму тарихы бай. ЖИ- компьютерлік құралдар арқылы жеке ақыл-ой істерін орындау. ЖИ жеке ғылыми бағыт ретінде XX ғасырдың II жартысында пайда болды. ЖИ жүйелері-арнайы логикалық жүйелер арқылы компьютерлік бағдарламада жүзеге асырылған адам интеллекттің жеке аспектісін ұдайы өндіретін техникалық жүйелер. ЖИ жүйелерінің қолдану салалары: работтехникасы, сараптамалық жүйелер, есептерді әмбебап шешушіні жасау, бір тілден екінші тілге аудару, мәтінді рефераттау, пайдаланушыны компьютермен ыңғайлы диалогын қамтамасыз ететін интеллектуалды интерфейсті жасау.

22. Электрондық кесте. Деректер форматы. Формулалармен жұмыс істеу. Функциялар. Электрондық кестелер жүйесінде миллионнан аса торлар (ұялар) болады, олар пернелермен ақпаратты енгізу арқылы немесе формулалар өрнегін есептеу нәтижесі бойынша компьютерге жазылады. Мұнда кестелік мәліметтерді түзету, оларды дискілерде жазып сақтау, түрлендіру, қағазға басып алу сияқты көптеген өрнектер өте жылдам орындалады. Кең тараған электрондық кесте жүйелеріне Lotus 1-2-3, SuреrСаlс, QuatroРго, Ехсеl сияқты программалар жатады.

Excel-кестелік құжаттармен жұмыс істеуге арналған көрнекті бағдарламаның бірі болып есептелінеді. Ол өте жоғары есептеу мүмкіндігі бар, жұмыстық графикасы бар, мәліметтерді өңдеп базаға сақтай алатын бағдарлама

Электрондық кестенің жұмыс аймағы жолдар мен бағандардан тұрады. Жолдардың саны – 65536, ал бағандар саны – 256. Баған мен жолдың қиылысқан жерінде орналасқан тор ұяшық деп аталады.

Деректер форматы

*Енгізілетін және есептелінетін сандық мәндер мағынасы бойынша дұрыс көрінуі үшін оларды форматтау керек. Форматтаудың бірнеше жолы бар, ол үшін ұяшық ерекшелініп тұруы керек. Олар:

*Формат-Ұяшық(ячейки)-Сан(число) командалары арқылы;

*Жанама менюіндегі Ұяшықтар форматы командасы арқылы. Шыққан терезеден сандардың қай түрі керек болса, соны таңдаймыз.

Формулаларды енгізу

Кез келген формула алдында = белгісі жазылады. Формула – ұя адрестерімен сандардың функциялардың арифметикалық амалдар таңбасы арқылы біріктірілген жиынынан, сонымен қоса тырнақшаға алынған мәтіннен тұрады. Логиқалық операторлар да қолданылады, шығындысы логикалық мән Шын немесе Өтірік арқылы беріледі.

Бір формулада бірнеше операция біріктірілсе, онда олар мынандай ретпен орындалады:

*Процент (%)

*Дәрежеге шығару (^)

*Көбейту және бөлу ( *, /)

*Қосу және азайту (+, -)

*Салыстыру операторлары(=, < >, >, <, >=, <= )

Функциялар

- Функциялардың бірнеше түрі бар. Олар: математикалық, статистикалық, мерзімдік, қаржылық тб. Қолданғанда курсорды нәтиже шығатын ұяшыққа апарып, келесі жағдайлардың біреуін орындаймыз:

- Стандартты панельдегі [Fx]батырмасын басамыз;

- Қою-функция командасын орындаймыз.

23. Компьютерлік желілердің түсінігі және архитектурасы. Желі деп дербес компьютерлердің және де принтер, модем, факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортак пайдалануға, кашықта орналасқан куатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас кұруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді. Желі қүрамына кіретін компьютерлер мынадай жұмыстар атқарады:

-желімен катынас кұруды ұйымдастыру;

- олардың арасында мәлімет алмасуды басқару;

- желі тұтынушыларына есептеу құрылғыларын пайдалануға беріп, оларға әртүрлі қызмет көрсету.

Жергілікті желілер - дербес компьютерлерді бір-бірімен немесе оларды желі сервері рөлін атқаратын қуатты компьютермен байланыстырып тұратын желінің ең қарапайым түрі.

Желі топологинсы оның негізгі функциональдық элементгерінің бір-бірімен байланысу құрылымын анықтайды.

Желілік техникалық құралдар - компьютерлерді бір желіге ұйымдастыруды қамтамасыз ететін әртүрлі құрылғылар жиыны.

Желілік программалық кұралдар - компьютерлік желі жұмысын басқарып, әрбір тұтынушыны қажетгі интерфейспен қамтамасыз етеді.

Интерфейстер - желінің функциональдық элементтерін бір-бірімен үйлестіру құралдары.

Протоколдар - желінің функциональдық элементтерінің бір-бірімен қатынас жасау ережелері. Функиональдық элементтер ролін әртүрлі құрылғылар және де программалық модульдер атқара алады. Сол себепті ақпараттық және программалық интерфейстер қарастырылады.

Негізгі желілік топологиялар Желінің атқаратын қызметіне байланысты топологиялардың үш түрі болуы мүмкін.

Шиналық топология. Мұнда жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе магистральға (кабельге) қосылады. Дәл осындай тәсілмен магистральға басқа да желілік құрылғылар қосыла береді. Желінің жұмыс жасау процесінде тасымалданатын ақпарат жөнелтуші станциядан жұмыс станцияларының барлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте көрсетілген жұмыс станциясы қабылдайды (28.1 сурет).

Жұлдыз тәрізді топология. Мұнда ортақтандырылған коммутациялық түйін - желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізуді жүзеге асырады (28.2 сурет). Бұл топологияның артықшылығы - кез-келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысқа әсер етпейді.

Сақиналық топология. Мұнда байланысу арналары тұйықталған сақина бойында орналасады. Жөнелтілген мәлімет біртіндеп барлық жұмыс станцияларын аралап шығады да, оны керекті компьютер қабылдаған соң жұмыс тоқтатылады. Бұл топологияның кемшілігі -кез-келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысты бұзады.

Сақиналық архитектура технологиясы болып саналатын Тоkеn Ring жоне Token технологиялары маркерлік қатынас құруға негізделген қумалы (эстафеталық) желі жасауда пайдаланылады. Олар сақина бойымен бір бағытта маркер (token) деп аталатын арнайы биттер тізбегінен тұратын мәліметтердің айналып жүруі арқылы жасалған үздіксіз тұйық желі түрін құрайды. Маркер сақина бойымен желідегі әрбір жұмыс станциясын айналып өтіп үздіксіз қозғалыста болады. Желідегі мәлімет жөнелтетін жұмыс станциясы маркерге бір кадр қосып қояды, ал қалған станциялар тек маркерді ары карай жылжытьш отырады. Тоkеn Ring желілері мәліметтерді 4 немесе 16 Мбит/с жылдамдықтармен тасымалдап, көбінесе ІВМ компьютерлері ортасында қызмет етеді.