- •5. Есептеу техникасының даму тарихи
- •8. Программалық жабдықтар құрамы
- •11Алгоритм көрсетілімі
- •24. Сызықтық, тармақталған және қайталанған алгоритмдерді құру.
- •25. Программалау тілдерінің жалпы қолданылуы
- •31)Электронды үкімет» бағдарламасын іске асырудың негізгі бағыттары
- •38.Желінің негізгі компоненттері.Компьютерлер арасында ақпараттармен алмасу және жіберу.Желілік принтер.Www және электронды поштаның негізгі жұмыстары.Қазіргі заманғы іздеуіш технологиялары.
- •40.Linux ядросы. Gnu утилиттері. X Window. Желілік қолдау. Интерфейсы dos және Windows.
- •41.Linux-тегі процесстер, процесстердің идентификаторлары. Демондар.Ps командасы
- •42.Linux файлдық жүйесі
- •43. Linux Мәтіндік редакторлары. VI редакторы. Linux есептік жазбалары.
- •44. Linux командалары
- •46.Html-құжаттың жалпы құрылымы. Тегтер. Html: контейнерлері, атрибуттар
- •53. Қашықтан оқытудың білім саласындағы рөлі.
- •57.Интернет технологияның элементтері.
- •58. Құрама операторлар
8. Программалық жабдықтар құрамы
Программа — магниттік тасымалдаушыда (дискіде) файл түрінде сақталып, әрбір адамның командасы бойынша компьютер жадына жуктеліп, орындауға арналған машина тіліндегі нүсқаулар жиыны. Көптеген мәселелер өзара байланыстағы бір-бірімен бірігіп отырып жұмыс істейтін программалар кешендерінің көмегімен шешіледі .
Алдын ала келісім нақты программа арқылы орындалатын әрекеттер (функциялар) жиынының және әр функцияның орындалу вариантын анықтайды.
Үнсіз келісім егер жұмыс істеп отырған адам айқын түрде нұсқамаса, көрсетілген немесе басқа әрекеттің, яғни функцияның нақты атқарылу параметрлерін (басқа да вариантгары болғанда) тағайындайды.
Интерфейс - программалық жабдық пен.жұмыс істейтін адам арасындағы сұқбат жүргізу шарттары мен келісімдер жиыны.
Программалық жасақ - информациялық технологиялардың елеулі бір бөлігі. Программасыз кез келген аппаратура жәй элементгер жиыны болады да, ол ешнәрсе істей алмайды.
ЭЕМ программалары екі топқа бөлінеді, олар:
1) жүйелі программалық жасақ;
2) қолданбалы (кәделі) программалық жасақ.
Жүйелі программалар ЭЕМ-нің аппараттық жабдықтар жұмысын басқарып, жүмыс істеп отырған адамды қолданбалы программалармен байланыстырады.
Жүйелі программалық жасақты бірнеше топқа жіктеуге болады:
1) операциялық жүйелер;
2) утилиттер;
3) сервистік программалар.
Операциялық жүйелер - компьютерді басқаруға арналған және қолданбалы программалармен байланысы бар нақты программа. Дербес компьютерлер үшін кең тараган оиерациялық жүйелерге
МЗ (РС) DOS, Windows 95, Windows NT,OS/2, UNIX жатады,
Дербес компьютерлерлерге арналған операциялық жүйелердің барлығы да тек бір адамдық болып табылады. Расында да екі адамның бір мезетге бір компьютерде жұмыс істеуін елестету қиын ғой .
WINDOWS 95, WINDOWS NT, OS/2, UNIX көп мақсатты жүйелер болып саналады. Көп мақсаттылық — бір компьютерде бір уақытта қатарласа бірнеше есепті шығару мүмкіндігі немесе бірнеше әрекеттің қатар атқарылып жатуы. Мысалы, Сіз мәтін көшіріліп жатқан шақта ойнап та отыруыңызға боладь, өйткені бұл жұмыстарды әртүрлі қүрылғылар атқарады немесе ол қүрылғылардың жұмыс жылдамдығы адамның жылдамдығынан өте жоғары болып келеді.
Көптеген ІВМ - үйлесімді компьютерлер дискілікМЗ DОS операциялық жүйесі мен көп терезелі WINDOWS графикалық операциялық жүйесін пайдаланады.
9. Алгоритм. Алгоритм қасиеттері. Алгоритмдерді жазу әдістері. Жалпы бағыттағы бағдарламаулар тілдері. Алгоритм – қатаң алғышарттар – орындаушы үшін мақсатқа жеткізетін, яғни есепті программа құру арқылы шығаруға мүмкінді беретін бұйрықтардың жиынтығы. Ол – арнайы іс-əрекеттердің белгілі бір кезекпен орналасқан тəртібі. Ол алгоритмді атқарушы ЭЕМ-ге жұмыс тəртібін түсіндіретін ережелер мен нұсқаулар тізбегінен тұрады. Сонымен, əрбiр нұсқау – команда. Алгоритмде командалар тəртібінің маңызы зор. Алгоритмнiң командалары кезекпен бiрiнен кейiн бiрi орындалады. Алгоритмнiң орындалу кезiнде оны орындаушыға келесi жолы қандай нұсқау бойынша орындалатыны белгiлi болуы қажет. Ал орындаушының жүзеге асыра алатын командалар жиыны командалар жүйесiн құрайды. Алгоритм құру кезінде орындаушының құрылғыларын емес, оның командалар жүйесін білу қажет, яғни алгоритмді орындаушы түсініп, жүзеге асыра алатын көптеген алғышарттармен таныс болу абзал. Орындаушыларды формальды емес (адам) жəне формальды (робот, машина немесе программалау тілдері) деп бөлуге болады. Алда біз тек формальды орындаушымен жұмыс жасайтын боламыз. Алгоритмнің ең маңызды қасиеті мынада: орындаушыдан есепті шығару əдісін түсіну талап етілмейді, орындаушы инструкцияларды түсініп, оларды орындай алу керек. Алгоритм қасиеттері Есептерді шешу алгоритміне қойылатын талаптар жоғары. Ол дискреттілік, жалпыламалық, компактілік, анықталғандық жəне нəтижелілік деген қасиеттерге ие болу керек. Дискреттілік əрбір алгоритм үздікті, дискретті сипатқа ие, яғни бірінен кейін бірі орындалатын бөле аяқталған қадамдар тізбегін құрайды. Алгоритмнің əрекеттері бір-бірінен бөлек жəне олардың əрқайсысының орындалуы өзінің алдындағысынан кейін ғана мүмкін болуы–дискреттілік қасиет болады. Жалпыламалық бир типтес есептерің кең класын шығаруға жарайтындай болу қабілеті.Алгоритмнің компактілігі дегеніміз – оның қысқалығы, инструкцияларының минимальдығының қасиеті. Өте жақсы құрылған алгоритм болып қысқа жəне есептеу санының минимальды қасиетіне ие алгоритм саналады. Анықталғандық – алгоритм дəл анықталған болуы керек жөнінде жəне орындаушыға кез-келген алғышарттар қоюға жол бермейтіндей оны сипаттайтын алгоритмнің қасиеті. Нəтижелілік – алгоритмнің орындалуы белгілі бір нəтижеге жеткізетін түрі. Алгоритмнің бұл қасиеті қажет нəтижені қадамдардың ақырлы санынан кейін қамтамасыз етеді. Түсініктілік – бұл орындаушының командалар жүйесін есепке алғандағы алгоритм құрылуының міндеттілігі, яғни алгоритм орындаушыға түсінікті түрде бекітілу қажет. Алгоритмнің əр əрекетінің орындалу ережесін кез-келген орындаушы бірмəнді түсінуі керек. Бұл бірмəнділік қасиет деп аталады. Алгоритмдерді жазу əдістері Алгоритмдерді жазудың бірнеше əдістері бар, олар бір-бірінен көрнектілігімен, компактілігімен, формализация дəрежесімен жəне т.б. көрсеткіштерімен ерекшеленеді. Кең тараған əдістер: графикалық, сөздік, алгоритмдік тілдегі жəне ЭЕМ үшін программалар. Графикалық – блок-сызбалар түрінде. Сөздік – табиғи тілде жазу. Алгоритмдік тілде – арнайы тілде. Алгоритмдік тіл – алгоритмдерді бірыңғай жəне дəл жазып жəне оларды орындау үшін арналған белгілеулер мен ережелер жүйесі. ЭЕМ үшін программалар түрінде – программалаудың кез-келген алгоритмдік тілінде (Бэйсик, Паскаль, Си++ жəне т.б.), орындаушы компьютер болып табылады. 10. Алгоритм. Блок-схемалар түріндегі алгоритмдер көрсетімі. Алгоритмдік құрылым (сызықты, тармақталған, қайталау). Алгоритм[1], алгорифм (ағылшынша: algorіthm, algorіsmus — Әл-Хорезмидің атынан шыққан) — бастапқы берілген мәліметтермен бір мәнде анықталатын нәтиже алу үшін қай амалды (жұмысты) қандай ретпен орындау қажеттігін белгілейтін есептерді (мәселелерді) шешу (математикалық есеп-қисаптар орындау, техникалық объектілерді жобалау, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу т.б.) тәсілдерінің дәл сипаттамасы.Алгоритм — математика мен кибернетиканың негізгі ұғымдарының бірі. Агоритмді орындау алгоритмдік процесс деп аталады.Жалпы Алгоритм деп алдын ала не істеу керек екені дәл көрсетілген есептеу процесін айтады. Есептеу процесі қандай болса да алғашқы мәндерден бастап, сол арқылы толық анықталған қорытынды шыққанша жүргізіледі. Алгоритм ұғымының алғышартына алгоритмдік процеспен қатар мүмкін болатын алғашқы деректер жиынтығының нұсқауы және қорытынды алуға байланысты жүргізілген процестің аяқталғандығын көрсететін ереже енеді. Белгілі бір бастапқы деректердің жиынына қолданылған Алгоритм тиянақты қорытындыға келмеуі немесе есептеу барысы аяқталмай тоқталуы мүмкін. Егер есептеу процесі белгілі бір қорытынды алумен аяқталса (не аяқталмай қалса), онда Алгоритм мүмкін болатын бастапқы деректерге қолданылады (не қолдануға болмайды) деп ұйғарылады. Блок-сызба – алгоритмдерді жазудың ең кең тараған жəне түсінікті əдісі. Блок - сызба – тасымал сызықтарымен байланысқан болктар тізбегі. Кез келген алгоритмді (программаны) блоктар-дың өзара байланысуына қарай төмендегідей үш түрлі басқару құрылымын пайдалану арқы-лы жазып шығуға болатындығы дəлелденген: сызықтық құрылым немесе əрекеттер тізбегі; тармақты құрылым немесе шартты тексе-ру; қайталау немесе циклдік құрылым. Алгоритм көсетімінің ең көрнекі əдісі болып блок-схемалар түріндегі графикалық көрсетім болып саналады. Алгоритм бұл жерде блокта бірізділігі түрінде бейнеленеді. Олардың ішіне орындалып жатқан əрекеттерді түсіндіретін ақпарат орналасқан. Негізгі блоктар мен олардың кескіндері: алгоритм бас мен соңы; есептеуіш əрекет; деректерді енгізу, деректерді шығару; шартты тексеру; циклдің басы; көмекші алгоритмді шақыру. Алгоритм құрылымы: сызықты,тармақталған, циклдық.Сызықты алгоритм – орындалу барысында операциялар тізбегі алгоритм жазбасындағы тәртібімен сәйкес және енгізілген нақты мәндерден тәуелсіз (жоғарыдан төменге қарай орындалады) болатын тип. Тармақталған алгоритм – операциялар тізбегі шарттың тексерілуімен анықталатын алгоритм.Циклдық алгоритм – бір алғышарт бірнеше рет қайталанып орындалатын алгоритм.
