Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ақп.тех. шпоооооор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
12.12.2019
Размер:
583.17 Кб
Скачать

1. "Ақпарат" термині "informatio" деген латын сөзінен шыққан, мағынасында мəлімет, түсініктеме, түсіндіру дегенді білдіреді. Бұл терминнің кең таралғанына қарамастан, ақпарат ұғымы ғылымдағы ең таласты ұғымдардың бірі болып отыр. Қазіргі кезде ғылым көпжақты ақпарат ұғымына тəн, бірыңғай қасиеттер мен заңдылықтарды табуға тырысуда, бірақ бұл ұғым көптеген жағдайларда адам іс-əрекетінің əртүрлі салаларында өзіндік сипатымен қалып қоюда жəне əртүрлі мағыналармен толығуда .

қатынаста ақпарат деп, қандай да біреуді қызықтырушы, кез келген мəліметтерді немесе мағұлыматтарды атайды. Мысалға, қандай да бір оқиғалар, нендей де бір əс-ірекеттер т.б. туралы. "Ақпараттандыру" бұл мағынасында "бұрын белгісіз бір нəрсені хабарлауды" білдіреді;

• техникада ақпарат деп, таңбалар мен белгілер формасында берілген хабарламаларды түсінеді;

• кибернетикада ақпарат деп, білімнің бағдарлау, белсенді əрекет ету, басқару, яғни жүйелерді сақтау, жетілдіру, дамыту мақсатында қолданылатын бөлігін түсінеді. (Н. Винер).

Ақпарат – ғылым теориясының негізін салушы, ақпараттарды тарату, қабылдау, түрлендіру жəне сақтауға байланысты үрдістерді зерттеуші америка ғалымы Клод Шеннон, - ақпаратты біздің біліміміздің бірнəрсе туралы алған анықталмағандығы тұрғысынан қарайды.

Тағы бірнеше анықтамаларды келтірейік:

Ақпаратбұл қоршаған ортаның объектілері жəне құбылыстары, олардың параметрлері, қасиеттері мен күйлері туралы, олардағы анықталмағандық дəрежесін, білімнің толық еместігін кемітетін мəліметтер (Н.В. Макарова);

Ақпаратбұл энтропияны жоққа шығару (Леон Бриллюэн);

Ақпаратбұлқұрылым күрделілігінің өлшемі (Моль);

Ақпаратбұлəртүрліліктіңбейнеленуі (Урсул);

Ақпаратбұлбейнелену үрдісініңмазмұны (Тузов);

Ақпаратбұл таңдау ықтималдығы (Яглом).

Адамдар хабарламалар түрінде ақпараттармен алмасады. Хабарлама — бұл ақпараттардың əңгімелер, мəтіндер, қимылдар, көзқарастар, бейнелеулер, сандық мəліметтер, сызбалар, кестелер жəне т.б. түріндегі формасы.

Бір ғана ақпараттық хабарламаның өзі (газеттегі мақала, хабарландыру, хат, жеделхат, анықтама, əңгіме, сызба, радиотаралым жəне т.б.) əртүрлі адамдар үшінолардың алдыңғы білімдеріне, бұл хабарламаны түсіну деңгейі мен оған қызығушылығына байланысты əртүрлі мөлшердегі ақпараттар мазмұнына ие болуы мүмкін.

Ақпарат мына түрлерде болуы мүмкін:

• мəтіндер, суреттер, сызбалар, фотосуреттер;

• жарық немесе дыбыс сигналдары;

• радиотолқындар;

• электрлік жəне нервтік импульстер;

• магниттік жазбалар;

• ымдар мен қимылдар;

• иістер мен дəм сезінулер;

• ағзалардың белгілері мен қасиеттері ұрпақтарға беріліп отыратын хромосомдар жəне т.б.

Ақпараттардың байланыс каналдары арқылы берілуі көбінесе кедергілердің болуымен қабаттаса жүреді, олар ақпараттардың бұзылуы мен жоғалуына соқтырады.

Ақпараттар мөлшері қалай өлшенеді?

Қазіргі уақытта "ақпараттар мөлшері" ұғымын анықтауға бағытталған қадамдар кеңінен етек алды, олар мынаған негізделген, хабарлама құрамындағы ақпараттарды оның жаңашылдығы мағынасында немесе басқаша айтқанда, объект туралы біздің біліміміздің анықталмауының кемуі тұрғысында, байыппен беруге болады. Бұл қадамдар ықтималдық пен логарифм сияқты математикалық ұғымдарды пайдаланады. Бит — өлшем бірліктің өте аз шамасы. Практикада көбінесе одан ірі бірлік — байт қолданылады, ол сегіз битке тең. Компьютер пернелеріндегі 256 символдың кез келген біреуін кодтау үшін дəл осы сегіз бит қажет (256=28).

Сол сияқты ақпараттардың одан да үлкенірек туынды бірліктері кеңінен қолданылады :

• 1 Килобайт (Кбайт) = 1024 байт = 210 байт,

• 1 Мегабайт (Мбайт) = 1024 Кбайт = 220 байт,

• 1 Гигабайт (Гбайт) = 1024 Мбайт = 230 байт.

Соңғы уақытта өңделетін ақпараттар көлемінің ұлғаюына байланысты, қолданысқа мынандай туынды бірліктер де ене бастады:

• 1 Терабайт (Тбайт) = 1024 Гбайт _____= 240 байт,

• 1 Петабайт (Пбайт) = 1024 Тбайт = 250 байт.

Ақпараттар бірлігі ретінде он тең ықтималдықтағы хабарламаларды ажыратуға қажетті, ақпараттар мөлшерін таңдап алуға да болатын еді. Бұл енді екілік емес (бит), ондық (дит) ақпарат бірлігі болады.

Ақпарат қасиеттері:

Өңдеу ақпараттармен орындалатын операциялардың негізгілерінің бірі, жəне ақпараттар көлемін үлкейту мен түрлендіріудің басты құралы болып табылады.

Ақпараттарды өңдеу құралдары — бұл адамзат жасаған барлық қондырғылар мен жүйелер , жəне ең бірінші кезекте, компьютер — ақпараттарды өңдеуге арналған əмбебап машина .

Компьютерлер ақпараттарды бірнеше алгоритмдерді орындау жолымен өңдейді. Мәліметтерге қолданылатын амалдар  Ақпараттық процесс барысында мәліметтер әдістердің көмегімен бір түрден екінші түрге өзгереді. Мәліметтерді өңдеу көптеген амалдардын жиынтығынан тұрады: мәліметгерді жинау;  • мәліметтерді қалыптастыру;  • мәліметтерді сүзгілеу;  • мәліметтерді сұрыптау;  • мәліметтерді топтастыру;  • мәліметтерді архивтеу;  • мәліметтерді қорғау;  • мәліметтерді тасымалдау;  • мәліметтерді түрлендіру.  Жоғарыдағы мәліметтерге қолданылатын амалдар тізімі толық емес. Бүкіл әлемде миллиондаған адамдар мәліметтерді кұру, өңдеу, түрлендіру және тасымалдаумен айналысады, әрбір жұмыс үстелінде әлеуметтік, экономикалық, ғылыми және мәдени процестерді басқару үшін қажет арнайы амалдар орындалып отырады. Барлық мүмкін болатын амалдардың толық тізімін кұрастыру мүмкін емес және оның қажеті де жоқ. Бұдан ақпаратпен жұмыс істеуге көп уақыт кетеді, сондыктан оны автоматтандыру қажет деген корытындыға келеміз.  Мәліметтердіц негізгі құрылымы  Егер мәліметтер реттелген, яғни қандай да бір берілген құрылымға сәйкестендірілген болса, онда олармен жұмыс істеуді автоматтандыру оңайға түседі. Мәліметтер құрылымының негізгі үш түрі бар: сызықтық, кестелік және иерархиялық.  Мәліметгердің сызықтык құрылымы дегеніміз әрбір элементтің адресі мен нөмірі бірмәнді аныкталған реттелген кұрылым. Сызықтык құрылымға мысал ретінде тізімдерді алуға болады.  Кестелік қүрылымды мәліметтермен танысу үшін біз көбейту кестесш еске түсірсек жеткілікті. Кестелік құрылымдардағы элементтер ұяшық адрестерімен анықталады. Ұяшық адресі кестенің қиылысқан жолдар мен бағандарының нөмірімен анықталады.  Иерархиялық құрылымды мәліметтер  Тізім немесе кесте түрінде бейнелеуге келмейтін, реттелмеген мәліметтерді иерархиялық түрде бейнелейді. Бұл тәріздес құрылымдар бізге күнделікті өмірден таныс. Негізінен түрлі ғылыми жүйелеуде кеңінен қолданылады.  Иерархиялық құрылымдардағы әрбір элементтің адресі құрылымның төбесінен берілген элементке дейінгі жолмен анықталады. Мысалы, Раіnt программасын іске косатын командаға әкелетін жол былай көрсетіледі:  Іске қосу → Программалар → Стандартт → Раіnt (Пуск→Программы→Стандартные→Раіnt) 2.Ақпарат өлшемі

Дискретті хабар ақпараттың ақырғы санын қамтитындықтан оны өлшеуге болады.

Ақпарат шамасының 3 түрі бар:

- құрылымдық өлшем

- статистикалық өлшем

- семантикалық өлшем

Статистикалық өлшем негізінде ықтималдық тəсіл қолданылады.

Мұнда 1948 жылы Шеннон ұсынған өлшем қолданылады. Мұндағы ықтималдық 0 мен 1 аралығынан мəн қабылдайтын шама, ол бір оқиғаның пайда болуының немесе пайда болмауының мөлшері. Оқиға бар болса-1, жоқ болса- 0болады.

Хартли өлшемі информация өлшемін сан ретінде қарастыру мүмкіндігін қамтамасыз етумен қолайлы.

Бит өлшемі бірінші, екінші кезең компьютерлерінде қолданылады. Үшінші кезең компьютерлернен бастап байт түсінігі қолданыла бастады.

1байт = 8 бит

1кбайт ⇒1024 байт

1Мбайт⇒1024 кбайт

1Гбайт ⇒1024 Мбайт

1Тбайт(Терабайт) ⇒1024 Гбайт

1 Петабайт (Пбайт) = 1024 Тбайт Информацияның семантикалық өлшемі оның мазмұндылығын сипаттайды. Сонымен қатар, Хартли өлшемін информацияның құрылымдық өлшеміне жатқызады.

3. Ақпараттық технологиялар дегеніміз информацияларды жинау, жинақтау,сақтау, іздеу, өңдеу жəне беру тəсілдері мен əдістерінің жүйесі.Ақпараттық технологиялар - қолданылу диапазоны ауқымды кешенді ғылыми пəн.Оның приоритетті бағыттары: - Есептеу жүйелері мен бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындау; - ақпараттар теориясы, ақпараттарды тарату, қабылдау, түрлендіру мен сақтауға байланысты үрдістерді оқытады; - математикалық моделдеу, есептеу жəне қолданбалы математиканың əдістері жəне олардың білімнің əртүрлі облыстарындағы фундаментальды жəне қолданбалы зерттеулерде қолданылулары; - жасанды интелектілік əдістер, адамның интелектуальды іс-əрекетіндегі логикалық жəне аналитикалық ойлауын модельдеуші əдістер (логикалық тұжырым, оқыту, сөзді түсіну, көру арқылы қабылдау, ойындар жəне т.б. );

- жүйелік анализ, əртүрлі сипаттағы күрделі мəселелер бойынша шешімдерді дайындау мен негіздеу үшін пайдаланылатын əдістемелік құралдарды оқытады;

- биоинформатика, биологиялық жүйелердегі ақпараттық үрдістерді оқытады;

- əлеуметтік информатика, қоғамды ақпараттандыру үрдістерін оқытады;

- машиналық графика, анимация, мультимедия құралдары əдістері;

- телекоммуникациялық жүйелер мен желілер, соның ішінде, бүкіл адамзатты біртұтас ақпараттық қоғамдастыққа біріктіретін ауқымды компьютерлік желілер ;

- əртүрлі қосымишалар, өндірісті, ғылымды, білімді, медицинаны, сауданы, ауыл шаруашылығын жəне шаруашылық пен қоғамның іс-əрекетінің басқа да барлық түрлерін қамтиды.

4.Санау жүйесі – бұл сандардың жазылудың жəне оқыудың тəсілдер мен ережелер жиынтығы.

Сандарды бейнелеу тəсіліне байланысты жүйелер позициялық жəне позициялық емес болып бөлінеді.

Позициялық есептеу жүйесінде əрбір санның сандық мəні олардың сандағы орналасу жағдайына (позициясына) байланысты. Позициялық емес есептеу жүйесіндегі цифрлар олардың сандағы орындарын өзгерткенде өзінің сандық мəндерін өзгертпейді .

Позициялық есептеу жүйесінде сандарды бейнелеу үшін қолданылатын цифрлар саны жүйенің негізі деп аталады.

Өзімізге балалық кезден таныс ондық позициялық есептеу жүйесінде кез келген санды жазу үшін он цифр қолданылады ( жүйенің негізі 10 ) сонымен бірге əрбір цифр екі ақпарат бере алады: біріншіден өзінің меншікті мəнін 2;3; 4 ....., екіншіден сандарды жазу кезіндегі орнын.

Позициялық емес санау жүйелерде цифрдың салмағы сан жазбасында тұрған позицияға тəуелді емес.

Позициялық санау жүйелерде цифрдың салмағы сан жазбасында тұрған позицияға тəуелді. Оның позициясын санда өзгертсе санның мəні өзгереді.

Позициялық санау жүйесі өзінің негізімен анықталады.

Жүйесінің негізіне кез келген натурал санды алуға болады, мысалы екі, үш, төрт.

Бір санау жүйесінен басқасына ауыстыру

1 Бүтін санды ондық санау жүйесінен басқасына аустыру.

Бүтін ондық санды екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін осы санды 2-ге бөлу қажет. Алынған бөліндіні 2-ден кіші болғанша бөлінеді қайтадан 2-ге бөле береді жəне т.с.с.нəтижеде бір қатарға соңғы бөлінеді жəне соңғысынан бастап барлық қалдықтарды жазу керек.

5. Есептеу техникасының даму тарихи

Информатика өз замандағы инженерлік жəне техникалық мүмкіндіктеріне тəуелді. Оның дамуы байланыс техникасымен, автоматты басқару техникасымен, еске сақтайтың құрылғы техникасымен, жазу жəне оқу құрылғы техникасымен дамумен параллельды келе жатыр.

Тарихтағы маңызды күндер

500 біздің жылда есепшот (абак) ойлап шығарған.

1614 ж. Джон Непер логарифмды шығарған. Кейiнiрек Биссакар Р. логариф сызғышты жасады.

1642 ж. француздың ғалымы Блез Паскаль арифметикалық машинаны құрастырды.

1673 ж. Лейбниц Г.В. арифмометрді ойлап шығарған.

1834 ж. анғылшының ғалымы Чарль Бəббидж аналитикалық машинаның жобаны құрастырды. Бірақ iске асыруға оның замандағы техниканың мүмкіндігі жетпеген.

1897 ж. анғылшының физигі Дж. Томсон электронды-сəуле түтікті құрастырды.

1904 жəне 1906 ж. арасында электронды диодтар жəне триодтар шығарылған.

1936 ж. анғылшының математигі Алан Тьюринг жəне оған тəуелді емес Э. Пост абстракты есептеу машинаның концепсияны өңдеген жəне ұсынған.

1938 ж. неміс инженері Конрад Цузе бірінші таза механикалық компьютерді құрастырды.

1938 ж. американың математигі жəне инженері Клод Шенон математикалық қисындықтарды аппаратта қолдануға мүмкіндігін көрсетті. Олар релейді-контакті ауыстырып қосқыштар сұлбаларда синтездеу жəне талдау үшін қолдануға мүмкіндік береді.

1941 ж. Конрад Цузе электрондымеханика элементтерінен бірінші əмбебап компьютер шығарған. Ол екілік сандармен жұмыс істеді.

1943 ж. американың математигі Говард Эйкен қолдаумен программа көмегімен жұмыс істейтің автоматты есептеу машина "Марк-1" жарық көрді.

1945 ж. Джон фон Нейман кəзіргі компьютерлердің компонеттер жəне жұмыс істеудің негізгі принциптерді тұжырымдаған.

1946 ж. инженерлер Преспер Эккерт жəне Дж. Моучли бірінші электронды цифрлік компьютерді "ENIAC" құрастырды.

1948 ж. америкалық фирманың Bell Laboratories физиктер Шокли, Браттейн жəне Бардин транзистор құрастырды..

1949 ж. анғылшының зерттеуші Морис Уилкс басқарумен фон-Нейман принциптерінде бірінші жадыда программасы бар компьютерді "EDSAC" құрастырған.

1951 ж. бірінші сериялық компьютер "UNIVAC" жарық көрді..

1951 ж. рессей ғалымы Лебедев С.А. басқарумен Киев қаласында "МЭСМ" компьютерді шығарды.

1952 ж. рессей ғалымы Лебедев С.А. басқарумен Москвада "БЭСМ-1" компьютер жарық көрді.

1953 ж. Джей Форрестер өзек магнитте жедел жадыны іске асырды.

1957 ж. Джон Бэкус Фортран тілін ұсынды.

1958 ж. Texas Instruments фирмасынан Джек Килби бір жарты өткізгіш пластинада бірнеше транзисторларды алу мүмкіндігін ойлап тапты.

1959 ж. Роберт Нойс бір жарты өткізгіш пластинада бірнеше транзисторларды орналастыру жəне олардың байланыстыру үшін жетілдіру əдісті құрастырды. Олар интегралды сұлбалар, содан кейін чиптер аталды.

1959 ж. Лебедев С.А. басқарумен "БЭСМ-2", "М-20", "М-40", "БЭСМ-4" жəне "М-220".

1964 ж. сериялық ЭЕМ IBM-360 шығара басталды.

1965 ж. Дормуттың колледжде Дж. Кемени жəне Т. Курц Бейсик программалау тілің шығарды.

1970 ж. швейцар Никлаус Вирт Паскаль программалау тілің өңдеді.

1970 ж. Intel (INTegral Electronics) фирмасы жадының интегралды сұлбаларды сатуға бастады.

1972 ж. Bell Laboratories программисті Деннис Ритчи Си программалау тілің өңдеді.

1973 ж. Кен Томпсон жəне Деннис Ритчи UNIX операциялық жүйені шығарды.

1973 ж. IBM корпорациясы винчестер түріндегі қатқыл дискіні алғашқы шығарды.

1973 ж. Intel фирмасы 8-битті Intel-8008 микропроцессорды құрастырды.

1974 ж. Intel фирмасы Intel-8080 микропроцессорды құрастырды.

1974 ж. Эдвард Робертс Intel-8080 микропроцессор негіздегі Альтаир компьютерді жасады.

1975 ж. Пол Аллен жəне Билл Гейтс Альтаир компьютер үшін Бейсик тіліне интерпретаторды жасады.

1977 жылы Apple фирмасы СтефенВозниак және Стивен Джобстардың бірінші микрокомпьютерін шығарды .

1980 жылы Бір кремний кристалында процессор ойлап шығарды. 6. Компьютердің негізгі құрылғысы – жүйелік блок. Ол тік қораптың ішіне салынған. Оның ішінде дербес компьютердің негізгі түйіндері орналасқан. Жүйелік блоктың құрамына кіретіндер: процессор;жедел жад (RAM); тұрақты есте сақтау жады (ROM); қоректендіру блогы; енгізу-шығару порттары; ақпарат тасушылар. Бұлар жүйелік блоктың ішінде жатқан құрылғылар болғандықтан ішкі құрылғылар деп аталады Жүйелік блоктың ішкі құрылғылары Аналық тақша Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық мәлімет аналық немесе жүйелік тақша арқылы өңделеді. Аналық тақша - жүйенің ядросы. Бұл шынында да ДК-дің басты бөлшегі- қалғандарының барлығы онымен жалғастырылған және жүйедегі құрылғылардың бәрін нақты сол басқарады. Микропроцессор Процессор немесе микропроцессор компьютердегі орталық мәліметтер өңдеу құрылғысы болып табылады. Ол компьютерді басқарады және программадағы командаларды орындайды.

Процессор микросхема ретінде ұсынылған және оперативтік жадымен қатар аналық тақшада орналасады. Процессор неғұрлым шапшаң болса, компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы соғұрлым жоғары болады. Процессордың жылдамдығы мегагерцпен (МГц) өлшенетін оның тактілік жиілігімен анықталады.

Процессордың үстіне радиатор, радиаторға процессорды салқындатуға арналған желдеткіш (кулер) орнатылады. Процессор қалған құрылғылармен топ сымды кабель арқылы жалғастырылады, оны шина деп атайды. Микропроцессор бір кристалда дайындалған интегралдық схемалалар - БИС, олар әртүрлі типтегі ЭЕМ-ді жасауға керекті элемент болып та­былады. Микропроцессорге жедел және тұрақты жады, енгізу-шығару құрылғыларын қосуға болады. Микропроцессорлардың бір-бірінен өзгешелігі олардың типтерінде (модельдерінде) және оның қарапайым амалдарды орындайтын жұмыс жыл­дамдығының көрсеткіші - мегагерц -МГц бірлігімен берілген тактілік жиілігінде жатыр. Кең тараған модельдерге Іntel - 8088 (5МГц), 80286 (20МГц), 80386SX (25МГц), 80386DX (40МГц), 808486 (100МГц-ке дейін), Pentuіm (75МГц-тен жоғарғы) және Pentuіm - Pro ( 200МГц-тен жоғары) жатады, бұл тізім олардың жұмыс өнімділігі мен соған сәйкес бағасының өсуі бойынша реттеліп келтірілген. Кейде конс­трукциялық ерекшеліктеріне қарай бір модельге кіретін процессорлардың жиіліктері әртүрлі бола береді - жиілігі артқан сайын оның жұмыс жыл­дамдығы да өсе түседі. Іntel 8088, 80286, 80386 тәрізді бұрын шыққан микропроцессорлар­дың аралас сандар мен амалдарды жылдам орындайтын арнаулы командалары жоқ, сондықтан олар жұмыс өнімділіктерін арттыратын қосымша математи­калық сопроцессорлармен жабдықталады. Математикалық сопроцессорлар өзінің командалар жүйесі бар және ол негізгі процессормен қатар оның басқаруымен жұмыс істейді. Операциялар ондаған есе жылдамдатылады. Жедел жад Компьютердің жеделесте сақтау құрылғысы оперативті жадысы(ОЗУ), немесе RAM – мәліметтерді қысқа мерзімге сақтау үшін қызмет етеді. Жедел жадтың негізгі мінздемесі оның сыйымдылығы және жылдамдығы. Тұрғылықты диск (тұрғылықты диск жетегі) немесе Hard disk Drive (HDD) - бұл компьютердің негізгі мәліметтер қоймасы. Тұрғылықты дискінің сыйымдылығы түрлі компьютерлерде алуан түрлі болады да, мегабайтпен және гигабайтпен өлшенеді. Қазіргі заманғы тұрғылықты дисктердің сыйымдылығы 80-500 Гбайт және одан үлкен болады Иілгіш дисктерге диск жетегі Иілгіш дисктерге диск жетегі 3,5 –дюймдік дискеттерді оқиды. Бұл дисктер ауыспалы тасымалдаушылар болып саналады, олардың сыйымдылығы – 1,44Мб. Оларға әдетте кейбір қосымша бағдарламада (Word сияқты) әзірленетін құжаттар немесе иілгіш дисктерден тікелей іске қосуға болатын онша үлкен емес бағдарламалар жазылады. Компьютерде иілгіш дискілерге арналған диск жетегі «А» әрпі белгіленеді. CD және DVD диск жетектері CD және DVD диск жетектері мәліметтерді ықшам дисктерге жазуға және оқуға мүмкіндік береді. CD және DVDдисктер – ауыспалы тасымалдаушылар. CD дискке 400Мб, DVD дискке 4,7 Гб ақпарат сыяды. Дискілер бір рет жазылатын (CD – R және DVD - R) және қайталап жазылатын (CD – RW және DVD - RW) болады. Бейнекарта Монитормен бірігіп бейнекарта дербес компьютердің ішкі бейнежүйесін құрайды. Бейнені даярлаумен тығыз байланысты амалдардың барлығын бейнекарта деп аталатын басқару блогы атқарады. «Тұрғылықты жері» бойынша бұл жады көбінесе бейнежады (videoRAM немесе VRAM) деп аталады. Бейнежады көлемі неғұрлым үлкен болса, компьютер кескіндер мен бейнероликтерді соғұрлым үлкен ажыратылымдықпен және түрлі түстермен бейнелейді Дыбыстық тақша Дыбыстық тақша (дыбыстауыш) компьютерге жоғары сапалы дыбыс тудыруға және оны компьютерге жазуға мүмкіндік береді. Дыбыстық тақша ұсынатын дыбыспен жұмыс істеудің кеңейтілген мүмкіндіктері компьютерлік ойындарда және басқа қазіргі заманғы бағдардамаларда талап етіледі. Желілік тақша Желілік тақша компьютерді компьютерлер желісіне қосуға мүмкіндік береді. Желілік тақшалардың бірнеше типі бар: Ethernet, token ring және сымсыз желілерге қатынас құруға арналған тақшалар – ең танымдары Ethernet және сымсыз желілер. Порттар Порттар – корпустың алдыңғы немесе артқы тақтасындағы ажыратқыштар, оларға әдетте кабель арқылы әр түрлі құрылғылар қосылады. Порттарға қосуға болатын құрылғылардың саны мен типі компьютер порттарының саны мен типіне тәуелді болады.

7. ДК-дiң негiзгi сыртқы құрылғылары Компьютердің сыртқы құрылғылары оның жүйелік блогына қосылып, көмекші қызмет атқарады. Сыртқы құрылғыларды келесідей төрт топқа бөлуге болады:  • мәліметтерді енгізу кұрылғылары;  • мәліметгерді баспаға шығару құрылғылары;  • мәліметтерді сақтау құрылғылары;  • мәліметтермен алмасу кұрылғылары Енгізу қурылгылары Мәліметгерді енгізудің ең негізгі құрылғысы пернетақта болып табылады. Одан басқа да енгізу құрылғыларына тышқан, джойстик, трекбол және т.б. жатады. Джойстик - компьютерлік ойындарда колданылатын қолмен басқарылатын құрылғы. Трекболдың тышқаннан айырмашылығы оның қорапқа орнатылған кішкене шары алақанмен козғалысқа келтіріледі және ол жазық бетті қажет етпейді, сондықтан ол ықшам компьютерлерде қолданылады. Графиктік мәліметтерді енгізуге арналган құрылгылар Графиктік мәліметтерді енгізу үшін сканерлер, графиктік планшеттер (дигитайзерлер) және цифрлы фотокамералар колданылады. Сканерлердің көмегімен символдардан тұратын мәліметтерді де енгізуге болады. Бұл жағдайда берілген материал графиктік түрде енгізіледі, сонан соң арнаулы программалық құралдардың көмегімен өңделеді. Сканерлер парақ бетіндегі мәліметтерді оқып, оны компьютерге енгізеді. Мәліметтерді баспаға шығару құрылғылары Мәліметтерді баспаға шығару үшін мониторға қосымша принтер деп аталатын баспаға шығару кұралы қолданылады. Принтердің көмегімен экрандағы құжаттың көшірмесін қағазға басып шығара аламыз. Принтерлерді жұмыс істеу принциптеріне қарай матрицалық, лазерлік, сия бүркіш және термографиктік деп бөледі. Пернетақта компьютерге ақпарат енгiзу және басқару сигналдарын беру үшiн қолданылады. Онда алфавиттi-цифрлiк стандартты пернелер мен қосымша – басқару және функционалдық, курсорды басқару пернелерi және кiшi сандық пернелiк тақта бар. Курсор – монитор экранында жанып тұратын символ, ол пернелiк тақтадан енгiзiлетiн кезектi белгiнiң позициясын көрсетедi. Пернелiк тақтада терiлетiн символдан бiрден мониторда курсор позициясында бейнеленедi. Қазiргi кезде QWERTY ("кверти”) реттi 101 пернесi бар пернетақта кең таралған. Оның QWERTY деген аты алфавиттi-цифрлiк бөлiгiнiң жғарғы сол бұрышында орналасқан пернелер атынан шыққан. Мұндай пернетақтаның жоғарғы шетiнiң бойымен орналасқан 12 функционалдық пернесi бар. Функционалдық перненi басу компьютердiң бiр ғана символ емес, символдар жинағын жiбередi. Пернетақта iшiне арнайы қойылған буфер бар, ол дегенiмiз енгiзiлген символдар орналасатын шағын өлшемдi өтпелi жад. Буфер толып кеткен жағдайда перненi басқанда дыбыстық сигнал естiледi, бұл символдың енгiзiлмегендiгiн бiлдiредi. Пернетақтаның жұмысын BIOS-қа "тiгiлген” арнайы программалар, сондай-ақ пернетақта драйверi қолдайды, ал орысша әрiптердi енгiзу мүмкiндiгiн, пернетақта жұмыс жылдамдығын басқаруды және т.б. қамтамасыз етедi. Манипуляторлар (тышқан, джойстик және т.б.) – бұл курсорды басқару үшiн қолданатын арнайы құрылғы. Тышқан алақанға сиып кететiн қорапша түрiнде болады. Тышқан компьютермен кабельмен арнайы блок адаптер арқылы байланысқан және оның қозғалыстары дисплей экранындағы курсордың сәйкес орын ауыстыруларына айналады. Құрылғының үстiңгi бөлiгiнде басқару батырмалары орналасқан, олар қозғалысты бастап, аяқтауға, меню таңдауға мүмкiндiк бередi. Джойстик - әдетте бұл стержень – тұтқа, оның вертикальдық күйден қисаюы курсордың монитор экранында сәйкес орын ауыстыруына әкеледi. Компьютерлiк ойындарда жиi қолданылады. Кейбiр модельдерiнде оған қысым көрсеткiш датчиктер орнатылады. Бұл жағдайда тұтынушы тұтқаға қатты басқан сайын, курсор дисплей экраны бойымен тез қозғалады. Трекбол – корпусының жоғарғы бөлiгiне салыған шаригi бар қорапша. Тұтынушы қолымен шариктi айналдырады және сәйкесiнше курсорды қозғалтады. Тышқаннан өзгешелiгi трекболға компьютер жанынан бос жер керек емес, оны компьютер корпусына орнатуға болады. Дигитайзер – дайын көрiнiстердi (сызбалар мен карталарды) сандық формаға айналдыратын құрылғы. Оның түрi жазық панель – планшет сияқты. Ол стол үстiнде орналасады, онымен бiрге арнайы аспап – қалам бар, оның көмегiмен планшеттегi позиция көрсетiледi. Қаламды планшет бетiмен жылжытқанда оның жақын орналасқан нүктелердегi координаттары бекiтiледi, олар артынан компьютерде қажеттi өлшем бiрлiктерiне айналады. Компьютер бейнежүйесi үш құрама бөлiктен тұрады: - монитор (дисплей); - бейнеадаптер; - программалық қамтама (бейнежүйенiң драйверлерi).