Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОБЖ экзамен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
10.12.2019
Размер:
109.03 Кб
Скачать

36. Жүйкені жансыздандыратын Улағыш Заттар, зақымдану белгілері.

Жүйкені жансыздандыратын УЗ - фосфорорганикалық заттар (ФОЗ) тобы - зарин, зоман, V - газдар;

Олар аз мөлшерде буланатын түссіз сұйық түрінде кездеседі. Оның исі болмайды. Суықта қатпайды. Суда баяу ериді, ал органикалық еріткіштер мен майларда жақсы ериді.

Ашық жатқан су көздерін, өте ұзақ уақыт бойы – 6 айға дейін зақымдаушы күшін жоймайды. Адамның терісіне, тыныс жолдары, киіміне сіңу арқылы уландырады. Жазды күндері бір жерде -12 тәулік бойы, ал қысты күні 2-3 айға дейін сақталып улайды. Адам тыныс жүйесі арқылы уланғанда бірнеше сағаттың ішінде-ақ ауыра бастайды да, тез арада өкпесі қабынып, ісініп, тынысы тарылып, тұншығып өледі.

  • Зарин – бұл түссіз немесе сарғыштау түрде кездесетін, ауада жақсы буланып ұшатын, қыста қатпайтын сұйық зат.

  • Иприт – теріні күйдіріп,іріңдетіп улағыш заттарға жатады. Ол сарымсақтың исі бар сарғыш немес қара қошқыл түсті сұйық.

37. Жалпы улағыш әсердегі Улағыш заттармен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек.

зақымданушыға газқағарды тез кигізу; - шлем масканың астынан амилнитриті бар жаншылған ампуланы енгізу (қөгілдір қышқыл антидоты); - ауыр зақымданған кезде 2 – 3 минуттық үзіліспен амилнитриттің 2 – 3 ампуласын енгізу; - тыныс алу күрт бұзылған немесе тоқтаған кезде жасанды демалдыру; - зақымдалушының тыныс алу орнына түскен соң оны тез арада емдеу мекемесіне алып бару;

38. Теріні құрыстыратын Улағыш Заттар. Олармен зақымданған кездегі көрсетілетін алғашқы медициналық көмек.

зақымданушыға газқағар кигізу; - ИПП – 8 көмегімен ішінара санитарлық тазарту жүргізу; - Егер улы заттың көзге түскендігі туралы күдік болса көзді сумен жақсылап шаю; - УЗ асқазанға сумен немесе тамақпен түскен кезде асқазанды түтіксіз шаю; - Егер дене қышып, қанталаса, онда ішінара тазалаудан кейін зақымданған жерге антисептикалық танғвш қою; - Зақымданушыны емудеу мекемесіне алып бару;

39. Тұншықтырғыш Улағыш Заттар. Олармен зақымданған кездегі көрсетілетін алғашқы медициналық көмек.

VX/ви-икс/, зарин, заман. Белгілері: Түкірік тоқтамайды, қарашық таралады /миоз/, тыныс қиындайды, жүрек айниды, құсады, іш өтеді, паралич болады, қорқыныш және естен тану сезімі пайда болады, бірнеше сағатқа сіңірлері тартылады.

Зарин- түссіз немесе сарғыштау түрде кездесетін, ауада жақсы буланып ұшатын, қыста қатпайтын сұйық зат.Оны кез-келген мөлшерде суға немесе органикалық еріткіштерге араластырып қолданады. Судың әсеріне тұрақты қарсылық көрсететіндіктен тұйық су  көздерін ұзақ уақыт бойы уландырады. Адамның терісіне, киіміне тез сіңіп кетеді. Оның буы 20 км-ге дейін тарайды . 

Зоман- теріге өтіп, тыныс алу жолдарын улайды. Организмге сіңіп алғаннан кейін орталық нерв жүйесіне зардабын тигізеді. Өлтіргіш қуаты бар кезіңде адам жүректен сал болып ісінуінен өледі.

зақымданушыға газқағар кигізу; - зақымданушыны субъективтік жағдайға қарамастан зақымданған аймақтан шығару, ешкім шағымданбаса да жаяу көшіруге рұқсат етілмецді. Газқағарды ұзақ кию көңіл – күйді нашарлатады және өкпенің домбығуына әсер етеді.  - Жылдың суық уақытында зақымданушыны жылыту (көрпеге, пальтоға, плащқа орау, жылытқышты пайдалану). - Тұншықтырғыш УЗ – мен зақымданған кезде жасанды тыныс алдыруға болмайды.