Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОБЖ экзамен.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
109.03 Кб
Скачать

123. Жеке денсаулықтың күйін анықтайтын факторларда атаңыз?

124. Гені модификацияланған организмдерге (гмо) сипаттама беріңіз?

ГМО деген не? Гендік модификацияланған организмдерді (ГМО) өсіру үшін бір ор­ганизмнің генін басқа бір өсімдіктің не­ме­се жануардың ДНК-сына енгізіп, транс­генизация жасайды. Бұл операция ар­қы­лы организмнің кейбір табиғи қасиет­тері өзгертіледі. Мұндай өсімдіктер түрлі ауру тудырғыштарға және климаттық стресстерге қарсы тұра алады. Мысалы: картоп генінің қатарына сарышаян генін  қосу нәтижесінде  ешқандай жәндік жемейтін картоп түрі, қызанға солтүстік камбаласының генін қосудан аязға төзімді, үсімейтін қызан түрі, жалпы аязға төзімді, жән­діктер жемейтін, құрт түс­пейтін, ұзақ сақ­талатын, тағысын-тағы қасиеттері бар түрлер алынады. Ғалымдар өсімдіктер мен егістікке ГМО-ны қосу арқылы азық-түліктің ұзақ сақталуына қол жеткізіп отыр. Негізінен, ГМО - соя, жүгері, бидай, қызылша, темекі, мақта, картоп, құлпынай өсіруге кеңінен пайдаланылады. ГМО-ны немесе трансгенді өсімдіктерді пайдалануды көздейтін заманауи агробиотехнологиялардың қолданысқа енгеніне 20 жылдан асыпты.

125. Гмо тамақ өнеркәсібінде. Гмо – ны пайдаланғаннан кейінгі тірі организдердегі өзгерістер?

ГМО дегеніміз - заманауи молекулалық-био­ло­гиялық әдістердің қолданылуымен биологиялық заңнама мен тірі организмдердің негізінде пайда болатын организмдер. Генетикасы модификацияланған да­қыл­дармен қоректендірілген экспери­менттік жануарлардың және олардың кейінгі ұр­пақтарының ағзаларында па­тологиялық өз­герістер анықталған.

Генетикалық ақпаратын қолдан өз­гертіп өсірілген өнімдер бүгінгідей қарқынмен тұтынушының қарнына түсе берсе, «ал­дағы 40 жылдан кейін адамзат ұрпағы күрт кеміп, бүкіл биосфера бұзылып бі­теді» дей­ді көптеген ғалымдар. Адамның имму­нитеті әлсірейтіні, аллергия көбейе­тіні ғылыми тұрғыдан негізделіп жария­лануда. Кез келген өсімдіктің, жәндіктің, жануардың табиғи геномына бөтен қасиеті бар генді енгізу үшін арнайы тасымал­даушы вирустар пайдаланылатынын ес­кер­сек, неше түрлі ой келеді. Себебі адам­затты азапқа салумен келе жатқан тұмау, гепатит, полиомиелит , жүре пайда болатын иммунитет тап­шылығы синдромы (ЖИТС– СПИД) т.б. әртүрлі сондай вирус­тардың ағзаға бір кіріп алғаннан кейін мүлдем бағынбай кететін қасиетімен байланысты.

ГМО азықтарын пайдаланудың зияны:

  • өте қауіпті аллергиялық реакциялардың пайда болуы. Мысалы: АҚШ адамдар ГМО өнімдерін еркін қолданады. Аллергиямен ауыратындар саны 70%  құрайды. Ал, Швецияда 7%, бұл өнімдерді қолдануға тыйым салынған.

  • Трансгенді өнімдерді пайдалану  асқазанның сілемейлі қабатының құрылымын бұзады. Зат алмасудың бұзылып, иммунитеттің  төмендеуіне әкеледі.

  • Ісік ауруларының  көбеюіне  себеп болады. Жасушаларды мутацияға ұшыратады.

126. Саңырауқұлақпен улану жолдары және көрсетілетін алғашқы көмек?

Улы саңырауқұлақтардың улылық дәрежесі әртүрлі; алайда адам үшін қауіптілері бозғылт арамқұлақ, шыбынжұт, алдама томарқұлақ пен тілікқұлақ. Адам асқа жарамды саңырауқұлақты, егер ол бүлінген болса, жеген кезде улануы мүмкін (зең түскен, шырыш аққан және ұзақ сақталған).

Асқазанды сумен, әлсіз (қызғылтым) марганец қышқылды калий ерітіндісімен жедел шаюды бастау қажет. Бұны зондтың көмегімен немесе күштеп құсу әдісімен жасауға болады, бұдан кейін айдағыш (зығыр майы және тұзды айдағыш) береді, бірнеше рет тазалағыш клизманы қояды. Бұдан кейін сырқатты жылы қымтап, қыздырғыш қойған соң ыстық тәтті шай, кофе берген жөн. Сырқатты мүмкіндігінше тиісті ем-дом алу үшін емдеу мекемесіне жылдам жеткізу қажет. Сұрғылт арамқұлақпен уланған кезде тамырдың ішіне натрий хлорийді ерітіндісін құяды (тәулігіне 1500мл дейін). Құсық пен іш өту тоқтамаса тамырға тамшылай 400 мл полглюкин енгізеді.

Шыбынжұтпен уланған кезде улану белгілері тоқтағанға дейін 1-2 мл 0,1 пайыз антропин ерітіндісін енгізеді.