Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОБЖ экзамен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
10.12.2019
Размер:
109.03 Кб
Скачать

75. Залалсыздандыру бойынша жұмыстарды жүргізу кезіндегі қандай сақтық шарарлар жүргізіледі?

76. Аса қауіпті (карантиндік) жұқпалы аурулар тобы (оба, тырысқақ, түйнеме) анықтама беріңіз?

Оба(лат. pestіs – кенеттен басып кіру) – аса қауіпті зоонозды табиғи ошақты карантиндік жұқпалы ауру. Обаның өкпелік, ішектік, тері-бубондық, септикалық түрлері болады. Себебі Үеrsіnіа реstіs, бактериялық тобына жататын табиғи - ошақты жұқпалы ауру; адамға жанасу, дуа - тамшы және алиментарлық жолмен жұғады, сонымен қатар тасымалдаушылар - бүргелер арқылы жұғады карантиндік инфекцияға жатады.

Тырысқақ асқазан - ішек жолын зақымдайтын, құсу мен іш өту салдарынан ағзаның сусыздануына әкелетін аса қауіпті жедел ішек инфекциясы. Тырысқақ ауруының қоздырғышы вибрион, суда көп уақыт сақталады, кептіруге, күн сәулесінің тікелей әсеріне, қайнатуға төзімсіз. Қоздырғыш су, тағам, тұрмыстық - қатынас жолдарымен жұғып, аш ішекте көбейіп, ауру тудырады.

Түйнеме (сибирская язва) – адам және жануаларда кездесетін, өте айқын улану белгілерімен өтетін, терімен лифатикалық аппараттың зақымдануымеен сипатталатын жедел жұқпалы ауру.

77. Аса қауыпты (карантиндік) жұқпалы аурулар тобының эпидемилогиясы.

78. Туберкулез, бруцелезге қарсы вакцинация қашан және қай кезде қолданылады?

79. Тері ауруларынан әр адамның міндетті гигиенасы мен күнделікті сақтану тәртібі

Кір теріге микробтар ұялап, түрлі жұқпалы тері аурулары пайда болады. Әсіресе тері жарақаттанғанда жырылған, тесілген, кесілген жер арқылы инфекция өтіп, денеде іріңді жаралар пайда болуы мүмкін. Сондықтан теріні өте таза ұстап, сыртқы жарақаттан сақтау қажет. ол үшін аптасына бір рет моншаға түсіп, мойынды, аяқты күнде жуу керек. Қолды таза күтіп, түрлі жарақаттан, жарылудан аман сақтау қажет.

80. Жарақаттанудың анықтамасы, топтасуын атаңыз?

Жарақаттар-бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептердің аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененің сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттардың әсерінен ұлпалары мен органдары тұтастығы мен қызметінің бұзылуы. Әсер механикалық, техникалық, химиялық, спецификалық (рентген сәулесі, радиоактивті сәулелер, электр тоғы), психикалық (қорқыныш) болуы мүмкін.

81. Травмалық шоққа түсініктеме беріңіз?

Травматикалық шок: Көбінесе травма немесе күйіктен болады. Естен тану-орталық нерв жүйесі қызметінің күрт нашарлауы нәтижесінде дамып, организмнің барлық жүйесі қызметінің тоқтауына алып келетін ауыр жағдай.

Керек:

  • Зардап шеккен адамды арқасымен жатқазып, құсқан кезде басын жанына қарату;

  • жүрегі соғып тұрғандығын тексеру керек. Егер соғып тұрса – реанимацияны бастау қажет.

  • қан кетуді тез арада тоқтатып, сынған жерлерді қауіпсіздендіру.

  • ауруды бәсеңдететін таблетка дәрі. Егер жоқ болса, 50-70г. ішімдік беру қажет.

Болмайды:

  • қатты зардап шегушіні таңусыз орнын ауыстыруға;

  • күйіктен кейін жабысып қалған киімін шешуге;

  • іші ауырған кезде су беруге.

82. Жұқпалы ауруларымен күрес жүргізу жолдары, вакцинация, дезинфекция, дератизация тәсілдері.

Дератизация (де... және лат. rat – егеуқұйрық) – індет ауруларын тарататын кеміргіштерге (егеуқұйрықтышқан, т.б.) қарсы күрес.  Дератизация жүргізгенде механикалық (тортұзаққақпан қою, т.б.); биологиялық (итмысықпен ұстау, оларды қыратынмикробтарды пайдалану); химиялық (улы зат, газдар пайдалану) әдістері қолданылады. Әдетте улы, еліктіргіш заттар ретінде крысид, цинкфосфид, зоокумарин, дифторан, стрихнин, фторацетамид, күкіртті ангидрид, т.б. пайдаланылады. Дератизация жұмыстарын қалалар мен жергілікті жерлерде Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттіктің қызметкерлері, арнайы мед. мекемелер (СЭС, дезостанса), өсімдік қорғау мамандары мен агрономдар атқарады.