
- •11. Қоғамдық өндірістің құрылымы
- •12. Материалдық және материалдық емес өндіріс
- •13. Қоғамдық өндірістің нәтижелері: заттар, қызметтер, байлық.
- •14. Өндіріс және ұдайы өндіріс. Өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну.
- •15. Жай және ұлғаймалы (экстенсивті, интенсивті) ұдайы өндіріс.
- •16. Экономикалық игіліктердің ауыспалы айналымы және экономикалық тұлғалардың өзара іс әрекеттері.
- •17.Экономикалық жүйенің үлгілері және экономиканың: Не? Қалай? Кім үшін? деген негізгі мәселелерін шешу.
- •18. Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны.
- •20. Меншік объектілері мен субъектілері. Меншік нысандары.
- •19. «Иемдену» – меншіктен айыру қатынастары.
20. Меншік объектілері мен субъектілері. Меншік нысандары.
Меншік субъектісі – меншік қатынастарының активті жағы, яғни меншік объектісін иелену құқығы.
Меншік объектісі - меншік қатынастарының пассивті жағы, яғни табиғат, заттар, энергия, мүліктер, ақпараттар т.б. Меншік объектісі мен субъектісі арасындағы қатынас бір уақытта құқықтық, заңдық және экономикалық категориялар ретінде болатын иелік ету, пайдалану, билік ету, жауапкершілік қатынастар арқылы көрінеді.
Меншік нысаны бұл меншік субъектісі бойынша сипатталатын критерий
Меншік нысандарының келесі түрлері бар:
А) жалпы халықтық;
В) мемлекеттік;
С) ұжымдық;
Д) үлесті біріккен;
Е) индивидуалды және т.б.
Бұл меншік формаларының барлығын топтап екі типке бөлуге болады: мемлекеттік және жеке. Мемлекеттік меншікте меншік иесі мемлекет болады. Мемлекеттік меншіктің түрлері: мемлекеттік және муниципалды
Жеке меншік бұл басқаға тәуелсіз болу, иемдену тетіктерін жүзеге асыратын, меншіктің барлық құқығы бір адамның қолына жинақталған, экономикалық тұлға ерекшеленген меншік қатынасы
Жеке меншік түрлері:
- жеке қызметкердің меншігі;
жалдамалы еңбекті қолдануға байланысты капиталистік жеке меншік;
жеке меншіктің ұжымдық нысаны.
19. «Иемдену» – меншіктен айыру қатынастары.
Кез келген өндіріс сипаты, көлемінен тәуелсіз бола отырып, меншіксіз әрекет ете алмайды. Меншік - ол иелену, билеу, басқару, пайдалану, меншіктену құқығы, яғни мүліктік құқық. Меншік бұрынғы, қазіргі және болашақтағы кез келген экономикалық жүйенің қызмет етуінің негізі болып табылады.
Меншік, маңайындағы барлық тұрақты қоғамдық қатынастарды қалыптастырып және дамытып отыратын қоғамдық ұмтылыс болып табылады. Меншік формасынан көбінесе шаруашылық өмірдің құбылыстарын ғана емес, сонымен қатар қоғамдық тетік, мемлекеттік институттар, қоғам өмірінің әлеуметтік және мәдени деңгейі тәуелді болып келеді.
Меншік қатынасының сыртқы көрінісіне дәстүр мен әдет-ғұрып, адамгершілік, мәжбүр ету, құқық жатады. Дәл осы құқықтар (заңдық) меншік құқығын заңды түрде реттеп, өзгерістерді есепке алуға (пайда болу, шеттеу, тоқтатылу және меншік құқығын қайта қалпына келтіру) мүмкіндік береді.
Меншік қатынастарының мазмұны өндіріс, оны бөлу (қайта бөлу), өнімдерді айырбастау және тұтыну бойынша адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды құрау. Бұл экономикалық теория пәнінің меншіктік қатынастарды реттеп, оған анықтама беріп, жасаған негізгі түсінігі.
Экономикалық теория меншіктік қатынастарда барлық өндірістің өсу ауқымдарын, олардың қайталану-шылық, ұдайы өндірушілік негізі екенін көрсетеді.
Сонымен, меншіктік қатынастар - бұл өндіріс құралдары, олардың күшімен өндірілетін тұтыну заттары ретіндегі иелену, бөлу, басқару, пайдалану және осылардан туатын меншіктену құқықтарымен тығыз байланысты, адамдар арасындағы жүйелі түрде қайталанатын, ұдайы өндірістік қатынастар.
Меншіктің заңдық қатынастары - бұл иелену құқығы, яғни мен иеленемін дегенді білдіреді. Иелену меншіктің бірінші және басты себебі. Бірақ өзінен-өзі иелену меншіктің экономикалық мазмұнын сипаттамайды. Меншік субъектісін белгілеп, пассивті түрде де иеленуге болады. Заңды түрде оны қолданбауы әбден мүмкін, яғни өндірістік қатынастар пайда болғанша. Меншік иесі өз меншігін толық билеуі мүмкін босату, сыйға тарту, мұрагерлікке беру және т.б., бірақ барлық осы қатынастардан экономикалық қатынастар туындамайды.