Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
T_1201_tynu__1179_azhettilik_sia_1179_ty_any_11...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
30.93 Кб
Скачать

15. Жай және ұлғаймалы (экстенсивті, интенсивті) ұдайы өндіріс.

Өндіріс - ол материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбас және тұтыну процесін қамтиды.

Ұдайы өндіріс - бұл үнемі қайталанып, жаңғырып отыратын өндіріс түрі. Ұдайы өндіріс жай және ұлғаймалы болып бөлінеді.

  1. Жай ұдайы өндіріс - өндірістің тұрақты түрде қайталануы

  2. Ұлғаймалы ұдайы өндіріс - өндірістің өскелең түрде қайталануы

16. Экономикалық игіліктердің ауыспалы айналымы және экономикалық тұлғалардың өзара іс әрекеттері.

17.Экономикалық жүйенің үлгілері және экономиканың: Не? Қалай? Кім үшін? деген негізгі мәселелерін шешу.

Экономикалық жүйенің негізгі шешетін сұрақтары: не өндіру? Қалай өндіру? Кім үшін өндіру?

Экономикалық жүйелердің айырмашылығы осы сұрақтардың жауабына байланысты. Экономикалық жүйелердің келесі типтері бар:

  • Дәстүрлі жүйе, технологиясы ескі көбінесе кол еңбегі, көп укладты экономика, ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүр, артта қалған мемлекеттерде кең пайдаланылады.

  • Командалық экономикалық жүйе - өндіріс, бөлу, тұтыну сұрақтарында мемлекеттің шешім қабылдауы.

  • Нарықтық экономика шаруашылық сұрақтарын әрбір экономикалық агент өзі шешетін жүйе. Ол еркін кәсіпкерлік, бәсекелестік және жеке меншікке негізделген.

  • Аралас экономика негізгі экономикалық проблемаларды шешуде мемлекет те, жеке сектор да жоғары орында тұратын экономикалық жүйе.

18. Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны.

Әлеуметтік-экономикалық қатынастар, немесе меншік бойынша қатынастар, өндіріс әдістерінің ішіндегі өндірістік қатынастардың негізі. Ол өндірістің жеке және заттық факторларының қосылу әдісі мен бөлу, айырбастау, тұтыну қатынастарын анықтайды. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі меншіктің орнын келесідей анықтайды:

  1. Меншік қоғамдық қатынас жүйесінің фундаменті;

  2. Меншікті қоғам қабаттарының орналасу байланысты анықтайды;

  3. Меншік өз формасын екі жолмен өзгертеді: эволюциялық және революциялық;

  4. Меншіктің барлық формалары өзара байланысты және өзара әрекеттеседі;

  5. Меншік тарихи даму нәтижесі болып табылады.

Меншік – белгілі бір материалдық игілікті иелігіне алу үшін адамдар арасындағы қатынас. Меншіктің экономикалық мазмұны - өндіріс қатынастары жиынтығы, яғни өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну арқылы көрінеді. Меншіктің құқықтық мазмұны меншік иесінің табыс пен қауісіздікті иелену, пайдалану, басқару және басқа құқығы.

Меншік құқықтары:

  1. Ие болу құқығы, яғни игіліктерге тікелей физикалық бақылау құқығы;

  2. Пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиеттерін өзің үшін пайдалану құқығы;

  3. Басқару құқығы, яғни игілікті пайдалануды кім және қалай қамтамасыз етуін шешу құқығы;

  4. табысқа құқық, яғни игілікті пайдалану нәтижесіне ие болу құқығы;

  5. тәуелсіздік құқығы, яғни иесіздендіру, тұтыну, өзгерту және игілікті құрту құқығы;

  6. қаупсіздік құқығы, яғни игіліктен күштеп айырудан қорғау және сыртқы орта зиянынан қорғау құқығы;

  7. игілікті мұрагерлікке беру құқығы;

  8. игілікке мерзімсіз ие болу құқығы;

  9. сыртқы ортаға зиян келтірітін әдістерді пайдалануға тыйым салу;

  10. төлетіп алу түріндегі жауаптылыққа құқық, яғни қарызды төлеу үшін игілікті пайдалану;

  11. қалдық сипаттағы құқық, яғни өкілдік құқығын қалпына келтіруді қамтамасыз ететін институттар мен реттемелердің өмір сүрудің құқығы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]