Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kystaubay_O_S_GP_kaz_obsch_i_osob_okonchat_vari...doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
2.1 Mб
Скачать

68. Коммерциялық заңды тұлғалардың ұйымдастыру-құқықтық нысандары:

  1. мемлекеттік кәсіпорын, мемлекеттік мекеме, тұтыну кооперативі

  2. акционерлік қоғам, шаруашылық серіктестік, қоғамдық қор

  3. өндірістік кооператив, тұтыну кооперативі, акционерлік қоғам, шаруашылық серіктестік

  4. толық серіктестік, акционерлік қоғам, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік

  5. мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив

69. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға қандай нысандарда құрылуы мүмкін?

  1. мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік, заңды тұлғалардың қауымдастығы, өзге де нысанда

  2. мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив

  3. мемлекеттік кәсіпорын, мемлекеттік мекеме, тұтыну кооперативі

  4. акционерлік қоғам, шаруашылық серіктестік, қоғамдық қор

  5. өндірістік кооператив, тұтыну кооперативі, акционерлік қоғам, шаруашылық серіктестік, қоғамдық қор

70. Заңды тұлғаның орналасқан жері ретінде танылатын мекен-жай:

  1. тұрақты жұмыс істейтін (атқарушы) органы орналасқан жер

  2. пошталық мекен-жайы

  3. заңды тұлғаның филиалдары орналасқан елді мекен

  4. құрылтайшылардың орналасқан немесе тұратын жері

  5. заңды тұлға өкілдігінің басым көпшілігі орналасқан елді мекен

71. Жалпы ереже бойынша заңды тұлғаның құрылтай құжаттары

  1. жарғы, немесе жарғы және құрылтай шарты

  2. заңды тұлғаның орналасқан жерін растайтын құжат

  3. нормативтік құқықтық актілер

  4. статистикалық карточка және салық төлеушінің тіркеу нөмірі

  5. мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

72. Ұйымның заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуін жүзеге асыратын орган?

  1. нотариус

  2. прокурор

  3. әділет органдары

  4. сот

  5. сол заңды тұлғаның лауазым адамымен

73. Жариялаған жарғылық капиталының мөлшері азайған жағдайда заңды тұлға:

  1. тіркелуі тиіс

  2. қайта тіркелуі тиіс

  3. таратылуы тиіс

  4. қайта құрылуы тиіс

  5. бөлінуі тиіс

74. Филиал дегеніміз -

  1. заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның міндеттерінің бәрін немесе бір бөлігін, соның ішінде өкілдік міндетін жүзеге асырушы оқшау бөлімшесі

  2. заңды тұлға кейбір қызметін жүзеге асырушы еншілес ұйым

  3. коммерциялық емес ұйым

  4. азаматтардың ерікті бірлестігі

  5. қоғамдық бірлестік нысандарының бірі

75. Өкілдік дегеніміз

  1. заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның міндеттерінің бәрін немесе бір бөлігін жүзеге асырушы оқшау бөлімшесі

  2. коммерциялық емес ұйым

  3. коммерциялық ұйымдардың бір нысаны болып табылады

  4. азаматтардың ерікті бірлестігі

  5. заңды тұлғаның отұрған жерінен тыс орналасқан және оның мүдделерін қорғау мен өкілдігін жүзеге асыратын, оның атынан мәмілелер мен өзге де құқықтық әрекеттер жасайтын оқшау бөлімшесі

76. Қайсысы заңды тұлғаны қайта құрудың нысаны болып табылады?

  1. акционерлендіру

  2. банкрот деп тану

  3. ерікті түрде таратылу

  4. мәжбүрлеп тарату

  5. өзгерту

77. Заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызмет үнемі жүзеге асырылған жағдайда ол:

  1. қайта құрылуы тиіс

  2. сот тәртібі бойынша банкрот болып танылуы тиіс

  3. лицензиядан айырылуы тиіс

  4. сот шешімі бойынша таратылуы тиіс

  5. қылмыстық жауапкершілікке тартылуы тиіс

78. Шаруашылық серіктестік дегеніміз -

  1. заңды тұлғаның оқшау бөлімшесі

  2. коммерциялық емес ұйым

  3. -жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне (салымына) бөлінген коммерциялық ұйым

  4. азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде құратын ерікті бірлестігі

  5. қоғамдық бірлестік

79. Толық серіктестіктің қатысушысы ретінде бола алатындар:

  1. тек жеке тұлғалар

  2. жеке тұлға және заңды тұлғалар

  3. коммерциялық ұйымдар

  4. коммерциялық емес ұйымдар және азаматтар

  5. шетел азаматтары мен шетел заңды тұлғалары

80. Шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталына үлес ретінде салынатындар:

  1. тек ақша

  2. ақша мен бағалы қағаздар

  3. ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқық, санаткерлік қызмет нәтижесі құқығын қоса алғанда, өзге де мүлік

  4. тек жылжитын (қозғалатын) мүлік пен ақша

  5. тек жылжымайтын (қозғалмайтын) мүлік пен ақша

81. Шаруашылық серіктестіктің жоғарғы органы

  1. бақылау органы

  2. президент

  3. тексеру комиссиясы

  4. дирекция

  5. оның қатысушыларының жалпы жиналысы

82. Толық серіктестік дегеніміз -

  1. азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде ерікті бірлестігі

  2. серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушыларды серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын коммерциялық ұйым

  3. заңды тұлғаның оқшау бөлімшесі

  4. серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушыларды серіктестіктің міндеттемелері бойынша жарғылық капиталға салған салымы көлемінде тәуекел ететін коммерциялық ұйым

  5. акционерлік қоғамның бір түрі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]