Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kystaubay_O_S_GP_kaz_obsch_i_osob_okonchat_vari...doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
2.1 Mб
Скачать
  1. делькредере

  2. варрант

  3. Суброгация

  4. суперфиций

  5. сенімхат

38. Егер әр текті заттар оны бірігу мәнін белгілейтін мақсаты бойынша пайдалануға мүмкіндік беретін бүтін бір затты құраса, оның атауы:

  1. күрделі зат

  2. бөлінбейтін зат

  3. жеке анықталған зат

  4. қозғалмайтын мүлік

  5. бағалы қағаз

39. Берілуге, пайдалануға рұқсат етілмейтін заттар қалай аталады?

  1. қозғалмайтын мүлік

  2. бөлінбейтін зат

  3. айналымнан алынып тасталған

  4. жеке анықталған зат

  5. текті белгілермен айқындалған

40. Төмендегі терминдердің қайсысы акцияға қатысты қолданылады?

  1. күрделі

  2. жоғары

  3. орташа

  4. артықшылықты

  5. кемшілікті

41. ҚР заңдарына сәйкес варрант дегеніміз -

  1. биржалық мәміленің бір түрі

  2. мемлекеттік емес мекеменің меншік иесі

  3. туынды бағалы қағаз

  4. мүлікті өзгенің заңсыз иеленуінен талап ету

  5. шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаты

42. Жеке тұлғалар ұғымының толық анықтамасына қайсылары жатқызылады?

  1. Қазақстан Республикасының азаматтары

  2. апатридтар

  3. шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар

  4. жеке кәсіпкерлер

  5. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар

43. Азаматтардың құқық қабілеттілігі дегеніміз -

  1. азаматтық құқыққа ие болу және міндет атқару қабілеті

  2. меншік құқығында кез - келген мүлікке ие болу қабілеті

  3. азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге аыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындау қабілеттілігі

  4. заңмен тиым салынбаған кез- келген мәмілелерді жасауға және міндеттемелерге қатысу мүмкіндігі

  5. Қазақстан Республикасының территориясында еркін жүріп тұру және тұрғылықты жерді таңдау мүмкіндігі

44. Азаматтың құқық қабілеттілігі басталатын кезең:

  1. кәмелетке толу кезеңі (18 жас)

  2. дүниеге келу кезеңі

  3. 16 жасқа толу кезеңі

  4. 14 жасқа толу кезеңі

  5. 21 жасқа толу кезеңі

45. Азаматтың құқық қабілеттілігі тоқтатылатын сәт:

  1. қайтыс болу сәті

  2. соттың адамды хабар ошарсыз кетті деп шешім шығарған сәт

  3. мүдделі тұлғалар азаматты өлді деп жариялау туралы сотқа арыз беру сәті

  4. азаматты хабар- ошарсыз кетті деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген кезде

  5. зейнеткерлік жасқа толған сәт

46. Жалпы талаптар бойынша азаматтың есіміне кіретін ұғымдар:

  1. псевдоним

  2. тегі және өз аты мен әкесі атының қысқаша атауы

  3. есімі мен әкесінің аты

  4. тегі, өз есімі, сондай- ақ, қаласа әкесінің аты

  5. тегі ғана

47. Азаматтың тұрғылықты жері ұғымы

  1. азаматтың тұрақты немесе көбінесе тұратын мекен-жайы

  2. азаматтың ата мен әжесі тұратын мекен-жайы

  3. азаматтың апа жездесінің тұратын мекен-жайы

  4. азаматтың ата- анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының тұрғылықты жері

  5. азаматтың тұрақты немесе көбінесе тұратын облысы

48. Он төрт жасқа толмаған азаматтардың тұрғылықты мекен-жайы ретінде танылатын жер:

  1. олардың ата- аналарының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының тұрғылықты жері

  2. кәмелетке жасы толмағандардың көбінесе тұратын мекен-жайы орналсқан жер

  3. кәмелетке жасы толмағандардың тұрақты немесе көбінесе тұратын мемлекеті

  4. кәмелетке жасы толмағандардың тұрақты тұратын облысы

  5. кәмелетке жасы толмағандардың тұрақты немесе көбінесе тұратын ауданы

49. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі түсінігі:

  1. еңбек құқықтарына ие болып, міндеттер атқару қабілеті

  2. ҚР территориясында еркін жүріп тұруы

  3. заңмен тиым салынбаған кез- келген мәмілелерді жасауға және міндеттемелерге қатысу мүмкіндігі

  4. азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болу және оны жүзеге асыру, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындау қабілеттілігі

  5. кез - келген мүлікке меншік құқығымен ие болу қабілеті

50. Жалпы ереже бойынша азаматтардың әрекет қабілеттілігі толық көлемде қай жастан пайда болады?

  1. туған кезден

  2. 14 жасқа толғанан бастап

  3. 16 толғанан бастап

  4. кәмелетке толғанда (18 жасқа) толғаннан бастап

  5. 21 жасқа толғанан кейін

51. Он төрт жасқа дейінгі азаматтар жасай алатын мәмілелер:

  1. ешқандай да мәмілелерді жасай алмайды

  2. ұсақ тұрмыстық

  3. автокөлікті сатып алу-сату

  4. ата-анасының киімдерін сыйға тарту

  5. тұрғын үйді сатып алу-сату

52. Жасы он сегізге толмаған азаматтар қалай аталады?

  1. әрекет қабілеттілігі жоқтар

  2. әрекет қабілеттілігі шектеулілер

  3. кәмелетке толмағандар

  4. жасөспірім ұлдар мен қыздар

  5. ерте есейгендер

53. Он төрт жасқа дейінгі азаматтар өз қалауынша қандай мәмілелерді жасай алады?

  1. банкілерге олардың атына біреудің салған салымдарына билік етуге

  2. ұсақ тұрмыстық мәмілелерді

  3. ешқандай мәміле жасауға құқылы емес

  4. ата - анасының , асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен мәмілелер жасауға

  5. республикалық референдумға қатысуға

54. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігіне кіретін құқықтары:

  1. тұрмыстық ұсақ мәмілелерді жасауға, өздерінің табысына, стипендиясына, өзге де кірістеріне және өзі жасаған интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне билік ету

  2. тек қана ұсақ тұрмыстық мәмілелерді жасау

  3. ата-әже табысына билік ету

  4. ата-ана ақшасына билік ету

  5. аға-апа мүлкін айырбастау

55. Қандай мемлекеттік орган азаматты әрекет қабілеттілігі жоқ деп таниды?

  1. облыс әкімдігі

  2. полиция

  3. прокурор

  4. қорғаншылық және қамқоршылық органы

  5. сот

56. Қандай жағдайда азаматтың әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылуы мүмкін?

  1. егерде ол есірткі заттарға салынса

  2. егерде ол өзін және өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратса

  3. егерде ол спирт ішімдіктеріне салынса

  4. егерде ол жүйке ауруы немесе ақыл- есінің кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмаса және не істегенін білмесе

  5. егерде ол спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарына өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратса

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]