Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экс.текс на каз 2012.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
23.09.2019
Размер:
2.45 Mб
Скачать

№3 Алматы қаласы

Жер аумағы – 0,3 мың шаршы шақырым.

Халқының саны – 1143,5 млн адам.

Қазақстанның оңтүстік-шығысында Іле Алатауының солтүстік баурайында орналасқан. 1929 жылдан 1997 жылдың қазан айына дейін Қазақстанның астанасы болды. 6 қалалық әкімшілік ауданға бөлінген. Жергілікті басқару органы – Алматы қалалық әкімшілігі. Алматы Іле Алатауынан бастау алатын Қарғалы, Үлкен және Кіші Алматы, Есентай, т.б. өзендер атырабында орналасқан. Қаланың айналасы, негізінен, таулы, сайлы-жыралы келеді. Қала маңындағы биік таулы еңіс бедері тік жартасты, терең құзды, құлама беткейлі. Тау етегіне ұштасып жататын жазық өңір, негізінен, борпылдақ жыныстардан және малтатасты-дөңбектасты шөгінділерден түзілген. Оның беті құмды-сазды қабаттардан тұрады. Қала және қала төңірегінде континентті климат қалыптасқан. Қала арқылы Үлкен Алматы мен Кіші Алматы және олардың салалары – Қарғалы, Ремизовка, Казачка, Қарасу өзендері ағады. Алматының топырағы мен өсімдігі биіктік белдеулер мен белдемдерде әр түрлі. Ең төменгі белдем қаланың солтүстігінде. Одан жоғары 900-1300 м биіктіктегі қара топырақта әр түрлі шөп өседі. Келесі белдемнің қара топырағын ылғалды-шалғын және шыршалы орман басқан. Алматының төңірегінде алманың бірнеше түрі, оның ішінде дүние жүзіне әйгілі Алматы апорты, алмұрт, шие, қара өрік, жүзім т.б. жеміс және көкөністер өседі. Алматы республикадағы негізгі туризм орталығы болып саналады. Алматы – Қазақстанның ірі өнеркәсіп және қаржы орталығы. Мұнда машина жасау өнеркәсібінің «Алматы ауыр машина жасау зауыты», «Поршень зауыты», «Электроприбор», жеңіл өнеркәсіпте «Алматы мақта-мата комбинаты», «Жетісу», «Қыз Жібек», т.б. іргелі акционерлік қоғамдары жұмыс істейді.

№3.1 Алматы қаласының әкімшілігі

1980 жылы салынған. Архитекторлары – К.Ж.Монтахаев, А.К.Қапанов. Қазіргі заманғы архитектуралық ескерткіштің біріне айналған бұл ғимарат ең ірі қала құрылысы ансамблін құрайды. Тау баурайындағы биік жерге, әрі көтеріңкі іргетасқа орнаған еңселі ғимарат, әсем көркімен, қомақты пішінімен көз тартады. Оның қасбеті мен қаптал қабырғаларындағы тік тартылған жартылай шығыңқы бағана ғимаратқа салтанатты сипат, жинақы кескін берген. Қос қапталы гүлзарлар мен хауыздар орналасқан кең аллеямен көмкерілген. Ғимаратты салу ісінде алаңның тауға қараған жағының кең әрі ашық болуы ескерілген.

3.2 РЕСПУБЛИКА АЛАҢЫ

Республика алаңының құрылыс ансамблі 1980 жылы аяқталған. Республика алаңы – көпшілікке арналған салтанаттар, спорттық шаралар, әскери шерулер және басқа да іс-шаралар өтетін басты алаң. Республика алаңының құрылыс ансамблі 1982 жылы КСРО-ның Мемлекеттік сыйақысына ие болған. Авторлары-сәулетшілер – А.К.Қапанов, К.Ж.Монтахаев, М.П.Павлов, Р.А.Сейдалин, Ю.Б.Туманян, инженер – К.К.Нұрмақов және басқалар. Алаңның ұзындығы – 580 метр, ені – 210 метр. 2005 жылдың желтоқсанында Алматының орталығын неғұрлым жаңартты: асфальт төселді, жолдар маңайы жарықтандырылды.

3.3 ОН АЛТЫ ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР

Бұл ғимараттар 1976 жылы салынған. Архитекторлары – Ю.Б.Туманян, Ю.Б.Скворцова. Инженерлері – Б.И.Вагайцев пен М.Д.Горохов.