Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экс.текс на каз 2012.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
23.09.2019
Размер:
2.45 Mб
Скачать

«Қазхром» транспорттық компаниясы

“Қазхром” ұлтаралық компаниясы – қара металлургия кәсіпорыны. Негізінен феррохром өндіреді. 1996 жылы құрылған. Өндіріс орнында: балқыту, шахта дайындау, механикалық жөндеу цехтары жұмыс істейді. Ферроқорытпалар Қазақстанда өндірілетін шикізаттан алынады. Компанияның жарғылық капиталына Ақсу ферроқорытпа зауыты, “Феррохром”, Дөң кен байыту комбинаты ААҚ-дарының мүліктік кешендері енгізілген. Ақсу ферроқорытпа зауыты ААҚ-нда (Павлодар облысы Ақсу-5 қ.) ферросилиций, феррохром, ферросиликохром, ферросиликомарганец өндіріледі. “Феррохром” ААҚ-да (Ақтөбе қаласы) феррохром, ферросилихром өндіріледі. Жылдық жобалық қуаты 350 мың т ферроқорытпа. Өндірістік құрылымы: балқыту, қызмет көрсету цехтары мен қосалқы цехтар, лигатура телімдері. Дөң кен байыту комбинаты ААҚ-ның (Ақтөбе облысы Хромтау қаласы) құрамында хром концентраты мен бөлшектелген тауарлық кентас өндірісі, Кен іздеу, “Донской” кеніштері, “Жастар” және “Орталық” шахталары, ДОФ-1, ДОФ-2, бірқатар ұсақ кеніштер жұмыс істейді. Кентастың базасы – Оңтүстік Кемпірсай хром кені. Кен қоры – 310 млн. т. кентас шикізаты бойынша жылдық жобалық қуаты – 2 млн. 760 мың т, концентраттар бойынша 1,2 млн. т. Өнім тауарлық кентас концентраты (өндірілген өнімнің 44%-ы), бөлшек кентас (32%), бос кентас (24%) түрінде жөнелтіледі.

Кеншілердің мәдениет сарайы

Кеншілердің мәдениет сарайы 1961 жылы құрылды. Мәдениет сарайында көптеген іс-шаралар өткізіліп, 2001 жылы хореография студиясы өз жұмысын бастады. Оған 6 жасқа толған балалар қатыса алды. Барлығы 100 бала оқытылды. 2006 жылдан бастап Жастар орталығы өз жұмысын бастады. 5 жастан бастап қабылдайтын эстетикалық мектептер жұмыс істеді. Мектепте ағылшын тілі, эстетика, ән, шығармашылық өнер мен хореография саласында сабақ өтілді. Барлық мұғалімдердің білімі жоғары. Мәдениет сарайында мәдени мұраға, дәстүрлерге толы барлық мерекелер мен іс-шаралар өткізіледі.

Қобыланды батыр атындағы орталық стадион

1975 жылы тамызда Қобыланды батыр атындағы орталық стадион ашылды. Ол – футбол алаңы. 2000 жылы жөңдеуден өтті. Жалпы көрермендер орыны – 13 294, соның ішінде қонақ орындары – 132. Жарықпен жарақтандырылған. Стадионның ауданы – 8 683 шаршы шақырым, футбол алаңының ұзындығы – 103,6 метр, ені – 69 метр. «Ақтөбе» футбол командасы Қазақстан бойынша көшбасшы команда. Футболшыларға арнап стадионның бұрышында қонақ үй салынды. Стадионға қарақыпшақ Қобыландының аты берілді.

«Восход-ориель» тау-кен байыту комбинаты

«Восход Ориел» ЖШС инфрақұрылымы дамыған тау-кен өндіруші Хромтау ауданындағы «Восход» кен орнында 2008 жылы іске асырылған  инвестициялық жоба. Кешен бірнеше нысанды қамтиды: жерасты кеніш-шахтасы, байыту фабрикасы, теміржол терминалы және басқа да қосымша инфрақұрылымдық бөлімшелер. Шахта-рудник бойынша жобаны жүзеге асыруға салынған инвестициялар сомасы 21 млрд. теңгені құрайды. «Восход» кен орнындағы хром рудасы әлем бойынша сапасы жоғары болып танылды. «Восход» кен орнының қоры 19 млн. тонна руда, оның құрамында 48,5 пайызы хром болып табылады. Өнім сыртқы рынокқа бағытталған. Кен орнында өндірілген хром концентратының 40%-ы РФ, Ұлыбритания рыноктарына жіберіледі, қалған бөлігі өзге елдерге экспортталады. Кәсіпорын қуаттылығы жылына 150 мың тонна жоғары көмірсутекті феррохром болатын ферробалқыту зауытын салуды жоспарлайды. Жобаның жүзеге асуы Ақтөбе облысының әлемдік хром рыногында өз позициясын нығайтуына, Хромтау ауданының бірқатар әлеуметтік мәселесінің шешіліп, тұрғындарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Нысанның іске қосылуымен қосымша 150 жұмыс орны құрылды.