Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экс.текс на каз 2012.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
23.09.2019
Размер:
2.45 Mб
Скачать

Ақтөбе мыс компаниясы

«Ақтөбе мыс компаниясы» цинк концентратын өндіретін байыту фабрикасы. 2006 жылдың соңына қарай компания 2 млн. тонна мыс рудасын өндіретін тау-кен байыту комбинатын іске қосты. 2010 жылдың 17 маусымында №2 байыту фабрикасының жобалық қуаты жылына 2 млн. тонна мыс-мырышты рудасын және 227,8 мың тонна мыс-мырышты концентратты өңдеуді қамтамасыз ететін жұмыс кестесіне жол ашылды. Руда байыту процесі үздік технологиялар негізіне құрылған, мұнда бұл салада әлем бойынша озық деп танылған «Оутокумпу» (Финляндия) компаниясының жоғары технологиялы құрылғылары пайдаланылуда. Өнімді өткізу Қазақстан, Ресей, Қытай және т.б. елдердің рыногына бағытталған. 2012 жылға дейін компания «Приорск», «Құндызды», «Лиманды» және «Весенне-Аралчинское» кен орындарында ашық рудниктер құрылысын жоспарлап отыр. 2015-2017 жылдары компания «Октябрьдің 50 жылдығы» және «Приорск» кен орындарында жылына 2,5 млн. тонна мыс-мырышты руда өндіретін жер асты кеніштерінің құрылысын жүргізуді көздеп отыр. Бұл жобалардың жүзеге асуы мыстың 15, мырыштың 20-40 пайызға артуына ықпал етеді. Нысанды іске қосу арқылы 300 жаңа жұмыс орны ашылды.

Ақтөбемұңайгаз

Мұңайдың географиялық қоры 618 млн тоннаны құрайды. Ал газ қоры 100,5 млрд3 метр. Ақтөбемұңайгаз компаниясы жылына 1 млн тонна қор өндіреді. Жылдан-жылға қорды көбейту алдыға қойған басты мақсат. Яғни, 10 млн тоннаға жеткізу көзделуде.

Ғ.Жұбанов атындағы облыстық филормония

Ақтөбе облыстық филармониясының негізі 1944 жылы қыркүйек айында   қаланған. 1998 жылы оған қазақ музыка өнерінің көрнекті қайраткері, КСРО халық артисі, композитор Ғазиза Жұбанованың аты берілді. Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның қазіргі стандарттарға сай, мәдени шараларды жоғары деңгейде өткізуге және оны дайындауға мүмкіндігі мол, әрбір ұжымның даярлық жасауға арналған кең де жарық кластары және 401 орындық көрермендер залы бар. Ұжымдар музыкалық аспаптармен және киімдермен қамтамасыз етілген. Жыл сайын облыстық филармонияда көптеген дәстүрлі фестиваль-конкурстар Республикалық және Халықаралық деңгейде өткізіледі, атап айтатын болсақ «Жұбанов көктемі» атты дәстүрлі халық аспаптар оркестрлерінің және хор музыкасы, джаз музыкасы, жас вокалистер, «Классика» жас таланттар фестивальдары өткізіліп тұрады.

«Батыс европа-батыс қытай» автострадасы

Батыс-Еуропа – Батыс-Қытай жобасы 3 негізгі бағыт бойынша жүк тасымалын қамтамасыз ететін болады. Ол: Қытай-Қазақстан, Қытай-Орталық Азия, Қытай-Қазақстан-Ресей-Батыс-Батыс Еуропа. Халықаралық дәрежелі транзиттік жол темір жолына қарағанда 1,5 есе қысқа. Бұл жолдың ұзындығы 8500 шақырым болғандықтан, Европа мен Азияны байланыстыратын ең қысқа, уақытты үнемдейтін жол болып табылады. Автострада Ақтөбе облысының территориясы арқылы 644 шақырымды басып өтеді. Оның 215 шақырымы Ақтөбе-Қарабұтақ, 215 шақырымы Қарабұтақ-Ырғыз жерінен өтеді. 2010 жылы Ақтөбе аймағынан өтетін солтүстік автожол құрылысы мен Ақтөбе жерінен Орынбор қаласына дейінгі жолдың реконструкциясы жүргізіледі. Қолданылатын техникалар импорттың жаңа өндірістері болып табылады. Әрбір шақырымның бағасы 50 млн теңгені құрайды.