Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экс.текс на каз 2012.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
23.09.2019
Размер:
2.45 Mб
Скачать

Ақтөбе халықаралық әуежайы

Ақтөбе Халықаралық Әуежайы - бұл елдiң батыс бөлiгiнiң өнеркәсiптiк өлкесiнде орналастырған Батыс Қазақстанның әуе қақпасы. Ақтөбе Әуежайы территориялық және географиялық iрi халықаралық аэронавигациялық трассаларының қиылысында орналасып, Батыс Европаны Орталық және Оңтүстiк-Шығыс Азияны дәнекерлеп, Батыс Қазақстанның көлiк инфрақұрылымының бөлiгi болып табылады. Жақын және алыс шетелде, ел iшiнде де әуежай қала дәнекерлiк маршруттардағы әуе кемелер түрлерiн түгелдей қабылдау және қызмет көрсетудi қамтамасыз етедi. "Ақтөбе Халықаралық Әуежайы" АҚ барлық қажеттi әуежай қызмет көрсету спектрін ұсынады. Ақтөбе Халықаралық Әуежайында әуежай кешенді қалпына келтiру және жаңғырту жұмыстары жасалды. Аэродромның техникалық мiнездемелерi, жарық сигналдық жабдық, жолаушылар терминалы және барлық инфрақұрылым (Азаматтық Авиацияның Халықаралық Ұйымы) ICAO-шi халықаралық стандарттарға және ұсыныстарға сай келтiрiлген. Ақтөбе Халықаралық Әуежай АҚ өз жұмысының сапасын жоғарылатып, болатын қызметтердiң спектрiн кеңейтiп, жолаушылардың санын үлкейтуге үнемi ұмтылады.

Әбілқайыр хан ескерткіші

Әбілқайыр (Әбілқайыр Мұқамбет Ғази баһадур хан) (1693 — 12.08.1748) — хан, қолбасшы, 1718—1748 жылдары билік құрған Кіші жүз ханы. Соғыстарда батырлығымен, айлакерлігімен, айқас-шайқастарды ұйымдастыра білуімен даңқы шығып, мұрагерлік жолмен емес, өз беделімен Кіші жүздің ханы болды. Жошының бірінші ұлы Орда-Еженнен тарайтын — Өсеке ұрпағы, Қажы сұлтанның баласы. Ұлы хан, қазақ халқының батырына арнап ескерткіш орнатылды. Әбілқайыр хан ескерткіші — Облыс әкімшілігінің үйі алдында 2000 жылы орнатылған. Тұғырдың биіктігі — 2,8 метр, ені — 2,1 метр, ұзындығы — 5,8 метр. Ескерткіштің жалпы биіктігі — 6,5 метр, тұғырға дейін жерден биіктігі — 3 метр, жерден жалпы биіктігі −12,3 метр. Тұғырдың материалы — Қордай граниті. Ескерткіш қоладан құйылған. Салмағы — 11,2 тонна. Автор қазақ халқының басына төнген қиын кезеңдегі жоңғарлармен шайқас алдындағы қолбасшы бейнесін бейнелеген. Алға қарай созған қолы Әбілқайыр ханның халқын ынтымаққа, жеңіске шақырып тұрғанын білдіреді. Ханның тұлпары бостандыққа құлшындырады. Ескерткіш авторы – Ескен Сергебаев ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері. Сәулетшілері – Б.Егінбаев, Н.Қожағұлов.

Киелі николь ғибадатханасы

Соғыс жылдарына дейін архиепископ Николайды Шалқарға уағыз айтушы ретінде жібереді. 1945 жылы босатылып, Алматы мен Қазақстан епархиясы болып тағайындалады. 2000 жылы Николай әулиелер қатарына қосылды. Ғибадатхана Орынбор облысының Орск қаласында орналасты. Ғибадатхананың архитектурасы ежелгі орыс стиліне ұқсас болып келеді. Ғибадатханаға көрік беріп тұрған 9 шіркеу қоңырауы бар. Оның ең үлкенінің салмағы – 1280 кг құрайды. Ғибадатхана 800 адамға арналған. Ғибадатханаға кеткен қаражат – 680 млн теңге.

Қобыланды батыр мемориалдық кешені

Қобыланды батыр – атақты тарихи тұлға, жоңғар мен қалмақтарға қарсы соғысқан батыр, шамамен XV ғасырда өмір сүрген. Қобыланды батыр мемориалдық кешені 2007 жылы 8 қыркүйекте ашылды. Музей директоры – Нәкеш Тұрсынғали. Кешеннің жалпы аумағы – 2,6 га. Кесененің жерден жоғарыдағы айшығына дейінгі биіктігі – 18 метр, диаметрі – 12 метр, айналасында меңгір тастар орнатылған. Кіре берісінде балбал тастар орнатылған, биіктігі – 2 метр. Кесененің ішіне, батырдың сүйегі жатқан жерге Қордай гранитінен қойтас қойылған. Қойтастың салмағы – 2 тоннадай, биіктігі – 2 метр. Әдемі гравюрлік өрнектері бар. Кесененің еденіне өрнектелген гранит төселген. Кесене ішіне Қордай гранитінен қашалған шырақ орнатылған. Ортада тас шар жерді бейнелейді, үстінде алтын Самұрық құстың мүсіні бар, айналасында қойылған 8 (сегіз) барыстың жанында шырақ жанады. Композиция Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінен алынған. Мавзолейдің ортасында ұштары күміс үш найза, олардың белін қалқанмен бекіткен, бұл туған жерді қорғауға дайын үш жүздің бірлігін білдіреді. Ұзындығы – 4 метр. Композицияны жасаған алматылық ағайынды темірщі-ұсталар Тұрсынжан, Махмұт, Айтберген Құлмантегілер. «Қобыланды батыр» комплексінің авторы – белгілі архитектор Бек Ибраев. Музей қорында барлығы 257 экспонат бар.