Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Эл жетек книга.doc
Скачиваний:
127
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.14 Mб
Скачать

3.24-Сурет. Синхронды генераторы бар вентильді – элекгр машиналық жиіліктік түрлендіргіштің сұлбасы

Мұнда тиристорлардан жиналған статикалық басқарылатын түрлендіргіш (түзеткіш) БТ тұрақгы жылдамдықты айналдырушы түрлендіргіш агретаттың орнына қолданылады. Басқарылатын түрлендіргіштен ауыспалы жылдамдық агрегаттың Қ1 қозғалтқышы қоректенеді. Бұл жағдайда ЖТ-тің ПӘК-ті аздап өседі, бірақ та сенімділігі жоғары емес, ЖТ-тен басқа екі машинаның (Қ1 қозғалтқыш және Г генератор) қажеттілігі кемшіліктерге жатады, сол себептен электр машиналық түрленгіштердің қолданылуына шек қойылады және тиристорларды немесе транзисторларды қолдану негізінде статикалық түрлендіргіштерді құруға қажеттілік туылады.

Статикалық жиіліктік түрлендіргіштердің екі негізгі түрі бар:

а) тікелей байланыспен; б) тұрақты токтың аралық көзімен.

Тікелей байланыспен түрлендіргіш жоғары жиілікті төмен жиілікке түрлендіреді. Ол қарсы-параллельді топтарға қосылған бөлек басқарылатын 18 тиристордан құрылады (3.25-сурет).

Түрлендіргіштің негізіне түзетудің үш фазалы нөлдік сұлбасы жатады, әрбір фазалы екі қарсы қосылған түзетушілерден кұралады.

3.25-сурет. Тікелей байланысы бар жиіліктік түрлендіргіш

Түрлендіргіштің шығу кернеуінің бірінші жарты период кезінде токты түзету топтары, ал екінші жарты период кезінде - инверторлы топтары өткізеді. Түрлендіргіштің шығысындағы кернеудін реттеуі вентильдердің қосу бұрышын өзгерту арқылы әрекеттенеді.

Мұндай түрлеңдіргіштің түрінің құндылықтарына жатады:

а) энергияны бір дүркін түрлендіру, сол себептен жоғары ПӘК-і (0,90-0..98 маңында);

б) шығысында жиіліктен тәуелсіз кернеудің амплитудасын реттеудің мүмкіншілігі;

в) реактивтік және активтік энергияның желіден қозғалтқышқа және кері ауыстыруға болатындығы;

г) коммутациялық конденсаторлардың жоқтығы.

Ал кемшіліктеріне жатады:

а) шығыстық жиіліктің (0 ден 40% желінің жиілігіне дейін) реттеуіне шек қойылады;

б) вентильдердің саны көп;

в) қуат коэффициентінің аздығы(0.8-ден аспайды)

Өнеркәсіп ЭЖ-лер үшін ең кең қолданылатын статикалық жиіліктік түрлендіргіш түрі — тұрақты токтың аралық көзі бар түрлендіргіш (3.26-сурет).

3.26-Сурет. Тұрақгы токтың аралық көзі бар статикалық түрлендіргіштің

құрылымдық сұлбасы.

Түрлендіргіш екі күштік элементтерден-басқарылатын түзеткіш БТ жоне инвертор И-ден құралады. БТ-тің кірісіне жиілігі 50 Гц-ке тең айнымалы ток реттелмейтін кернеу беріледі; БТ-тің шығысынан И инверторға тұрақты реттелетін кернеу беріледі, ал инвертор тұрақты кернеуді амплитудасы және жиілігі реттелетін кернеуге түрлендіреді. Түрлендіргіштің ішіне түзеткіштің басқару ТББ және инверторлық басқару ИББ блоктары кіреді. Бұл сұлбада шығысындағы кернеудің амплитудасы және жиілігі бөлек реттеледі. Бұл жағдайда ЖТБ тапсырылған жылдамдықтың блогі арқылы АҚ - тың қысқыштарындағы кернеудің әсер етуші мәнімен жиіліктің керекті арақатынасын сақгауға болады.

Бұл түрлендіргіш қоректендіретін желінің жиілігінен жоғары да, төмен де реттеуге рұқсат етіледі, оның ПЭК-і жоғары (0.95-ға дейін) болады, габариттері кіші, сенімділігі жоғары және жұмыста дыбыссыз болады.

Жиіліктік басқаруды таңдау үшін 3.27-суреттегі көрсетілген алмастыру сұлбасын қолданайық.