Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Эл жетек книга.doc
Скачиваний:
127
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.14 Mб
Скачать

3.5 Тәуелсіз қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқыштың якорін шунттау тәсілі арқылы бұрыштық жылдамдығын реттеу

3.10-Сурет. Тәуелсіз қоздырылатын тұрақты ток қозгалтқышының якорь орамасын шунттау сұлбасы

(3.6)

(3.7)

(3.8)

Сәйкестендіруші түрлендіруді өткізгеннен кейін табамыз:

(3.9)

деп алайық.

(3.9) теңдеудін сол және оң жағын С=КФ-ке бөлеміз және А мәнін қойғаннан кейін электр механикалық сипаттаманың теңдеуін табамыз:

(3.10)

Қозғалтқыштың механикалық сипаттамасының теңдеуі

(3.11)

Егср де болса, онда ортақ нүктесі А бар топтас сипаттамалары 3.11 —суретте көрсетілген.

Сипаттамалардың қиылысқан нүктесі А тізбекті резистор арқылы ток өтпейтін жағдайға сәйкес. Бұл якорьдің бұрыштық жылдамдығы идеаль бос жүрістің бұрыштық жылдамдығынан үлкен болған кезде, яғни а > 0 , мүмкін болады.

3.11-Сурет. Шунттық резистор Rш тұрақты, ал тізбектегі резисторды Rк өзгертіп тұрған кездегі топтас механикалык сипаттамалары

Ал бұл жағдай якорьдің ЭҚК-і желінің кернеуін және якорь тізбегінің ішкі кернеу құлауын толық теңгергенде болады, яғни

(3.12)

Бұл жағдайда қозғалтқыш динамикалық тежелу режимінде сыртқы резистор Rш-қа жұмыс істейді. Якорьдің кернеуі нөлге тең болғандыктан, Iя якорь тоғы

(3.13)

(3.13) тендеуді (3.12) тендеуге қойып және Е мен U-ды оларға пропорционал o және А мәндеріне ауыстырылып А нүктедегі бұрыштық жылдамдықты табамыз.

(3.14)

Егер де Rк = 0 болса, онда якорь кернеуі Rш тәуелді емес және якорь тоғы өзгерген кезде тұрақты болып қалады, сол себептен Rк = 0 кезі табиғи сипаттамаға сәйкес.

Егер де Rк =  болса, онда қозғалтқыш желіден қоректенбейді де сьгрткы резистор Rш -қа динамикалық тежеу режимінде жұмыс істейді, ал сипаттама координата басынан өтеді. Rк -ның басқа мәні кезінде сипаттамалар осы екі сипаттаманың арасында жатады.

Егер де Rк = cоnst, ал Rш = var болса, онда топтас сипаттамалар 3.12-суретте көрсетілген.

3.12-Сурет. Тізбекті резистор Rк тұрақгы, ал шунттъгқ резистор Rш өзгеріп тұрған кездегі топтас механикалық сипттамалар

Бұл топтас сипаттамалар шунттық резистордың кедергісі якорь тоғына әсер етпейтін ортақ нүктесі В бар. Бұл жағдай тек белгілі теріс бұрыштық жылдамдығы кезінде орындауға болады, яғни

(3.15)

Бұл жағдай кезінде Rш кедергісі қандай да болсын ток өткізбейді, себебі якорьдің щеткаларының арасындағы потенциалдар айырмасы нөлге тең.

Қозғалтқыш тұтынатын тоғы

(3.16)

В нүктедегі бұрыштық жылдамдықгы (3.15) тевдеуге Ія токгың мәнін қойып және Е-мен U-дың мәндерін в және 0 мәндерімен алмастырып табуға болады, яғни

(3.17)

Rк тұрақгы, ал Rш өзгеріп тұрған кезде шеткі жағдайларда 3.12-суретге қалың сызықпен көрсетілген екі сипаттаманы табамыз.

Егер де Rш = 0 болса, онда қозғалтқыш динамикалық тежеу режимінде жұмыс істейді, ал сипаттама табиғи сипаттамаға параллельді болады.

Егер де Rш =  болса, онда шунттық резистор ажыратылғандай болады, ал қозғалтқыш резистор Rқ бар реостаттық сипаттамада жұмыс істейді. Rш -ның аралык мәндері кезінде қалған сипаттамалар көрсетілген екі сипаттаманың арасында жатады.