Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МиИОУ( лаба kz).docx
Скачиваний:
44
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
340.76 Кб
Скачать

4.2 Жиілік сипаттама көмегімен беріліс функцияның коэффициенттерін анықтау

Жиілік сипаттамалар реттеу жүйелерді анализдуге және синтездеуге кең қолданылады. Сонымен бірге олар объект теңдеулерін анықтауға мүмкіндік береді.

Автоматты басқару теориясынан келесіні білеміз: егер де объект кірісіне

x(t) = A0sin(ωt),

синустік әсер берілсе, онда шығудағы сигналдың тұрақтанған мәні келесі болады

y(t) = A1sin[ωt + φ(ω)] + n(t),

мұнда n(t)  - өлшеу қателігі;

A1/ A0 =│W(jω)│;

φ = Arg[W(jω)].

   W(jω) жиілік сипаттаманы анықтау үшін әртүрлі ω жиіліктерде A0sin(ωt) синустік кіріс сигналдар беріліп, оларға сәйкес шығудағы A1sin[ωt + φ] сигналдар жазылады. Қажетті жиілік сипаттаманы алу үшін A1/A0 және φ шамалары қарастырып отырған ω әр мәні үшін анықталады. Басқа сөзбен айтқанда кірудегі және шығудағы сигналдардың жазулары бойынша ωi жиіліктегі амплитудалардың қатынастары қарастырылып, │W(jωi)| анықталады. Фазалық φ(ωi) ығысуды  x(t) жәнеy(t) қисықтарының максимумдарын салыстырып табады.

  Алынған жиілік сипаттамалар объекттің теңдеуін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістің мәнісі келесіде. Әрбір жиілік үшін нақты және жорамал жиілік сипаттамалар анықталады

                                   

                                         

 Осы мәліметтер

                

беріліс функциясының ,  коэффициенттерін анықтауға қолданылады.

 Коэффициенттерді есептеу үшін беріліс функцияның өрнегінде әдеттегідей p-ны -ға алмастырып, функцияны нақты және жорамал  бөліктерінің қосындысы ретінде жазып,  жиіліктің барлық мәндері үшін орындалатын өрнекті аламыз. Осы комплексті өрнектен, нақты және жорамал бөліктерінің коэффициенттерін теңестіріп, екі теңдеуден тұратын жүйені аламыз. Осы теңдеулерге әртүрлі ωi мәндерін қойып (жүйе квадратты болатындай санын), белгісіз коэффициенттерді анықтауға негізделген жүйені аламыз. 

  Коэффициенттердің алынған мәндерінің дәлелдеу үшін есептеулерді жиіліктердің басқа мәндерінде қайталап, екі есептеудің орта мәнін аламыз.

  Егер де объекттің ақиқат реті болжанған реттен жоғары болса, онда қайталау есептеулерде коэффициенттердің мәндерінің айырмашылығы көп болады.

4.3 Өлшеу нәтижелерін өңдеу бағдарламасы

  Беріліс функцияның коэффициенттерін анықтау үшін реті жоғары теңдеулер жүйесін есептеу қажет болады. Зертханалық жұмыста бұл үшін Delphi тілінде өңделген Lab4 бағдарламасы қолданылады. Бағдарламаның негізгі терезесі 4.1 суретте келтірілген.

Бұл терезеде жұмыс келесі тәртіппен орындалады:

ωi жиіліктердің және әр жиілік үшін анықталған амплитудалары мен фазалық ығысуларының мәндерін енгізіңіз;

 - «Рассчитать P(jω) и Q(jω)» батырмасын басыңыз, кестеде нақты және жорамал сипаттамаларының мәндері бар тағы екі жол пайда болады;

         - қайта қосу көмегімен объекттің ретін орнатыңыз;

         - ашылатын тізімдерден жиіліктердің мәндерін таңдаңыз;

         - «Рассчитать систему» батырмасын басыңыз;

          - бағдарлама терезесінің төменгі оң жағында объекттің беріліс функциясының есептелген коэффициенттерінің мәндері орнатылады.

4.4 Зертханалық жұмысты орындауға тапсырма

4.4.1 Simulink пакетінің терезесіне  Work/Objects4 папкасынан өзіңіздің  «объектті»  жүктеңіз (нұсқа бойынша).

4.4.2 «Объект» кірісіне белгілі амплитудасы бар синустік сигналды беріңіз, шығыста Scope терезесін орнатыңыз.

4.4.3 1 кестесін толтырыңыз. Ол үшін кірістегі сигналдың жиіліктерін өзгертіп отырып сәйкес шығудағы сигналдарды жазып алыңыз. Әр жиілік үшін объекттің амплитудалық және фазалық сипаттамаларын анықтаңыз.   

1  к е с т е

ωi

ω1

ω2

ω10

A(ωi)

φ(ωi)

4.1 Сурет – Тәжірибе нәтижелерін өңдеу бағдарламасының негізгі терезесі

4.3.4 Lab4 бағдарламасын жүктеңіз.

4.3.5 1 кестедегі мәліметтерді бағдарлама терезесіне орнатыңыз. P(jω) және Q(jω) есептеңіз.

4.3.6 Объект ретін 2 деп таңдаңыз, жиілік мәндерін орнатыңыз, (1) жүйесін есептеңіз.

  4.3.7 Коэффициенттердің алынған мәндерін дәлелдеу үшін басқа жиілік мәндеріне есептеулерді қайталаңыз (объект реті – 2), екі есептеулердің орта мәндерін алыңыз.

4.3.8 Объект ретін 3 деп таңдаңыз, жиілік мәндерін орнатыңыз, (2) жүйесін есептеңіз.

4.3.7 Коэффициенттердің алынған мәндерін дәлелдеу үшін басқа жиілік мәндеріне есептеулерді қайталаңыз (объект реті – 3), екі есептеулердің орта мәндерін алыңыз.

4.3.10 Объекттің сәйкес келетін ретін таңдаңыз, қалпына келтірілген беріліс функцияның өрнегін жазыңыз.

4.3.11 Simulink пакетінде алынған беріліс функциясы бар объект моделін жинаңыз. «Объект» кірісіне берілген сигналдарды модел кірісіне орнатып, бір терезеде объект пен модел шығыстарын шығарып, салыстырыңыз.