Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МиИОУ( лаба kz).docx
Скачиваний:
44
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
340.76 Кб
Скачать

3.3 Зертханалық жұмысты орындаудың тәртібі

3.3.1 Моделдерді жөндейтін Simulink терезесіне Work/Objects3 папкадан өзіңіздің «объектіңізді» жүктеңіз (нұсқа бойынша).

3.3.2 Кіріс сигнал ретінде сатылы сигналды орнатыңыз, шығудағы сигналдың графигін Scope  көріп шығу терезесіне шығарыңыз.

3.3.3 Алынған графикті қолданып әдістердің екеуімен де (а және б) бірінші ретті объектт параметрлерін анықтаңыз. Нәтижесінде беріліс функциялар түріндегі екі модел пайда болады. Осы моделдердің өрнектерін жазыңыз.

3.3.4 Қалпына келтірілген моделдер көмегімен, олардың кірістерінде қолданған сатылы сигналды беріп, шығудағы сигналдарды алыңыз (алынған диаграмманың жалпы түрі 3.1 суретте келтірілген).

3.3.5 «Объект» және моделдер көмегімен алынған өтпелі процестердің графиктерін салыстырыңыз. Моделдің қайсысының дәлдігі жоғары? Неге солай?

  3.4 Есеп беру құрамы

     Зертханалық жұмыс бойынша есеп беру келесіден тұрады:

-  зертханалық жұмыстың мақсаты және тапсырмасы;

  - Scope  терезесінде өтпелі процесс, оның графигінің жанамасы, 63% -дық белгі және тұрақтанған шама орнатылуы керек;

         - екі әдәспен анықталған беріліс функциялардың параметрлері;

  - объекттің және екі моделдің блок-диаграммалары (3.1 сурет сияқты);

         - бір терезеде шығарылған объекттпен  екі моделдің  өтпелі процестерінің графиктері;

         - графиктерді салыстыру анализі; қорытынды.

 

3.5 Тапсырма нұсқалары

         Нұсқалар Simulink пакетінің Work/Objects3 папкасынан таңдалынады.

 

  3.6 Бақылау сұрақтары

  3.6.1 Идентификация деген не?

  3.6.2 Идентификациялаудың қандай әдістері тура  әдістер деп аталады?

  3.6.3 Сызықты объектт  графикалық идентификациялау үшін қандай функция қолданылады?

            

3.1 сурет – Объект және моделдер шығуларын салыстыру блок-диаграммасы

  3.6.4 Графикалық идентификация процедурасын өткізуге  объект кіріснде қандай функция қолданылады?

3.6.5 Беріліс функцияның  k  параметрі қалай анықталды?

3.6.6 Беріліс функцияның T параметрін анықтаудың әдістерін түсіндіріңіз.

  3.6.7 Scope терезесіндегі өтпелі процестің графигіне жанаманы қалай құрдыңыз?

3.6.8 Барлық графиктерді бір терезеде орнату үшін қандай блокты қолдандыңыз?

3. 6.9 Идентификациялаудың қандай әдісінің дәлдігі жоғары? Неге?

3. 6.10 Қарастырылған идентификациялау әдісін қандай объекттерге қолдануға  болады?

 

4 Зертханалық жұмыс №4. Сызықты объектті жиілік сипаттама көмегімен идентификациялау

  Жұмыстың мақсаты: гармоникалық сигналдар көмегімен идентификациялаудың әдістерін үйрену.

4.1 Зертханалық жұмысқа тапсырма

 Зертханалық жұмысты жасау барысында студент келесі тапсырмаларды орындау керек:

- сызықты объектті идентификациялаудың жиілік әдістерін оқу [1,2,3];

- объектті идентификациялауға блок-диаграмманы құрастыру;

- тәжірибелерді өткізу; шығудағы сигналдың амплитудалары мен фазалық ығысуларын анықтау;

            - тәжірибе нәтижелерін өңдеудің бағдарламасымен танысу;

         - осы бағдарлама көмегімен объекттің АЖС және ФЖС анықтау;

- объекттің беріліс функциясының параметрлерін анықтау;

- идентификация дәлдігін анықтау.