Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МиИОУ( лаба kz).docx
Скачиваний:
44
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
340.76 Кб
Скачать

1.6 Тапсырмалар нұсқалары

1.6.1 Диірмен өнімділігінің кірудегі ағыннан тәуелділігін зерттеу. Өнімі жоғары режимдерін табу.

1.6.2 Диірмен өнімділігінің кірудегі ағыннан тәуелділігін зерттеу. Өнімі жоғары режимдерін табу.

1.6.3 Диірмен өнімділігінің кірудегі ағыннан тәуелділігін зерттеу. Өнімі жоғары режимдерін табу.

1.6.4 Диірмен өнімділігінің кірудегі ағыннан тәуелділігін зерттеу. Өнімі жоғары режимдерін табу.

1.6.5 Диірмен өнімділігінің кірудегі ағыннан тәуелділігін зерттеу. Өнімі жоғары режимдерін табу.

1.6.6 Диірмен өнімділігінің кірудегі ағыннан тәуелділігін зерттеу. Өнімі жоғары режимдерін табу.

1.6.7 Өзгеріп тұратын кірудегі ағынның w жиілігінің диірмен өнімділігіне әсерін зерттеу. Кірудегі ағын тербелістерінің ең қауыпты жиіліктерін табыңыз.

   1.6.8 Өзгеріп тұратын кірудегі ағынның А амплитудасының диірмен өнімділігіне әсерін зерттеу. Кірудегі ағын тербелістерінің ең қауыпты амплитудаларын табыңыз.

1.6.9 Кірудегі ағын    өрнегімен берілген. Өзгеріп отыратын коэффициенттің w жиілігінің диірмен өнімділігіне әсерін зерттеу. a коэффициентінің өзгерунің оптималды режимін табыңыз.

1.6.10 Кірудегі ағын   өрнегімен берілген. Өзгеріп отыратын   коэффициентінің a1 A  амплитудасының диірмен өнімділігіне әсерін зерттеу. a коэффициентінің өзгерунің оптималды режимін табыңыз.

1.7 Бақылау сұрақтары

  1.7.1 Математикалық моделдердің негізгі типтері қандай?

  1.7.2 Моделдеудің аналитикалық және тәжірибелік әдістерінің айырмашылығы?

  1.7.3 Қарастырылған процестің модел теңдеулерін шығаруға қандай сақтау заңдары қолданылды?

1.7.4 Қарастырылған процесс  моделі моделдердің қай класына жатады?

1.7.5 Модел түрінен оның динамикалық болатынын қалай анықтауға болады?

1.7.6 Simulink пакетінің міндетін түсіндіріңіз.

1.7.7 Дифференциалдық теңдеудің блок-диаграммасын құрудың ретін түсіндіріңіз.

1.7.8 Clock, Integrator,  Fcn, Gain блоктарының жасалатын диаграммадағы міндеттерін түсіндіріңіз.

1.7.9 Кіріс ағынды іске асыру үшін Clock блогы неге қажет?

1.7.10 Fcn блогының кіріс сигналы қандай әріппен белгіленеді?

2 Зертханалық жұмыс №2. Резервуардағы процестің статикалық және динамикалық сипаттамаларын зерттеу

Жұмыс мақсаты: Simulink пакетінде объекттің динамикалық сипаттамаларын моделдеу және анализдеудің дағдыларын бекіту; MatLab жүйесінің оқиғалық модельдеу Stateflow пакетінде жұмыс істеуді үйрену.

2.1 Зертханалық жұмысқа тапсырма

Зертханалық жұмысты жасау барысында студент келесі тапсырмаларды орындау керек:

   - MatLab жүйесінің оқиғалық модельдеу Stateflow пакетін оқыңыз [1,4];

- моделденетін объектпен танысыңыз;

  - қарастырылып отырған объекттің статикалық және динамикалық моделдерінің блок-диаграммаларын  Simulink пакетінде құрыңыз;

  - моделдеу интервалының әртүрлі уақыт  аралығының моменттерінде статикалық және динамикалық моделдер бойынша есептеулер өткізіңіз;

- объектті басқаруды моделдеу бойынша имитациялық тәжірибелер өткізіңіз.

2.2 Объектті бейнелеу

  Тәуелсіз кірудегі Gк(t) сұйықтық ағыны және шығудағы тәуелді Gш(t) ағыны бар резервуар зерттеу объектісі болып табылады. Шығудағы ағын төгу үшін негізделген тесіктен жоғары сұйықтық H деңгейімен және сол тесіктің кесіндісінің fк ауданымен анықталады. Резервуардағы төгу үшін негізделген тесіктен жоғары орнатылған сұйықтық мөлшері келесі өрнекпен анықталады

                       

мұнда  F – резервуардың табанының ауданы;

ρ – тығыздылық.

 Объекттің математикалық моделінің теңдеулерін құрастырғанда келесілер қолданылады:

- объекттің материалдық баланс теңдеуі:

                                                          (2.1)

- қозғалысты сақтау заңын бейнелейтін теңдеу:

                            .                                                (2.2)

         Объект күйінің координаттары ретінде резервуардағы сұйықтық H деңгейімен шығудағы Gш(t) ағынды таңдаймыз.

Объекттің статикалық моделі келесі түрде жазылады:

,

.                                                       (2.3)

Объект динамикасы келесі дифференциалды теңдеумен бейнеленеді:

          ,                                      (2.4)

мұнда Gш үшін (2.2) өрнегі орындалады.

Зертханалық жұмыста моделдеудің жалпы интервалының әр түрлі уақыттық интервалдарында статикалық (2.3) немесе динамикалық (2.4) моделдер көмегімен есептеулерді орындау керек. Объекттегі өтпелі процестер кірудегі Gк(t) және fк айнымалылардың өзгеру себебінен пайда болады.

Осы моделдерді кезегімен қосу үшін және моделдерге параметрлердің жаңа мәндерін беріп тұру үшін  Statefiow пакетті қолдану қажет.