Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sociology.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.11.2019
Размер:
67.3 Кб
Скачать

I, II-аралық бақылау сұрақтары

1.Социология дегеніміз қандай ғылым.( “Социология” термині - екі сөзден құралған: латынның socіetas - қоғам және гректің logos - сөз, түсінік, ілім деген сөздерінен. Демек, этимологиялық тұрғыдан алғанда социология “қоғам туралы ғылым” немесе “қоғам туралы ілім” дегенді білдіреді. Ғылыми таным объектісіне зерттеу қызметі бағытталатын объективті шынайылық ретіндегі нәрсенің бәрі жатады. Объект дегеніміз белгілі бір немесе ерекше қасиеті бар объективті шынайылықтың жеке бір бөлігі немесе элементтерінің жиынтығы. Және де объективті шынайылықтың бір саласының өзі көптеген ғылымның зерттеу объектісі бола алады. Мысалы, физикалық шынайылық - көптеген жаратылыстану және техникалық ғылымдардың, ал әлеуметтік шынайылық - қоғамдық және гуманитарлық ғылымдардың зерттеу объектісі)

2.Социологиялық ұғымдарының ерекшеліктері.( Конттың енгізген ұғымдары. Социологиялық динамика қоғам дамуы мен қолданылуының механизмін айқындайды. Социологиялық статика – қоғам жүйесін түсіндірумен социоинституттардың өзара қатынасы. Социологиялық ұғымдар басқа ғылымдардағы ұғымдар секілді қарастрылған құбылысттар мен үдерістердің негізгі мәнінін анықтайды. Социологияда статистикалық, операционалды, аналитикалық ұғымдар бар. Статистикалық ұғымдар статистика гылымында қолданылатын ұғымдарды социологияға бйеімдеп, нақтылай айтсақ тіптен басқа сапаға көтеріп, мәні өзгертілген ұғымдар. Мысалы, статистика ұғымдарыының мәні сандық өлшеммен беріледі, ал социологияда сапалық және адамдардың қатынастарының ерекшіліктерін ашуға бағыттайды. Егерде статистикада қарстырған үдерістің қайсысының пайыздық басымдығы жоғары болса, сөзсіз мәселе соның пайдасына шешіледі, ал социологияда бұл қағида міндетті емес. Көп жағдайда мәселенің шешілуі аздық көрсеткіштері бар жақтың пайдасына шешілуі мүмкін.

Операционалды ұғымдар көмекші, құралдық функцияларды атқарады. Мысалы, «діншілдік» терминін алсақ, ол жоғары құдіретке сену деген мағнаны білдіреді. Ал оған эмпирикалық,операционалдық іс-әрекет арқылы мағна берсек, онда ол адамның мешітке қаншалықты жиі баратынын, оның діннің мазмұнын білу деңгейін анықтау болар еді.

Ал социологиядағы аналитикалық ұғымдар болса, олар өздерінің мазмұндары мен мәндерінің жалпылығыменен ерекшеленеді, сондықтан да олар қандай болмасын қоғамның тарихи ерекшеліктеріне қарамастан қолдныла береді. Мысалы, нормалар, санкциялар, рольдер сияқты ұғымдар.

Сонымен қатар социологияның салалық бөлінуіне байланысты арнайы сол салаға тән ұғымдар қолданылады. Мысалы, еңбек социологиясы, жастар социологиясы, қала социологиясы.

Социологиялық ұғымдар социологияның макро- және микросоциология болып бөлінуіне байланысты да реттеледі.

Қорыта келсек, социология ғылымы қазіргі кезде қарқынды даму үстінде, сондықтан да оның ұғымдары да даму үдерісі үстінде.)

3.Социологиялық парадигмалардың сипаттамалары.( Парадигма деп ғылымда зерттейтін құбылысқа жалпы көзқарасты айтады. Социология ғылымының қалыптасуына байланысты өмірге келген социологиялық мектептер мен бағыттарға байланысты туындаған парадигмалар бар. Мысалы, әлеуметтік фактілер парадигмасы Э.Дюркгеймнің есімімен және де функционализм мектебімен байланысты. Ал түсінісу парадигмасы М.Вебер мен В.Паретолардың есімдерімен байланысты. Әлеуметтік-тарихи детерменизм парадигмасы К.Маркстың есімімен байланысты)

4.Социологияның өмірге келуінің саяси, әлеуметтік, экономикалық, рухани алғышарттары.( Социологияның қалыптасуының тарихи алғышарты болып буржуазиялық, капиталистік қатынтастардың, жүйенің өмірге келуімен байланысты. Нарықтық қатынас, буржуазия табы, азаматтық қоғам ұғымдары, осы кезеңге байлынысты туындады. Жаңа дәуірдегі ұлы буржуазиялық революциалар қоғам, оның құрылымы, қоғам мен жеке адам қарым-қатынастары туралы ұғымдарға түбегейлі өзгерістер алып келді. Осыған дейін қоғам деген ұғым тек аристрократия табына байланысты қолданылатын еді. Ал енді адамның табиғи құқы ешқандай әлеуметтік тапқа,топқа байланысты емес және де ол барлық тап, топ ұғымдарынан жоғары тұрады деген мүлдем жаңа түсінік өмірге келді. Міне енді осыған байланысты қоғамдағы барлық топтардың,таптардың құқықтары табиғи адам құқы ұғымы арқылы теңелді.)

5.Социологияның атқаратын функциялары.(

6.Социологияның басқа ғылымдармен арақатынасы.( Әлеуметтік философия мен социологияның зерттеу объектілерінің бір-біріне дәл келетін тұстары өте көп. Әлеуметтік философия да, социология да қоғамды тұтас, жүйелі түрде, оған енетін бірліктерін интегралдық құрылым ретінде қарастырады. Бұл осы ғылымдардың бір-бірімен ерекше тығыз байланысын анықтайтын ортақ сипаты. Алайда социологияның объектісі мен пәні нақтылырақ, қоғамның дамуын аса жоғары деңгейдегі абстракциямен сипаттайтын әлеуметтік философияның объектісімен және пәнімен салыстырғанда абстрактілігі аз. Әлеуметтік философия қоғамдық проблемаларды логикалық ой-толғаныс тізбегінде дамитын белгілі бір ұстанымдарды басшылыққа ала отырып шешеді. Социология болса басқа қоғамдық ғылымдардың нәтижелерін пайдала отырып эмпирикалық тексерілетін әлеуметтік фактілерді жинауға және талдауға, осы ғылымның шеңберінде алынған тиісті эмпирикалық мәліметтерді тұжырымдауға сүйенеді.

Егер тарих қоғамдық өмірдің барлық салаларын, жақтарын, пайда болу нысандарын зерттейтін болса, ал социология қоғамдағы “әлеуметтікті” ғана зерделейді. Тағы бір атап өтетініміз, тарих ғылымы тек болған және тарихқа енгендерді ғана зерделейтін болса, социология өз ізденістерін қазіргі заманға көбірек бұрады және өзіне қажетті элемент ретінде әлеуметтік болжам жасауды қамтиды. Социология мен тарихтың өзара қарым-қатынасы ең алдымен әлеуметтік ережелер мен қорытындылар тікелей тарихи фактілерді, тарихи тәжірибені тұжырымдауға сүйенетіндігімен айқындалады. Екінші жағынан алғанда, әлеуметтік философиямен бірге социология тарих ғылымының жалпы теориялық және әдістемелік негізі болады

Азаматтық қоғамды зерттеуде саясаттануды қызықтыратыны ең алдымен азаматтың құқықтары мен міндеттері, саяси жүйенің құрылымы мен саяси билікке қатысты (саяси) қарым-қатынастар, саяси институттар мен ұйымдардың орны, рөлі және қызметтері. Ал социология азаматтық қоғамға оның әлеуметтік құрылымын талдау, жеке тұлғаның мәртебесі, таптар және басқа да әлеуметтік топтар, ұлттар мен ұлыстар, олардың өзара әрекеті және т.б. тұрғысынан қарайды.

Егер социология өзінің пәні ретінде тұтас қоғамды зерттеуге және оның неғұрлым жалпыға ортақ заңдарын ашуға тырысатын болса, психология психикалық құбылыстарды, яғни мінез-құлықтың белгілі бір түрі тудыратын ішкі субъективті күйзелісті зерделейді. Психологияның пәні болып табылатындар - адамның мінез-құлқының ішкі қырлары, оның субъективті күйзелістері. Дей тұрғанмен де, адамдар арасындағы қарым-қатынастарда, олардың бір-біріне қатысты мінез-құлықтарында бұл қатынастардың құрамдас бөлігі болып табылатын психологиялық элемент те бар. Сондықтан да социология қоғамдық қатынастарды зерделей отырып, адамдардың себептерінің, сезімдерінің және көңіл-күйлерінің психикалық элементтерін назарға алуы тиіс. Бірақ та қоғамдық құбылыстарды тек қана психикалық құбылыстарға телу дұрыс болмас еді. Сөйтіп, социология мен психологияның байланысы олардың пәндерінің байланысынан туындайды. Ал олардың пәндерінің байланысы қоғамдық құбылыстарды зерделеген кезде психикалық элементтерді назарға алу қажеттігін ғана емес, психикалық құбылыстарды зерделеген кезде олардың әлеуметтік шарттылықтарын, әлеуметтік ортамен байланысын ескеру қажеттігін де көрсететіндігінде.

Егер де экономика ғылымы қоғамдық өмірдің бір ғана, мейлі өте маңызды саласының заңдылықтарын зерттейтін болса, социология қоғамның тұтас дамуының негізінде жататын және оның барлық, соның ішінде экономика салаларында ерекше көрініс табатын неғұрлым жалпы және кең ауқымды заңдылықтарын зерттейді.

Сонымен социология мен өзге қоғамдық ғылымдардың арақатынасы туралы мәселеде, солардың өзара тығыз байланысы, қоғамдық өмірді шынайы зерттеуде бұл ғылымдардың пәндік шекаралары сақталумен бірге, бір-бірімен қабысуы, бірақ социологияның бұл ғылымдарды жұтып қоймайтыны сөз болуы керек және солай болуға тиіс те)

7.О.Конттың социологиялық көзқарасы. (Социологияның негізін қалаушы О.Конт социологияның пәнін жалпыға ортақ келісім негізін құрайтын тұтас алынған қоғам деп түсінді. Бұл келісім өз кезегінде адамзат тарихының және адамның өз табиғатының бірлігіне арқа сүйейді. О.Конт оң социологиялық білімді табиғи-физикалық процестерге ұқсатып құрды. Социологияны әлеуметтік физика деп түсіну, оның пәндік саласын әлеуметтік статикаға және әлеуметтік динамикаға бөлу осыдан келіп шыққан.)

8.Э.Дюркгеймнің социологиялық көзқарасы.( Француз социологиялық мектебінің негізін қалаушы Э.Дюркгейм үшін дербес және ерекшеленген ғылым ретіндегі социологияның пәні әлеуметтік фактілерді зерделеу болды, оларды “заттар ретінде”, қоғамдық тұтастықты нығайтатын наным, ұжымдық сана жүйесіне қатысты функционалдылық көзқарасы тұрғысынан түсіндірілуге тиіс нәрсе ретінде қарастыру қажет. Осы тұжырымдамаға сәйкес “егер де олардың мүшелері оқшауланған кездегі әрекетінен гөрі мүлде өзгеше ойлайтын, әрекет ететін және сезінетін” [4] әлеуметтік топтарды зерделеуге тиіс. Басқаша айтқанда, оның түсінігінде социология дегеніміз әлеуметтік институттар, олардың генезисі және жұмыс істеуі туралы ғылым.)

9.К.Маркстің социологиялық көзқарасы.( Жан-жалдастық бағытты қалаушыладың бірі немістің саяси қайраткері, философ, социолог, тарихшы, экономист К.Маркс. Ол адамзат тарихын материалистік көзқарас тұрғысынан қарайтын теория жасап шығарды және де сол теорияны іске асыру үшін әлемдік деңгейде үлкен революциялық қозғалыстар жүрді. Соның нәтижесінде социалистік мемлекеттер, социалистік жүйе қалыптасқан еді. Сондай мемлекеттердің бірі КСРО болатын. Қоғамның даму негізінде таптардың күресі жатады және де ол күрестің негізгі мақсаты тапсыз қоғам орынату. Капиталистік қоғамдағы негізгі таптар болып буржуазия мен жұмысшы табы саналады, сондықтан негізгі күрес осылардың арасында жүреді. Жұмысшы табы міндетті түрде жеңіске жетеді, бірақ та олардың мақсаты билікті өздерінде мәңгілік сақтап қалу емес , керісінше таптық қоғамды жойып тапсыз, әлеуметтік біртекті әділетті қоғам орынату. Бірақта бұл теория іс жүзінде өміршең болмай небары 70 жылдай өмір сүруге ғана жарады.)

1О.Т.Парсонстың негізгі ұстанымы.( Американ социологиясының классигі Т.Парсонс социологияны мінез-құлықтардың өзара іс-әрекеттері мен атқаратын рөлдерінен - құндылықтардың жалпы иерархиясына бағытталған өзара іс-қимылдардан тұратын, мәдени үлгілер, ережелер мен мәртебелердің институциялануына негізделетін құрылымдарға сүйенетін, әлеуметтік жүйелерді зерделейтін ғылым деп біледі)

11.А.Шюцтің социологиялық ұстанымы. (А.Шюцтің пайымдауы бойынша социологияның пәні “интерсубъективтіліктің”, яғни жеке адамдар бірін-бірі қалай түсінетіндігінің, дүние туралы жалпы қабылдау мен жалпы түсінік қалай қалыптасатындығының проблемасы болып табылады. Шюцтің интерсубъективтілікті талдаулары кәдуілгі білімнің социологиялық іргетасын - феноменальді социологияның бүгінгі таңдағы неғұрлым толық жасалған тұжырымдамаларының бірінің іргетасын қалады)

12.Дж.Хоманстың социологияға енгізген үлесі.( Джордж Каспар Хоманс /1910-1989/ ,амрикандық социолог, Гарвард университетінің профессоры. Ол алмасу теориясын өмірге әкелген ғалым. Хоманс әлеуметтік құрылым ұғымынан бас тартып, оның орнына алмасудың субмәдениеті ұғымын енгізді. Әлеуметтік іс-әрекетті материалды және материалдыемес құндылықтардың алмасуы ретінде қарастырды. Алмасудың дәрежесі мен сапасы әлеуметтік қатынастардың тұрақтылығына әсер етеді. Алмасу үдерісіне қатысушылардың әр қайсысы болмасын пайдаларын өсіріп, керісінше шығындарын азайтуға тырысады)

13.Э.Гидденстің социологияға қосқан негізгі үлесі.( Энтони Гидденс /1938/ қазіргі заманның көрнекті британ социологы. Ол социологияда қалыптасқан құрылым мен іс-әрекет деп бөлінетін біржақты дәстүрді үйлестірмек болды. Оның тұжырымынша құрылым іс-әрекетсіз, іс-әрекет құрылымсыз өмір сүре алмайды. Әлеуметтік іс-әрекет құрылымдарды тудырады және де оларды жаңадан өмірге алып келіп отырады. Ол осы мәселені теориялық деңгейде шешу үшін «структурация» ұғымын ойлап тапты. Оның тұжырымынша құрылым әлеуметтік іс-әрекеттің іске араласуын қамтамасыз етеді, ал әлеуметтік іс-әрекет болса осы құрылымды тудырады. Осыған дәлел ретінде ол мысалғып тілді алады. Тіл-бұл әлуметтік құрылым, ол жеке индивиттерге тәуелді емес секілді көрінеді және оған негіз де бар. Өйткені жеке индивидтер өмірге келген кезде олар міндетті түрде қалыптасқан ережеге байланысты сөйлеп, жазып отырады. Бірақта өмірдің талабына сай тіл де өзгеріске ұшырайды. Ескі сөздер ұмытылып жаңа сөздер өмірге келеді. Ал оларды өмірге алып келген адамдар, яғни басында олар тілдің ережесіне бағынса, енді тіл адамдарға тәуелді болады.

Гидденстің пайымдауынша адамдар туғанынан әлеуметтік өмірдің тұрақтылығын қалайды. Олар да табиғат пен әлеуметтік әлемнің тұрақтылығына деген тұтыным туғанан қалыптасқан. Бұл мүмкін тәннің өз физиологиялық қасиеттерін қорғап қалу үшін қалыптасқан жағдай шығар. Сонымен қатар адамдардың арасынан қоғамдағы қалыптасқан жағдайға келіспейтіндері де кездеседі. Олар көп ойланады, өз іс-әрекеттерінің қойған мақсаттарына жете ме, жоқ жете алмады ма соны қарастырады. Егер де қол жеткізбесе, онда олар өздерінің іс-әрекеттерін өзгертеді. Ал ол дегеніміз қоғамдағы қалыптасқан қарым-қатынастарды өзгерту. Гидденстің тұжырымынша адамдардың қоғамдағы жүріс-тұрыстары билік қатынастарына байланысты)

14.П.Бурдьенің социолгиялық көзқарасы.( П.Бурдье /1930-2002/ өте көрнекті француз социологы. Әлемдік ғылыми бағалау өлшемі бойынша /табель о рангах/ ол бірінші орында тұр. Ол алғашында философия саласында, онан антропология, содан барып социологияға келген. Оның көзқарасының негізін іс-әрекет ұғымы құрайды. Теоретикалық концепцияларының негізгі идеалары- әлеуметтік кеңістік, әлеуметтік алаң /поле/, мәдени және әлеуметтік капитал, габитус. Соның ішінде габитус ұғымына тоқталайық.. Бұл ұғым арқылы ол социология ғылымында қалыптасқан бір біріне қарама-қарсы /объективтік, яғни әлеуметтік құрылым және субьективтік, яғни жеке индивидтің практикасы/ екі теоретикалық ұстанымдардың біржақтылығы шеңберінен шықпақ болды. Габитус-агенттердің түсініктерін, практикасын құрылымдастыратын және оларды тудыратын диспозициалар жүйесі, қабылдау матрицасы, мақсат қою, мәселелерді шешу, іс-әрект жасау ретінде жұмыс істейді. Габитус дегеніміз қабылдаудың, бағалаудың, топтастырудың және іс-әрекет жасаудың, практиканың нәтижесі мен индивидтің сана елегінен өтпеген /бессознательный/ әлеуметтік құрылымдарды интериоризациаландырудың біртұтас диспозициялық жүйесі.

Бір жағынан габитус-бұл индивидтке тән қабылдау, бағалау, топтастыру және іс-әрекет жасаудың ішкі схемасы. Басқа жағынан- әлеуметтік агенттердің ұғынып және өзімденіп алған интериоризациаланған әлеуметтік қатынастар. Габитус әлеуметтік институттардың ұдайы жандануына жағдай тудырады, институт құрылымы индивидтің ішкі құрылымына сіңісіп болашақ практикада ұдайы қайта туындап /воспроизводство/ отырылады. Габитуста бір тап өкілдерінің, кәсіби мамандардың, ұлттардың бағалау және ойлау тәсілі, эстетикалық талғамы, сөйлеу және жүріс-тұрыс мәнері, өмір сүру қалпы басқалардан ерекшелендіріліп нақтыланған.

Габитус әлеуметтік кеңістікте агенттің спонтанды үйренуіне және туындаған оқиғалар мен жағдайларға адекватты қыймылдауына мүмкіндік туғызады.Габитустың санадан өтпегендігі оның тәнділігімен /телесность/ анықталынады, денеге сіңілген ұстанымдар, сөйлеу мәнері, өзін ұстауы, жүрісі, стилі арнайы инкорпориаландырылған талаптарға бағыну арқылы көрінеді.)

15.Ж.Баласағұнның «Құтты білігін» социолгиялық тұрғыдан түсіну.

16.Абайдың социологиялық көзқарасы.

17.М.Әуезовтің Абай жолы романындағы қазақ қоғамының сипаттары.

18.Ш.Айтматовтың «Жәмилә» повестінің құндылықтары.

19.Алаш партиясының ұлттық ұстанымдары.( Комиссияға оқулықтан басқа да жұмыстар жүктелді. Атап айтсақ: ұлттық мектептерге арналған бағдарламалар; мұғалімдерге арналған нұсқаулар; бала тәрбиесі жөніндегі кітаптар; барлық қырғыз-қазақ мектептерінде халықтық білім беру іс-шараларының Ережелерін жасау; қазақ тілінде жазу үлгілерін енгізу; қазақ тіліне пайдалы кітаптарды, брошюраларды аудару т.с.с. Комиссия 1918 жылдың басынан жұмысқа кірісу керек. Өздері құрастырған кітаптарын, бағдарламаларын баспаға жариялап отыру қажет. Комиссия құптамаған окулықтар басылымға шығарылмайды. Комиссия жұмысына қаражатты облыстық земстволар ұлттық қордан бөлуге тиіс делінген. Міне, өздеріңіз көріп отырғандай, жаңадан құрылып жатқан «Алашорда» үкіметі алғашқы сағатынан бастап ұрпақ тәрбиесіне, ұрпақ болашағына зор көңіл бөлген. Жас ұрпақтың туған тіліне деген сауаттылығын арттыру үшін, ана тіліндегі оқулықтарды жасауға кіріскен. Бала тәрбиесіне, оқуына осындай қиын заманда жаңаша бетбұрыс, бұл болашаққа деген сенім еді. Білімді жастар, еліне салауатты да сауатты қызмет етеріне деген үміт болатын-ды [9]. Орынбордан қайтып оралған бойында Жаһанша, Халел Досмұхамедовтер қазақтың батыс аймағын басқаратын үкімет құруға кірісті. «Ойыл уәлаяты» уақытша үкіметі – XX ғасырдың басында Жайық өңірінде орнаған мемлекеттік-автономиялық құрылым. Ол 1918 жылдың мамыр айының соңында Жымпитыда өткен ІҮ Орал облыстық қазақ сиезінің қарарымен құрылды. «Ойыл уэлаяты» уақытша үкіметінің атқарған істері: жерге жекеменшікті жойып, оны халықтың меншігі деп жариялады; халық сайлаған уәлаяттық, уездік соттар іске кірісті; ақша-финанс жүйесі жасалынды; халыққа өз саясатын жеткізу, түсіндіру үшін газет шығарылды (оның редакторы болып Ахмет Мәметов жұмыс атқарды. Ол М.Мәметованың әкесі, көрнекті Алашорда қайраткерлерінің бірі); жерді пайдалану, салық, дін, сот, білім, әскер істері жөнінде қаулы-қарарлар қабылдады.

Осыған қоса, іс-қағаздарын ана тілінде жүргізу туралы мәселе айқын жолға қойылды. Білім беру ана тілінде болуы керек делінген. Басылымдардың қазақ тілінде болуына ерекше назар аударған. Алаш партиясы мен Алашорда үкіметі  ұсынған ұлттық идеяның негізгі ұстанымдары қандай болды?. 1. Олар таптық бөлінуді (бай, кедей, орташа) қолдамаған. 2. Жерді сатуға қарсы болған. 3. Жердің асты мен үстіндегі байлық қазақтың төл меншігі  деген. 4. Бір тоқтының жүнінен бір жапырақ бұл тоқылатын болса, ол алдымен қазақтың үстінен табылсын! 5. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болсын!. 6. Мемлекет құруда ұлттық салт-дәстүрді сақтай отырып дамыған Жапония елінің тәжірибесі қолданылсын!)

20.М.Мақатаев поэзиясындағы тұлғаның сипаттамасы.

21.Адам, жеке адам,кісі, тұлға ұғымдарының айырмашылықтары.( индивид пен адам, қоғам арасындағы ортақ қатынасты социология ғылымы қарастырады. Енді, тұлға ұғымына келсек. Тұлға, индивид, адам жақын ұғымдар болғанымен, әр түрлі ғылым объектілері болып табылады. Адам жер бетіндегі эволюциялық дамудың биологиялық және әлеуметтік қатынастарда біріктірілген күрделі түрі болып табылады. Әр жеке адам индивид, ол қайта тумайды. Индивид – адамзат ұрпағының бір өкілі деген түсінік биологиялық тұрғыда да қарастырады. Себебі, индивид тек қана қоғамдық қатынастар мен әлеуметтік институттар жүйесін де ғана тұлға бола алады.

Бұл тұжырымдарды былайша қорытындылаймыз: тұлға - әлеуметтік қатынасқа түскен индивид. Бұл анықтама аксиома болып табылмағанымен, әлеуметтік тәжірибе мен әлеуметтік қатынастар негіздері көбіне осы анықтамаға сүйенеді. Адамзат қоғамында дүниеге келген бала бірден қоғамдық қарымқатынасқа түсіп, ол күннен күнге кеңейіп, тереңдей береді. Ал жануарлар ортасында өскен адамзат баласы сол қалпы тұлға болып қалыптас алмайды. Әр адам тұлға болу құқығына ие бола тұра белгілі бір дара тұлға болуға ұмтылады)

22.Тұлғаны социологиялық тұрғыдан қарастыру.

23.Дәстүрлі қоғамның сипаттары.( Бұрын өмір сүрген қоғам түрлерінің барлығын Вебер (оның артынан - қазіргі заман социологтарының басым бөлігі) дәстүрлі деп атады. Дәстүрлі қоғамдардың маңызды белгісі - оның мүшелерінің көпшілігінің әлеуметтік іс-әрекеттерінде формальді-ұтымды бастаудың болмауы және өзінің сипаты бойынша іс-әрекеттің дәстүрлі түріне неғұрлым жақын әрекеттердің басым болуы).

24.Өзіндік және әлеуметтік идентификацияның айырмашылықтары.( Дара адамның жеке адам санатына көтерілуі үшін маңызды факторлар: идентификация, яғни дара адамның өзін басқа адамдармен теңестіре, қоғам талабына сай болу ниетімен қалыптасып бару % - ы; персонализация – қадірі барын түсіне білу; сонымен бірге, нақты әлеуметтік топта өзінің кісілік мүмкіндіктерін іске асыра алуы. Басқа әлеумет мүшелерімен жеке адам өз «мені» негізінде қатынас түзеді. Ғылымда «жеке адамдық рефлекция» деп аталған бұл «мен» ұғымы өз ішінде әр адамның өз жөніндегі танымын сезе білу сияқты сапаларын қамтиды. Жеке адамның өзіне өзі берген бағасының астам не төмен болуынан сол адамның ішкі жан арпалыстары келіп шығады. Қалай десек те тұлға туралы әркім ә түрлі түсінік берген. Қ. Жарықбаевтың айтуынша, жаңа туған нәресте «адам» деп аталғанымен, «тұлға» деген атқа көпке дейін иебола алмайды. Өйткені, кісі болып, ер жету үшін бала оңы мен солын, өзінің «менін» басқа «мендерден», яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс [53 бет, ]. Сондықтан да нәресте, сәби, бөбектерді кісі, тұлға деп айту қиын. Есейіп, ер жетіп, өз бетінше әрекет ете алатын адамды ғана кісі не тұлға дейміз. Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды – көпті өмір тәжірибесі, білімі мен дағдысы, икемі, дүниетанымы, сенімі мен талғам – мұраты, бағыт – бағдары бар адамды тұлға деуге болады. Мінез, қабілеті бірсыдырғы қалыптасып үлгерген, өзінің іс – йрекетін тізгіндей білетін, өз бойындағы жаман – жақсы қылықтары үшін жауап бере алатын жақсы, озық, ерен, топжарған түрлерімен қатар, жауыз, керітартпа, бұзық, қасқай т.б. толып жатқан өкілдері бар болады. Мәселен, бүкіл әлемді қан қақсатқан Гитлер адамзтқа жаны қас жауыз тұлға. Имандылықтың ерекше бір көрінісі халқымыз ерекше қастерлейтін кісілік ұғымы, тұлғаның аса өнегелік түріне жатады. Бай тілімізде «Он үште оттау иесі» (қыз бала үшін), «Он бесте оттау иесі» (ұл бала үшін) дейтін аатлы сөз бар екені де хақ. Осы жасқа келгенде бал дәурен балалық шақ аяқталады. Бұл - өмір талабынан, ауқымы кең тыныс – тіршіліктен туындайтын құбылыс. Халқымыз кез – келгенді кісі деп атай бермей, оның имандылық пен адамгершіліктің басты белгісі, ес жиып, етек жабу нәтижесінде біртіндеп қалыптасатын адамның азаматтық ар – ожданы, кісілік, кескін – келбеті, адамшылықтың өлшемі деп түсінген. Кісіліктің түрліше деңгейі болады. Оның жаман, жақсысы, көргенді, көргенсізі, өнегелі, өнегесізі, т.б. түрлері болады. Жұрт имандылықты бойына дарыта білген пенделерді ғана пір тұтқан. Адамгершілігі төмен, не одан жұрдайларды «имнасыз», «көргенсіз» деп иттің етінен жек көрген. Ондайлар кінәлі әрі күнәлі деп саналып, ерте ме, кеш пе жазасын тартатын болған. Кісіліктің басты белгілерінің бірі – ол ұятқа кір келтірмеу, намысты аяққа баспау. Қазақта «жарлы болсаң да, арлы бол» деген сөз осыған орай айтылған. Ар – ұяты бар кісі ғана биязы, ақжарқын, иманжүзді, ақыл – парасатты келеді. Халық түсінігінде мінез – құлықтың әр түрлі жағымды жақтары «кісілік» ұғымының төңірегене топтасады. Кісліктің басты белгілері: ар – ұятты қастерлеп сақтау, намстылық, мейірімділік пен қайырымдылық, ізеттілік, адамдақ пен шыншылдық, ілтипаттылық пен кішіпейілділік. Қазақ дәстүріндегі үлкенді сыйлау, оның алдынан кесе өтпеу, оған міндетті түрде сәлем беру, үйге келгенде төрден орын беріп, кісінің көңіл күйіне қарап орынсыз сөзге араласпау кісілікке жарасымды қасиеттер. Сондықтан адамның жеке басының психологиясын ұғыну үшін ең алдымен оның әлеуметтік жағдайын, яғни оның қандай қоғам мүшесі, қандай топтың өкілі екендігін, нақтылы кәсібін, білімін, іс – тәжірибесін білуіміз қажет. «Әлеуметсіздік, - дейді Х. Досмұхамедов (1883-1939), - қазақта ұлт тіршілігі, ұлт мемлекеті болуға мүмкін емес. Оңдыәлеуметтілік құру үшін елдің өткен – кеткен тұрмысын, бұрынға болған әлеумет қимылдарын тану керек» [53 бет, ]. Адам өмірі нақты тарихи - әлеуметтік аймақта жүріп жатады. Дүниелік жағдаяттар өндіру ерекшелігі, тұтыну аймағы, әлеуметтік қатынастар адамның тұрмыс салтын анықтап, оның тұрақты қылық әрекеттерін белгілейді [103 бет, ]. Әрқандай жеке адам өзінің өмірлік салтын жеке құндылық бағыттарына орай тіршілік жағдайларын өзгертудің, қайта құрудың жалпыланған, тұрақты тәсілдер жүйесін түзіп барады. Осыдан адамның тұрмыс, тіршілік салты оның жалпы өмір сүру, қоғамдағы өз орнын иелеудің бағдарына айналады. Әлеуметтік құнды салт – бағыттан адамның жоғары инабатты, жасампаздық өмірі, рухани – этикалық, рухани – эстетикалық дүниетанымытуындайды. Адам өмірі, осыдан, бір мезеттік ықпалдар билігінде қалып қоймай, ішкі заңдылықты ниет – себептер жүйесін арқау етеді, өзінің әлеуметтік мәнді, мағыналы мұраттарын барластыра, саналы бағытта жасау мүмкіндігін алады [58 бет, ]. 1.2 ӘЛЕУМЕТТЕНУ ҰҒЫМЫНЫҢ МӘНІ Жеке К. Маркстің байқауынша, жеке адам – «барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Яғни жеке адам тарихи - әлеуметтік жағдайдың жемісі. Ол әлеуметтік ортада (белгілі қоғамда, ұжымда) ғана қалыптасады». И. С. Кон социолизацияны барлық әлеуметтік және психологиялы % - дің жиынтығы деген. Ол дегеніміз, жеке адам білімді жүйелі түрде меңгеруді, оның нормалары мен құндылығынн, оған қоғамның мүшесі ретінде жұмыс істеуге құқық береді. Адам - әлеуметтік тұлға. Ол өмірге келгеннен бастап әр түрлі әлеуметтік әрекеттестіктерге кіргізіледі. Адам тілі шықпастан бұрын ол әлеуметтік қатынасқа ие болады. Әлеуметтік үрдіс адамдардың қатынасы және бірлескен қызметтерімен тығыз байланысты, психологиялық көзқараспен қарағанда әлеуметтану механикалық бейнелеу сықылды қаралмайды. Әр түрлі тұлғалар бірдей жағдайлардан әртүрлі әлеуметтік тәжірибе шығара алады. Арнайы әлеуметтік институттарға ең маңызды функцияларының бірі болып әлеуметтік тұлға, оған қатысты мектеп, кәсіби оқу орындары, техникумдар, балалар және жастарға арналған ұйымдар жатада. Жанұя - әлеуметтік тұлғаның ең маңызды ролін атқарады. Осыған байланысты, тәрбие мен әлеуметтенуде қалай ұғыну да болады. Тәрбие шын мәнінде басқарушы және мақсатқа бағыт беруші әлеуметтені үрдісі. Әлеуметтану бірінші, екінші болып бөлінеді. Бірінші әлеуметтану көп нәрсені көрсетеде. Оқуға қарағанада әлеуметтану үрдісі ер жеткенге шейін тоқталмайды. Өзінің даму қарқынымен әлеуметтану ұлғасы анықталмаған соңғы үрдісімен байланысты және де осы үрдіс адамның отногенезінде тоқтатылмайды. Осыдан келіп мынандай шешім қабылдауға болады. Әлеуметтану – ешқашанда тоқтамаумен қатарешқашанда толық болмайды. Мүмкін біреулер бұл жерде писсимизм негізін көріп тұрған болар [32 бет, Геан]. Әлеуметтану - меңгеру және ұдайы өндіру тұрғысынан жеке адамның әлеуметтік тәжірибесін өмірден көрсетеді. Әлеуметтану үрдісінің негізі оның, яғни адамның біртіндеп әлеуметтану тәжірибені меңгеруі және әлеуметке бейімделуі үшін қолданады. Мұндай меңгеру арнайы және дәл сол бағытта, тура, нақты жүргізіледі. [13 бет, ]. Әлеуметтік бейімделу адамды өмір сүруге және басқа адамдармен, нәтижелі қарым – қатынас жасау үшін қолданылады. Ол тікелеу әлеуметтік бақылаумен байланысты, өйткені ол өз құрамына білімнің меңгеруін, нормаларын, қоғамның құндылығын біріктіреді. Әлеуметтік тек екі түрде, яғни оның диалектілік бірігуіне және әлеуметтік тәжірибенің ұдайы өндірілуін ғана қарастырмай, оны арнаый бірлестік және дәл бағытта әсер етуі адамның дамуына қоғамдық қатынастың субъектісі ретінде қарастыру керек. [102 бет, ]. Адам әлеуметтік тәжірибені меңгеру және ұдайы өндіру барысында екі түрге ие болады: объектілі және субъектілі әлеумет. Б. Г. Ананьев өзіне бағытталған әлеуметтік нысан ретінде адамдаы анықтайды. Ол ең алдымен адамды оның ішкі көзқарасы тұрғысынан қарастырмай, яғни қоғамдық қатынастың субъектісі оетінде емес, барлық әлеуметті күштер мен құбылыстардың жиынтығына мінездеме беріп, оған әсер етуші сырт күштеріне сипаттама беру керек деген. [203 бет, ]. Басқаша айтқанда, адамды қоғамның даму объектісіретінде қарастырып, ал оның субъект ретінде қоғамның дамуының тұрғысынан ішкі орнауын түсінуіміз керек. Әр тарихи кезең әлеуметтанудың ерекшеліктерін берілген деңгейде оның факторларына байланысты анықтайды. [93 бет, ]. Қазіргі кездегі әлеуметтанудың ерекшеліктері Қазіргі кездегі әлеуметтанудың өте бір үлкен ерекшелігі, оның басқа кезеңдермен салыстырғандағы ұзақтылығы болып саналады. Балалық кезең алғашқы әлеуметтанудың кезеңдері сияқты белгілі бір мөлшерде, өткен дәуірлермен салыстырғанда ұзарады. Жалпы, балалық шақтың статусы (жағдайы, күйі) өзгереді. Ертеректе оны өмірге дайындық ретінде ғана қарастырса, қазіргі кезеңде қоғамда оған ерекше кезең ретінде қарайды, яғни ересек адамның өмірі мен тең құқылы деп қарастырады. Бұндай көзқарас өткен дәуірлерге қарағанда, қазіргі кезде бала өміріне аялаушылықпен қарауды талап етеді. Сондай – ақ бала өмірі мен құықығын қолдайтын заңдар пайда бола бастады. Ол халықаралық деңгейге енеді. Көптеген балалардың тағдырлары туралы тарих көп біледі, яғни туған анасы өз баласын балар үйіне тастап кету, басқа адамға сату, құлдыққа беру, т.б. жағдайлар. Қоғамда, яғни оның қалыптасу кезеңдерінің бас кезінде балаларды асырай алмау (киім, тамақтың болмау) нәтижесінде өлтіру деген көп болып кеткен. Бала бұл өлкен елдің кішкентай азаматы. Ол белгілі бір мәдениетттің дамуының түрі. Негізгі орында қазіргі кездегі әлеуметтану тұрғысынан білім мен мамандық алады. Адамның әлеуметтану үрдісінің тұрғысынан дамуы әлеуметтану үрдісі кезінде адам қоғамдық қатынас ретінде субъектілі және объектілі болып көрсетіледі. А. В. Петровский адамның дамуының 3 түрін көрсетті: бейімдегіштік, интеграция, индивидуализация.)

25.Қазақстандағы социология ғылымының қалыптасуы.( Қазақстан социологиясының жай-күйі айтарлықтай жылдам өзгеруде. Социология қоғамның іргелі әлеуметтік проблемаларын зерделеуге еніп, толыққанды әлеуметтік ғылым мәртебесін алуда. Социологияның алдында бұрынғыдан да күрделі мәселелер тұр. Олардың ішінде - дағдарыстан шығу жолдарын іздестіру, маңызды мақсаттарға - республиканың шынайы тәуелсіздігіне, қоғамдық бастамалардың нығаюына, құқықтық мемлекет құруға, жаңа технологиялық, құрылымдық, институционалдық негіздегі толыққанды ұлттық нарықтың қалыптасуын қамтамасыз етуге, түбегейлі әлеуметтік-экономикалық және құқықтық реформаларды және т.б. жүзеге асыруға қол жеткізу проблемалары бар. Социологияның басты назарында жалпыұлттық идеологиялық басымдықтарды жүзеге асыру - ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету, ұлт ішіндегі бірлікті нығайту, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, қоғамда жоғары тілдік мәдениетті, тұрақтылық ахуалын және азаматтық келісімді берік орнату шарттарын зерттеу мәселесі тұр. Бұл кәсіби деңгей мен азаматтық жауапкершілікке аса жоғары талаптар қояды. Қазақстандағы социологиялық көзқарастардың қалыптасу процесі Батыс Еуропада социологияның ғылым ретінде қалыптасуымен қатар жүрді. Қазақ ойшылдарының теориялық мұраларын шартты түрде үш бағытқа бөлуге болады. Бірінші бағыт Ыбырай Алтынсариннің, Шәкерім Құдайбердиевтің, Ахмет Байтұрсыновтың (1873 - 1938) білім (білім беру) социологиясы саласындағы еңбектерімен және қызметімен байланысты. Олар білімді, оның әлеуметтік маңыздылығы мен құндылығын насихаттауды мақсат етті. Ыбырай Алтынсарин бұл проблемаға адам жасының психологиясы мен әлеуметтік педагогика тұрғысынан қарады.)

26.Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет ұғымдары.( Қазіргі заманғы зерттеушілердің әйелдер проблемаларына ерекше ықылас қоюы азаматтық қоғам принциптері мен құқықтық мемлекет құндылықтарын қалыптастырумен анықталады. Қазіргі кезде әйел проблематикасы социология, экономика, философия, демография, саясат тану және т.б. сияқты әлеуметтік ғылымдардың қолданбалы зерттеулері аясынан өзінің пәні мен мазмұны бар елеулі, іргелі зерттеулер аясына ауысуда. Әйелдердің әлеуметтік жағдайын зерделеудің жаңа кезеңі әлеуметтік процестерді түсінудің базалық талдау жасау құралы ретіндегі гендердің тұжырымдамасына негізделген. Бұл тұжырымдама әлеуметтік феминология мен гендерлік зерттеулердің әдістемелерінде қаланған. Гендерлік талдау ерлер мен әйелдердің қоғамдық өмірдің жеке салалары мен бөліктеріндегі (атап айтқанда экономикалық және еңбек салаларындағы) айырмашылығы мен ұқсастығының шеңберін, қызметіндегі, қабілеттеріндегі және мүмкіндіктеріндегі ортақтықтар мен ерекшеліктерді айқындауға мүмкіндік береді.

Әйелдердің жаңа әлеуметтік шарттарға әлеуметтік бейімделу проблемалары, жұмыспен қамтылуы, отбасындағы орны мен рөлі әйел еңбегінің сипаты, қоғамдағы әйелдер мен ерлердің рөлдері туралы ұғымдардың стереотиптері, қоғамдық өсу мүмкіндіктері тұрғысынан қарастырылады. Жұмыстарда өлшеудің берілген өлшемдерінің өзгеру динамикасы, олардың қазіргі заманда басқаша түсіндірілуі келтірілген. Зерттеушілер әйелдердің жұмыспен қамтылуының әлеуметтік саясатының бұрынғы негіз қалаушы принциптерінен меншік нысандары мен әлеуметтік-еңбек қатынастарындағы түбегейлі өзгерістерге сәйкес келетін тең мүмкіндіктер стратегиясына көшу, әйелдерді әлеуметтік қорғау жүйесіне өзін-өзі қорғау принципін енгізу қажеттігі бар деп есептейді.)

27.Әлеуметтену процесі.( Әлеуметтену процесі негізгі өмір тізбектері деп аталатын сатылардан өтеді. Бұл балалық, жастық, ересектік және қарттық шақ. Әлеуметтену процесінің нәтижеге жетуі немесе аяқталуы бойынша балалық пен жастық кезеңдерді қамтитын бастапқы, немесе ерте әлеуметтенуге және басқа екі кезеңді қамтитын жалғасқан әлеуметтенуге бөлуге болады. Өмір тізбектері әлеуметтік рөлдердің алмасуымен, жаңа мәртебеге ие болумен, зиянды әдеттерден, айналасындағылардан, достық байланыстардан бас тартумен, өмір салтын өзгертумен байланысты. Ескі құндылықтарды, нормаларды, рөлдер мен мінез-құлық ережелерін ұмыту әлеуметсіздену деп аталады. Содан кейінгі ескі құндылықтардың орнына жаңа құндылықтарға, нормаларға, рөлдер мен мінез-құлық ережелеріне үйрену қайта әлеуметтену деп аталады)

28.Әлеуметтенудің негізгі агенттері.

29.Социологиялық зерттеудің түрлері.( Пилотаждық зерттеу-нақты социологиялық зерттеудің қарапайым түрі. Бұл зерттеудің түрі ұйымдасқан тапсырмаларды шешу үшін және кішкене ғана объектімен жұмыс істеу үшін арналған. Оны ажырататын белгілер: жеңілдетілген бағдарлама, әдіс және көлемі жағынан шағындығы.

Экспресс-сұрау – пилотаждық зерттеудің түрі болып саналады. Бұл көбіне ақпаратты тез жинау үшін қолданылады. Баяндық зерттеу (описательное) - социологиялық талдаудың тереңдетілген түрі. Зерттеу нысаны болып үлкен қоғам қарастырылады. Зерттеу барысында ақпараттың көлемінінің үлкендігіне байланысты, жиналған ақпарат арнайы бағдармала арқылы компьютерде өңделеді.

Аналитикалық зерттеу-социологиялық зерттеудің ең қиын және ең терең түрі. Баяндық зерттеу түрімен салыстырғанда, бұл зерттеудің түрі шиеленістің шешу жолын ғана іздеп қоймай, оның неден шыққанын, қалай пайда болғанын да зерттеуге де шамасы жетерлік. Бұл зерттеу түрі өте үлкен қоғамдарды зерттеуге көмектеседі. Мәселен, қала, аудан, республика, мемлекет көлемінде жүргізіле береді. Бұл зерттеу түрінде эксперимент те қолданылады. Мысалы: бұл ақпараттың түбіне жету үшін, социолог бір анық ситуацияны алады. Себебі, бұл арқылы байланыс факторларын таба алады. Бұл зерттеу түрін экспериментальды деп те атауға болады.)

30.Сауалнама.Сауалнама сұрақтарының түрлері?( Репрезентативті зерттеу деп іріктелген жиынтықтың тексерім белгілері 5% аспайтын ауытқушылықтары бар зерттеу аталады. Социологтардың жұмыс тәжірибесі қарапайым заңдарға сүйене отырып сеніммен репрезентативті сауалнамалар жүргізуге рұқсат береді. Пилотажды сауалнама кезінде аз басты жиынтықтың (мысалы, 100-250 адамға дейінгі факультет аясында) репрезентативті болып салып саулнама саналады. Оқу орнының аясында студенттердің 25% -н сұрау жеткілікті. Социологиялық талдаудың әр түрлі құралдары ішінде сауалнама - ең көп таралған болып табылады. Социологиялық сауалнама - бұл талдау объектісі мен пәнінің сандық-сапалық сипаттамасын анықтауға бағытталған, бірыңғай зерттеу ойымен біріктірілген сұрақтар жүйесі.

Мысал ретінде қоғамдық пікір мониторингін жүргізу үшін қралдар жиынтығының құрылуын қарастырайық. Мониторинг режимінде зерттеу жүргізу келесі талаптарға сәйкестілікті белгілейді:

  1. сұрақтар айқын тұжырымдалып, респондентке түсінікті болуы тиіс; оның есте сақтау мен хабардарлығы мүмкіндіктерінен аспау керек;

  1. негізгі сұрақтар блогы бүкіл мониторинг бойы өзгертілмей қала береді;

  1. сауалнамада ұсынылған сұрақтар мен жауаптардың нұсқалары тым көп болмауы керек;

  1. сұрақ қағазы мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалады, сұрақтар жағымсыз эмоция тудырып, респонденттердің намысына қол тигізбеуі қажет.

Сауалнама - бұл респондентпен әңгімелесудің өзінше бір сценарийі. Сондықтан, сауалнаманың бірінші бетінде респондентке қысқаша үңдеу орналасып, онда зерттеудің тақырыбы мен мақсаты, сұрақ қағазын толтыру бойынша нұсқау көрсетіледі.

Мысал:

Қымбатты “n”-лық!

Сізді республикадағы қоғамдық өмір проблемалары жөніндегі сұрауға қатысуға шақырамыз. Әрбір сұрақ пен оның нұсқаларын мұқият оқыңыз. Сәйкес келетін жауаптың кодын домалақпен айналдыра сызыңыз. Құпиялылыққа кепілдік беріледі.

Қатысқаныңыз үшін алдын ала алғыс білдіреміз!

Сауалнаманың ең басында респондентті қызықтырып, жағымды эмоциялық жағдай туғызатын ең қарапайым сұрақтар орналасады.

Республикадағы мониторинг режимінде жүргізілетін социологиялық зерттеулердің құралдар жиынтығында көбінесе сұрақтардың жабық және ашық араласқан типтері орын алады. Мысалы, осы мысалда жауаптың соңғысының алдындағы нұсқасы өз бетінше толтыруды қажет етеді.

Мысал: “N” қаласының қоғамдық өмірінің қандай мәселелері Сізді көбірек алаңдатып отыр ?

1. нашар экологиялық жағдай

2. тағам өнімдері мен ең керекті тауарларға жоғары бағалар

3. коммуналдық қызмет көрсетуге бағаның өсуі

4. жұмыссыздық қауіпі

5. қылмыстың өсуі, жеке қауіпсіздік мәселелері

6. басқалар (көрсетіңіз) _______________.

7. жауап беруге қиналамын

Жауаптардың шүбасыздығын көтеруге бірқатар әдістемелік талаптардың сақталынуы көмектеседі: респондент жауаптан бас тарту, жауап беруге қиналамын, бағалау қиын (жоғарыдағы мысалды қараңыз) деген анықталмаған пікір білдіру мүмкіндігімен қамтамасыз етілуі тиіс.

Сауалнаманың едәуір көлемінде сұрақтар блок бойынша орналасады:

Мысал:

1.“N” қаласында әлеуметтік-экономикалық жағдайларды бағалау;

2. халықтың қалалық әкімшілік қызметіне көзқарасы;

3.қалалық билік құрылымдары басшыларының рейтингін анықтау

Сауалнаманы толтыру техникасы бойынша нұсқаулық тапсырмалардың да үлкен маңызы бар:

Мысал:

Сіз болашақта басқа қалаға тұрақты тұруға ауысқыңыз келе ме?

1. Иә

2. Әлі шешкен жоқпын

3. Жоқ (( 3 сұраққа көшу)

4. Жауап беруге қиналамын ((3 сұраққа көшу)

Құралдар жиынтығына қойылатын талаптардың бірі оның жеңіл оқылатындығы болып табылады. Сондықтан, сауалнаманың дайындалуына ерекше көңіл аудару керек: шрифт, мәтіннің қағазда орналасуы, қағаздың сапасы, кестелердің ажырауы және т.б.

Сұрақ қағазының соңында “шағын төлқұжат” орналасып, онда респондент (немесе сұхбат алушы) әлеуметтік-кәсіби өлшемдерді белгілейді. Сауалнама респондентке үндеумен басталады, алғыс айтумен аяқталады.

Мысалы:

Өзіңіз туралы айта кетсеңіз:

Сіздің жасыңыз:

Ұлтыңыз:

1.18-ден 30-ға дейін

1. қазақ

2. 31-ден 45-ке дейін

2. орыс

3. 46-дан 60-қа дейін

3. өзге ұлт өкілі (қандай екенін көрсетіңіз)______

4.61-ден және жоғары

Қатысқаныңыз үшін рахмет!

Анықтауды қажет ететін респондент өлшемдерінің саны зерттеудің талдамалық міндеттеріне байланысты. Болжамда зерттеуші мынадай болжам жасайды дейік: қалалық билік органдарының қызметін бағалау белгілі бір дәрежеде респонденттің білім деңгейіне, әлеуметтік мәртебесіне байланысты болады. Бұл жағдайда, тиісінше сауалнаманың “шағын төлқұжатына” білім мен әлеуметтік-кәсіби жағдайына қатысты сұрақтар енгізіледі.)

31.Сұхбатнама. (Өткізілу технологиясы бойынша терең сұхбатты нарративтік (narratіve - әңгіме, хикая), жартылай құрылымдық және фокустық деп бөлуге болады.

Нарративтік сұхбат - сұхбат алушының ешқандай араласпауынсыз респонденттің еркін әңгімесі. Мұндай жағдайда баяндаудың толық еркіндігі респондент үшін ең маңызды сәттер жөнінде ақпарат алуға мүмкіндік береді деп белгінеді. Нарративтік сұхбатты қолдану әсіресе респонденттің жеке қабылдауы, оның сезімдері маңызды болған жағдайда өзін ақтайды. Қолданбалы социологиялық және маркетингтік зерттеулерде нарративтік техника өте сирек қолданылады.

Жартылай құрылымдық сұхбат айтарлықтай кең таралған. Ол гайдтың біршама жоғары деңгейдегі құрылымдылығымен ерекшеленеді. Онда стандартты, өлшенетін ақпарат алуға бағытталған сұрақтар кездесуі мүмкін. Сонымен бірге, формализмге негізделген сұрауға қарағанда жартылай құрылымдық сұхбат респондентке ыңғайлы әңгіме барысын бұзбау үшін кейбір сұрақтар реті мен жорамалданған жауаптар көлемінен ауытқуға жол береді.

Жалпы, сұхбат алушыдан гайдтың барлық сұрақтары бойынша ақпарат алу талап етіледі.

Фокустық сұхбат әңгіме барысында зерттеу мақсаттары тұрғысынан ең маңызды проблемаға әрдайым назар аударып отыруды білдіреді.

Стандартты емес сұхбат іріктеудің аса үлкен емес көлемінде - 20-дан 100-ге дейін адам болғанда жүргізіледі. Бұл әдістің қымбаттылығымен, сол сияқты ақпаратты жазу мен өңдеудің қиындығымен байланысты. Терең сұхбатта, әдетте, аудио және бейнежазба қолданылады.

Терең сұхбатта сұрақнама гайд деп аталады. Бұл сауалнамадан гөрі, әңгіме жоспары болып табылады. Егер сауалнаманың құрылымдық бірлігі - сұрақ болса, гайдтікі - тақырып болады. Тақырыптар сұрақ немесе баяндау сөйлемдерімен көрсетілуі мүмкін.

Егер құрылымдық сұхбатта бір сұрақтың екінші сұраққа “қысым жасамауы” үшін сұрақтардың дәлме-дәл логикалық орналасуынан құтылу ұсынылса; еркін сұхбатта формальді логиканың ережелері толық көлемде қызмет жасайды. Сұрақтар бір-бірінен, жекеден жалпыға немесе жалпыдан жекеге беріліп отыруы тиіс.

Сұхбат алушының жүріс-тұрыс үлгісі таптаурынды болып келетін стандартты сұхбатқа қарағанда еркін сұхбатта суырып салма маңызды. Бірақ бұл сұхбат алушының респонденттің жауаптарына ықпал ету қауіпін одан сайын ұлғайта түседі. Мұндай ықпалды төмендетудің күрделі әдістемесі жасалынған. Ол кішігірім арнайы проблема болғандықтан аталмыш оқулықта қарастырылмайды).

32.Контент- талдау. Құжаттарды талдау тәсілдері.( Контент-талдау – маркетингтік зерттеуде кеңінен қолданылатын әдістердің бірі. Контент-талдау арқылы ақпараттың әлеуметтік мазмұнын сандық әдіспен зерттеу жүзеге асады. Контент-талдау жасау кезінде үрдіс немесе құбылыстың өзіндік қасиеті, белгілері, жағымды, жағымсыз жақтары анықталады. Сондай-ақ оның барлық болмысы белгілі бір әлеуметтік ақпаратта айқындалады.)

33.Бақылау және оның түрлері.( Социологиялық бақылау өзінің әр түрінде зерттеушіге сандық, сол сияқты сапалық, кейде екеуінің бір жиынтығында ақпарат береді. Ақпарат жинау процестер мен құбылыстарды визуалды және есту арқылы қабылдауға негізделген. Бақылаудың ерекше белгісі оны әдетте басқа әдістермен бір жиынтықта пайдалану болып табылады.

Бақылауды әдетте, рәсімнің формализмге негізделу деңгейі, бақылаушының орны, ұйымдастыру жағдайлары, жүргізудің жүйелілігі бойынша жіктейді. Бірінші негіздеме бойынша бақылау стандартты және стандартты емес болып бөлінеді. Стандартты бақылауды арнайы жоспар бойынша зерттелетін объектінің алдын ала анықталған элементтерінің тіркелуін білдіреді. Стандартты емес әдістемеде мұндай жоспар жоқ, зерттеу мақсаттары үшін маңызды жәйлар бақылау процесінің өзінде айқындалады.

Бақылаушының зерттеу объектісіне қатысты жағдайына орай бақылау енгізілмеген және енгізілген (қатысушы) болуы мүмкін. Енгізілмеген бақылау кезінде зерттеуші зерттелетін объектіден тыс тұрады. Ол оқиға барысына енгізілмейді және сұрақтар қоймайды. Енгізілген бақылауда зертттеуші бақыланушылармен тікелей байланыста болады, олардың іс-әрекетіне қатысады. Енгізілген бақылау өз кезегінде жасырын (жариялы емес, құпиялы) және ашық болып бөлінеді.

Ұйымдастыру жағдайы бойынша далалық және лабораториялық бақылау бөлініп шығады. Бірінші жағдайда мәліметтер жинау кәдімгі жағдайда, шынайы өмір жағдайында, екіншісінде - жасанды түрде құрылған және бақылаушының бақылауындағы жағдайда жүзеге асырылады.

Жүйелілігі бойынша бақылау жүйелі, эпизодтық және кездейсоқ болуы мүмкін.

Бақылау әдісінің қолдану аясы айтарлықтай кең - маркетингтен бастап ғылым социологиясына дейін, кіші топтарды зерттеуден бұқаралық сана мен жүріс-тұрысты зерттеуге дейін болады.)

34.Эксперимент.( Әлеуметтік эксперимент үшін іріктеулерді қалыптастыруда - олар негізі әлеуметтік өлшемдер: жынысы, жасы, білімі, тұрғылықты жері бойынша (зерттеу мақсаты үшін) бір-бірімен теңдестірілуі қажет. Осы жағдайда ғана әлеуметтік реакциялардағы айқындалған айырмашылықтарды бақылау факторының ықпалына жатқыза аламыз.

Алынған ақпаратты түсіндіру кезеңінде түсініктемелік болжамдар тексеріліп, зерттеліп жатқан әлеуметтік объектінің себептік-салдарлық байланыстары туралы негізгі қорытындылар алынуы тиіс.)

35.Іріктеу.

36.Әлеуметтік құрылым ұғымы.( Әлеуметтік құрылым - [лат. structura - қүрылым] - қоғамның неме¬се әлеуметтік топтың ішкі қүрылымы, әлеуметтік топ, институттар мен олар¬дың арасындағы өзара қатынастардың реттелген жиынтығы. Әлеуметтік құрылым негізінде еңбектің қоғамдық бөлінісі, ерекше қажеттіліктер мен мүдделердің, ережелер мен рөлдердің, өмір салтының және әртүрлі әлеуметтік топтардың болуы жатады. Әлеуметтік құрылым үғымы "таптық қүрылым" үғымынан әлдеқайда кең, өйткені ол қоғамды тек таптарға емес, сонымен қатар басқа да әлеу¬меттік топтарға, жіктерғе бөледі. Әлеуметтік құрылым қоғамның түтастығын және түрақтылығын сақтауда аса маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік құрылым мәселелерін әлеуметтік жіктелу теориясықарастырады)

37.Әлеуметтік құрылым концепциялары.

38.Әлеуметтік роль.( әлеуметтік роль онымен функциональды байланысты топтардың мүшелерінің сол ролді орындалуын күтуі болмаса және әлеуметтік нормалар, сол ролге нақты талаптарды бекітпесе орындалмас еді. Ролдік набор әлеуметтік қатынастарды қалыптастырады, әлеуметтік статустерді және соған тәп ролдерді орындау түрлі болады. Ролдерменен өте жақын бірігу ролдік идентификациялану дейді. Әлеуметтік рөл адамның әлеуметтік статусы мен әлеуметтік позиясысына тәуелді, оның іс әрекеттерінің үлгісі мен қабылдаған нормативтері. Рөл түсінігі 20-30 жылдары американ ғалымдары Р. Линтон мен Дж. Г. Мидом қалыстастырған. Кейін келе ол Батыста және маркстік идеяларда жалғасын тапты.

Әлеуметтік рөл әр адамның қоғамдағы орны деген түсінікке де саяды. Мысалы, біреу инженер, біреу оқушы, біреу оқымысты болуы мүмкін. Олардың әрқайсысының қоғамда өз орны бар және оған сәйкес әлеуметтік рөлдері де айқындала түседы. )

39.әлеуметтік мәртебе.( Құрылым қоғамның тұрақты, қозғалмайтын құрылысын білдірседе ол тарихи өзгеріп отырады. Оның өзгеруі индивидтердің арақатынасы процесіндегі әлеуметтік ролдер. Әлеуметтік статус деп міндет пен құқық жүйесі арқылы басқа позицияларменен байланысты қоғамдағы немесе әлеуметтік топтағы нақты позицияны айтамыз. Мысалы «ұстаз» статусының мәні тек қана «шәкірт» статусы арқылы мағналы, ал саудагерге немесе инженерге байланысты мүлдем мағнасыз. Ұстаз өз білімін шәкіртіне үйретүге, оның білімін, тәртібін тексеріп, қадағалауға міндетті. Ол шәкіртінің білім деңгейі қанағатырмайтын жағдайда оны аттестаттамай қоюға құқы бар. Ал ол дегеніміз шәкірттің тағыдырына өз тиісті әсер ететіні сөзсіз. Шәкірт болса сабаққа қалмай үнемі қатынасып, берілген тапсырмаларды орындап, қойған сұрақтарға жауап беруге тиісті. Яғни ұстаз пен шәкірт екі үлкен әлеуметтік топ өкілі, екі әлеуметтік статус иелері ретінді бір бірлеріменен әлеуметтік қатынасқа түседі. Жеке адам көптеген статустың иесі болады өйткені ол көптеген топтар мен ұйымдарға қатынысады. Ол ер адам, әке, күйеүі, ұлы, ұстаз профессор, орта жастағы адам және т.б. Бір адам бір біріне қарамақарсы статустарға ие болады, бірақта бір адамға емес бөлек адамдарға: өз балаларына ол әке, ал өз анасына ол бала. Бүкіл статустар жиынтағын статустық набор дейді. Осы наборға байланысты негізгі статус анықталады. Әлеуметтік және жекелей статустар болады. Әлеуметтік статус деп адамның бір үлкен әлеуметтік топтың өкілі ретінде қоғамда алатын орнын айтамыз. Жекелей статус деп оның кішітірім топта алатын орнын, сол топтың адамдарының оны қабылдауы және бағалауын айтамыз.)

40.Әлеуметтік топтар.( Р.Мертон әлеуметтік топты белгілі бір жолмен бір-бірімен қарым-қатынаста болатын, өзінің сол топқа жататынын ұғынатын және басқа адамдардың көзқарасы бойынша оның мүшесі болып саналатын адамдардың жиынтығы ретінде анықтай отырып, оның үш айырмашылық белгісін бөліп көрсетеді - өзара іс-әрекет, мүшелік және сәйкестілік. Ұқсас анықтама бере отырып, Н.Смелзер адамның мінезін көбіне оның қандай да бір топтың адамы екендігімен түсіндіретінімізді айтады. Фролов С.С. әлеуметтік топты оның әрбір мүшесінің басқаларға қатысты белгілі бір жолмен қарым-қатынаста болатын жеке адамдардың жиынтығы деп түсінеді. Бұл анықтамада жиынтықты топ деп санау үшін қажетті екі маңызды шартты көруге болады: 1) оның мүшелері арасындағы өзара іс-әрекеттің болуы; 2) топтың әрбір мүшесінің басқа мүшелерге қатысты әрекетерінің болуы.

Әлеуметтік топтар өзінің шамасы, саны бойынша шағын (екіден он бес адамға дейін) және үлкен болып бөлінеді. Шағын әлеуметтік топты ажырату белгілері: 1) құрам санының аздығы; 2) мүшелерінің кеңістіктегі жақындығы; 3) өмір сүру ұзақтығы; 4) топтық құндылықтардың, нормалардың және мінез-құлық үлгілерінің ортақтығы; 5) топқа кірудің еріктілігі; 6) адамның мінез-құлқын бақылаудың бейресмилігі болып табылады.

Шағын топтарды қандай түрлерге және типтерге бөлуге болады? Зерттеу мақсаттарына қарай бір емес, бірнеше типология болуы мүмкін. Егер де бізді топ мүшелерінің тұлғааралық қарым-қатынастарының тереңдік дәрежесі қызықтыратын болса, онда топтарды ресми және бейресми топтарға бөлеміз. Олардың алғашқысы - мынадай негізгі ерекшеліктері болатын ресми ұйымдардың түрлері:

- ол оңтайлы, яғни оның негізінде орынды, белгілі мақсатқа қарай саналы түрде қозғалу принциптері жатыр;

- ол принципті түрде тұлғасыз, яғни жасалған бағдарлама бойынша араларында жетілген қарым-қатынастар орнайтын абстрактілі жеке адамдарға арналып есептелген. Мұндай топты, әдетте, неғұрлым жоғары деңгейдегі әлеуметтік жүйе құрайды, оның функцияларын да, құрылымдарын да береді. Мұндай топтағы көшбасшының беделі, мәртебесі тек қана оның жеке басының қасиеттерімен емес, “жоғарыдан”, сырттан алатын лауазымымен де анықталады.

Бейресми топқа келер болсақ, оның мүшелерінің бір-біріне тұлғалық, эмоциональдық алдын ала дұрыс көру қатынасының нәтижесі ретінде құрылады; спонтанды (өзінше еркін), оны құрайтын жеке адамдардың бастамасы бойынша жасақталады. Шағын топтардың қызметінде ұйымдардың барлық белгілері айқын көрініс табатын болғандықтан, бейресми топтар да ресмиден тыс (ресми топтардың шеңберінде қалыптасатын) және әлеуметтік-психологиялық (кез келген жерде пайда болатын) болып бөлінуі мүмкін.

Типологияның маңызды түрі шағын топтарды бастауыш және екінші деп бөлу болып табылады. Мұндай бөлудің салыстырмалы екендігін әуел бастан ескерте кеткен жөн. Бастауыш топ -мүшелерінің өзара байланысуларының жоғары (кейде неғұрлым жоғары) жиілігімен және тығыздығымен ерекшеленетін шағын топ. Бастауыш топ көбінесе басқа шағын топтың құрамдас бөлігі болып табылады, бұл жағдайда ол алғашқы топқа қатысты алғанда екінші топ болады. Егер де біз мысал ретінде студенттік (академиялық) топты қарастырар болсақ, онда ол бірнеше топтарды біріктіретін курсқа (лекке) қатысты алғанда бастауыш топ болады.

Г.С. Антипинаның көрсеткеніндей бастауыш шағын топтың өзіне тән белгілері мынадай: құрам санының аздығы, кеңістіктегі жақындық, өмір сүру ұзақтығы, мақсат бірлігі, топқа кіруге еріктілік және мүшелерінің мінез-құлқына бейресми бақылау. Ч.Кули ғылыми айналымға бастауыш топ ұғымын енгізе отырып, оның интимдік, жүзбе-жүз (face-to-face) байланысумен және ынтымақтастықпен сипатталатынын атап өткен.

Кейбір екінші топтарды, мысалы, кәсіподақтарды ассоциациялар ретінде сипаттауға болады, олардың ең кем дегенде кейбір мүшелері өзара әркеттеседі, біртұтас, барлық мүшелері бөлісетін нормативтік жүйесі және қандай да бір ортақ, барлық мүшелері бөлісетін корпоративтік өмір сүру мағынасы болады.

Қоғамда шағын топтар атқаратын әлеуметтік функциялар орасан, оларды басқаша бағалау мүмкін емес. Конт бір кезде қоғамның ұясы деп атаған отбасын еске алсақ та жеткілікті - бұл ылғи да шағын топ және де өзі құрамына енетін көптеген басқа топтар мен ұйымдарға қатысты бастауыш топ болады. Төменде атап өтілетініндей, сол отбасы адам тұлғасының қалыптасуында маңызды рөл атқаратын бастауыш әлеуметтендірудің басты агенті болып табылады. Дегенмен, отбасы ғана емес, өзіміз құрамына кіретін басқа көптеген бастауыш және екінші топтар да біздің өмірбаянымызда маңызды әлеуметтендіруші рөл атқарады: құрбы-құрдастар топтары, дос-жарандар, әуесқойлар үйірмелері, спорт командалары - біз дәл осылар арқылы замандастарымыз бен отандастарымыздың кең қауымдастығында қалыптасқан дәстүрлердің, нормалардың және құндылықтардың барлығын игереміз. Көптеген зерттеушілердің бастауыш түріндегі байланыстардың жетіспеушілігін адамның тұлғалық қасиеттерінің нашарлауына және тіпті девианттық мінез-құлықтарда белгілі бір сапасыздыққа апарып соғуы мүмкін деп ұйғаруы кездейсоқ емес.

Жеке адам үшін өзі жататын бастауыш топ өте маңызды референттік топтардың бірі болып табылады. Бұл терминмен құндылықтар мен нормалар жүйесі жеке адам үшін өзіндік эталон болатын (шынайы немесе қиялдағы) топты белгілейді. Адам әрқашан - ерікті немесе еріксіз түрде - өзінің ой-ниеттері мен іс-әрекеттерін өзі пікірлерін қадір тұтатын адамының қалай бағалайтынымен салыстырады. Жеке адам осы сәтте жататын тап та, бұрын мүшесі болған топ та және мүшесі болғысы келетін топ та референттік бола алады. Референттік топты құрайтын адамдардың дербестелген бейнелері “ішкі аудиторияны” құрайды, адам өзінің ойға алғандары мен іс-әрекеттерінде соны бағытқа алады.

Шағын топтар теориясының айтарлықтай маңызды бөлімі ондағы динамикалық процестерді зерделеу болып табылады. Бұл зерттеулер микросоциология мен психологияда шағын топтардың өмір сүру және даму заңдарын сипаттауды негізге алатын өзара әрекеттес және бірін-бірі толықтыратын тұжырымдамалардан тұратын ерекше бағыт болып бөлінген. “Топтық динамика” терминінің өзін ғылыми айналымға 1930 жылдары Курт Левин енгізген. Негізгі теориялық қағидалардың бірі топтық қызметтің жүйелілік сипатын атап өтуден тұрады: тұтас алынған топ оған кіретін жеке адамдардың жай қосындысы емес, одан артық. Сонымен қатар, шағын топтарда жүретін құбылыстар мен процестерді сипаттайтын заңдар одан да ірі әлеуметтік бірліктердің динамикасын сипаттауға қолданылуы мүмкін.

Топтық динамика теориясының дамуына американдық (тегі - румын) әлеуметтік психолог Джейкоб Морено маңызды үлес қосқан. Ол шағын топты зерттеудегі екі маңызды бағыттың: социодраманың (немесе психодраманың) және социометрияның негізін қалаушы ретінде танымал. Социометрия - эмоционалдық және тұлғааралық өзара әрекеттестіктердің біртұтас “топтық өрісін” құрайтын топ мүшелерінің арасындағы байланыстарды айқындау және сандық өлшеу әдістерінің жүйесі.

Кез келген шағын топта оның туғаннан өлгеніне дейін жүретін динамикалық процестерді қысқаша тізбектеп шығуға тырысар болсақ, онда мынадай негізгі құбылыстарды түйіндеуге болады:

  1. топтық интеграция - топ мүшелерінің бір-біріне лайықтанып, бейімделуі негізінде топтардың біртұтас нәрсеге айналуы;

  1. құрылымдалу - көшбасшылар мен басқа да мәртебелік позицияларды бөліп және тиісінше сол мәртебелерге сәйкес рөлдер суретін жасай отырып ішкі құрылымның жасақталуы.

Берілген топқа тән нормалар мен құндылықтар жүйесі қатар дамиды; кей кезде бұл бірлескен іс-әрекеттерде, уақытты бірге өткізетін кезде қатар болатын ерекше ритуалдарды жасаумен қатар жүреді. Бұл нормалар мен құндылықтарды сақтау үшін топ мүшелеріне топтық қысым жасалады. Ол оң және теріс әр түрлі топтық санкциялардың көмегімен жүзеге асырылады.

Әлеуметтік топтарды жіктеу топтарды шағын және үлкен, бастауыш және екінші деп бөлуді ғана көрсетпейді. Қоғамдық топтардың әлеуметтік жағдайлары бойынша өзгешелігі бейнеленетін қоғамның әлеуметтік құрылымының сипаттамасы тұрғысынан әлеуметтік-таптық қауымдастықтар (таптар, қабаттар); әлеуметтік-демографиялық қауымдастықтар (еркектер, әйелдер, балалар, ата-аналар және т.б.); этникалық әлеуметтік қауымдастықтар (ұлттар, ұлыстар, тайпалар, ұлттық және этнографиялық топтар); әлеуметтік-аумақтық топтар (қала, ауыл, аймақ); әлеуметтік-кәсіптік қауымдастықтар және т.б. сияқты әлеуметтік топтарды бөліп қарау ерекше маңызды.)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]