Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
28 сабак.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
20.11.2019
Размер:
136.45 Кб
Скачать

Экономикадағы экология (сабақтың жалғасы)

!

1-тапсырма. Біліп алыңыз.

Табиғат пен оның байлықтары Қазақстан Республикасының халықтарының өмірі мен қызметінің, олардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы мен әл-ауқатын арттырудың табиғи негізі болып табылады.

Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы Заңы қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге де қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерін болғызбауға, биология-лық алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.

2-тапсырма. Берілген тілдік тұлғалардың мәнін түсіндіріңіз.

Әл-ауқат, жер қойнауын, шаралар жүйесі, құрамдас бөліктері, қанағаттандыру, шаруашылық жай-күйін, бақылау, зиянды, қатерлі ахуалдар, әлеуметтік, алуан түрлілік, ұтымды пайдалану, бағытталған.

3-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.

Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы заңы

Заңда мынадай негізгі ережелер ескерілуі тиіс:

Қоршаған орта табиғи нысандардың, оның ішінде өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қоса алғанда, табиғи ресурстардың жанды әрі жансыз жиынтығы;

Қоршаған ортаны қорғау-табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі;

Қоршаған ортаны қорғау объектілері – қоршаған ортаның заңдармен қорғалатын құрамдас бөліктері.

Табиғи ресурстар – қоғамның материалдық, мәдени және басқа қажеттерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық және өзге қызмет процесінде пайдаланылатын құрамдас бөліктері;

Қоршаған ортаның мониторингі – адамды қоршаған табиғи ортаның жай-күйін бақылау және адамдардың денсаулығы мен өзге де тірі организмдерге зиянды немесе қауіп туғызатын қатерлі ахуалдар туралы ескерту.

4-тапсырма. Мәтіннен термин сөздерді теріп жазыңыз.

5 -тапсырма. Қоршаған орта туралы Заң ережелері орындалып жүр ме? Пікір білдіріңіз.

6 -тапсырма. Мәтінді оқыңыз.

Қазақстандағы экологиялық денсаулықты сақтау саласындағы заңдар

ҚР Конституциясында адамдардың келесі экологиялық құқықтары жазылған:

    • адамның өміріне қажетті таза, пайдалы және жағымды қоршаған ортаға құқығы;

    • азаматтардың антропогенді әсерлерге байланысты қоршаған ортаның зиянды әсерінен денсаулығын сақтауға құқығы;

«Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау туралы» заңының № 69-бабында былай жазылған: «Төтенше экологиялық жағдайлар нәтижесінде зардап шеккен, сонымен қатар экологиялық апатты аймақтарында тұратын азаматтар одан шеккен зардабын өндіру, яғни өтемақы алу, жеңілдіктер және басқа да әлеуметтік қорғаудың түрлерін алуға да құқығы бар».

Төтенше экологиялық жағдайлар нәтижесінде зардап шеккендер қатарына азаматтарды жатқызу және оларға берілетін әлеуметтік қорғау түрлері заңдарменен анықталады.

Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзудың нәтижесінде азаматтардың денсаулығы мен мүліктеріне келген залал еңбекке жарамдылығын жоғалту дәрежесін, оны емдеуге және денсаулықты қалпына келтіруге кететін шығындарды толық өтеп беруі қажет. Сонымен қатар, заңда қоршаған ортаны қорғау және оларды реттеу тетіктері анықталған.

?

7-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. ҚР-ның қоршаған ортаны қорғау туралы заңының негізгі ережелерін атаңыз?

2. Қоршаған ортаны қорғау нысандарына не жатады?

3. ҚР-ның конституциясы мен заңдарында азаматтардың қандай экологиялық құқықтары жазылған?

4. Қоршаған ортаның мониторингі дегеніміз не?

5. Адамның табиғатқа қатысты әрекеттері қандай болу керек?

8-тапсырма. Берілген тілдік тұлғалармен сөйлем құраңыз.

Экологиялық құқықтары, жағымды, ақтауға, заң, бап, төтенше жағдайлар, зардап шеккен, апатты аймақ, өндіріп алу, өтемақы, жеңілдіктер, әлеуметтік қорғау, мүлік, еңбекке жарамдылығы, реттеу тетіктері.

9 -тапсырма. Берілген сөйлемдерді басшылыққа алып, табиғат туралы сұхбат құрыңыздар.

Тіршілік тірегі – табиғат. Ол жалпы адам баласының ортақ қазынасы. Ең бірінші, табиғатты туған анаңдай түсіну, екінші, табиғатқа туған бабаңдай табыну, үшінші, табиғатты туған ұлыңдай қорғауың қажет. Осы үш ұғымды бір-бірінен бөліп қарау мүмкін емес. Түсінбей тұрып табыну, табынбай тұрып қорғаудың қисыны жоқ. Табиғат пен адамзат дүниенің бірінсіз-бірі тұл болатын ажырамас бөліктері.

10-тапсырма. Берілген ұғымдардың мәнін түсіндіріңіз.

Туған анаңдай түсіну;

Туған ұлыңдай қорғау;

Туған бабаңдай табыну;

11-тапсырма. Берілген тілдік тұлғалардың мағы-налық айырмасын түсіндіріңіз.

Табиғат, тіршілік, Жер-ана

Отан, туған жер, алтын бесік, атамекен

1 2-тапсырма. Ән шырқаңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]