Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Studmed.ru_lekcii-po-deloproizvodstvu-na-kazahs...doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
19.11.2019
Размер:
668.16 Кб
Скачать

Жеделхат мәтіні

Мекен жайы (“кімге”). Алдымен жеделхатты алушының толық почта индексі, елдің аты, елді мекеннің аты, типі (қала, ауыл, т.б.), көшесі, үй номері, корпус, офис номері жазылады. Мысалы:

480021, Қазақстан,

Алматы қаласы,

Мұқанов көшесі, 227, офис 47

немесе,

250000, Украина,

г. Киев, Почтовая пл, дом 18, кв 44.

Алушының аты-жөні (“кімге”). Адресаттың аты-жөні, әкесінің аты толық жазылады, кейде фамилия орнына қызметі көрсетіледі. Мысалы, “Директорға”, “Білім меңгерушісіне” т.б.

Жеделхат мәтіні. Жеделхаттың негізгі мақсаты керекті ақпаратты тез жеткізу болғандықтан, оны қысқа және түсінікті етіп жазу керек. Бірақ сөздерді түсініксіз етіп қысқартып тастаудың қажеті жоқ, түсінікті, стандарт қысқартуларды ғана пайдаланған жөн. Егер жеделхат мақсаты алушыдан ақпарат алу немесе мәселені шешу т.б. болса, онда етістіктерді бұйрық рай тұлғасында беріңіз. Мысалы: “жіберіңіз”, “салып жіберіңіз”, “шешім қабылдаңыз” т.б. Ал жеделхат жауап беру мақсатында жазылса, етістік ашық рай тұлғасында қолданылатын. Мысалы: “алдым”, “жеткізілді”, “келеді”, “орындалады”, “барады” т.б.

“Тез арада”, “жеделдетіңіз”, “жедел”, “қалай да” сөздерін орынсыз көп қолданудың қажеті жоқ, себебі сіздің жеделхат жібергеніңіздің өзі алушыға көп нәрсені білдіріп тұл. Цифрларды жазбаша жазған дұрыс. Мысалы: 101347 – бір ноль бір үш төрт жеті, бұларды бір сөз ретінде топ-тап беруге де болады. Мысалы: бірнольбірүштөртжеті.

Мәтін мазмұнына нұқсан келмейтін болса жалғаулық, көмекші сөздер, тыныс белгілері қолданылмайды. Жеделхат мәтінінде түзетулер болмауға тиіс және сөздер тасымалданбайды.

Жіберуші қолы. Жеделхат мәтініне қол қойылған кезде фамилия, қажет болғанда жіберушінің қызметі қоса көрсетіледі.

Мысалы: “Оспанов”

“Жауапты хатшы Смағұлов”

“Бірінші орынбасар Рымжанов” т.б.

Жіберушінің мекен-жайы. Жіберушінің мекен-жайы жоғарыда айтылған алушының мекенжайының жазылу тәртібі сияқты. Жеделхатты тапсырып, ақысын төленгеннен кейін квитанция аласыз. Ол сіздің телеграмманы жібергеніңізді растайтын жалғыз құжат болып табылады.

Тапсырма: Жеделхат үлгілерін жазыңыз.

Үлгілермен танысыңыз:

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы  Мемлекеттік қызметакадемиясының  ректоры ……….……….…… мырзаға

 

Түсініктеме

 

      1.                                                 

 

Мен, Ержанов А., маусымның 5-інде жұмыста уақытында болмауымның себебі: іссапарға жолдасым келіп, оны қонақ үйіне орналастырдым. Соның себебінен жұмысқа кешігіп қалдым.

 

05.06.02 ж.        А.Ержанов

Хабарландыру

 

       2002 жылғы 8 мамыр күні, таңертеңгі сағат 10-да Агенттіктің мәжіліс залында Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу өткізіледі.

Салтанатты кездесу Жеңіс күніне арналады.

Бағдарламада:

  1.        1.       Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің естелік-әңгімелері.

  2.        2.       Көркемөнерпаздар концерті.

 

       Ұйымдастыру комитеті.

11 СОӨЖ.

Сабақтың тақырыбы: Телефонхат, шақыру хат үлгілерін жазу, безендіру.

Сабақтың мақсаты: Шақыру хат, телефонхат үлгілерін жазуды, безендірді практикалық жолмен меңгерту.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]