Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Studmed.ru_lekcii-po-deloproizvodstvu-na-kazahs...doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
19.11.2019
Размер:
668.16 Кб
Скачать

Кепілхат

Алматы қаласы, 1999 жылғы он жетінші қараша

№7 нотариалдық кеңсе 1999 жыл он жетінші қараша.

Мен, Байболов Ұлықбек Сәрсенұлы, мекенжайым: Алматы қаласы, Бейбітшілік көшесі, 41-үй, 72-пәтер, жеке басының куәлігі № 91957563, ҚР-ның ІІМ 1998 жылы 07 сәуірде берген, Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 114-үй, 7-пәтерде тұратын азамат Керімбекова Жұлдыздан 100000 мың (жүз мың теңге) алдым.

Өз міндеттерімді орындауға:

  • келісімшартқа сәйкес пайызын төлеп тұруға;

  • алынған ақшаны келісілген мерзімде қайтаруға;

  • келісімшарт талаптары орындалмаған жағдайда айып төлеуге;

  • мекенжайым өзгерген жағдайда бұл туралы үш күн мерзім ішінде хабарлауға кепілдік беремін.

Осы кепілхат үш дана етіп жасалған, бір данасы Алматы қаласы №7 нотариалдық кеңседе тіркелген, екінші данасы азамат Керімбекова Жұлдызда, үшінші данасы Байболов Ұлықбек Сәрсенұлында сақталады.

Тараптардың қолы.

8 СОӨЖ.

Сабақтың тақырыбы: Терминдік аударма жұмысын орындау.

Сабақтың мақсаты: Студенттердің білім деңгейлерін бағалау.

Печать

На документах, удостоверяющих права фирмы или должностных лиц, фикси­рующих факт расходования денежных средств и материальных ценностей, а также предусмотренных государственными правовыми актами, подпись ответ­ственного лица должна быть заверена печатью, которая придает документу юри­дическую силу.

В учреждениях, как правило, печати бывают двух видов: гербовая для гос­предприятий или приравненная к ней круглая в коммерческих организациях и несколько простых. Гербовая печать круглая, с изображением Государственно­го герба РК в центре. По ее окружности указывается полное название учрежде­ния. Гербовая и круглая печати проставляются на подлинниках документов, тре­бующих особого удостоверения: договорах, документах, связанных с получени­ем денег и материальных ценностей (доверенности, чеки, платежные поручения и т.д.), удостоверяющих личность, трудовой стаж, квалификацию (паспорт, тру­довая книжка, диплом и т.д.).

Простые печати бывают различной формы: квадратные, треугольные, прямоу­гольные и др. На них воспроизводится название учреждения или структурной час­ти. В учреждении таких печатей может быть несколько, их оттиски проставляются на справках и пропусках, копиях документов, выходящих за пределы учреждения, размноженных экземплярах распорядительных документов при их рассылке, при опечатывании пакетов, бандеролей, шкафов и дверей сейфов и т.д.

Обычные служебные письма, не связанные с финансированием, выполняются на бланках и не требуют удостоверения печатью.

Оттиск печати проставляется таким образом, чтобы он захватывал часть наиме­нования должности лица, подписавшего документ, часть его личной подписи и был хорошо читаемым.

В каждой организации составляется перечень документов, на которых простав­ляется гербовая или круглая печать.

Ответственного за хранение и место хранения печати определяет руководитель фирмы.

9 СОӨЖ.

Сабақтың тақырыбы: Толық хаттаманың нысаны.

Сабақтың мақсаты: Толық хаттаманың нысанымен танысып, үлгі жаздырту.

Үлгімен танысыңыз:

"ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ"  Ұлттық компаниясы" ЖАҚ ұжымы жалпы жиналысының

 

                                                                         №___ ХАТТАМАСЫ

 

____ _______, 20___ ж.

 

Қатысқандар: _____ адам / тізімі қоса беріліп отыр/

Қатыспағандар:____адам

Дәлелді себеппен: ____адам

Дәлелсіз себеппен: ____адам

Шақырылғандар:  ______________________________

                                ______________________________    

КҮН ТӘРТІБІ:

  1.               1. " Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру мәселелері"

  2.                 2.  Әр түрлі мәселелер.

 

ТЫҢДАЛДЫ:

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша кәсіпорын директорының бірінші орынбасарының баяндамасы.

 

СӨЙЛЕГЕНДЕР:

 

/сөздің қысқаша жазбасы/

 

             «_________________» Ұлттық компаниясының жалпы жиналысы ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001– 2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының» орындалуы ______________________________міндеттелсін.

            2. Бағдарламаны жүзеге асыруға ұжым мүшелерінің белсенді ат салысуы жөніндегі шаралар белгіленсін.

 

 

Төрағасы: ___________________

 

Хатшысы: ___________________

10 СОӨЖ.

Сабақтың тақырыбы: Жеделхат. Түсінікхат, хабарландыру үлгілерін жазу.

Сабақтың мақсаты: Жеделхат. Түсінікхат үлгілерін жазуды үйрету, үлгілерін жаздырту.

Жеделхат (телеграмма)

Жеделхат – телеграф (телетайп) арқылы берілетін жедел сипатты құжат. Қазіргі заманда ақпаратты жедел жеткізудің факс, интернет сияқты түрлері де болғанымен, жеделхаттар өз маңызын жойған жоқ. Себебі, хат ұзақ жүреді, интернет пен факс қызметі қымбат, оның үстіне чертеж (сызба, кесте) немесе фотосурет жібермейтін болсақ, факсты қолдану міндетті емес. Ал телефон арқылы жүргізілген әңгімені іске тігіп қоя алмайсын, сондықтан ең ыңғайлысы жеделхат болып табылады.

Жеделхатты кез-келген қызметкер құрастырып жібере алады; қажет болған жағдайда жеделхат мәтіні мен онда берілген мәліметті растауға болады. Жеделхат ең ұзақ дегенде 10-12 сағаттан соң, қажет болса бір сағаттан соң да жеткізілетіндігіне 100% сенімді болуға болады.

Жеделхат мәтіні қысқа, дәл, ең ұзақ дегенде 300 сөзден аспауы керек. Қысқа жеделхаттың бағасы да төмен болады. Цифрлар жазбаша түрінде беріледі, ешбір түзетулер болмағаны жөн.

Жеделхаттар ішкі және халықаралық болып бөлінеді. Ішкі жеделхаттарға мемлекет ішінде жіберіліп қабылданатындар, ал халықаралық жеделхаттарға шет елдерге жіберілген немесе шет елдерден келгендері жатады. Ішкі жеделхаттар “үкіметтік”, “жедел”, “жай” болып үшке бөлінеді.

Басқа құжаттар сияқты жеделхаттың да өз реквизиттері болады. Олар: жеделхаттың категориясы мен түрі, номері, датасы, жіберілген уақыты, алушының аты мен адресі, мәтін, қол.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]