
- •5В090200 – Туризм; 5в011900 – Шет тілі
- •4. Оқу пәнінің пререквизиттені мен постреквизиттері (деректемелері):
- •5) Пәннің сипаттамасы
- •6) Негізгі әдебиет тізімі
- •7) Білімді бағалау
- •Глоссарий – сөздік
- •Практикалық сабақтар
- •Экономикалық тәуелсіздік
- •Боөж тапсырмалары Сауда. Сауда орталығы
- •2 ……….Өз бетінше заттар не ... Да, не ... Да болмайды, ол тек біздің бағалауымызда ғана солай болады.
- •Қазақстанның экономикалық байланысы
- •Бағалы қағаздар нарығы
- •Құнды қагаздар. Банк билеттері, ақша
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
- •Боөж тапсырмалары
- •Төл теңге тарихы
- •Алтын, күміс ақша – байлықтың, тарихтың, мәдениеттің көзі
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
- •Боөж тапсырмалары
- •Отандық тауар өндірісі
- •Боөж тапсырмалары Менеджмент
- •Студенттердің өздік жұмысына арналған тапсырмалар
- •Құнды қағаздар
- •Акционерлік қоғам
- •Боөж тапсырмалары Акция
- •Нарықтық экономикадағы бәсеке
- •Лексика – грамматикалық тапсырмалар
- •Қалтарыстағы экономика
- •Боөж тапсырмалары
- •Пластиковые карточки, как элемент платежной системы.
- •Боөж тапсырмалары
- •Макдональдс» корпорациясы
- •Жарнаманың саудадағы ролі
- •Жарнамаға қойылатын жалпы және арнайы талаптар
- •Боөж тапсырмалары Нанотехнология дегеніміз не?
- •Банк және бәсеке
- •Банкі жүйесі, қызметі
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Боөж тапсырмалары Ломбард қашан пайда болған?
- •Ұлттық банк жүйесі
- •Боөж тапсырмалары Банктің жеке тұлғаларға қызметі
- •Заман және нарық
- •Нарықтық салық жүйесі (Налоговая система рынка)
- •Боөж тапсырмалары Нарықтың мәні, құрылымы
- •Дүниежүзілік сауда ұйымы Лексикалық тақырып: Дүниежүзілік Сауда ұйымы
- •Дүниежүзілік Сауда ұйымы
- •БоөЖтапсырмалары Еуропалық төлем одағы
- •Кеден ісі
- •Еуразия экономикалық қауымдастығы
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Әлемдік аудиторлар компаниясы Әлемдік баға
- •Боөж тапсырмалары Президенттік қонақ үй
Боөж тапсырмалары Менеджмент
Қазақстан Республикасында өтіп жатқан нарықтық экономика реформасы экономиканы қалыптастыру және дамытудың бірден бір маңызды бағыттарының сипаты ретінде менеджмент үлгісін қосады.
Ағылшын тілінің Оксфордтық сөздігі менеджменттің төрт аталымын береді.
Адамдардың өзара қатынаста болуының үлгісі, тәсілі.
Басқарудың өнері және билік.
Әкімшілдік дағдылары және білудің ерекше түрі.
Басқару органы, әкімшілік бірлігі.
Менеджменттік қызмет – бұл кәсіпорындарда жұмыс істейтіндердің еңбегіне, ақыл –
парасаттарына адамдардың мінез –құлқына сүйене отырып, алдына қойған мақсаттарын іс жүзіне асыруды ұйымдастыру.
Менеджер – ұйымдастыру және басқару жөніндегі шаруашылық дербестігі бар іскер адам, өз ісін егжей-тегжейлі білетін мамандандырылған басшы.
Менеджер, біріншіден, мақсатты белгілейді және осы мақсатқа жету үшін не істеу керектігін анықтайды. Екіншіден, менеджер жұмысты ұйымдастырады. Қойылған мақсатты іске асыру үшін қажеттілікке талдау жасайды. Ол түрлі жұмыстарға жауапты адамдардан өзінің құрамын жасақтайды.
1-тапсырма. Мәтінді сөздікті пайдаланып аударыңыз.
2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақ әзірлеңіз.
3-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.
Студенттердің өздік жұмысына арналған тапсырмалар
1-тапсырма. Сіздің ойыңызша, менеджер деген кім? Және ол қандай болуы қажет? Осы тақырыпқа шығарма жазыңыз.
6 – САБАҚ
Құнды қағаздар
Лексикалық таңырып: Акционерлік қоғам
Грамматикалық тақырып: Сөйлем және оның түрлері
1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
Акционерлік қоғам
Капиталды орталықтандырудың және ірі кәсіпорындарды ұйымдастырудың негізгі формасы. Акционерлік қоғамдар капиталдың алғашқы қорлану кезеңінде пайда болған. Акционерлік қоғам ашық және жабық болып екі түрге бөлінеді. Егер акциялар тек құрылтайшылар арасында ғана бөлінетін болса, онда жабық акционерлік қоғам болып саналады. Ал ашық акционерлік қоғам акциялары еркін сатылады және сатып алынады. Акционерлік қоғам заңды тұлға болып есептеледі. Оның жарғысында қоғамның мақсаты, капитал мөлшері, іс басқару тәртібі айқындалады. Акционерлік қоғамда басқарудың ең жогары органы акционерлердің жалпы жиналысы болып табылады. Ол әдетте жылына бір рет өтеді, ал күнделікті істерге атқарушы орган - басқарма басшылык етеді. Мұнын сыртында бақылаушы орган - тексеру комиссиясы сайланады. Акционерлік коғамнын тапқан пайдасы салықтар төлеуге, өндірісті кеңейтуге, резервтерді толықтыруға, жарғылық капиталды өсіруге және дивидендтер төлеуге жұмсалады. Қазақстан Республикасында 1991 жылғы 21 маусымда «Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар туралы» Заң қабылданғаннан кейін акционерлік қоғамдар кұрыла бастады. 1998 жылы олардың саны 3 мыңнан асты.
«Қазақстан» энциклопедиясы. Алматы, 164-165 б.
2-тапсырма. Мәтіннен сұрақтарга жауап іздеңіз.
1.Акционерлік қоғам дегеніміз не?
2.Акционерлік қоғам қашан пайда болған?
3.Нешеге бөлінеді?
4.Акционерлік қоғамның акциялары қалай сатылады?
5.Оның жарғысында не айқындалады?
6.Акционерлік қоғамға кім басшылық жасайды?
7.Акционерлік қоғамдар қашан құрыла бастады?
3-тапсырма. Қажетті сөздерді койып, сөйлемдерді толықтырыңыз.
1.Акционерлік қоғамды .... жалпы жиналысы басқарады.
2.Ол әдетте жылына .... өтеді.
3.Күнделікті істерге атқарушы орган етеді.
4.Бақылаушы орган - тексеру сайланады.
4-тапсырма. Сөз тіркестерін жасаңыз.
жиналыс акционерлік
бір күнделікті
істер рет
орган жалпы
қоғам бақылаушы.
5-тапсырма. Сұхбат құрыңыздар.
1.Сіз қандай акционерлік қоғамды білесіз?
2.Қоғам қандай пайда келтіреді?
3.Акционерлік қоғамның пайдасы қайда жұмсалады?
4.Мұндай қоғамдардың көбеюі пайдалы ма?
5.Акционерлік қоғам туралы өз ойыңызды білдіріңіз.
6-тапсырма. Мына сөздермен сөйлем құраңыз.
Құрылтайшылар, капитал, кәсіпорындар, орталық, жарғы, орган, атқарушы. комиссия. өндіріс...............................................................................