Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Балжан.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
19.11.2019
Размер:
449.02 Кб
Скачать

Боөж тапсырмалары

1-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.

Пластиковые карточки, как элемент платежной системы.

Сегодня невозможно представить себе жизнь без платиковой карточки. Банковские карточки уже около 60 лет служат внутренним платежным инструментом. Банковские карточки играют ключевую роль в рыночной стратегии любого банка, являясь «третьим китом» банковских продуктов – депозитов, кредитов.

В Казахстане в последние годы выпущено более 600 тысяч международных пластиковых карточек Euro Card/ Master Card и не менее 900 тысяч карточек VIZA. Если сравнивать Казахстан с некоторыми странами СНГ, то развитию рынка пластиковых карточек, мы находимся на втором месте. Россия заметно опережает Казахстан. Но наша страна лидирует по сравнению с Арменией.

Атақты экономистер туралы реферат дайындаңыз.

8 – САБАҚ

Маркетинг қызметі және онын ролі

Лексикалық тақырып: Маркетинг – бизнес өзегі.

Грамматикалық тақырыбы: Жақты және жақсыз сөйлемдер

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.

Маркетинг - (ағылшынша - marketing “нарықты жасау”) өндірістік және сауда істерін басқаруды ұйымдастыру әдісі (метод). Ол XIX – XX ғасырлар аралығында пайда болды. Алғашқы кезде маркетингті тауар өткізуді ұйымдастыру әдісі деп білді. Алайда маркетинг тек қана тауар өткізу ғана емес.

Маркетинг – күрделі ғылым. Маркетингтің мәнін мынадай бір сөзбен сипаттауға болады:

“Не өндірілетін болса, соны өндіру және сату керек”.

Маркетингтің бірнеше атқаратын қасиеті бар. Олар:

  • нарықты зерттеу

  • жарнаманы пайдалану

  • тауар өткізу саясаты

2 – тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Маркетинг деген ұғымды қалай түсінесіз?

2.Ол әдіс ретінде қашан пайда болды?

3.Маркетинг нені зерттейді?

3 – тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

4–тапсырма. Мақалдарды аударыңыз.

  1. Теңге тиыннан құралады.

  2. Бермегенді беріп ұялт.

  3. Бас аман болса, ақша табылады.

  4. Еңбексіз өмір жоқ,

Ауырсыз жеңіл жоқ.

  1. Темірді қызған кезінде соқ.

5–тапсырма. Мына сөздерді дұрыс орналастырып, сөйлем құраңыз.

1.Бірнеше, бар, маркетингтің, қызметі, атқаратын.

2.Ұйымдастыру, маркетингті, әдісі, кезде өткізуді, тауар, деп білді, алғашқы.

3. Күрделі, маркетинг, ғылым.

Боөж тапсырмалары

6–тапсырма. Мәтінді оқыңыз.

Макдональдс» корпорациясы

«Макдональдс» - тез қызмет көрсететін қоғамдық тамақтандыру орны. Негізгі тағамы туралған бифштекс. «Макдональдс» нарық әлемінде аты әйгілі ірі дәмханалар жүйесі. Ұқыпты ойластырылған маркетингілік бағдарлама өзіне бәсекелес фирмаларды басып озуға алып келді (привело).

1955 жылы сүт коктейльдерін дайындайтын 52 жастағы Рей Крок Ричард және Моррис Макдональдтердің жеті мейрамханадан тұратын жүйесімен танысады. Рей Крокка олардың тез қызмет көрсету идеясы ұнағандықтан, ол осы жүйені бұрынғы атауымен қоса 22 млн. долларға сатып алады.

Крок жүйені кеңейту мақсатында «Макдональдс» атауын басқа кәсіпорындардың иелері пайдалану құқын (право), яғни 150 мың долларға лицензиясын сата бастады. Лицензияны сатып алған кәсіпорын қызметкерлері «Макдональдс» фирмасының «Бифштекс университетінде» он күндік курс оқып, «бифштекстану» және майға қуырылған картоп талшықтарын пісіру жөнінде сертификат алып шығады.

«Макдональдс» дәмханаларын жастардың думан орнына айналдырмау мақсаты көзделген. Ол жерде не саз аспаптары, не теледидар жоқ, темекі де сатылмайды. Дәмханаларда өте таза және қызмет көрсету сапасы жоғары деңгейде. «Макдональдс» дәмханалары жанұялардың тамақтану орнына айналған, оны әсіресе, балалар жақсы көреді.

Рей Кроктың маркетингілік стратегиясын үш сөзбен айтуға болады: сапа, қызмет көрсету (сервис) және тазалық.

(Ф.Котлер. «Маркетинг негіздері», 23 б.).

7 – тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. «Макдональдс» қандай жүйе?

2. «Макдональдс» аталуының себебін білесіз бе?

3. Рей Крок деген кім?

4. Рей Крок неге осы дәмханалар жүйесін сатып алды?

5. «Макдональдс» сияқты дәмханалар жүйелеріне сіздің көзқарасыңыз қандай?

8-тапсырма. Керекті жалғауларды жалғаңыз.

1. «Макдональдс» нарық әлемі.... аты әйгілі ірі дәмханалар жүйе.... .

2. «Макдональдс» дәмханалар.... жастар.... думан орны.... айналдырмау мақсаты көзделген.

3. Рей Крок..... олардың тез қызмет көрсету идея..... ұнады.

4. «Макдональдс» өзіне бәсекелес фирмалар..... басып озды.

5. Лицензия... сатып алған кәсіпорын қызметкерлер... «Макдональдс» фирмасы..... «Бифштекс университетінде» он күндік курс оқиды.

9- САБАҚ