Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Балжан.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
19.11.2019
Размер:
449.02 Кб
Скачать

Практикалық сабақтар

1 – САБАҚ

Лексикалық тақырып: Экономикалық тәуелсіздік

Грамматикалық тақырып: Етістктің шақтары

Экономикалық тәуелсіздік

Егемендік, тәуелсіздіктің екі жағы бар. Бір жағы саяси тәуелсіздік. Саяси тәуелсіздік алу - өз алдына ұлттык мемлекет болу, жеке ел болу. Екінші жағы - экономикальщ тәуелсіздік. Ғылыми тұрғыдан алғанда экономикалық тәуелсіздік саяси тәуелсіздіктің негізі болып табылады. Экономикалык тәуелсіздігі жоқ елдің ел болуы екіталай. Елдің экономикалык тәуелсіздігі үшін не қажет? Ол үшін ең алдымен, ел экономикасын котеру, экономика тиімділігін арттыру, халықтың әл-ауқатын көтеру кажет.

АҚШ пен Батыс Еуропаны айтпағанда, мына өзіміздің алып көршіміз Қытайды алайық. Қытайдың ақыл- ймен асықпай жасаған реформасы қазір миллирадтан астам халықтың тұрмысын көтеруде. Жапондар ше, бұл бір ғажап халық қой, қазба байлықтан жұрдай, 120 млн. халқы бар, арал бойлап жатқан сол елдің байлығын айтсаңызшы. Соғыстан кейін сол ел өз экономикасын қалай көтерді?

1945 жылы Хиросима мен Нагосаки бомбаланып, қирап қалғанда жапон императоры өзегі өртеніп тұрып: «Бізге білім керек»,- деген екі-ақ ауыз сөз айтыпты. Сол сөзді басшылыққа алған жапон халқының білім-ғылымының кандай дәрежеде екенін өзіңіз білесіз. Сондай-ақ Оңтүстік Кореяны алайық. Дүние жүзінің озық техникасын алып, дамытуда. Экономиканың табиғат заңдылықтарындай заңдылықтары бар, сол зандылықтарды сақтау керек. Ол қандай заңдылықтар дейсіз ғой?

Ол: еңбек өнімділігін арттыру, уақыт үнемдеу, техникалық прогресті пайдалану, ғылымды т.б. мысалы табиғат заңдылығы бұзылып жауын жаумаса, егін шықпайды. Экономиканың да зандылықтары бұзылса, экономика дамымайды.

(Қазақстан-Заман, 21.09.2001).

Талдауга арналган сұрақтар:

1.Саяси тәуелсіздік деген не?

2.Экономикалық тәуелсіздік деген не?

1.Қытай мен Жапония елдерінің экономикасы қалай дамыған?

2.Жапонияда 1945 жылы қандай оқиға болды?

3.Жапон императоры не деді?

4.Экономиканың қандай зандылықтары бар?

1-тапсырма. Мына сөздерді есте сақтаңыз:

Сөздер

мағынасы

аудармасы

Мысалы

1. Екіталай

Маловероятно, рискованный.

Мына кісінің денсаулығы өте нашар, тәуір болуы екіталай.

2. Жұрдай

Жоқ деген мағынада

Совершенно голый.

Жапон жері казба байлыктан жұрдай.

3.Өзек, өзегі өртену

Қайғыру, күйзелу, қамығу

Сердцевина, стержень. Испытывать тяжелое состояние, горевать.

Жапон императоры өзегі өртеніп тұрып....

2-тапсырма. Мәтінді жоспарлы түрде мазмұндаңыз

3-тапсырма. Мына сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.

Екіталай, әл-ауқат, экономика зандылықтары, тиімділік, экономикалық тәуелсіздік, саяси тәуелсіздік.

5-тапсырма. Сөйпемдерді толлықтырып жазыңыз.

1.Егемендік, тәуелсіздіктіктің бар.

2.Саяси тәуелсіздік дегеніміз -..................................

3.Ғылыми тұргыдан алғанда экономикалық тәуелсіздіктің .........болып табылады.

4.Жапон императоры өзегі өртеніп тұрып: бізге ...... деген екі-ақ ауыз сөз айтыпты.

6 - тапсырма. Асқармен сұхбаттасыңыз.

Асқар: - Еліміздің экономикасы туралы не білесің?

Сіз: -

Асқар - Қазақстанда қандай қазба байлықтары бар?

Сіз: -

Асқар: - Еліміздің экономикасын көтеру үшін бізге не қажет? Сіз: -

Асқар: - Қалай ойлайсыз, біздің елміздегі экономика бәсекеге қабілетті ме?

Сіз: -

7-тапсырма. Тәуелсіздіктің екі жағын топ болып талқылаңыздар, толықтырыңыздар.

Тәуелсіздік

Саяси тәуелсіздік

Экономикалық тәуелсіздік

1.Жеке ел, мемлекет болу.

2.Мемлекеттік рәміздері бар.

3............................................................

4..........................................................

5…………………………………………

1. Экономикасы жоғары дамыған ел.

2

3……………………………………….

4……………………………………………

5................................................................

8. тапсырма. «Экономикалық тәуелсіздік» туралы өз түсінігіңізді жазыңыз.

9.тапсырма. Төменде көрсетілген қаратпа сөздерді пайдаланып, сұхбат құрастырыңыздар.

Үлгі: Қарындас, кітапхана кай көшеде орналасқанын айтпайсыз ба?