- •5В090200 – Туризм; 5в011900 – Шет тілі
- •4. Оқу пәнінің пререквизиттені мен постреквизиттері (деректемелері):
- •5) Пәннің сипаттамасы
- •6) Негізгі әдебиет тізімі
- •7) Білімді бағалау
- •Глоссарий – сөздік
- •Практикалық сабақтар
- •Экономикалық тәуелсіздік
- •Боөж тапсырмалары Сауда. Сауда орталығы
- •2 ……….Өз бетінше заттар не ... Да, не ... Да болмайды, ол тек біздің бағалауымызда ғана солай болады.
- •Қазақстанның экономикалық байланысы
- •Бағалы қағаздар нарығы
- •Құнды қагаздар. Банк билеттері, ақша
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
- •Боөж тапсырмалары
- •Төл теңге тарихы
- •Алтын, күміс ақша – байлықтың, тарихтың, мәдениеттің көзі
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
- •Боөж тапсырмалары
- •Отандық тауар өндірісі
- •Боөж тапсырмалары Менеджмент
- •Студенттердің өздік жұмысына арналған тапсырмалар
- •Құнды қағаздар
- •Акционерлік қоғам
- •Боөж тапсырмалары Акция
- •Нарықтық экономикадағы бәсеке
- •Лексика – грамматикалық тапсырмалар
- •Қалтарыстағы экономика
- •Боөж тапсырмалары
- •Пластиковые карточки, как элемент платежной системы.
- •Боөж тапсырмалары
- •Макдональдс» корпорациясы
- •Жарнаманың саудадағы ролі
- •Жарнамаға қойылатын жалпы және арнайы талаптар
- •Боөж тапсырмалары Нанотехнология дегеніміз не?
- •Банк және бәсеке
- •Банкі жүйесі, қызметі
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Боөж тапсырмалары Ломбард қашан пайда болған?
- •Ұлттық банк жүйесі
- •Боөж тапсырмалары Банктің жеке тұлғаларға қызметі
- •Заман және нарық
- •Нарықтық салық жүйесі (Налоговая система рынка)
- •Боөж тапсырмалары Нарықтың мәні, құрылымы
- •Дүниежүзілік сауда ұйымы Лексикалық тақырып: Дүниежүзілік Сауда ұйымы
- •Дүниежүзілік Сауда ұйымы
- •БоөЖтапсырмалары Еуропалық төлем одағы
- •Кеден ісі
- •Еуразия экономикалық қауымдастығы
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Әлемдік аудиторлар компаниясы Әлемдік баға
- •Боөж тапсырмалары Президенттік қонақ үй
Ұлттық банк жүйесі
Лексикалық тақырып: Банк тарихынан
Грамматикалық тақырып: Құрмалас сөйлем
2003 жылы Қазақстан Халық банкіне 80 жыл толды. Халық Банкінің тарихы – бұл Қазақстан аумағындағы жинақ жүйесінің құрылу және даму тарихы. «Қазақстан Халық Банкі» акциоерлік қоғамының негізгі қайта құрылған Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің базасында қаланған.
Еліміздегі алғашқы жинақ кассасы сонау 1923 жылы, төңкеріс жылдарынан кейінгі жаңа экономикалық қарым-қатынастар қалыптаса бастаған кезеңде, Ақтөбе қаласында ашылған болатын, кейіннен ұжымдандыру (коллективтендіру) және индустрияландыру науқандары жүргізілген тұста, 1936 жылы, Алматы қаласында КСРО Жинақ банкінің филиалы ашылды. Ақтөбедегі жинақ кассасы ашылғаннан кейін небәрі 4 жылдың ішінде республикадағы мұндай кассалар саны 335-ке жетті. 1929 жылы Республикалық жинақ кассасы құрылып, ол Қазақстандағы барлық кассалар қызметіне жалпы басшылықты іске асырды. Касса салымшыларының қатарына жұмысшыларды, қызметкерлер мен колхозшыларды неғұрлым көбірек тарту мақсатында жинақ кассаларын тікелей зауыт-фабрикалардың өзінен, колхоз-совхоздарда, байланыс мекемелері мен кәсіпорындардан ашу қолға алынды.
Социалистік қоғамда қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және қаржылық қатынастардың өзі әрбір кеңестік азаматтың Жинақ банкі салымшыларының қатарына қосылуына ықпал етті. Халыққа қызмет көрсетудің орасан зор ауқымдағы жүйесі қаражат жинақтау мен банк ісінің қалыптасқан тарихи дәстүрлерін Қазақстан аумағында да бекітуге қолайлы жағдай туғызады. Жинақ кассалары сонымен қатар мемлекеттік қарызоблигацияларының, басқа да бағалы қағаздардың кепілдігімен мерзімдік несиелер берумен айналысты. Сондай-ақ оларға қор операцияларын, басқа да бірқатар қаржылық және банктік операциялар жүргізуге рұқсат етілді. Бұл кезеңдегі жинақ ісінде мемлекеттік кредит беру қалыптасып,, біртіндеп дами бастады.
1-тапсырма. Мәтіндегі әр сөйлемге сұрақ қойыңыз. Жазбаша орындаңыз.
2-тапсырма. Ойтүрткі.
1. Халық банкі қызметі сізге ұнай ма?
2. Банктен кредит алу тиімді ме?
Боөж тапсырмалары Банктің жеке тұлғаларға қызметі
Банк дегенде – бұл, ең әуелі, оның клиенттері. Банк тұтынушылардың өз ақшаларын тиімді орналастырып, банк қызметінен жеткілікті дәрежеде пайда алуларына бар жағдайды жасайды.
Қазақстанның экономикалық және қаржылық дамуы халықтың әл-ауқатының жақсаруын және ертеңгі күнге сеніммен қарайтындығын көрсетеді, бұл жеке тұлғалардың несиелендіру қызметтеріне тікелей әсер етіп, қызығушылығын арттырады. Бұл тұрғыда банк клиенттердің қажеттілігіне бейімделген және несиелендірудің бірнеше түрін ұсынады. Сондай-ақ, несиелендірудің жаңа түрлерін үзбей шығарып тұрады. Бұл қызметтің түрлеріне, ең бірінші, несиелік карталар, автонесиелеу, ипотекалық несиелеу, сонымен қатар, зәру мұқтаждыққа несие беру, шұғыл несиелендіру және т.б. несиелендірудің түрлері енгізілген.
Банктің несиелендірмейтін өнімдер бөлігінде депозиттердің бірнеше түрлері ұсынылады. Сондай-ақ, банк барлық клиенттерінің ыңғайына қарай, жеке қызмет көрсетеді.
Банк жеке тұлғалар үшін мынадай қызмет түрлері мен өнімдерді ұсынады:
несиелер
салымдарақша аударымдары
төлем карточкалары
тұрғындардың төлемі
жол чектері
сейфте сақтау
шоттармен жүргізілетін операциялар
валюта айырбастау операциялары
12 –САБАҚ