Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
inflyaciya_payda_bolu_sebepteri_saldary_zhne_on...doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
17.11.2019
Размер:
173.57 Кб
Скачать

Қорытынды

Зерттеу жұмысының І – тарауы «Инфляция - әлеуметтік – экономикалық құбылыс» деп аталады, онда мынадай мәселелер қарастырылды:

  • Инфляция түсінігі, пайда болу себептері;

  • Инфляция түрлері мен факторлары;

  • Инфляцияға қарсы шаралар.

Инфляция қоғамда ақшаның құнсыздануы, бұл процесс қарқынды да ұлғаймалы түрде жүреді, тауар тапшылығы асқындайды, ақшалай қор жинау мүддесі жойылады, ақша-несие жүйесінің қызметі бұзылады, тауарды тауарға тікелей айырбастау (бартер) кеңейеді.

Инфляция жағдайында Үкімет «қымбат – ақша» саясатын ұстануға мәжбүр болды, Ұлттық банк несие беру «процентін және міндетті резерв нормасын өте жоғары деңгейде ұстап отырды. Осылай жүргізілген монетарлық (ақша – қаржы) саясаттың нәтижесінде инфляция ауыздықталды, сонымен бірге ішкі өндіріс пен нарық екі – үш есе қысқарды, ұлттық өндіріс орындары тоқтап қалды, жұмыссыздық күрт өсті. Негізінен сыртқа өнім шығаратын шикізат өндіру салалары жұмысын тоқтатқан жоқ, керісінше экспорт көлемін айтарлықтай өсірді. Нарыққа көшу жылдары Қазақстанда бұрыннан қалыптасқан өндірісаралық диспропорциялар қысқарғанның орнына арта түсті.

Қазақстан Республикасындағы инфляцияның дамуы – мемлекеттік бюджет тапшылығына байланысты. Бюджет тапшылығы инфляцияның қайталама факторы болып табылады, өйткені ол шығындардың инфляциясынан жәнге осығарн байланысты мемелкет кірічстерінің құнсыздануынан туады.

Бағалардың өсуі тұрғындардың нақты табысын төмендетеді. Сондықтан кәсіподақтар еңбекақының номиналды деңгейін көтеру туралы талап қояды.

ІІ- бөлімі «Қазақстан Республикасындағы инфляциялық жағдай» - мына мәселелер қарастырылды:

      • Жалпы инфляцияға сипаттама

      • Қазақстан Республикасындағы инфляцияның даму қарқыны

      • Инфляцияға қарсы жүргізілетін шараларға баға беру

2004 жылдан бастап Ұлттық банктің негізгі мақсаты ретінде бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету ақша – кредит саясатындағы мүлдем жаңа айқындама болып табылады.

Негізгі мақсатты орындау үшін Ұлттық банкке мынадай міндеттер жүктелген:

  • мемлекеттің ақша – кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;

  • төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

  • валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;

  • қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ету.

Ұлттық банктің негізгі мақсаты мен міндеттерін осылайша түйіндеу инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштер үшін Ұлттық банк жариялаған Еуроодақ стандартына және инфляциялық таргеттеу принциптеріне көшуді едәуір нақты көрсетеді.

Сонымен қорыта келе, еліміздің экономикалық жағдайын өсіру үшін, халықтың тұрмыс – тіршілігі жақсы болу үшін құнсызданумен күресу керек деп ойлаймын.

Қолданылған әдебиеттер

  1. Әубәкіров Я.Ә., Нәрібаев К.Н. т.б. «Экономикалық теория негіздері» - Алматы – 1998 ж.

  2. Бимендиева Л.А. «Экономикалық өсу – ұлттық экономиканың қызмет етуінің нәтижесі ретінде» Хабаршы журналы № 6, 2004 ж.

  3. Бердалиев К.Б «Қазақстан экономикасын басқару негіздері»,

Алматы – 2001.

  1. Жүнісов Б., МәмбетовҰ., Байжомартов Ү. «Нарықтық экономика негіздері» / Алматы «Экономика»-2000ж /

  2. Көшенова Б.А. «Ақша, Несие, Банктер, Валюта қатынастары»

/ Алматы «Экономика»-2000ж /

  1. Мәдешев Б. «Нарықтық экономика теориясына кіріспе»

/ Алматы «Экономика»-1998ж /

  1. Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие», Алматы – 2000 ж.

  2. Мэнкью Н.Г. «Макроэкономика», Москва 1999 г

  3. Мауленова С.С. «Экономикалық теория». Алматы – 2004.

  4. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С. «Микроэкономика». Алматы – 2000 ж.

  5. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімдік (2030 ж. дейінгі) даму стратегиясы. Алматы - 1997

  6. Общая теория денег и кредита: Учебник / Под ред. Е.Ф. Жукова-

М: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1998

  1. Райханов Н. «Қазақстанның экономикалық реформа жолы өзінше»

/ Ақиқат -1996ж/

  1. «Экономикалық саясат», Экономика Алматы - 2002

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]