Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Praktikaly_1179__1179_aza_1179_tili_Zhakipova_S...doc
Скачиваний:
35
Добавлен:
13.11.2019
Размер:
636.42 Кб
Скачать

Тапсырмаларды орындаңыз:

1) Сұрақтарға жауап беріңіз:

Кредиттік оқыту жүйесі деген не?

Кредиттік оқыту жүйесін енгізудің мақсаты қандай?

Кредиттік оқыту жүйесінің басты мақсаттары қандай?

Кредиттік оқыту жүйесінің артықшылығы неде?

2) Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

3) Мәтін бойынша өзара сұқбат құрыңыз.

4) Өлеңді жаттап алыңыз:

...Әр адамда өз анасынан басқа

Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада

Болу керек құдіретті төрт ана:

Туған жері – түп қазығы, айбыны,

Туған тілі – сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр, салт-санасы – тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі.

Және туған тарихы, еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасіретті болса да.

Қасиетті бұл төрт ана – тағдырыңның тынысы,

Төрт ана үшін болған күрес – күрестердің ұлысы. (М. Шаханов)

СӨЖ № 2

1. «Қазақстанның алғашқы ЖОО-лары» тақырыбына реферат жазыңыз.

2. Қазақстанда 20 ғасырдың 20-30 жылдары ашылған ЖОО-лардың біреуі туралы тұсаукесер дайындаңыз.

3. Басқа мемлекеттердің оқу жүйесі жайлы ақпарат жинап, мәлімдеме жасаңыз.

4. Оқу-білім туралы мақал-мәтелдер жазып келіп, олардың мағынасын ашыңыз.

5. «Білім – байлығымыз» тақырыбына эссе жазыңыз

3-тақырып

Грамматика: Жіктік жалғауы.

Лексика: Ұлы іс отаншылдықтан туады.

Сабақтың мақсаты: Тілдік, грамматикалық материалдарды жаттығулар арқылы меңгерту. Өз ойын қазақ тілінде сауатты жеткізуге, сөйлемдерді еркін құрастыруға, қатесіз жазуға үйрету. Студенттердің еліне, жеріне, тіліне деген сүйіспеншілік сезімін артыру.

Жіктік жалғауы – қимыл иесінің кім екенін білдіру үшін жалғанатын қосымша, ол сөз бен сөзді жақ жағынан қиыстырып тұрады. Жіктік жалғауы есім сөзге де, етістікке де үндестік заңына бағына отырып жалғанады.

Жақ

Жалғаулары

Жекеше түрі

І. Мен

-мын/-мін,

-бын/-бін,

-пын/-пін

бала-мын, елші-мін

ұстаз-бын, Гүлнәз-бін

қазақ-пын, кәріс-пін

ІІ. Сен

Сіз

-сың/-сің

-сыз/-сіз

ұстаз-сыз, қазақ-сың, елші-сің

ұстаз-сыз, қазақ-сыз, елші-сіз

ІІІ. Ол

жалғауы жоқ

елші, ұстаз, қазақ

Жақ

Жалғаулары

Көпше түрі

І. Біз

-мыз/-міз

-быз/-біз

-пыз/-піз

елші-міз, балалар-мыз

ұстаз-быз, көршіңіз-біз

қазақ-пыз, кәріс-піз

ІІ. Сендер

Сіздер

-сыңдар/-сіңдер

-сыздар/-сіздер

ұстаз-сыңдар, қазақ-сыңдар, елші-сіңдер

ұстаз-сыздар, қазақ-сыздар, елші-сіздер

ІІІ. Олар

жалғауы жоқ

елші, ұстаз, қазақ

1-тапсырма. Жіктік жалғауында тұрған сөздерді аударыңыз.

Мен дәрігермін, біріншімін, ақылдымын

Сен дәрігерсің, екіншісің, ақылдысың

Сіз дәрігерсіз, үшіншісіз, ақылдысыз

Ол дәрігер, төртінші, ақылды

Біз дәрігерміз, біріншіміз, ақылдымыз

Сендер дәрігерсіңдер, екіншісіңдер, ақылдысыңдар

Сіздер дәрігерсіздер, үшіншісіздер, ақылдысыздар

Олар дәрігерлер, төртінші, ақылды

2-тапсырма. Жатыр (лежит), тұр (стоит), жүр (ходит), отыр (сидит) етістіктерін үлгіге қарап жіктеңіздер.

Жекеше түрі (единственное число)

І

Мен

жатырмын

тұр...

жүр...

отыр...

ІІ

Сен

жатырсың

тұр...

жүр...

отыр...

Сіз

жатырсыз

тұр...

жүр...

отыр...

ІІІ

Ол

жатыр

тұр...

жүр...

отыр...

Көпше түрі (множественное число)

І

Біз

жатырмыз

тұр...

жүр...

отыр...

ІІ

Сендер

жатырсыңдар

тұр...

жүр...

отыр...

Сіздер

жатырсыздар

тұр...

жүр...

отыр...

ІІІ

Олар

жатыр

тұр...

жүр...

отыр...

3-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.

Вы (сендер) студенты. Вы хорошие. Вы (сіздер) инженеры. Вы на заводе. Ты ученик. Ты в школе. Ты ленивый. Вы преподаватель. Вы в университете. Она в доме. Она большая. Они врачи. Они известные. Они в городе. Они в городе известные врачи.

4-тапсырма. Көп нүктенің орнына жіктік жалғауының тиістісін жалғап, жекешесін бір бөлек, көпшесін бір бөлек көшіріп жазыңыз.

Мен Абзал... . Біз егіз... . Мен мұғалім... . Біз дәрігер... . Мен жігіт... . Сен қазақ... . Мен жалғыз... . Біз осында... . Мен елуде... . Біз үлкен.... Сендер жас... . Біз бай... . Сіз күшті... . Мен бірінші... . Сен инженер... . Сіздер жақсы.. . Біз көп... . Мен студент... . Сен қонақ... . Мен адам...

5-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңыз.

Мен мұғаліммін, сен ... . Мен қазақпын, сен ... . Ол үлкен, сендер ... . Біз отыздамыз, сендер ... . Сен қаладасың, ол ... . Мен Алматыданмын, сендер ... . Бала сабақта, мен ... . Сендер үйдесіңдер, олар ... . Мен дүкендемін, сен ... .

6-тапсырма. Төмендегі сұраулы сөйлемдерді не құптаңыз, не теріске шығарыңыз.

Сіз студентсіз бе? Сіз ауылдасыз ба? Сіз отбасыңыздң үлкенісіз бе, кішісісіз бе? Сіз қазақсыз ба? Сіз жиырмадасыз ба? Сіз бүгін үйдесіз бе? Сіз Қазақстандасыз ба? Сіз үйленгенсіз бе (тұрмыстасыз ба)? Сіздің жолдасыңыз студент пе? Ол ауылдан ба? Ол үлкен бе, кіші ме? Ол қазақ па? Ол жиырмада ма? Ол бүгін үйде ме? Ол қазақстандық ма? Ол үйленген бе (тұрмыста ма)?

7-тапсырма. Қағазға өзіңіз туралы ақпарат жазыңыз. Қағазды бүктеп жолдасыңызға беріңіз. Жолдасыңыз да соны жасасын. Жолдасыңыз туралы айтып беріңіз. Жолдасыңыз сіз туралы айтсын.

8-тапсырма. Мәтінді оқып, тарсырмаларын орындаңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]