Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Praktikaly_1179__1179_aza_1179_tili_Zhakipova_S...doc
Скачиваний:
43
Добавлен:
13.11.2019
Размер:
636 Кб
Скачать
☆

Қазақ тілінің ерекшелігі

Қазақ тілі грамматикасының өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, түркі тілдерінің ішінде қазақ тілі агглютинативті (жалғалмалы) тілдер тобына жатады. Сөзжасам түбірдің өзгеруі арқылы емес, түбірге аффикстердің (жалғау, жұрнақ) жалғануы арқылы жүзеге асады, ал түбір өзгеріссіз қала береді. Мысалы: бала, бала-ға, бала-лар-ымыз-дың.

Қазақ тіліндегі барлық аффикстердің фонетикалық варианттары бар, олар сөзге сингармонизм және ассимиляция заңдылығына бағына отырып жалғанады. Мысалы, көптік жалғауының 6 фонетикалық варианты бар:

-лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер.

Қазақ тілінде ІІІ жақта қолданылатын жіктік жалғауы бар, ол сөйлемді аяқтап тұратын баяндауыш қызметіндегі сөздердің барлығына дерлік жалғанады. Мысалы: Мен отыр-мын. Сіз мұғалім-сіз. Біз төртеуміз.

Қазақ тілінде тәуелділік мағынасын беретін тәуелдік жалғауы бар, ол әрқашан ілік септігіндегі сөзбен байланысады: әке-нің сөзі, ана-ның махаббаты.

Қазақ тілінде екпін әрқашан сөздің соңғы буынына түседі. Мысалы: бала, балаға, балалар, балаларға, балаларымызға. Қазақ тілінде байырғы сөздермен қатар орыс, араб, парсы, монғол және т.б. тілдерден ауысқан кірме сөздер де көп кездеседі.

Фонетика

Фонетика – тілдің дыбыстық жүйесін зерттейтін ғылым саласы.

Әліпби (алфавит) – әріптердің рет-ретімен жүйелі тізілген жиынтығы.

Қазақ алфавиті 42 әріптен тұрады: а, ә, б, в, г, ғ, д, е, ё, ж, з, и, й, к, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ұ, ү, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, ъ, ы, ь, э, ю, я. Оның ішінде тоғызы тек қазақ тіліне тән ерекше дыбыстар: ә, ө, ұ, ү, і, қ, ғ, ң, һ.

Қазақ тілінде дыбыс саны – 37 (дыбыс бола айтылмайтындар: я (й+а), ю (й+у), ё (й+о) қосарлы дыбыстары және ь – жіңішкелік, ъ – жуандық белгілері).

Қазақ тілінде жуандық және жіңішкелік белгілері, сондай-ақ э, ё, в, ф, ц, ч дыбыстары мен әріптері орыс тілі арқылы енген кірме сөздерде ғана кездеседі.

Дыбыстардың саралануы

Дауысты дыбыстар (гласные звуки)

жуан дауыстылар

а, о, ұ, ы, ( у, и).

жіңішке дауыстылар

ә, ө, ү, і, е, (е, э, ю, я) ( у, и).

Дауыссыз дыбыстар (согласные звуки)

қатаң дауыссыздар

п, ф, к, қ, т, с, ш, щ, ц, ч, х, һ

ұяң дауыссыздар

б, в, г, ғ, д, ж, з

үнді дауыссыздар

р, л, м, н, ң, й, у

Буын

Буын – айтылғанда үзіліп-үзіліп шығатын, құрамында дауысты дыбысы бар сөздің бөлшегі. Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Дауысты дыбыстардың жуан, жіңішкелігіне қарай буындар жуан және жіңішке болып бөлінеді.

Ішіндегі дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың алмасып отыруына байланысты буын ашық, тұйық, бітеу болып үшке бөлінеді.

Ашық буын – бір дауысты дыбыстан тұратын немесе дауысты дыбысқа біткен буын: е-ді, о-ны, а-ға, да-ла.

Тұйық буын – дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталатын буын: ол, ой-ын, ау-ыл-ым.

Бітеу буын – ортасында дауысты дыбыс тұрып, екі жағы дауыссыз дыбыстан құралған буын: біз, қант, көл-шік, жас-тар-дың.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]