Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Praktikaly_1179__1179_aza_1179_tili_Zhakipova_S...doc
Скачиваний:
33
Добавлен:
13.11.2019
Размер:
636.42 Кб
Скачать

Азаматтық қалай анықталады?

Қазақстан мемлекетінің азаматтығын алу үшін заңда төрт негіздеме көрсетілген:

- туу бойынша;

- Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау нәтижесі бойынша;

- ҚР-ның мемлекетаралық шарттарында көрсетілген тәртіппен;

- Осы заңда көрсетілген басқа да негіздемелер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініштер бойынша шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.

Қазақстан азаматтығын қабылдаудың өзіндік шарттары бар. Яғни, Қазақстан Республикасы азаматтығына Қазақстан аумағында кемінде бес жыл тұрақты тұрып келген адамдар не Қазақстан азаматымен некеде тұратын адамдар қабылданатын болады.

Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға адамның осы заңда белгіленген тәртіппен жасаған өтініші негізінде рұқсат етіледі.

Қазақстан азаматтығына қабылданудан мынадай жағдайларда бас тартылады:

- Егер адам халықаралық құқықта көзделген қылмыс жасаса;

- ҚР-ның егемендігі мен тәуелсіздігіне әдейі қарсы шықса;

- ҚР аумағының бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақырса;

- Мемлекет қауіпсіздігіне, халықтың денсаулығына нұқсан келтіретін құқыққа қарсы іс-әрекет жасаса;

- Мемлекетаралық, ұлтаралық және діни араздықты қоздырған болса;

- ҚР-ның мемлекеттік тілінің қолданылуына қарсы әрекет жасаса;

- Бүлікшіл әрекеті үшін сотталған болса;

- Сот ерекше қауіпті баукеспе деп таныса;

- Басқа мемлекеттің азаматы болса.

Осындай әрекет жасаған адамдардың өтініштері қабылданбайды.

*

- Мәтіннен етістіктерді тауып, талдаңыз.

- Мәтін бойынша сұраулы сөйлем құрастырыңыз.

- Өзара қарапайым сұхбат құрыңыз.

**

- Мәтінді қысқаша мазмұндаңыз.

- Мәтіннің мазмұнын талдап, өзара әңгімелесіңіз.

- Мәтіннен етістіктерді тауып, талдаңыз.

***

- Мәтінді оқып мазмұнын талдаңыз.

- Мәтін бойынша өзара сұхбат құрастырыңыз.

- Өз еліңнің нағыз азаматы болуды қалай түсінесің? Өзара пікірлесіңіз.

Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары

1. Ауыспалы өткен шақта тұрған етістікті табыңыз:

А) оқыдым;

В) тұрған;

С) айтасың;

Д) жепті;

Е) баратынмын.

2. Жедел өткен шақтағы етістікті көрсетіңіз:

А) алыпты;

В) жасайды;

С) келетін;

Д) қатысты;

Е) жарар.

3. Ежелгі өткен шақтағы етістікті көрсетіңіз:

А) шақырыпты;

В) түсінерсің;

С) берген;

Д) тексерді;

Е) жазбақшы.

4. Анық өткен шақтағы етістікті көрсетіңіз:

А) баратын;

В) салған;

С) жазыпты;

Д) тыңдайды;

Е) қуанышты.

5. Қай етістік өткен шақта тұрған жоқ:

А) үйреніпті;

В) келмеді;

С) айтпаған;

Д) баратын;

Е) меңгерер.

СОӨЖ №7

Тақырып: Мен – Қазақстан Республикасының азаматымын.

Мақсаты: білім алушылардың лекика-грамматикалық білім, білік, дағдыларын дамыта отырып, лингвомәдени құзыреттілігін қалыптастыру.

Мен – Қазақстан Республикасының азаматымын

Жүздеген жылдар бойы азаттық жолында талай сынға түскен халқымызға ХХ ғасыр үлкен қуаныш сыйлады. Өз алдымызға ел болып, тәуелсіздік туын көтердік.

Бүгінде Қазақстан – Халықаралық қауымдастықтың беделді өкілі. Қазақ елі өзінің ұстамды саясатымен, қуатты экономикасымен әлем жұртшылығының назарын аударып отырған беделді мемлекет.

Қазақстан 1992 жылы БҰҰ-дың мүшелігіне қабылданды. Қазір дүниежүзінің 117 елі Қазақстанның тәүелсіздігін танып, достық пейіл білдіріп отыр. Қазақстан Республикасы АҚШ, Германия, Түркия, Финляндия, Қытай, Жапония, Онтүстік Корея, Иран, Италия тағы басқа елдермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.

Біздер, бүгінгі жас жеткіншектер – тәуелсіз қазақ елінің ертеңіміз. Өркениетті елдер көшіне бағыт алған жұмыстарды келешекте біз жалғастырармыз. Сондықтан менің құрбыларым өте жақсы оқып, білімді де, парасатты, елжанды азамат болып ержетуі тиіс. Біз білімді болсақ, кең-байтақ Қазақстан да жедел көркейеді, ғылымы өрге басады. Ұлы Отанымыз тек қана қайсар жастарымыздың жасампаз еңбегімен гүлденеді.

Мен жер бетіндегі жүздеген мемлекет қызыға қарайтын ұлан-байтақ қазақ елінің жеткіншегі болғанымды, Қазақстанның азаматы екенімді мақтан етемін. Ал біз осы «азамат, азаматтық» деген ұғым нені білдіретінін білеміз бе?

«Азаматтық» ұғымы заң бойынша үш элементтен тұрады:

1. Адамның мемлекетпен байланысы уақытша емес, тұрақты болуы тиіс. Адам өз қалауы бойынша азаматтықты біресе қабылдап, біресе одан бас тарта алмайды.

2. Адамның мемлекетпен бойланысы саяси-құқықтық сипатта болады. Мемлекет Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын кез келген адаммен құқықтық байланысқа түсе алады. Бірақ саяси қатынас тек мемлекет пен оның азаматы арасында ғана орнай алады.

3. Мемлекет пен азаматтың арасында өзара құқық пен міндеттемелер белгіленеді. ҚР өзінің органдары мен лауазымды адамдары атынан өз азаматттары алдында жауапты, ал Қазақстан Республикасы азаматтары өзінің республикасы алдында жауапты. Ол ҚР-ның Конституциясын және заңдарың сақтауға, оның мүдделерін, аумақтық тұтастығын қорғауға, әдет-ғұрып, дәстүрлерлерді, мемлекеттік тілді және оның аумағында тұратын басқа ұлт өкілдерінің тілдерін құрметтеуге ҚР-ның қуатының егемендігі мен тәуелсіздігін нығайытуға үлес қосуға міндетті.

Біздің туып-өскен жеріміз – Қазақстан. Біз Қазақстан Республикасының азаматтарымыз. Сондықтан Қазыбек бидің: «Алтын ұяң – Отаның қымбат, туып-өскен елің қымбат, кіндік кесіп, кір жуған жерің қымбат» - деген сөздерін әрқашанда жадымызда сақтап, еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлесімізді қосайық.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]