Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Praktikaly_1179__1179_aza_1179_tili_Zhakipova_S...doc
Скачиваний:
33
Добавлен:
13.11.2019
Размер:
636.42 Кб
Скачать

Мамандық

Әр жеткіншек ертелі-кеш пе, әйтеуір бір кезде өз өмір жолын қалай таңдап, болашағын қандай мамандықпен байланыстыратыны жайлы ойлана бастайды. Кәсіптің сан алуан түрі бар, олардың қайсысын қателеспей таңдауға болады?

Алдымен өзіңе тән жеке қабілеттеріңді, мүмкіншіліктеріңді сыни тұрғыдан таразылап көр. Одан кейін ұнаған мамандықты игеру үшін не қажет, қандай талап қойылатынын анықта. Сонымен қатар сізді жан-жақты танып-білетін, дұрыс жол сілтей алатын әділ ақылшыларын – ата-анаң және ұстаздарыңмен кеңес.

Инженер, дәрігер, мұғалім, ғалым, жазушы, тілші, мүсінші, суретші, сәулетші, экономист, есепші, ұшқыш, ғарышкер, т.б. болу үшін көп оқып, кәсіби білім алу қажет. Кейін теориялық біліміңді практикамен ұштастырып, тәжірибе жинаған жөн. Металлург, кенші, жүргізуші, құрылысшы, тоқымашы, тігінші болғың келсе, өндірісте жұмыс істеу керек. Бақташы, егінші, мал дәрігері, бағбан, сауыншы, мақташы көбінесе ауыл шаруашылығында қызмет атқарады. Аяқ-киім жөндеуші, сатушы, шаштараз, сағат шебері, зергер тұрмыстық қызмет көрсету салаларында жұмыс істейді. Ал әнші, биші, сазгер, режиссер, т.б. тәрізді мамандықты таңдасаң, өнер саласында қызмет етесің.

Кейде біріеулер мамандықтарды «беделді» және «беделсіз» деп екіге бөліп жатады. Бұл – қате пікір. Кәсіпті беделді ететін – адам. Егер сен жұмысыңды жоғары деңгейде атқарып, өзіңді жақсы қырыңнан таныта білсең, онда сен де, мамандығың да «беделді» болады. Сондықтан жақсы маман болуға тырыс: жалықпай еңбек ет, өз міндеттеріңе жауапкершілікпен қара, кәсіби біліктілігіңді үнемі арттырып отыр. Себебі өмір әр маманнан өз кәсібін жетік игеруді және заман «ағысына» сай болуды талап етеді.

Сонымен, өмірде мамандықтың түрі өте көп. Олардың бәрі де қоғам үшін пайдалы және қажетті. Тек өз мамандығыңды дұрыс таңдап, өмірдегі орныңды тауып, халық қалаулысы бола біл.

*

- Жаңа сөздер және сөз тіркестерімен танысып, оларды есте сақтаңыз.

- Мәтіннен етістіктің рай категориясындағы тұлғасын тауып, талдаңыз.

- Өзара қарапайым сұхбат құрыңыз.

**

- Мәтіннің мазмұнын талдап, өзара әңгімелесіңіз.

- Мәтіннен етістіктің рай категориясындағы тұлғасын тауып, оларды жіктеңіз.

- Мамандық атауларын сала бойынша қойып шығыңыз:

а) ой еңбегі саласы (сфера умственного труда) – .....

ә) өндіріс саласы (сфера производства) – .....

б) ауыл шаруашылық саласы (сфера сельского хозяйства) – .....

в) тұрмыстық қызмет көрсету саласы (сфера обслуживания) – .....

г) өнер саласы (сфера искусства) – .....

***

- Мәтіннен етістіктерді тауып, оларды шартты, қалау, бұйрық рай тұлғасында жіктеңіз.

- Мәтінді толық мазмұндаңыз.

- Мына сұрақтарға жауап бере отырып, өз пікіріңізді жазыңыз:

Сіздің мамандығыңыз қандай? Мамандығыңызды қалай таңдадыңыз? Мамандығыңыз қай салада? Өзіңіздің салаңызда жақсы маман болу үшін не істеу керек?

Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары

1. Ашық райда тұрған сөзді табыңыз.

А) алады

В) алсын

С) алғысы келеді

Д) алсаң

Е) алайын

2. Бұйрық райда тұрған сөзді табыңыз.

А) тез келмек

В) кеткім келеді

С) жолың болсын

Д) далаға шықса

Е) ерте тұрдым

3. Шартты райда тұрған сөзді табыңыз.

А) жылына бастады

В) көмектесетін болсаң

С) ұмытқысы келеді

Д) тыңдап көрейік

Е) алғысым шексіз

4. Қалау райда тұрған сөзді табыңыз.

А) кешігіп қалды

В) жолымды бөгеме

С) алғысыңды айт

Д) барғысы келмеді

Е) тоқтату керек

5. Бұйрық райдың І жақ көпше түрінде тұрған етістікті табыңыз.

А) сөйлескім келді

В) жасап болдым

С) дайындала беріңдер

Д) жазып келсін

Е) сынап көрейік

СОӨЖ №9

Тақырып: Алматы технологиялық университеті.

Мақсаты: білім алушылардың лекика-грамматикалық білім, білік, дағдыларын дамыта отырып, лингвомәдени құзыреттілігін қалыптастыру.

Алматы технологиялық университетінің (АТУ) тарихы 1957 жылы Алматыда оқу-консультациялық пункті ашылып, одан кейін Бүкілодақтық сырттай оқыту тамақ өнеркәсібі институтының филиалы болып қайта құрылуынан басталды. 1966 жылы филиал Жамбыл технологиялық жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтының құрамына кіріп, осы салалар бойынша инженерлік мамандар дайындай бастады.

Филиал 1996 жылы Алматы технологиялық институты (АТИ) болып, жеке жоғары оқу дәрежесін алды. Оқу процесінің үздіксіз дамуы, сапалы оқытушылар құрамының жоғары деңгейі, халықаралық байланыстардың кеңеюі 1999 жылы АТИ-дің Алматы технологиялық университеті болып қайта құрылуына ықпал жасады. Ашылған уақыттан бастап бұл жоғары оқу орны мыңдаған мамандар дайындап шығарды. Болашақ мамандар университет қабырғасында терең білім алып қана қоймай, сонымен бірге көптеген мәселелерді шешуге іскерлік, біліктілік танытады. АТУ агроөнеркәсіп кешенінің қайта өңдеу саласы қоғамдық мәдени қызмет көрсету, тоқыма, тамақ және жеңіл өнеркәсіптеріне инженер, технолог, сараптаушы, экономист және менеджерлер дайындайды.

Бүгінгі таңда Республикамыздың түпкір-түпкірінде қызмет етіп жүрген біздің түлектеріміз жоғары кәсіби дайындығымен ерекшеленеді. Сонымен қатар жалпы және арнайы технология әрі экономика негіздерін, өндірісті ұйымдастыру мен жоспарлау, компьютерде жұмыс істеу әдістерін терең меңгергендіктерімен көзге түседі.

Университетте 4 факультет, 22 кафедра, оның 8-і арнайы мамандандырылған, Сырттай және қашықтықтан оқыту институты, Технологиялық-экономикалық колледж, екі Ғылыми-зерттеу институты, мамандардың біліктілігін жетілдіретін институт, тағы да басқа инфрақұрылымдар жұмыс істеуде.

Алматы технологиялық университеті – Ұлттық Аккредитациялық Орталығының Бас рейтингі бойынша Қазақстанның техникалық жоғары оқу орындарының алдыңғы қатарларында орналасқан және жоғары білімнің көпдеңгейлік үлгісімен (бакалавр – магистрлар – PhD докторы) жұмыс істейтін, Қазақстанда және одан тыс алыс жерлерге аты танымал, тұрақты өсіп-өркендеп келе жатқан жоғары оқу орны.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]