Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Praktikaly_1179__1179_aza_1179_tili_Zhakipova_S...doc
Скачиваний:
35
Добавлен:
13.11.2019
Размер:
636.42 Кб
Скачать

Білім – байлығымыз

«Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады» дегендей, білімнің адам өмірінде үлкен рөл атқаратыны бәрімізге белгілі. Ал білімнің қайнар бұлағы, сенің рухани қазынаңның асыл қоры, өміріңнің қиын сәттерінде әрқашан қасыңнан табылатын сенімді сырласың – кітап.

Кітап – асыл досымыз, ақылшымыз. Жақсы кітап – жақсы қоғам тәрізді. Кітап – оқудың, үйренудің ең жақсы түрі, әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі, алтын қазына, ұлттық байлық.

Кітап – кәріліктің жақсы досы, сонымен бірге жастықтың да жетекшісі. Кітап адамзат ақыл-ойының інжу-маржанын бойына жинайды да, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді. Мәдениетті адам болып тәрбиеленуге екі құдіретті күш әсер етеді, олар – көркем өнер мен ғылым. Бұл екеуімен де кітап бетінде дидарласасың. Өркениеттің жалпы көрінісінде әрбір халықтың орны оның оқыған кітабының санымен анықталады.

Білімге құмартып, кітапты бүкіл жан-дүниеңмен сүйе біл. Ол сенің ең жақсы досың ғана емес, өміріңнің соңына дейінгі сенімді серігің.

*

- Мәтіннен туынды зат есімдерді тауып, олардың жасалу жолын көрсетіңіз.

- Мәтіннен тәуелдік жалғаулы сөздерді тіркескен сөздерімен бірге теріп жазыңыз.

- Мәтін бойынша екеуара сұхбат құрыңыз.

**

- Мәтіннен тәуелдік жалғаулы күрделі зат есімдерді тауып, оларды тәуелдеңіз.

- Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз: асыл дос, жақсы қоғам, қайнар бұлақ, рухани қазына, сенімді серік, сүйе білу, ұлттық байлық.

- Мәтінді қысқаша мазмұндаңыз.

***

- Мәтінге жоспар құрып, негізгі ойын айтыңыз.

- Тәуелдік жалғаудың барлық жағын, түрін қолдана отырып, өзіңізге ұнаған кітап туралы қысқаша жазып беріңіз.

- Шағын мәтінді оқып, атын қойыңыз. Мазмұнын айтыңыз.

Пушкин өз заманында алдына жан салмаған білімді адам болған. Ол он бір жасында әкесінің өте үлкен кітапханасын түк қалдырмай оқып шыққан және ол кітаптың бәрі де тек француз тілінде жазылған. Басқаша айтсақ, Пушкинді жаратқан құдай болса, оны ұлы адам қылған кітапхана.

«Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге», - дейді ұлы Абай. «Кітап – білім бұлағы» деген мақалдың маңызын түсінсеңіз, кітап құнының қандай екенін байқау қиын болмаса керек. Бұл аз десеңіз, Пушкин соңғы демі бітер шағында адаммен емес, том-том кітаптарымен қоштасыпты. Мұның бәрі – рухани дүниенің ішіндегі кітаптың ерекше орнын көрсететін дәлел.

Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары

1. Тәуелдік жалғауы дұрыс жалғанбаған сөзді табыңыз:

А) кітабі

В) баласы

С) халқың

Д) басым

Е) атаң

2. Туынды зат есімді табыңыз:

А) сөздік;

В) бесінші;

С) халық;

Д) жылдам;

Е) садақ.

3. Күрделі зат есімді табыңыз:

А) адамгершілік;

В) ойыншық;

С) балалық;

Д) мекен-жай;

Е) қаламгер.

4. Жалқы зат есімді табыңыз:

А) ауыл;

В) студент;

С) Алакөл;

Д) балабақша;

Е) аспаз.

5. Тәуелдік жалғаулы сөзді табыңыз.

А) халыққа

В) халқы

С) халықтар

Д) халықпен

Е) халықтарда

СОӨЖ №2

Тақырып: Кредитттік оқу жүйесі.

Мақсаты: білім алушылардың лекика-грамматикалық білім, білік, дағдыларын дамыта отырып, лингвомәдени құзыреттілігін қалыптастыру.

Қазақстанның жоғары оқу жүйесі 1992 жылдан бастап төрт жыл білім беріп – бакалавр және қосымша екі жыл оқытып – магистр дәрежесін алатын батыс елдерінің үлгісін қабылдап, кредиттік оқыту жүйесіне көше бастады. Дегенмен алғашқы кезеңде бұл оқу жүйесі Қазақстанда стихиялы түрде қалыптасты. Сондықтан 2007 жылдың 22 қарашасында Білім және ғылым министрлігі № 566 бұйрығымен Оқу үрдісін оқытудың кредиттік технологиясы бойынша ұйымдастыру ережелерін бекітті.

Кредиттік оқыту жүйесін енгізудің мақсаты – ҚР-ның білім беру жүйесін әлемдік білім беру жүйесімен бірлестіру, халықаралық стандарттарға, замануи талаптарға сай ұлттық білім беру жүйесін құру.

Кредиттік оқыту жүйесі – оқу үрдісін рәсімдеу және білім көлемін кредит түрінде есепке алу аясында білім беру бағытын қалауы бойынша таңдау негізінде өз бетімен білім алу деңгейін жетілдіруге, білімді шығармашылық түрде меңгеруге бағытталған оқу жүйесі.

Кредиттік оқыту жүйесінің басты міндеттері – білім көлемін сәйкестендіру, оқытудың даралануы үшін жағдай туғызу, білім алушылардың өздік жұмыстарының тиімділігі мен ролін күшейту.

Кредиттік оқу жүйесінің ерекшеліктері:

- білім алушылар үшін оқу жоспары пәндерін таңдау кеңдігі;

- әр студенттің өз жеке оқу жоспарын жасауға қатысуы;

- сынақ бірліктері - кредиттер жүйесін жүргізу;

- оқу үрдісінің баспа және электронды түрдегі қажетті әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілуі;

- студенттердің оқу пәндерін меңгеруін бағалауда балдық-рейтингтік жүйенің міндетті түрде қолданылуы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]