Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Praktikaly_1179__1179_aza_1179_tili_Zhakipova_S...doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
13.11.2019
Размер:
636.42 Кб
Скачать

5. Мәтінге сүйеніп өз туыстарыңыз туралы (олар сізге кім болып келетінін) айтып беріңіз.

СӨЖ №1

1. Әр елдің амандасу рәсімі туралы ақпарат жинап, мәлімдеме дайындаңыз.

2. Қазақстанда тұратын халықтардың амандасу рәсімі бойынша салыстырмалы кесте құрастырыңыз.

3. Бір елдің амандасу рәсімі туралы тұсаукесер жасаңыз.

4. Отбасы туралы мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді жазып келіңіз. Оларды жатқа айтып беріңіз.

5. «Менің отбасым» тақырыбына шығарма жазыңыз.

2-тақырып

Грамматика: Зат есім. Тәуелдік жалғауы, -нікі, -дікі, -тікі жұрнақтары арқылы жасалатын тәуелдік форма.

Лексика: Білім – байлығымыз.

Сабақтың мақсаты: Зат есімнің морфологиялық ерекшеліктерін, тәуелдік жалғауларын қайталай отырып, студенттерді сауатты жазуға, сөздік қорын молайтып, өз ойын анық жеткізуге баулу.

Зат есім

Зат есім заттың, заттық ұғымның атын білдіретін сөз табы: кітап, адам, маман, студент, гүл, құрал, мақта, мата, жіп, киім, т.б. Зат есім мағынасына қарай жалқы және жалпы, деректі және дерексіз, құрамы мен тұлғасына қарай дара және күрделі, негізгі және туынды болып бөлінеді.

Жалқы есімдер – жеке, дара заттың өзіндік атауы: Әйгерім, Алакөл, Алматы, Алатау, Ақтабан шұбырынды, Ақтөс, «Алматы ақшамы» газеті, т.б.

Жалпы есімдер – бірыңғай көптеген заттардың жалпылама атауы: өзен, көл, көше, кітап, тау, ағаш, бала, шолпы, сақина, алқа, былғары, т.б.

Деректі зат есім – көзге көрінетін, денеге сезілетін зат атаулары: балық, қалам, мысық, жапырақ, үй, т.б.

Дерексіз зат есім – көзге көрінбейтін, денеге сезілмейтін, тек ой арқылы түсінілетін зат атаулары: арман, бақыт, мінез, достық, адамгершілік, т.б.

Дара зат есім – бір сөзден тұратын зат атауы: жер, көл, хат, аң, ыдыс, т.б.

Күрделі зат есім – бірнеше сөзден біріккен, қосарланған, тіркескен, қысқарған зат атаулары: қолғанат, қараторғай, ертұрман, ыдыс-аяқ, ата-ана, ауылшаруашылық, күн тәртібі, ҚР, АТУ, т.б.

Негізгі зат есім – тек түбірден тұратын, жұрнақсыз зат есімдер: бас, қол, тау, күн, ән, адам, бала, т.б.

Туынды зат есім – жұрнақ арқылы жасалған зат есімдер: білім (біл+ім), дәрігер (дәрі+гер), оқушы (оқу+шы), жастық (жас+тық), т.б.

Есімдерден зат есім тудыратын жұрнақтар: 

-шы, -ші: оқу+шы, ән+ші, тігін+ші, тоқыма+шы;

-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: жеңіл+дік, дос+тық, жас+тық;

-шылық, -шілік: адамгершілік, тіршілік;

-лас, -лес, -дас, -дес: жол+дас, жер+лес, ат+тас, пікір+лес, әріп+тес;

-гер, -кер: зер+гер, дәрі+гер, зейнет+кер.

Етістіктен зат есім тудыратын жұрнақтар:

-ма, -ме, -ба, -бе, -па,-пе: аялдама, терме, қоспа;

-ым, -ім, -м: білім, шағым, сезім, киім, күтім;

-іш, -ыш: өлшеуіш, төсеніш.

Зат есімнің категориялары (түрленуі)

Көптік категориясы: балалар, дәптерлер.

Тәуелдік категориясы: үйім, үйің, үйіңіз, үйі, үй сенікі, қала біздікі.

Септік категориясы: қала, қаланың, қалаға, қаланы, қалада, қаладан, қаламен.

Зат есім баяндауыш қызметінде қолданылғанда жіктеледі:

І жақ: Мен студентпін, маманмын.

ІІ жақ: Сен студентсің, мамансың.

ІІ жақ: Сіз студентсіз, мамансыз.

ІІІ жақ: Ол студент, маман.

Заттың меншіктілігін білдіретін жалғауды тәуелдік жалғауы дейміз. Тәуелдік жалғаудағы сөз ілік септігіндегі сөзбен байланысты болады. Мысалы: менің досым – мой друг.

Жекеше түрі

Көпше түрі

І. Мен «я» - менің «мой»

ІІ. Сен «ты» - сенің «твой»

Сіз «Вы» - сіздің «Ваш»

ІІІ. Ол «он» - оның «его (ее)»

І. Біз «мы» - біздің «наш»

ІІ. Сендер «вы» - сендердің «ваш»

Сіздер «Вы» - сіздердің «Ваш»

ІІІ. Олар «они» - олардың «их»

Тәуелдік жалғауы үш жақта, жекеше, көпше түрде қолданылады және үндестік заңына бағына отырып жалғанады.

Түбір дауысты дыбысқа аяқталса

Жекеше түрі

Көпше түрі

І. менің қала-м, әже-м

ІІ. сенің қала-ң, әже-ң

сіздің қала-ңыз, әже-ңіз

ІІІ. оның қала-сы, әже-сі

І. біздің қала-мыз, әже-міз

ІІ. сендердің қала-лар-ың, әже-лер-ің

сіздердің қала-лар-ыңыз, әже-лер-іңіз

ІІІ. олардың қала-лар-ы, әже-лер-і

Түбір дауыссыз дыбысқа аяқталса

Жекеше түрі

Көпше түрі

І. менің дәптер-ім, дос-ым

ІІ. сенің дәптер-ің, дос-ың

сіздің дәптер-іңіз, дос-ыңыз

ІІІ. оның дәптер-і, дос-ы

І. біздің дәптер-іміз, дос-ымыз

ІІ. сендердің дәптер-лер-ің, дос-тар-ың

сіздердің дәптер-лер-іңіз, дос-тар-ыңыз

ІІІ. олардың дәптер-лер-і, дос-тар-ы

Тәуелдік жалғаудың синонимі бар. Ол: -нікі, -дікі, -тікі. Тәуелдік мағынаны білдіретін жұрнақ меншікті заттың өзіне жалғанбай, оның иесіне жалғанады. Тәуелді заттың аты оның иесін білдіретін сөзден бұрын тұрады. Тәуелді затты атайтын сөзге ешбір қосымша қосылмайды. Мысалы, салыстырып көріңіз: кітап баланікі – баланың кітабы, мөр әкемдікі – әкемнің мөрі. Бұл жұрнақтың жуан варианты жоқ, жуан сөзге де, жіңішке сөзге де жіңішке түрде жалғанады. Тәуелдік мағынаны білдіретін жұрнақтың жақтық мағынасы жоқ.

1-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қойып жазыңыз.

Менің әке... жақсы адам. Оның бес немере... бар. Олардың екеу... – қыз. Біздің ата... – оқытушы. Сенің ата... қандай адам? Сіздің әке... кім? Біздің мекеме... Абай даңғылында тұр. Сіздің бала... бар ма? Олардың қыз... студент пе? Оның ат... кім? Сенің дәптер... менің кереует...де жатыр. Сіздің дос... кім? Сендердің жолдас... керемет адам екен. Қабырғадағы сіздің сурет... бе? Біздің есік... ашық.

2-тапсырма. Мағынасына қарай көп нүктенің орнына тиісті есімдіктерді қойыңыз.

... ағасы аулада отыр. ... әкең дәрігер ме? ... тәрелкеңіз қайда? ... кесеміз нешеу? ... асханамыз осында. ... қалаларыңыз өте әдемі екен. Мынау ... баламыз. ... атаң оқытушы ма? ... әжем ауылда. ... досы университетте оқиды. ... жасың нешеде? ... балалары қайда? ... қарындашың нешеу? ... көлігіміз мынау. ... жолдасың жақсы адам ба? ... есігіңізді жабайын.

3-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін оқып, орыс тіліне аударыңыз.

Менің дәптерім, оның қаламы, біздің мектебіміз, сенің қалаң, олардың сабағы, сіздің ісіңіз, сендердің оқулығың, сіздердің университетіңіз, біздің кітабымыз, менің қарындашым, оның қызы, сіздің сағатыңыз, сенің қолың, олардың әні, біздің досымыз, олардың жолдасы.

4-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.

Мне надо учиться. Вам не надо быть здесь. Им надо выполнить задание. Завтра тебе надо сдавать экзамен. Ей нужно выпить чаю. Вам нужно отдыхать на Медео. Вам не надо танцевать. Тебе не надо включать телевизор. Вам надо читать книги. Нам не надо гулять. Им надо встретиться.

5-тапсырма. Дара және күрделі зат есімдерді екі бағанға бөліп жазыңыз.

Жаңа оқулық, жеңіл өнеркәсіп, сары май, қызыл гүл, жеделхат, анықтама, ата-ана, дәріхана, балалар бақшасы, үлкен бақша, қарақат, Қарағанды, ойбай, Қара теңіз, көгілдір теңіз, Бетпақ дала, кең дала, АТУ, мемлекет, құрметті, масқара, жауын-шашын, боран.

6-тапсырма. Негізгі зат есімдерден -шы, -ші, -гер, -кер, -ша, -ше, -лық, -тық, -хана, -ын, -шек, -шық, -шік, -шылық, -гөй, -қан жұрнақтары арқылы туынды зат есімдерін жасаңыз.

Дос, ән, шай, қайрат, ай, бөлім, іні, қап, сандық, от, бота, кітап, ақыл, күй, қалам, адам, сауда, келін, төбе, балық.

7-тапсырма. Мәтінді оқып, тапсырмаларын орындаңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]