Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Praktikaly_1179__1179_aza_1179_tili_Zhakipova_S...doc
Скачиваний:
35
Добавлен:
13.11.2019
Размер:
636.42 Кб
Скачать

Есте сақтаңыз!

Қазақ халқында өзінен жасы үлкен адамға және таныс емес кісілерге «сіз» деп сөйлейді.

Жасы үлкендерге әңгімені сыйластықты білдіретін аға, ағай, ата, атай, апай сияқты сөздермен бастайды.

Жасы кішілерге айналайын, қарағым, қызым, інішек, шырағым, балам, балақай т.б. сөздермен бастайды.

Ресми қарым-қатынаста ханым, мырза, құрметтім, қымбаттым деген сияқты сөздер қолданылады.

«Жақсы сөз – жарым ырыс» дейді қазақ халқы. Сондықтан бір-біріне жақсы тілек айтуға үлкен мән береді.

Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары

1. Қай сөз үндестік заңына бағынбай тұр:

А) жазушы

В) студенттер

С) сазгер

Д) балабақшада

Е) аспаз

2. Үнді дауыссыз дыбыстан құрылған сөздерді табыңыз:

А) сөздік, дәптер

В) бес, тоғыз

С) әдемі, момын

Д) жылдам, тез

Е) рең, мен

3. Тұйық буыннан тұратын сөздерді табыңыз:

А) адам, ауыл

В) ойын, әйел

С) бала, кітап

Д) әсем, өлең

Е) өрік, мейіз

4. Дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың алмасып отыруына байланысты буын неше түрге бөлінеді?

А) 6

В) 5

С) 4

Д) 3

Е) 2

5. Көптік жалғаулы сөзді табыңыз:

А) жануар

В) жанар

С) жазар

Д) жаулар

Е) жабар

СОӨЖ №1

Тақырып: Сәлем – сөздің атасы.

Мақсаты: білім алушылардың лекика-грамматикалық және фонетикалық білім, білік, дағдыларын дамыта отырып, лингвомәдени құзыреттілігін қалыптастыру.

1. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіз.

Сәлем – сөздің атасы

Сәлем – әдептіліктің белгісі. Сәлемнің сәлемдесу, сәлем беру, сәлем қылу түрлері бар. Сәлемдесу – кездескен адамдардың бір-бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөленуі, бір-біріне аман-саулық тілеп, ниеттестігін білдіруі. Әрбір адам «қайырлы таң», «қайырлы күн», «қайырлы кеш», «кеш жарық» деген сөздерді амандасуға қосып, тәуліктің үш мезгілінде де бір-бірімен ақжарқын амандасуға тиіс.

Амандасқан адам қазақ салтында оң алақанын жүрегінің үстіне қойып, басын изейді. Не қол алысып амандасады.

Сәлемдесу түрлері мыналар:

– Сәлемсіз бе?

– Сәлем!

– Аман-саусыз ба?

– Аман-есенсіз бе?

– Есенсіз бе?

– Амансыз ба?

– Үй-ішіңіз аман ба?

– Бала-шағаңыз, мал-жаныңыз аман ба?

Араб тілінен енген:

– Ассалаумағалайкум!

– Уағалайкум ассалам!

Яғни:

– Сізге амандық тілеймін!

– Сізге де амандық тілеймін! – деген сияқты амандасу түрлері көп кездеседі.

2. Белгіленген сөздердің мағынасын түсіндірме сөздіктен анықтап, оларға фонетикалық талдау жасаңыз.

3. Тақырып бойынша өзара сұхбат құрыңыз.

4. Төмендегі туыстық қарым-қатынасты білдіретін сөздердің мәнін біліп алып, есте сақтаңыз.

Ата – әкенің әкесі. Атаны жасы кішілер құрметпен «ақсақал, қария» деп атайды, «шал» деуге болмайды, ол сыйламағандық болып есептеледі.

Әже – әкенің шешесі. Ұлы мен келіні әжесінің айтқанын екі етпеуі тиіс. Әже де немерелерін ерекше жақсы көреді.

Әке-шеше, ата-ана – дүниеге ұрпақ алып келген ерлі-зайыпты адамдар. Ұл мен қыз үшін бұлардан асқан адам жоқ. Сондықтан, олар ата-анаға өмір бойы қарыздар. Отбасындағы әке «отағасы» делінеді. Келін күйеуінің шешесін (анасын) «ене» дейді, ал басқалар «ошақ иесі» деп атайды.

Бала – ата-анадан туған ұрпақтар, яғни олар «ұл, қыз» деп аталады.

Ұл – шаңырақ иесі, ұрпақ жалғастырушы. Ұл туғанда бұрын «ат ұстар» деп хабарлаған.

Қыз – басқа елдің болашақ келіні, болашақ ана. Сондықтан «қыз – қонақ, қыз – өріс» деп туған-туыстары аялап, мәпелеп өсірген. Үлкендер оны «қызымыз» деп үнемі төрге отырғызып, жолы үлкен деп есептеген.

Тұңғыш, ортаншы, кенже бала. Ата-ана бірінші туған баласын «тұңғышым», одан кейін туған баласын (немесе балаларын) «ортаншым», ең соңғы туған баласын «кенжем» деп атаған. Алғашқы балаларын үйлендіріп, енші беріп жеке отауға шығарған да, соңғы кенжесін өз қолында қалдырған. Ол әке-шешесін бағып, олардың мұрасына ие болып қалған.

Немере – ұлдың баласы. Немере ата-әже үшін өте ыстық болады. Олар бірінші немересін көбінесе бауырына салып, өсіреді.

Шөбере – немеренің баласы. Оның ата-ана үшін орны ерекше. Егер шөберенің қолынан (алақанынан) су ішсе, о дүниеде жеңілдік болады деседі. Шөберенің баласы «шөпшек», «шөпшектің» баласы «немене», «немененің» баласы «туажат», «туажаттың» баласы «мүлдежат» делінеді.

Аға, апа, қарындас, сіңлі – бір әке-шешеден туған немесе туыстың ұл балалары үлкен болса – «аға», кіші болса «іні», үлкен қыз «апа», «әпке», кіші болса, «қарындас», қыздар үшін «сіңлі» болады.

Жеңге – ағаның әйелі. Ол жасы үлкендер үшін – «келін», жасы кішілер үшін – «жеңге, жеңеше». Жеңгелері қайындарын, қайын сіңлілерін «мырза жігіт», «ерке бала», «сырғалым», «шашбаулым», «бойжеткен», «күлім көз» деп құрметпен атаған.

Қайын іні, қайын сіңлі – жеңгелері үшін күйеуінің інісі – «қайын іні», қарындасы – «қайын сіңлі» болады. Оларды жеңгелері үнемі еркелетіп жүреді.

Ағайын – бірге туған туыстар бір сөзбен «ағайындар» делінеді.

Келін – інінің, баланың әйелі, жасы үлкендерге «келін» болып есептеледі. Келін күйеуінен үлкендердің бәріне де иіліп сәлем беруі керек.

Қалыңдық – күйеуге атастырған, бірақ өз үйінде отырған бойжеткен.

Абысын – ағайынды жігіттердің әйелдері.

Бөле – апалы-сіңлілі қыздардың балалары бір-біріне «бөле» болады.

Бажа – апалы-сіңлілі қыздардың күйеулері бір-біріне «бажа».

Қайын ата – әйелге күйеуінің әкесі, күйеуге әйелінің әкесі. Екі жақ та, қайын атаны өз әкелеріндей сыйлап, құрмет көрсетуге тырысқан.

Қайын ене – әйелге күйеуінің шешесі, күйеуге әйелінің шешесі.

Нағашы ананың төркіні, балаларына «нағашы» болады. Мұнда жиендері тек туған нағашы ғана емес, оның туыстарын түгел «нағашы» дейді. Осымен байланысты нағашы жұрттың әйелдері «нағашы апа», «нағашы жеңге», «нағашы қарындас», «нағашы аға», «нағашы іні» деп аталады.

Құда қыз алып, қыз беріскен ер адамдар бір-бірін «құда» деп атайды. Қыз бен жігіттің өз әкелері бір-біріне «бауыздау құда» делінеді, ал құда түсуге келген адамдардың басшысы «бас құда» делінеді. Халқымызда әлі тумаған балаға құда түсу салты болған, оны «бел құда», «қарын құда», «құрсақ құда» десе, кейде бесікте жатқан балаларға құда түсу салтында «бесік құда» деген сөздер де бар. Кейде қызын берген үйдің қызын ұлына алып берсе, мұны «қарсы құда» дейді.

Құдағи – құданың әйелі. Құдағи жол-жораны өзі басқарады. Құдалар басқа адамдардан жоғары отырады.

Жиен қыздан туған бала (лар). Жиен нағашыларына еркелеп, нені қаласа да, алуға құқы бар. Ал нағашылары оның қолын қақпауға тиісті. Нағашы жиендер кездескенде бір-бірімен әзілдесіп, ойнап-күле береді.

Құдаша – келіннің сіңілісі, жігіттің қарындасы, жас келіншектер қарсы жақтарға «құдаша» делінеді. Құдалар ауылының жастары құдашалармен жарасымды әзілдесіп, ойнап-күліп, сыйлас болуға тиісті.

Құда бала – жігіт немесе келіннің інілері. Олармен де екі жақтың құдалары әзілдесіп отырады.

Күйеу – қыз алған жігіт. Ол қыз берген жақтың бәріне «күйеу бала» болып есептеледі. Күйеу әйелінің апаларын «қайын бикем» деп, сіңілісін, інілерін «балдызым» деп, көбінше балдыздарымен әзілдеседі. Қонақасы бергенде күйеу мен келінге қойдың төсін ұсынады. Күйеу бас ұстамайды.

Жезде – әйелдің інілері мен сіңілілері оның күйеуін «жезде» деп еркелетеді, әзілдейді. Олар өте тату болады. Балдызының әйелі де оны «жезде» деу керек.

Балдыз әйелдің інілері мен сіңілілері оның күйеуіне «балдыз» болады.

Құрдас – бір жылы туған адамдар. Құрдастар бір-бірімен қатты қалжыңдасады. Тіпті құрдасы сол жерде жоқ болса да, сыртынан қалжың айтып отырады.

Дос – екі адамның бір-бірінен сыр жасырмай, сыйлап, қиын сәтте қол ұшын беріп, пікірі мен мақсаттары, арман-мүдделері бір жерден шығып жатса, оларды «дос» дейді. Достықтың белгісі – қол беріп, төс тақасу.

Осылармен бірге халқымызда жасына қарай «сәби», «бала, балақай», «жеткіншек», «жасөспірім», «бойжеткен», «бозбала», «ер жеткен», «жігіт», орта жастағыларды «еркек», «әйел», үлкен адамдарды «қария», «кейуана», «шал», «кемпір» деп атайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]