Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Praktikaly_1179__1179_aza_1179_tili_Zhakipova_S...doc
Скачиваний:
35
Добавлен:
13.11.2019
Размер:
636.42 Кб
Скачать

Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі

Қазақ тілінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі тұрақты болып келеді. Бастауыш сөйлемнің бас жағында келеді де, ал баяндауыш соңғы жағында болады. Толықтауыш баяндауыштың не өзін толықтайтын сөздің алдында тұрады. Анықтауыш анықталушы мүшенің алдында келеді. Пысықтауыш көбінесе пысықталушы сөздің тікелей алдында тұрады, бірақ кейде олар бір-бірінен қашықтықта да бола береді. Мысалы: Бүгін біз қызық кино көрдік.

Шылау немесе көмекші сөздер өздері байланыста тұратын сөзден кейін келеді: Оқу үшін келдім. Сабақтан кейін кездесейік.

Сұрау мағынасын беретін сұраулық шылаулар мен сұрау есімдіктері баяндауыш жоқ болған кезде сөйлемнің соңында тұрады: Мынау не? Бірінші дәрісхана қайда?

Сөйлемде баяндауыш бар болса, сұраулық шылаулар мен сұрау есімдіктері баяндауыштың алдында тұрады: Қарлығаш қайда отыр?

Сөйлемдегі сөздер көбінесе осы тәртіпті сақтайды, ал өлең жолдарында ұйқас сақтау мақсатымен бұл тәртіпке бағынбайды.

1-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып жазыңыз.

І. А-Ә: с...уле, қ...улы, б...ліш, ...сем, қ...зір, д...лел, з...улім, ж...йлау, т...ңдау, ғ...лам, ж...рдем, С...бира, м...селе, н...зік, қ...сық.

ІІ. О-Ө: б...бек, Ботаг...з, д...рекі, ...лке, ж...рық, к...леңке, ...зық, ...сек, қ...рық, т...рсық, т...стік, с...ғыс, с...гіс, р...лі, ...ңір.

ІІІ. Ұ-Ү: б...гін, ...зын, т...лкі, ж...мыс, к...згі, т...здық, з...лым, м...здақ, к...лгін, с...лгі, м...рын, қ...тты, ...сақ, б...зау, г...ріл.

ІV. Ы-І: сег...з, сағ...з, күм...с, қоң...з, дәл...з, доң...з, жаз..қ, жүз...к, б...лез...к, бөр...к, мәңг..., мой...л, нар...қ, пар...з, рәс...м.

2-тапсырма. Берілген сөздерді буынға бөліп, олардың түрін ажыратыңыз, фонетикалық талдау жасаңыз.

Оқу, істейді, қызмет, меңгеру, ою, әсемпаз, буын, киін, таулар.

Үлгі: саудагер.

Сау-да-гер – 3 буын, 1- бітеу, жуан; 2 - ашық, жуан; 3 - бітеу, жіңішке.

с – дауыссыз, қатаң

а – дауысты, жуан

у – дауыссыз, жуан

д – дауыссыз, ұяң

г – дауыссыз, ұяң

е – дауысты, жіңішке

р – дауыссыз, үнді

8 әріп, 8 дыбыс

3-тапсырма. Берілген сөздерді аударып, тиісті көптік жалғауын жалғаңыз: вид, заповедник, ягода, женщина, остров, овраг, выпускник, пустыня, квартира, налог, долг, враг, пятно, политик, украшение, монета, след.

4-тапсырма. Берілген сөздерге көптік жалғауын жалғап, сөз тіркесін құраңыз: адам, кісі, бала, қыз, мектеп, жұмыс, көз, сөз, өмір, бөлме.

5-тапсырма. Төмендегі сөздерді қазақ тіліне аударыңыз, сөйлем құраңыз: дома, цветы, друзья, слова, отцы, матери, дети, книги.

6-тапсырма. Кейінді ықпалдың көмегімен жалғауларды қосып жазыңыз: жүрек+ім, тарақ+ы, қайық+ы, көлік+ің, күрек+і, жап+ады, шық+у, есік+і, шелек+і, доп+ым, соқ+у.

7-тапсырма. Берілген сөздерден сөйлемдер құраңыз.

Біздің, келе, туралы, ме, білгіңіз, отбасымыз? Отбасымыз, тұрады, біздің, орталығында, облыс. Шетінде, үйіміз, орналасқан, қаланың. Мен, құрметті, атам, шыққан, демалысқа, әжем. Жұмыс, шетелде, әке-шешем, істейді. Үлкен, орталықта, да, етеді, ағам, ғылыми, кіші, қызмет, да, ағам. Ағылшын, меңгеру, мен, үшін, жүрмін, оларға, тілін, көмектесіп. Қарындасым, оқиды, және, мектепте, інім. Құрған, әпкем, тұрмыс. Үлкен, ол, қабатты, екі, тұрады, үйде. Курс, үшінші, студентімін, унивеситеттің, өзім. Біздің, не, туралы, келеді, тағы, білгіңіз, отбасымыз? Туысқандарыңыз, пе, сіздің, көп, ал? Біздің, келгіңіз, үйге, ме, келмей, қонаққа?

8-тапсырма. Мәтінді оқып, тапсырмаларын орындаңыз.

Танысу

Мен Әлішермін, фамилиям Нұғман. Мен жиырма екідемін. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің қазақ филология факультетінің соңғы курсының студентімін.

Біздің қаламызда Қазақ тілі орталығы бар. Мен Қазақ тілі орталығының президентімін. Орталықтың мүшелеріне қазақ тілін меңгеру үшін көмектесіп жүрмін. Орталықтың мүшелері – әр түрлі мемлекеттердің азаматтары.

Менің әке-шешем бар. Біздің отбасымыз өте үлкен: атам, әжем, әкем, шешем, екі ағам, әпкем, інім, қарындасым және мен. Ағаларымнан басқасы Алматыдамыз. Атам және әжем – егде адамдар, олар – зейнеткерлер. Әкем инженер болып жұмыс істейді. Шешем – мұғалім. Екі ағам – қызметкерлер. Олар Астанада министрлікте жұмыс істейді. Әпкем тұрмыста. Інім мектепте оқиды. Қарындасым кішкентай, балабақшада.

Біздің үйіміз Алматыда, қаланың шетінде. Біздің үйіміз – үлкен екі қабатты үй. Отбасымыз тату және ұйымшыл.

*

- Мәтіннен көптік жалғаулы сөздерді теріп жазып, үндестік заңына бағынбай тұрғандарын табыңыз.

- Мәтін бойынша сұраулы сөйлем құрастырыңыз.

- Мәтінді қолдана отырып, өзіңізді таныстырыңыз.

**

- Мәтінді оқып, өз отбасыңыз жөнінде әңгімелеңіз.

- Туыстық атауын білдіретін 10 сөзге көптік жалғауын жалғап, буын түрлерін анықтаңыз.

- Мәтін бойынша cұхбат құрастырыңыз.

***

- Мәтіннің мазмұнын толықтыра отырып, өз отбасыңыз туралы айтып беріңіз.

- Өз отбасыңызды сипаттайтын 5 сөз тауып, оларға фонетикалық талдау жасаңыз.

- Төмендегі мақал-мәтелдер мен нақыл сөздердің қайсысы «Отбасы» тақырыбына қатысты екенін анықтаңыз. Оларды жаттап алыңыз.

1. Әр елдің салты басқа. 2. Сабыр түбі – сары алтын. 3. Бала, баланың ісі шала. 4. Алты жасар бала атқа мінсе, алпыстағы шал алдынан шығар. 5. Бала – адамның бауыр еті. 6. Жақсы сөз – жарым ырыс. 7. Жақсы – ісімен жақсы. 8. Бейнет түбі – зейнет. 9. Жері байдың – елі бай. 10. Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі. 11. Абысын тату болса, ас көп. 12. Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]