Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Praktikaly_1179__1179_aza_1179_tili_Zhakipova_S...doc
Скачиваний:
35
Добавлен:
13.11.2019
Размер:
636.42 Кб
Скачать

Жалғаулық шылаулар

1) ыңғайластық (соединительные) – мен, бен, пен, да, де, та, те, және, әрі;

2) қарсылықты (противительные) – ал, бірақ, алайда, сонда да, сөйтсе де, әйтсе де, дегенмен, әйткенмен, онда да, әйтпегенде, әйтпесе, болмаса (или же);

3) талғаулықты (разделительные) – не, немесе, әлде, біресе, кейде, бірде, я, яки;

4) себептік (причинные) – себебі, өйткені;

5) салдарлық (следственные) – сондықтан, сол себепті;

6) шарттық (условные) – егер, егер де.

Мысалы: аспан және жер, Асқар мен Асан, сонда да кел, сол себепті келмеймін, егер шынын айтса; не ол, не мен.

Демеулік шылаулар

1) сұраулық (вопросительные) – ма, ме, ба, бе, па, пе, ше;

2) күшейткіш (усилительные) – ақ, ау, ай, да, де, та, те;

3) шектік (ограничения) – ғана, қана, тек;

4) нақтылық (достоверные) – қой, ғой, ды, ді, ты, ті;

5) болымсыздық (отрицания) – түгіл, тұрмақ.

Мысалы. Күн жылы ма? Сен ше? Мен де, Асқар да бірінші курста оқиды. Ол пәнді тек қана бірінші курста оқиды. Сен тұрмақ сенің әкең де білмейді.

Көмекші есімдер

Көмекші есімдер (служебные имена) ілік септік жалғаулы зат есімдермен тіркесіп қолданылады: алды, арты, асты, үсті, жаны, бойы, сырты, қасы, тұсы, басы, маңы, түбі, арқасы, арасы, ортасы, іші, беті.

Мысалы: Көлдің қасы, бұлақтың басы. Анасының арқасында.

Модаль сөздер

Модаль сөздер сөйлеушінің айтып тұрған ойының іс-әрекетке қатысын білдіреді. бар, жоқ, рас, керек, тиіс, қажет, сияқты, сықылды, секілді, мүмкін, әрине, шамасы, екен, шығар, болар, шынында, т.б.

Мысалы: Су бүгін салқын екен. Шынында сағат он екі болды. Мүмкін кешке киноға барармыз.

1-тапсырма. Берілген сөйлемдерден шылауларды, модаль сөздерді табыңыз.

Қазақстан өкіметі біздің мемлекеттің басым бағыттағы тауарларының айқын бағдарламасын жасауы керек. Кейбір тауарлар өндіруде Қазақстанның әлемдегі алдыңғылар қатарына жетуге мүмкіндігі бар. Осыны мемлекет мақсаты ретінде қоюы қажет. «Шведтер кім» деп сұрасаң, «кім «Вольво» автомобилін жасайды, сол – швед» деп жауап береді. Мұндай даңққа ие болу құрметті ғана емес, сонымен бірге пайдалы да. Неліктен біздерге де кейбір тауарлар есебінен әлемге белгілі болмасқа?

2-тапсырма. Берілген сөйлемдерден септеулік шылауларды тауып, түріне қарай ажыратыңдар.

Жаңа жылға таман барлық жерде шырша орнатылады. Жаңа жылды балалармен бірге үлкендер де асыға күтеді. Көптеген отбасы сияқты бізде де мерекелік дастархан жайылады. Жыл сайын адамдар бір-біріне сыйлық жасайды. Алаңға мыңға тарта адам жиналады. Кейбір елдерде таңға дейін тілек айтады. Әрқайсысы өздерінің бір жылда атқарған ісіне есеп береді. Жылы сөздер, тілектері арқылы бір-біріне деген ізгі ниетін білдіреді.

3-тапсырма. Көмекші сөздерді септеңіз.

Асты, алды, арты, үсті.

4-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті көмекші сөздерді қойып, жазыңыз.

1) Ит керуеттің … жатыр. 2) Ол терезенің … тұр. 3) Бала көпірдің … келе жатыр. 4) Менің үйімнің … дүкен бар. 5) Оның үйінің … шаштараз бар. 6) Үйдің … әдемі орман бар. 7) Үйдің … балалар ойнап жатыр.

5-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударып, жалғаулықтардың түрін ажыратыңыз.

Я еду или машиной, или автобусом. Дети слушали и задавали вопросы. Таня живет в Алматы, а Асет живет в Астане. Наташа оделась тепло, но заболела. Или я, или она! Если пойдешь на базар, купи дыню.

6-тапсырма. Мәтінді оқып, тапсырмаларын орындаңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]