
- •Сағымова а.С., Жакипова м.Н. Техникалық жоғары оқу орындарының барлық мамандықтарына арналған практикалық
- •Басуға ұсынған
- •Қазақ тілінің ерекшелігі
- •Фонетика
- •Дыбыстардың саралануы
- •Үндестік заңы
- •Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар:
- •Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі
- •Есте сақтаңыз!
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Сәлем – сөздің атасы
- •2. Белгіленген сөздердің мағынасын түсіндірме сөздіктен анықтап, оларға фонетикалық талдау жасаңыз.
- •3. Тақырып бойынша өзара сұхбат құрыңыз.
- •4. Төмендегі туыстық қарым-қатынасты білдіретін сөздердің мәнін біліп алып, есте сақтаңыз.
- •5. Мәтінге сүйеніп өз туыстарыңыз туралы (олар сізге кім болып келетінін) айтып беріңіз.
- •Білім – байлығымыз
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •4. Жалқы зат есімді табыңыз:
- •5. Тәуелдік жалғаулы сөзді табыңыз.
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Ұлы іс отаншылдықтан туады
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы
- •Қазақстан Республикасының елтаңбасы
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •1) Мәтіндерді оқып, мазмұндаңыз.
- •3) Өлеңді жаттап алыңыз:
- •Септіктер
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •1) Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
- •2) Мәтінге жоспар құрып, мазмұнын айтып беріңіз.
- •3) Мәтін бойынша тест құрастырыңыз.
- •Етістіктің түрлері
- •Ғалам және ғасыр
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Еліміздің экологиясы қандай жағдайда ?
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Студент – болашақ басшы
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Қазақстан Республикасының Үкімет құрылымы
- •Тапсырмаларды орындаңыз.
- •1) Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •2) Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
- •3) Мәтін бойынша сөздік құрастырыңыз.
- •Өткен шақ
- •Азаматтық қалай анықталады?
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Етістіктің райлары
- •Мамандық
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Сын есімнің шырайлары
- •Кім көшбасшы болғысы келеді ?
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Басшы келбеті
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Сан есімнің түрлері
- •Ұлттық байлық дегеніміз не?
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Қазақстанның қазба байлығы
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Анамның асыл қасиеті
- •Қазақ – қонақжай халық
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •5) Әнді жаттап алыңыз.
- •Ұлттық теңге – дербес елдіктің дәлелі.
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Әр елдің ақшалары жайлы
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Қазақстан – егеменді ел
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тақырып: Қазақстан Республикасы.
- •Қазақстан Республикасы
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Еліктеу сөздер
- •Септеулік шылаулар
- •Жалғаулық шылаулар
- •Демеулік шылаулар
- •Көмекші есімдер
- •Модаль сөздер
- •Қазақстан Республикасының мерекелері
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Мазмұны
Еліктеу сөздер
Табиғаттағы әр түрлі құбылыстардың дыбыстарына еліктеумен немесе олардың бейнесін елестетумен байланысты сөздер еліктеу сөздер (подражательные слова) деп аталады. Еліктеу сөздер екі топқа бөлінеді:
1) табиғаттағы әр түрлі дыбыстарға еліктеуге байланысты туған сөздер еліктеуіш сөздер деп аталады (звукоподражательные слова). Мысалы: тық-тық (тук-тук), у-шу (шум-гам), қорс-қорс (хрю-хрю), сықыр-сықыр (скрип-скрип), қарқ-қарқ (кар-кар) және т.б.
2) табиғаттағы құбылыстардың сыртқы көрінісін елестетумен байланысты туған сөздер бейнелеуіш сөздер (образопадражательные слова) деп аталады. Мысалы: дір-дір (дрожь), селк-селк (дерг-дерг), бүрсең-бүрсең (трусь-трусь).
1-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударып, еліктеу сөздердің түрін ажыратыңыз.
Боже, это кто! Ура, весна наступила! На, возьми книгу! Браво, у тебя хороший голос! Прекрати реветь! Ну, посмотри на меня! Эй, иди сюда! Надо же, я опоздал на автобус! Фу, какой ты беспокойный человек!
2-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңыз.
..., домбыраны жақсы тартады екенсің! ..., әрең көтерілдім! ..., Жаңа жыл келді! ..., баста! ..., сөзді қой! ..., сені кім шақырды! ..., кесені ал! ..., не істеп тұрсың! ..., солай ма! ..., бұл кім өзі! ..., мен кешігіп қалдым! ..., қашан адам боласың! ..., енді қайттім! ..., әнді керемет айтады екенсің! ..., қойыңызшы!
3-тапсырма. Берілген сөйлемдерден дыбыстық еліктеуіш сөздерді бір бөлек бейнелеуіш сөздерді бөлек көшіріп жазыңдар.
Жел күшейе бастады. Бір кезде сатыр-сұтыр сынған бұтақтардың дауысы естілді. Аспан жарқ етті. Әсеттің апасы бүгжең -бүгжең басады. Қарға қарқ етті. Қаршыға шап етті. Тоқылдақ тоқ етті. Далада қар күмісше жалт-жұлт етеді.
4-тапсырма. Мына еліктеуіш сөздердің сыңарларын тауып жазыңдар.
Зып- ..., жарқ- ..., сарт- ..., жалт- ..., гүрс- ..., тарс- ..., гу- ... , тырс- ..., тасыр- ... .
5-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті еліктеу сөдерді қойып, көшіріп жазыңыз.
1) Найзағай ... етіп, күн күркіреді. 2) Кішкене сәби ... етіп жылады. 3) Есік ... етіп ашылып, біреу кірді. 4) Машинаның ... еткен дауысынан Мақсат шошып оянды. 5) Радионың дауысына балалар ... ете қалды. 6) Жүрегім ... ете қалды.
Керекті сөздер: шыр- шыр, зу, гүр- гүр, жарқ-жұрқ, сықыр, елең.
Шылау
Көмекші сөздердің бір түрі – шылау (служебные слова) белгілі бір лексикалық мағынасы жоқ, бірақ толық мағыналы сөздерге тіркесіп, грамматикалық мағына қосу үшін, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыру үшін қолданылады. Шылау сөздерді үш топқа бөліп қарастырады: септеуліктер, жалғаулықтар, демеуліктер.
Септеулік шылаулар
1) Атау септіктен кейін: үшін, туралы, жөнінде, жайлы, арқылы;
2) Барыс септіктен кейін: дейін, шейін, қарай, қарсы, тарта, таман;
3) Шығыс септіктен кейін: әрі, бері, кейін, соң, бұрын, басқа, кейін, астам;
4) Көмектес септіктен кейін: бірге, қатар.
Мысалы: сен үшін, үйге дейін, кешеден бері, сенімен бірге, сонымен қатар, қысқа қарай, бұдан басқа, түстен кейін, сен арқылы, ғылым туралы, т.б.