Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Praktikaly_1179__1179_aza_1179_tili_Zhakipova_S...doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
13.11.2019
Размер:
636.42 Кб
Скачать

Тақырып: Қазақстан Республикасы.

Мақсаты: білім алушылардың лекика-грамматикалық білім, білік, дағдыларын дамыта отырып, лингвомәдени құзыреттілігін қалыптастыру.

Қазақстан Республикасы

Қазақстан Еуразия құрылығының түкпіріндегі Орталық Азияда орналасқан. Оның жер көлемі – 2 717 300 шаршы шақырым. Аумағы жағынан Қазақстан дүние жүзінде 9-шы орында (Ресей, Қытай, АҚШ, Аргентина, Бразилия, Канада, Үндістан және Австралиядан кейін). Қазақстанның жер көлемі Еуропадағы 12 мемлекеттің ауданынан да үлкен. Қазақстан Қытай, Қырғызстан, Түркменстан, Өзбекстан және Ресей мемлекеттерімен шекаралас. Барлық шекарасының ұзындығы – 15300 шақырым.

Қазақстанның мұхиттардан алыс жатуы және аумағының үлкендігі оның климатына қатты әсер етеді. Республиканың климаты күрт континенталды. Қаңтардың орташа температурасы -19 дан -4 градусқа дейін, шілденің орташа температурасы +19-дан +26-ға дейін. Қыстың ең суық күндері ауаның температурасы -45-ке дейін түседі, жазда +40 С-қа көтеріледі.

Халқының саны – 16 миллионнан астам. Халқының тығыздығы: 1 шаршы шақырымға – 6 адам. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі, бірақ барлық мекемелерде сонымен қатар орыс тілі де қолданылады. Астанасы – Астана қаласы. Астана халқының саны – 300 мыңға жуық.

Қазақстанда – 14 обылыс, 84 қала, 160 аудан, 195 қалашық, 2150 ауылдық округтар бар. Алматы және Ленинск қалаларының ерекше статус берілген. Адам саны жағынан Қазақстан қалалары төмендегідей бөлінеді: 300-400 мың тұрғындары бар қалалар (Қарағанды, Шымкент, Павлодар, Тараз, Өскемен), 200-280 мың тұрғындары бар қалалар (Орал, Теміртау, Қостанай, Ақтөбе), 110-160 мың тұрғындары бар қалалар (Жезқазған, Екібастұз, Қызылорда, Ақтау, Көкшетау, Талдықорған). 50 мыңға дейін тұрғындары бар қалалар саны өте көп.

Қазақстанда – 8,5 мың үлкен және кіші өзендер бар. Жеті өзеннің ұзындығы 100 шақырымнан асады. Ең ірілері – Орал, Ембі Каспий теңізіне құйылады.

Тапсырмаларды орындаңыз:

1) Жаңа сөздермен танысып, олармен сөздік құрастырыңыз.

2) Мәтіннен үстеулерді теріп жазып, түрін ажыратыңыз.

3) Мәтінге жоспар құрып, мазмұнын айтып беріңіз.

4) Мәтін бойынша тест құрастырыңыз.

5) Мәтінде берілген ақпаратты негізге ала отырып, диалог құрастырыңыз.

СӨЖ №14

1. Қазақстанның экономикалық аймақтары жайлы ақпарат жинаңыз.

2. Жиналған мәліметтерді сұрыптаңыз.

3. Сұрыпталған мәліметтерге жоспар құрыңыз.

4. Тақырып бойынша реферат жазыңыз.

5. Бір аймақ бойынша тұсаукесер жасаңыз

15-тақырып

Грамматика: Одағай. Еліктеу сөздер. Шылау.

Лексика: Қазақстан Республикасының мерекелері.

Сабақтың мақсаты: Одағай, еліктеу сөздер туралы түсінік бере отырып, студенттерді дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету, сөздік қорларын молайту.

Одағай

Адамның алуан түрлі көңіл-күйін, сезімін білдіретін, соған байланысты шығатын дыбыстық ишаратты және төрт түлік малға, үй жануарларына аранайы шақыра айтылатын сөздерді одағай деп атайды. Олар сөйлемде басқа мүшелермен грамматикалық байланысқа түспейді, сондықтан сөйлем мүшесі болмайды. Одағайларды шартты түрде үлкен үш топқа бөледі:

1) Көңіл-күй одағайлары шаттану, ренжу, таңырқау, аңсау, ұнату, қуану, шошыну, сүйсіну, назар аудару, кектену, өшігу тәрізді көңіл-күйді білдіреді.

2) Жекіру одағайлары жекіру, тыйым салу, бұйыру сияқты мәнді білдіреді.

3) Шақыру одағайлары мал-құсты шақыру, қуу сияқты мәнді білдіреді.

Одағайдың түрлері

Одағай сөздер

Көңіл-күй одағайлары

(эмоциональные)

алақай, бәрекелді, әттеген-ай, қап, ойбай, бәсе, құдай-ай, ойпырай, пай-пай, әттең, беу, паһ-паһ, ей, оһо, япырау, уа, шіркін, о тоба, мәссаған, түу, уһ, аһ, пәлі, астапыралла, ау, е, япырмау, т.б.

Жекіру одағайлары

(обращение к людям)

тәйт, тек, жә, әй, мә, ал

Шақыру одағайлары

(призыв животных)

кіс-кіс, кә-кә, аухау-аухау, құрау-құрау, шөре-шөре, қош-қош, көс-көс, т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]