
- •Сағымова а.С., Жакипова м.Н. Техникалық жоғары оқу орындарының барлық мамандықтарына арналған практикалық
- •Басуға ұсынған
- •Қазақ тілінің ерекшелігі
- •Фонетика
- •Дыбыстардың саралануы
- •Үндестік заңы
- •Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар:
- •Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі
- •Есте сақтаңыз!
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Сәлем – сөздің атасы
- •2. Белгіленген сөздердің мағынасын түсіндірме сөздіктен анықтап, оларға фонетикалық талдау жасаңыз.
- •3. Тақырып бойынша өзара сұхбат құрыңыз.
- •4. Төмендегі туыстық қарым-қатынасты білдіретін сөздердің мәнін біліп алып, есте сақтаңыз.
- •5. Мәтінге сүйеніп өз туыстарыңыз туралы (олар сізге кім болып келетінін) айтып беріңіз.
- •Білім – байлығымыз
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •4. Жалқы зат есімді табыңыз:
- •5. Тәуелдік жалғаулы сөзді табыңыз.
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Ұлы іс отаншылдықтан туады
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы
- •Қазақстан Республикасының елтаңбасы
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •1) Мәтіндерді оқып, мазмұндаңыз.
- •3) Өлеңді жаттап алыңыз:
- •Септіктер
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •1) Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
- •2) Мәтінге жоспар құрып, мазмұнын айтып беріңіз.
- •3) Мәтін бойынша тест құрастырыңыз.
- •Етістіктің түрлері
- •Ғалам және ғасыр
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Еліміздің экологиясы қандай жағдайда ?
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Студент – болашақ басшы
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Қазақстан Республикасының Үкімет құрылымы
- •Тапсырмаларды орындаңыз.
- •1) Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •2) Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
- •3) Мәтін бойынша сөздік құрастырыңыз.
- •Өткен шақ
- •Азаматтық қалай анықталады?
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Етістіктің райлары
- •Мамандық
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Сын есімнің шырайлары
- •Кім көшбасшы болғысы келеді ?
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Басшы келбеті
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Сан есімнің түрлері
- •Ұлттық байлық дегеніміз не?
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Қазақстанның қазба байлығы
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Анамның асыл қасиеті
- •Қазақ – қонақжай халық
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •5) Әнді жаттап алыңыз.
- •Ұлттық теңге – дербес елдіктің дәлелі.
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Әр елдің ақшалары жайлы
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Қазақстан – егеменді ел
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тақырып: Қазақстан Республикасы.
- •Қазақстан Республикасы
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Еліктеу сөздер
- •Септеулік шылаулар
- •Жалғаулық шылаулар
- •Демеулік шылаулар
- •Көмекші есімдер
- •Модаль сөздер
- •Қазақстан Республикасының мерекелері
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Мазмұны
Қазақстан – егеменді ел
Қазақстан – көп ұлтты, егеменді, тәуелсіз мемлекет. 1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан тәуелсіз, демократиялық және құқықтық республика болып жарияланды. 1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстанның елбасшысы – Президентін сайлау болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. 1992 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің сессиясы Республиканың Елбасын, Мемлекеттік туын, әнұранын бекітті. 1993 жылы ұлттық ақшасы – теңге айналымға енді. 1995 жылы тамыздың 30-да Қазақстан Республикасының өз ата заңы – Конституциясы қабылданды.
Дербес, тәуелсіз ел болу қандай бақыт! Қазақстан өркениет елдерінің қатарына қосылуға батыл қадам жасап қана қоймай, сыртқы саясатқа ықпал ете алатын іргелі, өркениетті мемлекетке айналды. Бәсекеге түскен елдердің ішінде Қазақстан Республикасының жұлдызы биіктен көрініп, халық ғасырдан ғасырға аман-есен өркен жаюда.
Халқының саны – 16 миллионнан асады. Қазақстанда 130 ұлттың өкілдері тұрады. Қазақстан – қазақ елінде тұратын бүкіл халықтың отаны.
Қазақстан батысында Каспий ойпаты, шығысында Алатау тауларына дейін 3000 шақырымға, солтүстігінде Батыс Сібір, оңтүстігінде Тянь-Шань шыңдарына дейін 1500 шақырымға созылып жатыр.
Республика жерінің үлкендігі соншалық – оның солтүстігі мен оңтүстігі, батысы мен шығысындағы табиғат бір-біріне ұқсамайды. Оңтүстігінде жемістер гүлдеп, жер бетін астық жапқанда, солтүстігінде әлі қар жатады.
Республиканың оңтүстік аудандарында күріш, қант қызылшасы, мақта, жүзім, алма, қарбыз, қауын, әр түрлі дәрілік шөптер мен толып жатқан өсімдіктер өсіріледі. Бұл аймақта жаңбыр өте аз жауады, жазы ыстық және құрғақ болады. Оның үстіне бұлардың барлығы да көп суды қажет етеді. Іле, Шу, Сырдария өзендерінің мол суы – бұл аймақтың байлығы.
Республиканың солтүстігінде астық пен көкөністер жақсы өседі. Бұл өсімдіктерге су онша көп қажет емес. Мұнда көп ыстық емес, жаңбыр да жиі жауып тұрады.
Бүгінгі күні Қазақстан ауыр индустриясы мен ауыл шаруашылығы дамыған, жоғары мәдениетті де білімді елге айналды.
*
- Мәтін бойынша 10 сұрақ құрастырыңыз.
- «Тәуелсіз, ел, аймақ» сөздерінің синонимдерін тауып, олармен сөйлем құраңыз.
-. Мәтіннен үстеулерді теріп жазып, мағынасына қарай түрін ажыратыңыз.
-. Мәтін бойынша сұхбат құрастырыңыз.
**
- Мәтінді оқып, берілген ақпарат жайлы өз ойыңызды ортаға салыңыз.
-. Мәтіннен үстеулерді теріп жазып, оларға морфологиялық талдау жасаңыз.
- «Мәдениетті, оңтүстік, тәуелсіз, құрғақ» сөздерінің антонимін тауып, сөйлем құраңыз.
- Мәтінді қысқаша мазмұндаңыз.
***
-. Мәтіннен омоним сөздерді табыңыз, олармен сөйлем құраңыз.
- Өзіңіз Қазақстанның қай жерінен келгеніңіз жөнінде, өз туған жеріңіздің ерекшелігі туралы үстеулерді қатыстыра отырып өзара сұхбаттасыңыз.
- Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіз.
- Мәтінде берілген ақпарат бойынша хронологиялық кесте құрастырыңыз.
Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
1. Мезгіл үстеуін табыңыз:
А) әдейі;
В) алға;
С) бағана;
Д) ылғи;
Е) бірталай.
2. Мекен үстеуін табыңыз:
А) мұнда;
В) үнемі;
С) екеулеп;
Д) жорта;
Е) біраз.
3. Себеп-салдар үстеуін табыңыз:
А) кеше;
В) лезде;
С) ілгері;
Д) нағыз;
Е) амалсыздан.
4. Мөлшер үстеуін табыңыз:
А) жоғары;
В) әрең;
С) нақ;
Д) шамалы;
Е) бүгін.
5. Сын-бейне үстеуін табыңыз:
А) төмен;
В) лезде;
С) ертең;
Д) дәл;
Е) аз-аздан.
6. Күшейткіш үстеуін табыңыз:
А) босқа;
В) өте;
С) жылдам;
Д) едәуір;
Е) бір-бірден.
7. Мақсат үстеуін табыңыз:
А) ішінде;
В) неғұрлым;
С) көре тұра;
Д) сәл;
Е) биыл.
8. Топтау үстеуін табыңыз:
А) шапшаң;
В) жазғытұры;
С) бірен-саран;
Д) текке;
Е) көп-көптен.
СОӨЖ №14