
- •Сағымова а.С., Жакипова м.Н. Техникалық жоғары оқу орындарының барлық мамандықтарына арналған практикалық
- •Басуға ұсынған
- •Қазақ тілінің ерекшелігі
- •Фонетика
- •Дыбыстардың саралануы
- •Үндестік заңы
- •Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар:
- •Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі
- •Есте сақтаңыз!
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Сәлем – сөздің атасы
- •2. Белгіленген сөздердің мағынасын түсіндірме сөздіктен анықтап, оларға фонетикалық талдау жасаңыз.
- •3. Тақырып бойынша өзара сұхбат құрыңыз.
- •4. Төмендегі туыстық қарым-қатынасты білдіретін сөздердің мәнін біліп алып, есте сақтаңыз.
- •5. Мәтінге сүйеніп өз туыстарыңыз туралы (олар сізге кім болып келетінін) айтып беріңіз.
- •Білім – байлығымыз
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •4. Жалқы зат есімді табыңыз:
- •5. Тәуелдік жалғаулы сөзді табыңыз.
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Ұлы іс отаншылдықтан туады
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы
- •Қазақстан Республикасының елтаңбасы
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •1) Мәтіндерді оқып, мазмұндаңыз.
- •3) Өлеңді жаттап алыңыз:
- •Септіктер
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •1) Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
- •2) Мәтінге жоспар құрып, мазмұнын айтып беріңіз.
- •3) Мәтін бойынша тест құрастырыңыз.
- •Етістіктің түрлері
- •Ғалам және ғасыр
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Еліміздің экологиясы қандай жағдайда ?
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Студент – болашақ басшы
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Қазақстан Республикасының Үкімет құрылымы
- •Тапсырмаларды орындаңыз.
- •1) Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •2) Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
- •3) Мәтін бойынша сөздік құрастырыңыз.
- •Өткен шақ
- •Азаматтық қалай анықталады?
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Етістіктің райлары
- •Мамандық
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Сын есімнің шырайлары
- •Кім көшбасшы болғысы келеді ?
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Басшы келбеті
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Сан есімнің түрлері
- •Ұлттық байлық дегеніміз не?
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Қазақстанның қазба байлығы
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Анамның асыл қасиеті
- •Қазақ – қонақжай халық
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •5) Әнді жаттап алыңыз.
- •Ұлттық теңге – дербес елдіктің дәлелі.
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Әр елдің ақшалары жайлы
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Қазақстан – егеменді ел
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тақырып: Қазақстан Республикасы.
- •Қазақстан Республикасы
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Еліктеу сөздер
- •Септеулік шылаулар
- •Жалғаулық шылаулар
- •Демеулік шылаулар
- •Көмекші есімдер
- •Модаль сөздер
- •Қазақстан Республикасының мерекелері
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Мазмұны
Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
1. Синонимдік қатарды табыңыз:
А) ақжарқын, көріксіз;
В) ақылсыз, ақымақ;
С) биіктеу, ұзағырақ;
Д) жылдам, қарапайым;
Е) көреді, тыңдайды.
2. Антонимдік жұпты табыңыз:
А) жаман – нашар;
В) шапшаң – тез;
С) баяу – жылдам;
Д) оралды – қайтты;
Е) біреу – біздің.
3. Омонимдері бар сөзді белгілеңіз:
А) бір;
В) төрт;
С) жүз;
Д) елу;
Е) миллион.
4. Берілген сөздің синонимін табыңыз: көмек .
А) тасымал;
В) қызғаныш;
С) деректеме;
Д) жәрдем;
Е) қызмет.
5. Берілген сөздің антонимін табыңыз: жарық .
А) қараңғы;
В) шуақты;
С) бұрынғы;
Д) қашық;
Е) белгісіз.
СОӨЖ №13
Тақырып: Әр елдің ақшалары жайлы
Мақсаты: білім алушылардың лекика-грамматикалық білім, білік, дағдыларын дамыта отырып, лингвомәдени құзыреттілігін қалыптастыру.
Әр елдің ақшалары жайлы
Бұрынғы Кеңестер Одағының құрамында болған елдер өздерінің жаңа ұлттық валюталарын енгізді. Себебі ұлттық валюта да дербестіктің, тәуелсіздіктің басты белігілерінің бірі болып табылады.
Қазіргі жаңа валюталарға коллекционердің көзімен қарайтын болсақ, олардан өте қызықты ақпарат аласың. Әр елдің тиын-теңгелері де сол елдің бір керемет тарихи оқиғаларының куәсіндей. Себебі ақшалар өз елінің тарихынан, мәдениетінен, табиғатынан мол хабар береді. Мысалы, эстондардың кронын алайық: банкноттың бір бетінде эстондықтардың танымал адамдарының портреті берілген (ақыны, жазушысы, суретшісі), екінші бетінде Эстония пейзажы, архитектуралық ескерткіштері берілген.
Латвия бондарында – ұлттық өрнектер, украиндықтардың карбовандарында Киевтегі София соборы бейнеленген...
Тапсырмаларды орындаңыз:
1) Мәтінді оқып, өз көзқарасыңызды, ойыңызды қосып толықтырыңыз.
2) Мәтін бойынша сұхбат құрыңыз.
3) Қазақстанның алғашқы ұлттық валюталары туралы не білетініңізді ортаға салыңыз.
4) Қазақстанның қазіргі ұлттық валютасын шетелдік адамдарға таныстырыңыз.
5) Қай елдің ұлттық валютасының атын білесіз, сипаттай аласыз?
СӨЖ №13
1. Әр елдің ақшалары жайлы ақпарат жинаңыз.
2. Жиналған мәліметтерді сұрыптаңыз.
3. Сұрыпталған мәліметтерге жоспар құрыңыз.
4. Тұсаукесер жасаңыз
5. «Ақша қызметі» тақырыбына тезис құраңыз.
14-тақырып
Грамматика: Үстеу. Үстеудің түрлері.
Лексика: Қазақсан - егеменді ел.
Сабақтың мақсаты: Лексика-грамматикалық тақырыптарды пайдалана отырып, өз ойларын анық жеткізе білуге, сауатты жазуға дағдыландыру, сөздік қорын молайту. Студенттердің еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, патриоттық тәрбие беру.
Үстеу
Үстеу – қимылдың, іс-әрекеттің әр түрлі белгісін, амал-тәсілін, мезгілін, мекенін, себебін, мақсатын, т.б. сипатын білдіретін және грамматикалық тұлғалармен түрленбейтін сөз табы.
Үстеулер қалай? қанша? қайда? қайдан? қашан? қаншама? не себепті? не мақсатпен? қайтіп? және т.б. сұрақтардың біреуіне жауап береді. Мысалы: Биыл (қашан?) Абай он үшке толған еді. Кейін баспай, ілгері (қайда?) бас. Кел , жастар, алға (қайда?) ұмтыл.
Сөйлемде үстеулер негізінен пысықтауыш қызметінде жұмсалып, мезгіл пысықтауыш, сын-қимыл пысықтауыш, мақсат, себеп пысықтауыш бола алады. Бірақ кейбір кезде үстеулер сөйлемнің басқа мүшелерінің де қызметін атқарады. Мысалы: Үйге қайтатын күнім – ертең. Кейініңді қой, ертең жүреміз. Біразы жақсы дайындалып келіпті. Бірталай уақыт өтті.
Үстеулер мағынасына қарай 8 топқа бөлінеді.
|
Түрлері |
Үстеулер |
Тұлғасына қарай |
Негізгі (непроизводные) |
әрең, әрі, бері, дәл, сәл
|
Туынды (производные) |
ескіше, күздей, мұнша, жаяулап, астыртын
|
|
Құрамына қарай |
Дара (простые)
|
ерте, кеш, тым, ерекше, басқаша, қыстай, кешке |
Күрделі (составные)
|
а) биыл (бұл жыл), бүгін (бұл күн), бірталай, біраз ә) бірте-бірте,анда-санда,қысы-жазы б) құлан таза, ала жаздай, ертеден кешке дейін |
|
Мағынасына қарай |
1. Мезгіл (времени) қашан? қашаннан? |
кеше, бүгін, ертең, қазір, кешке, ертемен, ертесіне, таңертең, биыл, былтыр, анда-санда, күні-түні, жаздыгүні, қыстыгүні, бүрсігүні, ендігәрі, әлгінде, қыстай, ала жаздай, бағана |
2. Мекен (места) қайда? қайдан? |
әрі, бері, төмен, алға, артқа, ішке, ілгері, мұнда, сонда, анда, үстіне, жанында, жоғары, астында |
|
3. Мөлшер (количества и меры) қаншалық? қанша? қаншадан? т.б. |
сонша, онша, оншалық, соншалық, мұнша, біраз, бірталай, недәуір, неғұрлым, бірен-саран, көп, азды-көпті, бірталай, аз, шамалы |
|
4. Сын-бейне (образа действий) қалайша? қалай? қайтіп? |
әрең, әзер, дереу, жедел, шапшаң, тез, жылдам, кенет, құр, түгел, жиі, ауызша, өзгеше, бірге, зорға, аздап, тікелей, ақырын, бұрынғыша |
|
5. Күшейту (усилительные) қалай? қайтіп? |
аса, нағыз, ең, өте, тым, тіпті, барынша, кілең, небір, өңкей, әбден, сәл, нақ, орасан, ылғи, мүлдем, айрықша, ерекше |
|
6. Мақсат (цели) неге? не үшін? не мақсатпен? |
әдейі, жорта, қасақана, көре тұра, біле тұра, әдейлеп |
|
7. Себеп-сал (причины) не себепті? неліктен? |
бекерге, амалсыздан, босқа, текке, құр шарасыздан, т.б. |
|
8. Топтау разделитель-ные) қалай? қаншадан? |
бір-бірден, аз-аздан, көп-көптен, үшеулеп, жұп-жұбымен, екеулеп, рет-ретімен |
1-тапсырма. Берілген үстеулермен сөйлем құрастырыңыз.
Нағыз, дереу, амалсыздан, былтыр, кеше, аз-аздан, біраз, бірге, ауызша.
2-тапсырма. Сөйлемдердің ішінен негізгі және туынды үстеулерді тауып, түрін ажыратыңыз.
Қазақ халқының ойын-сауық, әдет-ғұрыптары ойындарының көпшілігі осы ойынмен басталады. Бұл көбінесе жазғы жайлауда болады. Осындай тамаша шақта балалар қатар-қатар тізіліп алып серуендейді. Тіл байлықтары молайып, өзара достасуға жол ашады. Өйткені бұл ойын ұзаққа созылып, кейде қой күзетінде де жалғасады. Бұл әсіресе қазақтың баласын үйлендіруде, қыздың әкесіне барып, құда түскенде, екі жақтың туыстық, жарастық көңіл-күйін білдірген. Бірінші күні-ақ айтысқан екі жақтың біріне-бірі оңайлықпен беріле қоймағандығы байқалады.
3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті үстеулерді қойып жазыңыз.
... біздің ауылда той болмақ. Соған барлық жеңгелеріміз ... дайындалып жатыр. ... жаз жайлауда, қызық өтті демалыс. ... Болат жоғары оқу орнына түсіп, ата-анасын қуанышқа бөлеп еді, ал ... қыршынынан қиылып, орны толмас қайғыға тастап кетті. ... шілде болғанда, көкорай шалғын бәйшешек, ұзарып өсіп толғанда.
4-тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп жазып, үстеулерді түріне қарай ажыратыңы.
Ұшақ бірден жоғары көтерілді. Көктемге қарай біз де келерміз. Ол ілгері жүгіре берді. Біз бүгін біршама жұмыс орындаппыз.Мен үшін ең жақын адам-анам. Сендер мұны қасақана істегенсіңдер ғой. Алаңға ел топ-тобымен жиналуда. Мерекені тойлауға келгендер бараша қуанып жүр. Жазғытұрым біз Астанаға бармақпыз. Артта келе жатқандар- осы ауылдың азаматтары.Елорда күн сайын көркейе түсуде.Бүгін Қазақстан өркениет елдерінің қатарына қосылуға батыл қадам жасап қана қоймай, сыртқы саясатқа ықпал ете алатын іргелі, өркениетті мемлекетке айналды. Биыл қар тым қалың болды. Шынында да сабақ қиын еді. Ну орманда оқтын-оқтын сайраған бұлбұл әні қандай сүйкімді. Мұғалім үй тапсырмасын қайта-қайта пысықтап айтып жатыр. Оспан әжесіне әдейі күнделігін көрсетті.
5-тапсырма. Сұрақтарға үстеуді қолдана отырып жауап беріңіз.
Сіз Алматыға қашан келдіңіз? (1)
Осы мамандықты не үшін таңдадыңыз? (6)
Қазақ тілін қалай білесіз? (4)
Мұғалім сендерді сабақта қалай сұрайды? (8)
Топтарыңда қай мемлекеттің азаматтары оқиды? (5)
Көршіңіз қай жерде отыр? (2)
Ұнамайтын пәндерді неліктен оқып жүрсіз? (7)
Болашақта қандай маман болғыңыз келеді? (3)
6-тапсырма. Үстеулерді дұрыс аударыңыз.
1) Мен (иногда) сабаққа бармай қаламын. 2) Кітаптарды (по порядку) қой. 3) Бұл саған (непосредственно) қатысты. 4) Біз бәрін (зная) істедік. 5) Асхана (внизу) орналасқан. 6) Мен онда (вынужденно) бардым. 7) Бүгін сабаққа (несколько) адам ғана келді. 8) Сіз (слишком) қатты кеттіңіз.
7-тапсырма. Мәтінді оқып, тапсырмаларын орындаңыз.