
- •Сағымова а.С., Жакипова м.Н. Техникалық жоғары оқу орындарының барлық мамандықтарына арналған практикалық
- •Басуға ұсынған
- •Қазақ тілінің ерекшелігі
- •Фонетика
- •Дыбыстардың саралануы
- •Үндестік заңы
- •Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар:
- •Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі
- •Есте сақтаңыз!
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Сәлем – сөздің атасы
- •2. Белгіленген сөздердің мағынасын түсіндірме сөздіктен анықтап, оларға фонетикалық талдау жасаңыз.
- •3. Тақырып бойынша өзара сұхбат құрыңыз.
- •4. Төмендегі туыстық қарым-қатынасты білдіретін сөздердің мәнін біліп алып, есте сақтаңыз.
- •5. Мәтінге сүйеніп өз туыстарыңыз туралы (олар сізге кім болып келетінін) айтып беріңіз.
- •Білім – байлығымыз
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •4. Жалқы зат есімді табыңыз:
- •5. Тәуелдік жалғаулы сөзді табыңыз.
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Ұлы іс отаншылдықтан туады
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы
- •Қазақстан Республикасының елтаңбасы
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •1) Мәтіндерді оқып, мазмұндаңыз.
- •3) Өлеңді жаттап алыңыз:
- •Септіктер
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •1) Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
- •2) Мәтінге жоспар құрып, мазмұнын айтып беріңіз.
- •3) Мәтін бойынша тест құрастырыңыз.
- •Етістіктің түрлері
- •Ғалам және ғасыр
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Еліміздің экологиясы қандай жағдайда ?
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Студент – болашақ басшы
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Қазақстан Республикасының Үкімет құрылымы
- •Тапсырмаларды орындаңыз.
- •1) Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •2) Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
- •3) Мәтін бойынша сөздік құрастырыңыз.
- •Өткен шақ
- •Азаматтық қалай анықталады?
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Етістіктің райлары
- •Мамандық
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Сын есімнің шырайлары
- •Кім көшбасшы болғысы келеді ?
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Басшы келбеті
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Сан есімнің түрлері
- •Ұлттық байлық дегеніміз не?
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Қазақстанның қазба байлығы
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Анамның асыл қасиеті
- •Қазақ – қонақжай халық
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •5) Әнді жаттап алыңыз.
- •Ұлттық теңге – дербес елдіктің дәлелі.
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Әр елдің ақшалары жайлы
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Қазақстан – егеменді ел
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тақырып: Қазақстан Республикасы.
- •Қазақстан Республикасы
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Еліктеу сөздер
- •Септеулік шылаулар
- •Жалғаулық шылаулар
- •Демеулік шылаулар
- •Көмекші есімдер
- •Модаль сөздер
- •Қазақстан Республикасының мерекелері
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Мазмұны
5) Әнді жаттап алыңыз.
Туған күн кешінде
Тойыңа гүл алып,
Келіп ем қуанып,
Қарсы алдың күлімдеп көктемдей.
Жүзіңе нұр толып
Кетіпсің құлпырып,
Бір бақыт сәулесін сепкендей.
Қайырмасы:
Сен туған күн, мерекеңіз,
Ән бастайық, кел екеуіміз.
Ұмытпа сен, құрбым,
Есте қалсын бұл күн. (Мұхтар Шаханов)
СӨЖ №12
1. Әр елдің қонақты күту салт-дәстүрі жайлы ақпарат жинаңыз.
2. Жиналған мәліметтерді сұрыптап, сұрыпталған материалға жоспар құрыңыз.
3. Жоспар бойынша реферат жазыңыз.
4. Бір елдің немесе халықтың қонақ күту салт-дәстүріне қатысты тұсаукесер жасаңыз.
5. Тәлім-тәрбие туралы мақал-мәтелдер жазып келіңіз, олардың мазмұнын ашып беріңіз.
13-тақырып
Грамматика: Омонимдер, синонимдер, антонимдер.
Лексика: Ұлттық теңге – дербес елдің дәлелі.
Сабақтың мақсаты: Сөз және оның мағынасы, соның ішінде омонимдер, синонимдер мен антонимдер туралы түсінік бере отырып, студенттерді дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету, сөздік қорларын молайту.
Омонимдер дегеніміз – айтылуы, жазылуы біркелкі, бірақ ұғымы, мағыналары әр түрлі сөздер тобы. Мысалы: ара – ағаш кесетін құрал; ара – бал арасы; ара – екі орта.
Синонимдер дегеніміз – дыбысталуы мен мағынасы жағынан қарағанда омонимдерге қарама-қарсы тұрған тілдік құбылыстар. Синонимдердің дыбысталуы, тұлғалары әр түрлі, ал мағыналары мен білдіретін ұғымдары бір немесе ұқсас болып келеді. Мысалы: бет, келбет, дидар, жүз, түс, ажар.
Антонимдер дегеніміз – заттар мен құбылыстардың сын-сапасын бір-біріне қарама-қарсы қойып айтатын сөздер тобы. Мысалы: ауыр – жеңіл, арзан – қымбат, кең – тар, артық – кем, жақсы – жаман, т.б.
1-тапсырма. Төмендегі сөздердің омонимдік мағыналарын анықтаңыз.
Қас, жаз, жай, ана, сал, бұрыш, бауыр, бөлме, айтыс, ұрыс, көрме.
2-тапсырма. Төмендегі сөздердің синонимін табыңыз, олармен сөйлем құраңыз.
Қысқа, мықты, сирек, кәрі, мұғалім, сымбатты, шапшаң, табыс.
3-тапсырма. Берілген сөздердің арасынан синонимдік қатарды табыңыз.
Әдемі, заман, шолақ, күшті, жау, ас, есті, аяулы, мықты, уақыт, қуатты, сұлу, ақылды, тамақ, мезгіл, қайратты, әсем, дұшпан, берік, дәм, қадірлі, шақ, қас, келбетті, зерек, келте, құрметті, ауқат, көрікті, қысқа, алғыр, қымбатты, кез, ажарлы, тағам, ардақты.
4-тапсырма. Берілген сөздердің антонимдерін табыңыз.
Тұщы, қалың, суық, биік, терең, ерте, кең, түзу, ұзын, лас.
5-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті антоним сөздерді қойып, мақалдарды көшіріп жазыңыз.
1) ... бір рет өледі, ... мың рет өледі. 2) ... өмірден ... өлім артық. 3) Ер бақыттың ... білмейді, ... біледі. 4) Ақымақ ... бар, ... жоқ. 5) ... асын ... іш. 6) ... жамап киіп, ... іздеп тапқан артық.
Тиісті антонимдер: ескіні, ер, бұзуға, түзеуге, ұшқанын, қорқақ, жаңаны, қорлық, ерлік, досыңның, қасыңдай, қонғанын.
6-тапсырма. Мәтінді оқып, тапсырмаларын орындаңыз.
Ұлттық теңге – дербес елдіктің дәлелі.
Әрбір дербес мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілерінің бірі – ұлттық валюта. Оның адамзат қоғамындағы маңыздылығын айтып тауысу мүмкін емес. Әлемдік экономикадағы тауар айналымы мен халықаралық сауда-саттықтың валютасыз жүзеге асуы да миға сиымсыз дүние. Сондықтан мемлекеттіміздің ұлттық валютасы – теңге туралы сөз қозғасақ.
Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін өз ақшасын шығаруды шұғыл қолға алды. Теңгенің туған күні – 15 қараша. Өйткені 1993 жылы дәл осы күні теңге Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен теңге айналымға шыққан болатын.
Ұлттық теңгеміздің ерекшелігі – мықты, тез тозбайтын қағаздан, дайындалды және жалған ақшаға қарсы оннан аса белгісі көрсетілген. Теңгенің алғашқы шығарылымы елімізде емес, арнайы тапсырыс арқылы сонау Англияның атақты «Харисон және балалары» деп аталатын фирмасында дүниеге келді. Ал Қазақстанда ақша шығаратын фабрика тек 1995 жылы ашылды.
Алғашқы теңгелердің бірінші бетіне қазақ халқының ұлы тұлғалары – әлемдік философияның атасы, ұлы ғалым әрі ақын, музыка танушы Әбу Насыр әл-Фараби, халық ақыны әрі жырау Сүйінбай, ұлттық музыкамыздың классигі, күйші-сазгер Құрманғазы, тұңғыш ағартушы ғалым, этнограф Ш. Уәлиханов, ұлттық әдебиетіміздің классигі, ұлы ойшыл, философ, ақын А. Құнанбаев, жоңғар шапқыншылығы кезінде ел басқарған Әбілқайыр хан, үш жүздің басын қосқан білгір хан Абылайдың бейнелері басылған. Екінші беті ою-өрнек, табиғат көріністері және елтаңбамызбен безендірілген.
Теңгенің алғаш шыққан күнінен бастап, оның сыртқы көрінісі бірнеше рет өзгеріске ұшырады. Уақыт өте келе инфляция әсерімен тиындар айналымнан шығып, орнына металл теңгелер келді. Оның да номиналы жыл сайын өсуде. 2003 жылы жаңа 10 мың теңгенің номиналдық купюрасы жарыққа шықты.
*
- Жаңа сөздермен танысып, олармен сөйлем құрастырыңыз.
- Мәтін бойынша 10 сұрақ құрастырыңыз.
- Тәуелсіз, шұғыл, айналымға түсті, мықты сөздерінің синонимі мен антонимін табыңыз.
- Мәтін бойынша сұхбат құрастырыңыз.
**
- Мәтіндегі таныс емес сөздер және сөз тіркестерімен сөздік құраңыз.
- Мәтіндегі негізгі қағидаларды табыңыз.
- Ғалым, тұңғыш, әлемдік, басын қосқан сөздерінің синонимдері мен антонимдерін табыңыз.
- Мәтінді қысқаша мазмұндаңыз.
***
- Мәтінге деген өз пікіріңізді, ойыңызды ортаға салыңыз.
- Безендірілген, жарыққа шыққан, әсер, ұшырады сөздерінің синонимдерін, сыртқы, тәуелсіз, атақты сөздерінің антонимін тауып, олармен сөйлем құраңыз.
- Мәтінді мағыналық бөлімдерге бөліп, әрқайсысына тақырып қойыңыз.
- Мәтінге жоспар құрып, мазмұндаңыз.