Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Praktikaly_1179__1179_aza_1179_tili_Zhakipova_S...doc
Скачиваний:
35
Добавлен:
13.11.2019
Размер:
636.42 Кб
Скачать

Үндестік заңы

Қазақ тілінде буындар мен дыбыстар арасындағы өзара үйлесімділікті үндестік заңы (закон сингармонизма) деп атайды. Үндестік заңы буын үндестігі (гармония слогов) және дыбыс үндестігі (гармония звуков) болып екіге бөлінеді.

Буын үндестігі – сөздегі, сөз бен қосымшалардағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып үндесуі. Үндестік заңына сай қазақ тілінің байырғы сөздері не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болады. Кейбір басқа тілдерден қазақ тіліне енген біріккен сөздер мен қос сөздерде жуан, жіңішке дауысты дыбыстар араласып келеді: шекара, кітап, математика, баспасөз, аман-есен. Буын үндестігі бойынша қосымша сөздің соңғы буынындағы дауыстыларға үндесе жалғанады. Мысалы: кітап-ты, қазір-гі, дала-дан, баспасөз-ден.

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар:

-мен, -бен, -пен көмектес септік жалғаулары сөздің соңғы буыны жуан болса да, жіңішке болса да, осы күйінде жалғанады: қаламмен жаздым; Әсетпен бірге келді;

-нікі, -дікі, -тікі дейтін меншіктілік ұғымды білдіретін қосымшалар буын үндестігіне бағынбайды: Асан-дікі, бала-нікі, Марат-тікі;

-паз, -қор, -қой, -ғой, -кер, -кеш, -хана, -ист, -изм жұрнақтары буын талғамайды, сол күйінде жазылады: әсем-паз, әзіл-қой, еңбек-қор, ақыл-гөй;

әрпіне біткен сөздерге қосымшалар әрқашан жуан түрде жалғанады: тарих-тың, цех-тан;

- рк, нк, кс, кт дыбыстарының тіркесіне біткен орыс тілінен енген сөздерге қосымшалар жіңішке түрде жалғанады: парк-тен, танкі-ні, пункт-ке, т.б.;

- ль әріптерінің тіркесіне біткен орыс тілінен енген сөздерге қосымшалар жіңішке түрде жалғанады: циркульді, циркулінің, рульді, рулі;

- кейбір басқа тілден енген сөздердің түбірінде (мысалы: шекара, баспасөз, аман-есен, асты-үсті, асығыс-үсігіс т.б.) буын үндестігі сақталмайды.

Дыбыс үндестігі – сөз бен қосымшаның аралығында дауыссыз дыбыстардың бірін-бірі өзіне ұқсата әсер етуі.

Ілгерінді ықпал (прогрессивная ассимиляция) – сөз бен қосымша арасындағы соңғы дыбыстың алғашқы дыбысты өзіне ұқсата әсер етуі:

а) сөздің соңғы дыбысы үнді не ұяң дауыссыздар болса, оған жалғанатын, дауыссыздан басталатын қосымша үнді немесе ұяң дыбыстардан басталады. Мысалы: аң-дар, аң-ға, аң-нан.

ә) сөздің соңғы дыбысы қатаң дыбысқа аяқталса, оған жалғанатын, дауыссыздан басталатын қосымша қатаңнан басталады. Мысалы: кітап-тар, азамат-тық.

Кейінді ықпал (регрессивная ассимиляция) сөздің соңғы дыбысы қатаң п, к, қ болғанда, оған жалғанатын дауыстыдан басталатын қосымша п дыбысын б не у; к, қ дыбыстарын г, ғ дыбыстарына айналдырады. Мысалы: күрек – күрегі, тап – табады, жап – жауып.

Көптік жалғауы – көптік мағына беретін қосымша. Оның 6 фонетикалық варианты бар: -лар/-лер, -дар/-дер, -тар/-тер. Үндестік заңына сай жуан дауыстысы бар сөздерге құрамында жуан дауыстысы бар қосымшалар (-лар, -дар, -тар) жалғанады да, соңғы буыны жіңішке дауыстыдан тұратын сөздерге жіңішке варианттар (-лер, -дер, -тер) жалғанады.

Сөздің соңғы дыбысы

Фонетикалық варианттар

Мысалдар

дауысты немесе р, й, у дыбыстарынан кейін

-лар, -лер

балалар, үйлер,

таулар, інілер

ұяң з, ж және үнді м, л, н, ң дыбыстарынан кейін

-дар, -дер

қыздар, адамдар,

сендер, гүлдер

қатаң дауыссыздар мен б, в, г, д дыбыстарынан кейін

-тар, -тер

құстар, мектептер,

клубтар, технологтар

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]