
- •Сағымова а.С., Жакипова м.Н. Техникалық жоғары оқу орындарының барлық мамандықтарына арналған практикалық
- •Басуға ұсынған
- •Қазақ тілінің ерекшелігі
- •Фонетика
- •Дыбыстардың саралануы
- •Үндестік заңы
- •Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар:
- •Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі
- •Есте сақтаңыз!
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Сәлем – сөздің атасы
- •2. Белгіленген сөздердің мағынасын түсіндірме сөздіктен анықтап, оларға фонетикалық талдау жасаңыз.
- •3. Тақырып бойынша өзара сұхбат құрыңыз.
- •4. Төмендегі туыстық қарым-қатынасты білдіретін сөздердің мәнін біліп алып, есте сақтаңыз.
- •5. Мәтінге сүйеніп өз туыстарыңыз туралы (олар сізге кім болып келетінін) айтып беріңіз.
- •Білім – байлығымыз
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •4. Жалқы зат есімді табыңыз:
- •5. Тәуелдік жалғаулы сөзді табыңыз.
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Ұлы іс отаншылдықтан туады
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы
- •Қазақстан Республикасының елтаңбасы
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •1) Мәтіндерді оқып, мазмұндаңыз.
- •3) Өлеңді жаттап алыңыз:
- •Септіктер
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •1) Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
- •2) Мәтінге жоспар құрып, мазмұнын айтып беріңіз.
- •3) Мәтін бойынша тест құрастырыңыз.
- •Етістіктің түрлері
- •Ғалам және ғасыр
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Еліміздің экологиясы қандай жағдайда ?
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Студент – болашақ басшы
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Қазақстан Республикасының Үкімет құрылымы
- •Тапсырмаларды орындаңыз.
- •1) Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •2) Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
- •3) Мәтін бойынша сөздік құрастырыңыз.
- •Өткен шақ
- •Азаматтық қалай анықталады?
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Етістіктің райлары
- •Мамандық
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Сын есімнің шырайлары
- •Кім көшбасшы болғысы келеді ?
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Басшы келбеті
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Сан есімнің түрлері
- •Ұлттық байлық дегеніміз не?
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Қазақстанның қазба байлығы
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Анамның асыл қасиеті
- •Қазақ – қонақжай халық
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •5) Әнді жаттап алыңыз.
- •Ұлттық теңге – дербес елдіктің дәлелі.
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Әр елдің ақшалары жайлы
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Қазақстан – егеменді ел
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тақырып: Қазақстан Республикасы.
- •Қазақстан Республикасы
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Еліктеу сөздер
- •Септеулік шылаулар
- •Жалғаулық шылаулар
- •Демеулік шылаулар
- •Көмекші есімдер
- •Модаль сөздер
- •Қазақстан Республикасының мерекелері
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Мазмұны
Қазақ – қонақжай халық
Қазақ халқы танымаса да «құдайы қонақпын» деген адамды қарсы алады. Жол жүріп келе жатқан адам кез келген ауылға, үйге келіп қонақ бола береді. Қазақ халқында «қырықтың бірі қыдыр» деген сөз бар. Бұл сөздің мағынасы: «Алланың жіберген сыйы қырық адаммен бірге келуі мүмкін». Сондықтан «қонақпен бірге құт, ырыс келеді, қонақты қусаң, құт, ырыс қашып кетеді» деген сөз бар.
Қазақ үшін қонақты қарсы алмау – ұят. Қонақты қарсы алуға, шығарып салуға ерекше мән береді. Қонақ келгенде үй иесі қарсы алып, есікті ашып, үйге кіргізіп, өзі қонақтардан кейін кіріп есікті жабуы керек. Бұл – қонақпен келген «құт, ырыс» бірге кірсін дегені. Ал қонақты шығарып саларда, есікті қонақтарға аштырып, соңынан өзі жауып шығады. Бұл – «құт, ырыс» қонақтармен бірге шығып кетпесін дегені.
Қонақ күту – қазақ халқының ең жауапты ісі. Әр үй иесі оларды риза етуге тырысады. Ең алдымен қонақтарға сусын (қымыз, шұбат) беріледі. Содан кейін шай ішіледі. Шайдан кейін қонақтардың көңілді отыруына үй иесі бар жағдайды жасайды. Ауылдағы әнші, күйшілерді шақырып, қонақтардың көңілін көтереді. Қонақты жақсы қарсы алған үй туралы «мырза үй», ал қонақты дұрыс қарсы алмаған үйді «сараң» дейді.
Осы дәстүр қазір де бар. Шетелден келген қонақтар «Қазақ халқы – қонақжай халық» деп бекерге айтпайды.
Тапсырмаларды орындаңыз:
1) Мәтінді оқып, жоспар құрыңыз.
2) Жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын айтып беріңіз.
3) Мәтіннен есімдіктерді тауып, түрін ажыратыңыз.
4) Диалогты оқып, аударыңыз. Үлгі бойынша сөйлесіңіз.
Қонақтар: Кеш жарық! Кіруге рұқсат па?
Әлішер: Кеш жарық! Жоғары шығыңыздар, төрлетіңіздер! Халдарыңыз жақсы ма?
Қонақтар: Рақмет, аман-есен. Өзіңіз ше?
Әлішер: Өте жақсы.
Вильям: Әлішер, қазақтар қонақтарын қалай күтеді? Қазақ халқы – қонақжай халық дейді ғой.
Шерил: Қонақ риза болмаса ше?
Әлішер: Қонақ үй иесінің көрсеткен құрметіне риза болмаса, «қонағы жаман болса, үй иесі қыдырады, үй иесі жаман болса, қонағы қыдырады», «қонағын сүймеген баласын ұрады, не үйін сыпырады» деген мақалдармен үй иесінің мінін айтып кетеді.
Суреш: Ал үй иесі қонағына риза болмаса ше?
Әлішер: Онда ол «қонағым, өз үйіңді де ойлай отыр», «қонаққа бара білсең, шақыра да біл», «қонақ қойдан да жуас» дейді.
Ләззат: Егер қонақ келіп жатқанда, ол үйде жақсылық болып жатса, «құтты қонақ келсе, қой егіз табады» деп, келген қонақтың жай қонақ емес екендігін ырымдаған.
Суреш: Қонақтарға алдымен сусын беріле ме?
Әлішер: Иә, ең алдымен қонақтарға сусын (қымыз, шұбат және басқа) беріледі. Міне, мына қымыздың дәмін татыңыздар.
Гленда: М-м-м...Дәмі ерекше екен.
Әлішер:Содан кейін шай ішіледі. Шайды дәмділеп құю керек. Сол үйдегі әйелдер мен бойжеткен қыздар шайды дәмділеп құя алмаса, тәрбиесіз саналып, әңгімеге ұшырайды.
Мина: Бізге шайды кім құяды ?
Әлішер: Шайды Ләззат құйсын. Міне, шайды осылай құю керек.
Тим: Қызық екен! Шайдан кейін қонақтар демалар.
Әлішер: Шайдан кейін ас піскенше, үй иесі қонақтармен бірге отырады, әңгіме айтады, домбыра тартып, ән айтады, қонақтардың көңілін көтереді. Осы үйдегі балалар да қонақтарға қызмет көрсетеді, өйткені қонақ күту – халқымыздың ең жауапты ісі.