Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Praktikaly_1179__1179_aza_1179_tili_Zhakipova_S...doc
Скачиваний:
35
Добавлен:
13.11.2019
Размер:
636.42 Кб
Скачать

Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары

1. Жалпылау есімдігін табыңыз:

А) бірдеме;

В) мінеки;

С) күллі;

Д) біздің;

Е) ешбір.

2. Жіктеу есімдігін табыңыз:

А) әне;

В) сіздікі;

С) ешқашан;

Д) қайсы;

Е) біреу.

3. Белгісіздік есімдігін табыңыз:

А) бұл;

В) біздің;

С) ешкім;

Д) қандай;

Е) әлдекім.

4. Болымсыздық есімдігін табыңыз:

А) дәнеме;

В) нешінші;

С) анау;

Д) кейбіреу;

Е) сенің.

5. Сілтеу есімдігін табыңыз:

А) сіздің;

В) бірнеше;

С) қайда;

Д) сонау;

Е) ешкім.

6-тапсырма. Мәтінді оқып, тапсырмаларын орындаңыз.

Анамның асыл қасиеті

Біздің халқымыз ер-азаматты шаңырақ иесі десе, әйел-ананы отбасының алтын қазығы дейді. Отбасынан шашау шығармай, отбасы мүшелерінің бәрін де белгілі бір тәртіпке салып, тура жолдан тайдырмай ұстап отыратын әйел-ананы қазыққа теңеу – данышпандықпен дәл басып айтылған сөз. Демек, отбасының ұйытқысы мықты болса, шаңырағы шайқалмай, түтіні де түзу шығады деп сеніммен айта аламыз.

Әйел, ең алдымен, бүкіл адамзаттың анасы. Ол шыр етіп дүниеге келген нәрестені алақанымен аялап, көкірегінен нәр алдырады, бесік жырымен әлдилеп, түн ұйқысын төрт бөледі. Баланың әрбір қимылын, әр нәрсеге талпынысын ұдайы қадағалап, жалықпай сүйемелдеп отырады. Жас нәресте алғашқы сөзді де анасынан естиді. Сондықтан да біз тілімізді «Ана тілі» дейміз.

Сондай-ақ әйел-ана – тек қана бала тәрбиешісі ғана емес, бүкіл отбасының тәрбиешісі, берекесі. Еңбекқорлық, тазалық, мейірімділік, ісмерлік, ақпейілділік, кешірімділік, биязылық сияқтылардың бәрі де – әйелге тән қасиеттер. Әйел – сүйікті жарың, мейірімді анаң, ата-анаңның қасы мен қабағына қарап тұратын сүйкімді келінің, айтқаныңды екі етпей, анаңдай аялап тұратын аяулы жеңгең. Ол – бүкіл отбасы мүшелерінің қамқоршысы.

Ағайын-туыс, құда-жекжат, құрбы-замандастар арасындағы қарым-қатынас та әйелге байланысты. Жақсы әйел үлкенді сыйлап, кішіге көмектесіп, бәрін де бауырына тарту арқылы ағайын арасын алшақтатпауға тырысады. Ол үйіне келген қонақты жылы шыраймен қарсы алып, ақ дастарханын жайып, барын алдына қояды.

«Ат биеден туады, алып анадан туады», - дейді халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, сөзге жүйрік шешен де, ел басқарған көсем де, күміс көмей әнші мен мың бұралған биші де анадан туады. Әйел-ана – тіршіліктің гүлі, от басының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Әйел-ананың осы қасиеттерін жастарымыз қадір тұта білсе, өмірдің мәні де, сәні де сонда дер едік.

*

- Мәтіннің мазмұнына қарай сұраулы сөйлемдер құрастырыңыз.

- Мәтінді қысқаша мазмұндаңыз.

- Мәтіннен есімдіктерді тауып, түріне қарай ажыратыңыз.

- Анаңыздың қандай адам екенін сипаттаңыз.

**

- Мәтін бойынша өз пікіріңізді ортаға салыңыз.

- Мәтінді қысқаща мазмұндаңыз.

- Мәтін бойынша сөздік құрыңыз.

- Анаңыздың сіздің отбасында қандай рөл атқаратынын айтып беріңіз.

***

- Мәтін бойынша ойыңызды негіздеп, өзара пікірлесіңіз.

- Мәтінді мағыналық бөлімдерге бөле отырып, тақырып қойыңыз, жоспар құрыңыз.

- Мәтінді толық мазмұндаңыз.

- Отбасындағы ана орны жөнінде өзара пікірлесіңіз.

7-тапсырма. Ана туралы мақалдарды жаттап алыңыз.

Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада

Ананың сүті – бал, баланың тілі – бал.

Ағайынның алтын сарайынан, ананың жыртық лашығы артық.

Ана сүтін ақтамағанды, ешкім мақтамайды.

Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да,

Қарызыңнан құтыла алмайсың.

СОӨЖ № 12

Тақырып: Қазақ – қонақжай халық.

Мақсаты: білім алушылардың лекика-грамматикалық білім, білік, дағдыларын дамыта отырып, лингвомәдени құзыреттілігін қалыптастыру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]