Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Praktikaly_1179__1179_aza_1179_tili_Zhakipova_S...doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
13.11.2019
Размер:
636.42 Кб
Скачать

Қазақстанның қазба байлығы

Қазақстанда сан-алуан қазба кен байлықтары бар. Д.И.Менделеев таблицасының 105 элементінің 99 Қазақстанда табылған, оның 70-нің мөлшері анықталған, қазір 60 өндіріледі. Қазіргі уақытта 1225 түрлі минералдарды қамтитын 493 кен қазба орындары анықталған.

Қазақстан зерттелген қоры жағынан дүние жүзі елдерінің арасында: мырыштан, вольфрам мен баританнан – бірінші орында, күміс, қорғасын және хромитан – екінші орында, мыс пен флюориттан үшінші орында, молибденнен төртінші орында, алтыннан – алтыншы орында. Ал ТМД мемлекеттерінің ішінде Қазақстан хром мен қорғасыннан – бірінші орын; мұнай, күміс, мыс, марганец, мырыш, никель және фосфордан – екінші орын; газ, көмір, алтын және қалайыдан – үшінші орын алады. Күміс, хромит, қорғасын және мырыш өндіру жағынан республика бірінші, мұнай, көмір, мыс, никель және фосфат өндіруден екінші, алтын өндіруден үшінші орында.

Қазақстанның батысында мұнай мен газдың өте үлкен қорлары бар болғандықтан, еліміз әлемдегі мұнай мен газды көп өндірушілердің қатарына жатады. Торғай аймағының оңтүстігінен ашылған жаңа мұнай қорлары республиканың мұнай өндіру саласының болашағын одан әрі арттырады.

Геолого-экономикалық есептеулердің арқасында Республикаға экономикалық маңызы зор салалар: көмір, мұнай, мыс, темір, қорғасын, мырыш, хром, алтын, марганец болып табылады.

Тапсырмаларды орындаңыз:

1) Мәтінді оқып, аударыңыз.

2) Мәтінге жоспар құрыңыз.

3) Мәтін бойынша 10 сұрақ құрастырыңыз.

4) Мәтіннен сан есімдерді тауып, оларды сөзбен теріп жазыңыз, түрлерін ажыратыңыз.

5) Мәтін бойынша сұхбат құрастырыңыз.

СӨЖ №11

1. Тақырып бойынша ақпарат жинаңыз.

2. Жиналған мәліметтерді сұрыптаңыз.

3. Сұрыпталған мәліметтерге жоспар құрыңыз.

4. Тұсаукесер жасаңыз.

5. Еліміздің ұлттық байлығына не жататыны туралы пікіріңізді эссе түрінде жазыңыз.

12-тақырып

Грамматика: Есімдік, есімдіктің мағыналық түрлері.

Лексика: Анамның асыл қасиеттері.

Сабақтың мақсаты: Лексика-грамматикалық материалды меңгерте отырып, өз бетінше жұмыс істеу арқылы қорытынды шығаруға, ойларын анық жеткізе білуге, сауатты жазуға дағдыландыру, сөздік қорын молайту, ананы қадірлеп, әйел баласын, отбасын құрметтеуді тәрбиелеу.

Есімдік

Есімдік – зат есім, сын есім, сан есімнің орнына жүретін сөз табы. Сондықтан да оны орынбасар деп те атайды. Есімдіктің 7 түрі бар:

Есімдіктің түрлері

Есімдіктер

1. Жіктеу есімдіктері

мен, сен, сіз, ол, біз, сендер, сіздер, олар

2. Сілтеу есімдіктері

бұл, осы, мына, мынау, сол, ол, ана, анау

3. Сұрау есімдіктері

кім? не? қайда? қандай? қайсы? неше?

4. Жалпылау есімдіктері

барлық, бәрі, бүкіл, барша, әр, әрбір

5. Белгісіздік есімдіктері

біреу, кей, кейбір, бірдеме

6. Болымсыздық есімдіктері

ешкім, ештеңе, ештеме, дәнеме

7. Өздік есімдіктері

өз, өзім, өзің, өзіңіз, өзіміз, өздерің, өздеріңіз

Ескерту: еш, кей, әлде, әр, қайсы, бір есімдіктері зат есіммен және сын есіммен тіркесіп келгенде бөлек жазылады. Мысалы: еш уатытым жоқ, кей жерде, әр адам, кей кезде.

Есімдіктің септелуі:

Атау с. Мен, сен, ол, ешкім, бәрі

Ілік с. Менің, сенің, оның, ешкімнің, бәрінің

Барыс с. Маған, саған, оған, ешкімге, бәріне

Табыс с. Мені, сені, оны, ешкімді, бәріне

Жатыс с. Менде, сенде, онда, ешкімде, бәрінде

Шығыс с. Менен, сенен, одан, ешкімнен, бәрінен

Көмектес с. Менімен, сенімен, онымен, ешкіммен, бәрімен

Есімдіктің тәуелденуі:

Менің бұным, біздің бұнымыз

Сенің бұның, сендердің бұларың

Сіздің бұныңыз, сіздердің бұларыңыз

Оның бұнысы, олардың бұлары

1-тапсырма. Төмендегі есімдіктермен сөйлем құраңыз, мағынасына қарай ажыратыңыз.

Сіздер, анау, өзіміз, кейбір, ешқашан, сонау, ешкім, біреу.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, есімдіктерді теріп жазыңыз, мағынасына қарай ажыратыңыз.

Авеста – дүние жүзіндегі ең көне кітаптардың бірі. Оның авторы дала пайғамбары, ұстаздардың ұстазы – Заратуштра.

Авеста – данышпан Заратуштра іргетасын өзі қалаған Зороастр дінінің бас кітабы. Бұл кітаптан бүкіл әлемнің барлық діні дерлік өз бастауын тапқан, бұл кітаптан әлем даналары өнеге алған.

Біздің жыл санауымызға дейінгі І-ІІ мың жылдықтарда дүниеге келген Авеста – өте көлемді дүние. Ол 21 кітаптан тұрады. Соның ішінен түгел сақталып бізге жеткені біреуі ғана. Қалғандары фрагмент түрінде үзік-үзік болып келеді. Олар тарау-тарау жырлардан тұрады.

Авестаның толық аудармасы 1879-1909 жылдары «Шығыстың қасиетті кітабы» сериясымен Оксфордта ағылшын тілінде жарық көрген. Авестаны тікелей зерттеп жүрген ағылшын ғалымы М.Бойс Заратуштра Каспий теңізінің арғы жағындағы байтақ далада өмір кешкен деген болжам айтады. Осы болжамға бет бұру жөн сияқты. Өйткені «Авестаның» жолдарында біздің даланың дархан табиғаты, ежелден мал баққан ата-бабамыздың тіршілік тынысы анық аңғарылады.

3-тапсырма. Есімдіктерді қатыстыра отырып, мәтін бойынша диалог құрыңыз.

4-тапсырма. Мақал-мәтелдерді көшіріп жазыңыз, есімдіктерді мағынасына қарай ажыратыңыз.

1) Айтпаса кім білер, ашпаса кім көрер. 2) Барлығы да тілден, тіл – бал, тіл – ажал. 3) Ешкіммен ұрсыспа, бағыңды жоясың. 4) Өзіңнің көлеңкеңнен шошысаң сен, ұрыға сол себептен боласың жем. 5) Біреуді жамандаған, сені де жамандар.

5-тапсырма. Төмендегі есімдіктерді септеңіз.

Өзім, осы, ана, әркім.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]